Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік ұлттық құрылыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 15:34, курсовая работа

Краткое описание

Енді ұлт тілінің мемлекеттің қолдауымен ортақ тілге айналу процесі бұрынғыдан да тереңдей түседі. Алдымызда өзіміздің ғана емес, өзгелердің де осы тілде, ана тілімізде сөйлейтін шағы тұр. Ол - республика тұрғындарының қазақ ұлтының төңірегіне топтасып, рухани мүдде тоғыстыратын тұсы. Бұл үрдістің республикадағы ішкі ахуалға тәуелді эволюциялық пісіп-жетілу жолы бар. Оған тосыннан араласу, саяз ғылыми пәлсапалық тұжырымдармен килігіп, қазақтың ұлт болуы елдің бірлігіне кедергі келтіретіндей этносқа айналдыруға әрекеттену, сондай-ақ ұлттық қызба сезімдерге бой ұру мемлекеттің нәтижесін беріп отырған саясатына кері ықпалын тигізеді. Ұлттық мүдде ұлттық биіктен қарауды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................4

1 ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС.........................................................6
1.1 Тәуелсіздік тұғырында....................................................................6
1.2 Тіл мен ұлт тұтастығы.....................................................................8
1.3 Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық мемлекет құрудағы ролі.........................................................................................13
1.4 Тәуелсіздік толғаныстары..............................................................19
1.5 Тарихи кезең сабақтары..................................................................23
1.6 Қазақстан – әлемдік қоғамдастық мүшесі......................................27

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…................................……33

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая раб тауелсиздик жайында.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ  АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Гуманитарлы - педагогикалық  факультеті

Халықаралық қатынастар және тарих кафедрасы

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

«ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС»



Мамандық шифрі

Оқу түрі

050114 Тарих

Күндізгі


 

 

СТУДЕНТ:  Байбулатова  А. Н.                                                  


                                                                                                          ( қолы, мерзімі )

ҒЫЛЫМИ 

ЖЕТЕКШІ: Д.Қ.Ташимова


                                                                                                           ( қолы, мерзімі )

 

 

 

Көкшетау, 2010 ж

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ  АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Гуманитарлы – педагогикалық факультеті

Халықаралық қатынастар және тарих кафедрасы

Курстық жұмыс бойынша

Тапсырма №


Топ студенті                                      Мамандық


Аты-жөні


Ғылыми-жетекшісі 


Тапсыру мерзімі 


1. Курстық жұмыстың тақырыбы 



2. Курстық жұмыстың мазмұны



 

3. Негізгі сұраныстар 



4. Курстық жұмыстың  жасалу жоспары

Курстық жұмыс

элементінің тақырыбы

 Мерзімі

 Түсініктеме

 Жұмыстың бағалануы

       
       
       
       
       
       
       
       
       

 

5. Курстық жұмыстың аяқталу  мерзімі «            »                                20     ж.


6. Жұмыстың бағасы


Студент                                                                          «        »               20      ж.


 

Ғылыми жетекші                                                          «         »              20      ж.


 

 МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..........................................................................................................4 

 

1 ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС.........................................................6 

1.1 Тәуелсіздік тұғырында....................................................................6

1.2 Тіл мен ұлт тұтастығы.....................................................................8

1.3 Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық мемлекет құрудағы ролі.........................................................................................13

1.4 Тәуелсіздік  толғаныстары..............................................................19

1.5 Тарихи кезең  сабақтары..................................................................23

1.6 Қазақстан  – әлемдік қоғамдастық мүшесі......................................27

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………................................................31

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…................................……33 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің  өзектілігі. Біз бүгінде әлеуметтік-рухани өтпелі кезеңнің алғашқы сатысын еңсердік. Тәуелсіздік туы көтерілгенде республика халқының 40 пайызына зорға жеткен ұлттың және ұлттық рухтың тұғыры болып табылатын туған тіліміздің тарихи беделі қайтарылды. Қазақ тілін мемлекетті басқарудың барлық саласына енгізу, сол тілге қазақтың белгілі бір бөлігімен бірге өзге ұлт өкілдерін бейімдеу мақсаты тиісті деңгейде жүзеге асырылды. Ең бастысы, Қазақстанның келешегі - қазақ тілінде екендігіне, бірлік пен кемелдену тілі болатындығына елдегі этностардың көзі жетті. Сабырлы ұлттық саясаттың нәтижесінде өзге ұлт өкілдерінің тағдырын қазақ ұлтымен күдіксіз байланыстырған жаңа буыны жетіліп келеді. Бұл сонау солқылдақ жылдарда атойлаған этникалық, ұлттық эгоистік сарындарды дер кезінде тежей алған, сол арқылы тәуелсіздіктің алғашқы ең күрделі сәттерінде халықты зардапты дау-дамайдан азат ете алған Елбасының тарихи жеңісі еді.

