ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ зиялылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 16:40, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. М.Дулатұлы шығармаларының тақырып аясы өте кең. Онда қазақ халқының өткені мен бүгінін және болашағының сан алуан әлеуметтік және экономикалық мәселелері барынша молынан қамтылады. Десек те, біз оның шығармаларындағы азатшылдық рухын, оның қазақ халқының санасын оятудағы жойқын күшін барынша ашып көрсетуді қарастыру. М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағының өзегінде оның халқына деген ұлы махаббатынан туған рух үні – ұранды да, дабылды даусы жатыр. Ол – ұлт теңдігі, ұлт дербестігі, өзгеге кіріптар болмай, тәуелсіз өмір сүру мәселесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс женка.docx

— 66.70 Кб (Скачать документ)

Жалпы, Міржақып 1928 жылға дейін  де және айдауда жүргенде де шет  елге қашу мүмкіндігі болғанымен, ол эмиграциядан саналы түрде бас тартқан. Ол елінде әділдіктің орнайтынына сенген.

М. Дулатұлы 1935 жылы 5 қазанда Сосновец лазаретінде ауыр науқастан дүние салған. [6.77]

 

2.1. «Оян, қазақ!» кітабына  енген өлеңдерінің тақырыбы, көтерген  проблемалары

Кіріспе бөлімінде атап көрсеткеніміздей, ХХ ғасырдың басында қазақ халқы  саяси аренаға азаттық пен  тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа  шақырған ірі қоғам қайраткерлерін көптеп шығарды. Олар өздерінің табиғи дарынымен, асқан білімімен, рухани парасатымен суырылып шығып, ұлт  болашағы үшін жан аямай тер төкті. Бостандық пен бақытты өмір жолындағы  нағыз әрі тұңғыш қарлығаштарына айналды. Осы жолда өздерінің  бастарын құрбандыққа шалды.

Алаш арыстарының арасында, сөз  жоқ, М. Дулатовтың орны айырықша. «Оян, қазақ!» деп жар салған, ұйқыдағы қалың қазақты оятып, дүр сілкіндірген оны «Алаш рухының азаншысы, ұлттық рухтың ұраншысы» деп бүгін де, ертең де бар дауыспен мақтаныш етеміз. Өзінің отты өлеңдерімен, терең ойлы мақала, көркемсөздерімен, бүкіл жан-тәнімен  ұлтқа қызмет еткен, көркем шығармалары  мен мақалаларында қазақ халқының экономикасына, қоғамдық саяси барлау жасаған, оған жетудің нақты жолдарын ұсынған М. Дулатовтың ұсыныстары, ой-пікірлері  қазіргі уақытта да аса өткір. Мұның жарқын дәлелі - «Оян, қазақ!» (1909,1911), «Азамат» (1913,1914), «Терме» (1915), «Балқия» (1922), «Оқу құралы» (1924) шығармалары мен  баспасөзде жарияланған жүздеген мақалалары мен көсемсөздері. Бұл орайда оның «Тургайский», «М.Д», «Түрік баласы», «Азамат», «Мадияр», «М-яр», «Байқаушы», «Азамат  Алашұлы», «Алашбайұғлы», «Таймінер», «Тайбағар», «Алакөз», «Қолғанат», «Арғын»  деген сияқты көптеген бүркеншік  аттармен патша үкіметінің отаршылдық саясатын, сондай-ақ қазақ қоғамындағы  жағымсыз әдеттерді әшкерелегенін  айтқан жөн.

М. Дулатұлының бүкіл шығармалары азатшылдық рухына толы. Оның «Оян, қазақ!» атты публицистикалық өлеңдер жинағының тек қазақ әдебиеті тарихында ғана емес, бүкіл рухани дүниемізде орны ерекше. «Ол – қазақтың азатшыл әдебиетінің қарлығашы. Ұлт теңдігін тілеу, мәдениет биігіне көтерілу, ар-ұжданды асқақтату, ел бірлігі мен тұтастығын аңсау сияқты асыл қасиеттерді төңкерісшіл-революциялық рухта жырлау Абайдан кейінгі үрдістің ең жетекші саласы еді, - деп жазды профессор Тұрсынбек Кәкішұлы – Ол ақындық қиялдан туған дүние емес, заманның өзі ұсынған идея және түсінуді, түсіндіруді талап ететін өмір шындығы. Осыны елден ерек сезінген Ахмет Байтұрсынов, әсіресе Міржақып Дулатов болғандығын айтып, бұрынғы қияс пікірлерді талқандау шарт. Осындай кесек те өр ойларды қисындырып насихаттаған «Оян, қазақтың» қуғындалуы тегін емес». [7.3] Шынында да, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған бұл өлеңдер жинағы қазақ арасында үлкен сілкініс туғызып, рухани серпіліс алып келді. Тарихи деректерге қарағанда кітаптың алғашқы басылымы 1000 данамен шыққаны аңғарылады. Мәселен, баспа істері жөніндегі Қазандағы уақытша комитет 1911 жылы 28 желтоқсанда Каримов-Хусейновтың Уфадағы «Шарқ» баспаханасына жолдаған сауалына «Брошюра «Уян, казак» на киргизском языке сочинение Мир-Якуб Дулатова, печаталась в нашей типографии в 1913 году месяце количеством 1000 экз... Заведующий типографии «Восточная печать» товарищество Каримов-Хусейнов. Уфа, Б. З. Максютов» деп жазып қайтарылыпты. [8.137] Кітаптың екінші басылымы да ел арасына тез тарап кетеді. Бүкіл империяны дүрліктірген авторына зор абырой атақпен қатар, азап пен бейнет ала келеген «Оян, қазақ!» жинағының тағдыры өте ауыр болды. Отаршыл бұғауы болған патша үкіметі де, кедейлердің қамқоры болған Кеңес үкіметі де азаттық рухынан қатты қаймықты. Заманынан озық туған алаш арыстарының бірегейі М. Дулатовтың «Қызыл империяның» қармағына ілініп, Карелия жеріндегі Сосновец стансасында, түрме лазаретінде ауыр науқастан қаза болғандығынан көзі қарақты оқырман жақсы хабардар.

М. Дулатов шығармаларын сөз еткенде  оның «Оян, қазағына» тоқталмай кету мүмкін емес. Былайша айтсақ, бұл  кітап оның бүкіл шығармашылығының алтын діңгегі тәрізді. «Оян, қазақ!»  деп жар салғанда не бары жиырма бес жаста екен. Жас та болса  бас болып, ә дегеннен ел назарына ілігеді. Міржақыпты, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты қазақ данышпандарының қатты құрметтеп, жақсы дос болуы, ал, Мағжандай ұлы ақынның бір емес үш өлең арнауы тегінен тегін болмаса керек.

Мағжан «Жауға түскен жанға» (М.Д-қа хат) деген өлеңінде:

«Оян!-дедің жұртыңа,-

Бас көтеріп, тірлік қыл!  

Ақыл айтттың ұлтыңа:

«Таста, талас, тірлік қыл!»

Бір шешпедің беліңді,

Жұрт үшін уайым-қайғы  жеп...»-десе, С. Торайғыров былай деп жырлайды.

«Басында ол қарағым  тұр ғой дайын,

Тек ұзақ өмір берсін бір  құдайым.

Дулатов, Бөкейханов, Байтұрсынов,

Білемін бұл үш ердің  айтпай жайын.

Кешегі қара күнде болмап па еді,

Бірі-Күн, бірі-Шолпан, бірі-Айым!

Солардан басқа кеше кім бар еді?

Қазақ үшін шам қылған жүрек майын...» [9.320]

Қалың елі қазағын тірлік пен  бірлікке шақырып, ұлтына ақыл айтқан кемеңгер Дулатов. Қазақ үшін жүрегінің  майын шам қылған Дулатов... Дулатов  туралы замандастары осылай дейді.

Алты алаш жұртына ғана емес, түркі  әлеміне кеңінен белгілі А. Байтұрсынов  та «Ақын ініме» деп өлең арнайды. Өз кезегінде Міржақып та қазақтан кімді пір тұтатынын жасырмайды. Бұл ретте ол «Сөз ақыры» деген  өлеңінде:

 

«Қазақта бұлар теңдес бар ғой шешен,

Халықтан мойны озып болған көсем.

Семейден шыққан Абай Құнанбаев,

Сөзінде хата бар ма сынап  көрсең»,- деп Абайды, сосын:

 

«Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,

Сөзі алтын мағынасы меруерттей.