Қазақстан бүгінде  осы сәтті қадамнан соң әлеуметтік-рухани өтпелі кезеңнің келесі сатысына көшіп  отыр. Бұл кезеңде мемлекет құрушы ұлттың республика тұрғындарының 65 пайызына жеткендігі ескерілетіні анық. Енді ұлт  тілінің мемлекеттің қолдауымен ортақ тілге айналу процесі бұрынғыдан да тереңдей түседі. Алдымызда өзіміздің ғана емес, өзгелердің де осы тілде, ана тілімізде сөйлейтін шағы тұр. Ол - республика тұрғындарының қазақ ұлтының төңірегіне топтасып, рухани мүдде тоғыстыратын тұсы. Бұл үрдістің республикадағы ішкі ахуалға тәуелді эволюциялық пісіп-жетілу жолы бар. Оған тосыннан араласу, саяз ғылыми пәлсапалық тұжырымдармен килігіп, қазақтың ұлт болуы елдің бірлігіне кедергі келтіретіндей этносқа айналдыруға әрекеттену, сондай-ақ ұлттық қызба сезімдерге бой ұру мемлекеттің нәтижесін беріп отырған саясатына кері ықпалын тигізеді. Ұлттық мүдде ұлттық биіктен қарауды талап етеді.

Зерттеу жұмысының  мақсаты. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік ұлттық құрылыс сипатын ашып, біртіндеп өсу жолын анықтау.

Зерттеу жұмысының  міндеттері.

- Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алатын орны ерекше екендігін танытып, елге жасаған қамқорлығы мен еңбегін саралау;

- Қазақстанның  ұлттық ұстанымдарын айқындау;

- Қазақстанның ұлттық байлықтарын сақтау, тәуелсіздігін одан әрі нығайту жолында күресу бағыт-бағдарын айқындау.

  Зерттеудің пәні: Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы мемлекеттің ұлттық ұстанымы, ұлт болып қалыптасуы.

Зерттеудің әдістері.

- Қазақстан тәуелсіздігін алу жолындағы іс-әрекеттері жайлы мәліметтерді жинақтау;

- Н.Ә.Назарбаевтың өмірдерегінен мәліметтер жинау, қоғамдық істері жайындағы пікірлерді талдау, саралау;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық саясатының тұжырымдамасын қарастыру, зерделеп, өзіндік ой түйіндемесін жасау.

Зерттеудің объектісі.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы.

Зерттеу жұмысының  құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, бір  тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде  зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың өзектілігі, зерттелу жайы, зерттеу мақсаты, міндеттері, зерттеу әдісі, ғылыми болжамы,   оның тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалды.

Бірінші бөлімде ұлттық құрылыстың орнауы, тіл мен ұлт тұтастығы, Республика басшысының ұлттық мемлекет жасаудағы ролі, тәуелсіздікке қол жеткізудегі қиындықтар жайлы сөз қозғалды.

Екінші бөлімде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік ұлттық құрылыс

 

    1. Тәуелсіздік тұғырында

 

Қазақстан –  тұрақты даму арнасына түскен мемлекет екендігін әлем мойындады, дүниежүзін бір тарының қауызына сыйдырған дағдарыс дәлелдеді. Дағдарыс кезеңінде Ұлттық қорларын ортайтудың орнына – толтырып шыққан бір ел болса, ол – біздің Қазақстан. Қазір елімізде 48 миллиард доллардан астам алтын валюталық қазынамыз бар. Осындайда кейбір білімді топ өкілдерінің: «Назарбаевтай білімді, тәжірибелі, ұстанымы тұрақты Президенті бар Қазақстан бақытты», – дейтін тұжырымдарының әділдігі мен дәлдігіне риза болып қана қоюмен шектелмей, болашағыңа үлкен үмітпен, зор сеніммен қарайсың.

Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы еді. Биыл 90 жылдығын меркелеп отырған «Алаш» қозғалысының көсемдерінің де, 1986 жылдың желтоқсанында  алау болып жанған жалын жүрек  жастарымыздың да көксегені – ел егемендігі мен тәуелсіздігі болатын. Сондықтан да, Тәуелсіздік күні қазақтың бағы жанған күн, орындалған арман күн.

Бүгін де Алтай  мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан  Республикасы ежелден іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады. Қазақ хандығының жеке орда тігуінің Жәнібек пен Керей хандарының есімімен байланыстырамыз. Алайда, жеке хандық құрылғанымен қазақтың басына баянды бақ пен бейбіт өмір орнамады. Абылай, Кенесары хан бостандығын аңсаған қазақ халқын бір тудың астына біріктіруді көксеп, тәуелсіздік үшін күресіп өтті.  

Еліміз Тәуелсіздіктің 17 жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді жүргізіп, ТМД елдері арасында көшбасшы болып отыр. Бұл жетістік ұлт пен  ұлыстың татулығы, демократияның  берік негіздері, отандастарымыздың жанқиярлық еңбегінің арқасында келді.

Бүгінде Қазақстанды  халықаралық қауымдастық өңірлік  көшбасшы, тату көрші, тағылымды әріптес  ретінде құрметтейді.

Ұлан далада әлемге ашық, болашағы бекем жаңа мемлекет құрылды. Осы мемлекеттің қыран қанат көк туын көтеру - әрбір қазақстандыққа тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Ал, бақыт бағалай білгендердің басына қонады.

Бүгін 17 жыл  тәуелсіз дамуында Қазақстан әлемдік  қауымдастықтың толық құқылы, құрметті, сенімді мүшесі болғандығын мақтан етеміз. Осынау жылдар ішінде еліміз есейіп, көптеген қиын сындардан сүрінбей өтті. Дағдарыстарға төтеп беріп қана қоймай, реформаларды батыл да іскерлікпен жүргізді.

Өткеннен сабақ  ала отырып, елдің қаржылық әлеуетін нығайтуда орасан зор жұмыстар жүргізілді. Бүгінде елдің жалпы алтын-валюта қоры 40 миллиард доллардан асты.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы құлдыраудан соң, 2000 жылдан бастап экономикамыз, ішкі жалпы  өнім 9-10 пайыздық өсіммен дамып келеді.

Банк жүйесіндегі  депозиттер 3,5 триллион теңгеден астам.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес  республиканың барлық өңірлерінде нақтылы өндіріс ұлғайып, жаңа нысандар іске қосылуда.

Ауыл шаруашылығы  белсенді дамып келеді. Соңғы 10 жылда  ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі  3 есе  артты.  

Биыл өзінің 10 жылдық мерейтойын тойлаған Сарыарқа төсіндегі елордасы Астана  - Қазақстанның жаңаруы мен  өркендеуінің символы. Астананы салу арқылы еліміз өз мүмкіндігінің  қаншалықты биік екендігін көрсетті.   

Астана – ел, мемлекет болғанымыздың, ұлтымыздың жасампаздық рухы мен әлеуетінің, ерік-жігерінің айшықты, нақты дәлелі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасу белесінен өтті. Ер-тұрманымыз бүтінделді, Енді қазақ атқа қонады. Міне, енді Қазақстан тұлпары  әлемдік  бәйгеге қосылады»-деп көрегендікпен атап өтті.

Еліміздің жедел  өркендеп дамуында, әлемдік саясаткерлер тарапынан «қазақстандық ғажайып» ұғымының қалыптасуында, халықтар бірлігі мен достығының нығаюында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қайраткерлік қажырлы еңбегі ұлан-ғайыр. Қазақстан Республикасы Президентінің көреген саясатын, айтулы тұлға, талантты басшы екенін  әлем мойындап отыр.  Республика жұртшылығы өкілдерінің, депутаттардың Елбасымызды «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ұсынып, тұңғыш марапатқа лайық деп тануы осының айғағы.

Қазақстанның  саяси жүйесінде Қазақстан халқы  Ассамблеясы барша этностардың  мүддесін, барлық азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толық  қалыптасты.

Парламентте «Нұр Отан» партиясының үстем болуы  – халықтың шешімі. Партияның елдегі экономикалық, саяси реформалардың  жетекшісіне айналуы – тәуелсіздік  жылдарындағы белсенді жұмыстардың  нәтижесі.

Халқымыздың өсіп өркендеуі, бейбітшілік, саяси және экономикалық тұрақтылық, бекітілген мемлекеттік шекара, көршілермен ынтымақты қарым-қатынас – осының бәрі үлкен ұлттық жетістіктер. 

Бүгінде Қазақстан  - өзінің  азаматтары үшін бойына жауапкершілік  алатын, игілікті өмір құру үшін әркімнің мүмкіндігі бар ел. Қазақстан Республикасы - әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды межелеп  отырған өркениетті даму бағытындағы мемлекет.

Қазақстан  - бар нәрсенің басында адам, оның білім алуы, денсаулығы мен  әлеуметтік қорғалуы тұратын ел. Тек, соңғы 10 жылда  білім беруге, ғылымға, мәдениетке, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қорғауға мемлекеттің шығыны 9 есеге  өсті.

Мемлекеттік жәрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті. Елімізде зейнетақы реформасы табысты жүрді. Жаңа жылдан бастап  зейнетақы 25 пайызға өспек.

Еліміздің мақсаты  – дені сау ұлт қалыптастыру.

2007-2011 жылдар  аралығында 151 денсаулық сақтау нысаны және ауылдарда 300 жаңа үлгідегі емдеу амбулаториялары салынады.

Тәуелсіздік жылдарында 388 мектеп пайдалануға берілді. 2009 жылға  қарай тағы 240 мектеп салу жоспарланып  отыр. Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерін қоса алғанда   мектептердің 95 пайызы қосылған. 

Информация о работе Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік ұлттық құрылыс