Оқыған ғибрат алып жас  жігіттер,

Хәммәсі өз халқына қызмет еткей»,-деп Ахмет Байтұрсыновты атайды. Рухани әрі саяси ұстазы А. Байтұрсынов:

«Ызыңдап ұшқан мынау  біздің маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын маса,

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара яки қызыл  маса.

Үстінен ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

                    Қоймастан құлағына ызыңдаса?»,-деп жалқау қазақты сынға алады. Астарлы, аллеогриялық бұл өлең, әрине патша үкіметінің саясатына қарсы. [10.142]. А. Байтұрсынов «Маса» жинағындағы өлеңдеріндегі оқшау, азаттық идеясы үшін түрмеге жабылады. Алаш арыстары тұрғанда азаттық идеясы өлмек емес. Міржақыптың «Оян, қазағы» бұл идеяны одан әрі тереңдете түсті. Ол реформатор, саяси күрескер ретінде танылды.

«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда  бекер жасты,

 

Жер кетті, дін нашарлап, хал хараб боп,

Қазағым, енді жату жарамас-ты»,-деп, жалпақ әлемге жар салды. Кітап ашық күні түскен найзағай секілді болды. «Оян, қазақ!» тек қазақтардың ғана емес татар, башқұрт, өзбек, қырғыз тағы басқа халықтардың қолынан түспейтін құралға айналды. С. Мұқанов: «Оян, қазақ!» мазмұнына келгенде, бұл сол кездегі пүгірамма болды деуге болады» деді. Расында да, «Оян, қазақ!» кітабына көз жүгіртсеңіз әу дегеннен-ақ саясат қайраткеріне жолығасыз,-деп жазды мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, аса көрнекті ғалымдардың бірі Шериаздан Елеукенов.

«Ол автордың өз бейнесі. Бірден әлеуметтік, ұлт азаттығы идеяларының жаршысына  айналып, тұлғасы биіктей береді. Өлең ұлттық сананың мұң-мұқтажын толғайды. Мұндай өлең ХХ ғасыр басындағы поэзияның  ағыны қатты арнасын құрайды. Саясаты басым поэзияның жанрлық  сипаты, екпін лебі тақырыбына дейін ерекше». [10.14].

«Оян, қазақ!» өлеңдер жинағына ақынның 1905-1909 жылдар аралығында жазылған өлеңдері енгенін айту керек. Онда он жеті өлең «Исмағил Гаспринскийдің айтқан сөзі» деген мақала бар. (М. Дулатұлы 1том. Мектеп. Алматы. 2002.ж). Жинаққа енген  шығармалардың саны аз болғанымен айтар  ойы ауқымды, мазмұны терең көркемдігі жоғары. Өткен өмір елестері тізбектеліп, көз алдыңа келгендей болады. Халқымыздың  ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік хал-ахуалымен, тыныс-тіршілігімен жан-жақты таныса аламыз. Сондай-ақ, «Елді, ел азаматтарын  не күтіп тұр? Бодандықтан шығып, дамыған елдердің қатарына жетудің  жолы қайсы? » деген сауалдарға жауап  қандай және жауапты кім береді? Қазақ қауымының тағдыры қандай болмақ?»

Негізінен, кітаптың тақырыбы мен  мазмұны да осыған саяды.

«Жинаққа енген шығармаларды тақырыба мен мазмұнына қарай шартты түрде  үш топқа бөлуге болады:

  1. Қазақ халқының өткен тарихынан елестер;
  2. Қазақ қауымының ғасыр басындағы әлеуметтік хал-ахуалы;
  3. Елдің болашақ тағдырына байланысты көтерілген адамгершілік оқу ағарту мәселелері. [10.32]

Өткен тарихты қозғаған шығармалардан  жас жігіттің бұрынғы замандардағы халық өмірінен тәп-тәуір хабардарлығы аңғарылады. Көшпелі тұрмыстың ерекшеліктері, осыған орайлас қалыптасқан салт-дәстүрлер, халық өмірінің күнгейі мен көлеңкелі  жақтары жаңа ашылып келе жатқан ақын дарынының мүмкіндіктері аясында  бірқатар тартымды жеткізілген.

Ақын жинақтың «Сөз басында» атап көрсеткендей заман өзгеріп, өмір алға жылжиды. Сайын далада көшіп қонған халқымыздың дүниежүзілік өркениеттен  шеткері қалғаны қынжылтады, елдің  елдігін, тұтастығын, тағы да басқа  иеліктерін қорғау үшін халыққа өнер – білім керектігін, алға талпынып, жемісті қарекет жасау керектігін айтады. «Қазақ халқының бұрынғы һәм  бүгінгі халі», «Қазақ халқының мағишаты», «Үйренген халықпыз ғой кемшілікке», «Қазақ жерлері» тағы да басқа бірқатар өлеңдерінде қазақ халқының өткен  тарихынан нақты деректер береді. 1905 жылы жазылған «Қазақ халқының бұрынғы  һәм бүгінгі халі» деген өлеңінде бір кезде емін-еркін далада көшіп  жүрген, бейбіт өмір сүрген халықтың ішкі бірлігін жоғалтып алғанына, патшаға  бодан болғанын, оның қазіргі мүшкіл халін баяндай отырып, көзі ашық зиялыларды халықтың қамын ойлауға  шақырады. «Қазақ халының мағишаты»  өлеңінде халықтың басында билік, арасында бірлік болғанын, заманды, ондағы қамсыз қайғысыз тіршілікті жырлайды. Халық  соның барлығынан айырылып қалды. Бұл  жағдай жастарды ойландыруға тиіс. «Қазақ жерлері» ерекше жан күйзелісімен жазылған шығарма және көкейтесті тақырыпты қозғайды. Қазақ жерлерін мемлекет жерлері деп жариялаған 1868 жылғы патша заңынан басталған халықтың жерге байланысты қасіреті жырланады.

 

Ақын:

«Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер,

Мұжыққа, қош аман бол, барасың  ба?

Қасиетті бабамыздың зияраты,

Қалды ғой көшесінің  арасында...»

Зеңгір тау, аққан бұлақ, шалқар көлдер,

Кетті ғой бетегелі биік белдер.

 

 

Қысқарып жер кеткен соң өрісіміз,

Қалды ғой жатақ болып  қайран ерлер»-деп қазақтың жүрегіне патшалық құрылысқа деген өшпенділік сезімін орнатады. Ақын шығармаларының тақырыбы мен мазмұнына қарай екінші топқа жататын бұл өлеңде Ресей патшалығының қазақ даласын отарлау саясаты шырқау шыңына шығып, өмірдің барлық салаларында асқынып тұрған кезеңі көрініс табады. Осы және «Сайлау хақында», «Мәсжід медресе хақында», «Һүнермен хасыл болған нәрселер», деген өлеңдерінде халықтың ХХ ғасыр басындағы ауыр экономикасы, қаусаған елдің бұрынғы көшпенді өмір рахатынан айырылып, азып-тозып, мешеуленіп марғау тартқаны, оның бәрін былай қойып, индустриалды елдердің өркениет жетістіктерін қияли ертегісіндей қабылдайтын күлкілі де, аянышты халі, өр мінезі намысқой, отаншыл сезіммен баяндалады. [10.16] Ақынның жанайқайы айқын естіледі.

Ақынның үшінші топтағы өлеңдеріне елдің болашақ тағдырына байланысты адамгершілік, оқыту мәселелерін  қамтыған шығармаларын жатқызуға болады.

Ақын жастарға, оқығандарға, кедейлерге, халықтың басқа да топтарына білген мәслихатын айтады, қиянаттан құтылып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман туар ма? деп армандайды («Өнерін  халық пайдасына жұмсап жүрген оқырмандарымызға», «Таршылық халіміз хақында аз мінәжат»). Сонымен қатар, бұл өлеңдерде  қазақ ішін мерездей жайлаған алауыздық, пайдалы іске біреу бастап шықса, көре алмай жан-жаққа тартуы мінелген. Көріп отырғанымыздай, Міржақып жалпы  қазақ арасын әлеуметтік топқа жіктеп айтуға төселген. Солардың бәрі де халықтың мүшкіл халі үшін жауапты. Ол үстем  таптың жазасын береді.

«Бай, мырза, халық білген ұлығымыз,

Пайдасы жемісі жоқ қу ағаштай»,-дейді.

Міржақып Дулатұлы өзінің анау-мынау  саяси программадан кем түспейтін  жинағында жанұя құру, бас бостандығы мәселелеріне де назар аударады. Бесікте  жатқан нәрестеге құда түсу, әмеңгерлік, көп әйел алу, тағы да басқа кеселдер қазақ ішін әбден титықтатып, дау-шардан көз аштырмайтын халге жеткізген. Мысалы, оған ақынның «Жесір даулары хақында» деген өлеңін атауымызға болады. Бұл жөнінде қыз айттыруға асықпайтын, кәмелетке жеткенше оқу оқытып, адам қылатын татар ағайындардан үлгі алуға шақырады. Ұзақ өлең тек сүйген жүректердің қосылуын мадақтайтын жолдармен аяқталады. Осы ойын ақын «Жігіттерге» деген өлеңінде де қайталайды.

 

«Тең болып екі зайып  қосылса егер,

Арман не, ол уақытта, о  дариға-ай».

Жігіттің алуан шарты бар. Тәні басқа, жаны бір жар табу оңайлықпен келмейді. Ұнатудың жөні өзге.

«Және де құр сұлу деп  қарамалық,

Сыр-сипатын көрелік  көз жіберіп.

Сырты алтын, іші фальш  болып шығып,

Сан соғып құрбыларым өкінбелік».

«Насихат ғумумия» атты ұзақ өлеңінде ол ғибрат өлең жазуын өзінше түсіндіреді. Қасымнан ұран салып шауып өткенде, шын жүйрік болсаң кермедегі жараулы  тұрған арғымақтай желікпей қалмассың  дейді. Ақын адамгершілік, ар-инабатқа жетелейтін көп кеңес айтады.

М. Дулатов қанат байлаған мына бір тіркестерге назар аударып  қаралық: «Білімді мыңды, білекті бірді  жығар», «Іс істе, татулықпен басыңды  қос, Пайда жоқ құр шулаған  ерегісте», «Жақсымен өткен мәжіліс, бір сағаты бейне жыл», «Жеті өлім жоқ, біреуден құтылу жоқ», «Ағайын  барды күндеп көре алмайды, Жоқ болса  жомарттық қып бере алмайды», «Тұрғанда  бойда қуат жүрген жақсы, Аяғың бір  күн қылдан кетер тайып», «Басыңды тауға да соқ, тасқа да соқ, Отырма бір орныңда құр мұңайып», «Шығады  асыл тастан, өнер жастан, Тәрбие тәуір  болса әуел бастан».

Міржақып кеңес насихатының  қоғамдық маңызы әлі де зор. Өйткені, оның бәрі халық, ел қамын ойлаудан туған.

Ақынның «Мешіт медресе хақында», Қазақ халқына діни бір уағыз  атты өлеңдерінде бір жағы сәбилерді  азапқа салатын медреселер, надан  молдалар сыналса, екінші жағынан қазақ  ішінде мешіт, медресе салу жөнінде  мәслихат беріледі. Тіпті оларды ұйымдастырудың бірқатар нақты жолы сөз етіледі. Қазақты шоқындыруды көздеген миссионерлер сыналады. Дулатовтың екі тіл игеру  мәселесін алға тарқаны ерекше көңіл  бөлерлік жайт. Атап айтқанда ол мынадай  ұсыныс енгізеді.

«Медресеге сайланса екі  молда,

Бірі оқытса мұсылманша, бірі орысша,

Педагогика тәртібімен оқытса олар,

Қазағым, кетер едің сонда  алға».

«Орысша оқып өнерлі болайық»,-дейді  Дулатов. Яғни, ол ұлттық оқшаулануды  көздеп отырған жоқ. Ресей мемлекетін мекендейтін жүз қырық миллионнан аса халық жүз тоғыз тілде  сөйлейді екен. Солардың ішінде үстемі орыс тілі. Ол қазаққа күнкөріс үшін керек. Орыс тілін білмеу жалпы халықтың рухани өрісіне залал тигізуі  мүмкін деп сақтандырады.

Сонымен «Оян, қазақ!» кітабына енген  өлеңдерді тақырыбына, мазмұнына  қарай үш топқа бөліп, оларды мүмкіндігінше  ашуға тырыстық. Ал, оларда көтерген мәселелерге келетін болсақ, ХХ ғасырдағы  қазақ қоғамының болмысына, өткені мен болашағына қатысты зәруліктердің  бәрі де көтеріледі. Атап айтатын болсақ, негізгілері:

Информация о работе ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ зиялылары