Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік ұлттық құрылыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 15:34, курсовая работа

Краткое описание

Енді ұлт тілінің мемлекеттің қолдауымен ортақ тілге айналу процесі бұрынғыдан да тереңдей түседі. Алдымызда өзіміздің ғана емес, өзгелердің де осы тілде, ана тілімізде сөйлейтін шағы тұр. Ол - республика тұрғындарының қазақ ұлтының төңірегіне топтасып, рухани мүдде тоғыстыратын тұсы. Бұл үрдістің республикадағы ішкі ахуалға тәуелді эволюциялық пісіп-жетілу жолы бар. Оған тосыннан араласу, саяз ғылыми пәлсапалық тұжырымдармен килігіп, қазақтың ұлт болуы елдің бірлігіне кедергі келтіретіндей этносқа айналдыруға әрекеттену, сондай-ақ ұлттық қызба сезімдерге бой ұру мемлекеттің нәтижесін беріп отырған саясатына кері ықпалын тигізеді. Ұлттық мүдде ұлттық биіктен қарауды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................4

1 ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС.........................................................6
1.1 Тәуелсіздік тұғырында....................................................................6
1.2 Тіл мен ұлт тұтастығы.....................................................................8
1.3 Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық мемлекет құрудағы ролі.........................................................................................13
1.4 Тәуелсіздік толғаныстары..............................................................19
1.5 Тарихи кезең сабақтары..................................................................23
1.6 Қазақстан – әлемдік қоғамдастық мүшесі......................................27

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…................................……33

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая раб тауелсиздик жайында.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

 XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған қалпында аттаған Қазақстан өзінің барша төлтума болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт-дәстүрін, қызық та қилы-қилы тарихын әлем халықтарының алдына жайып салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру үшін, сұлулық пен парасаттың салтанат құруы үшін, жаппай келісімі жарасқан прогрессивті адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты.

 Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде  дамудың даңғыл жолына түсті.  Өлшеусіз табиғат байлығымен  ғана емес, ең алдымен сан түрлі  ұлттардан құралған халқының  ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.

 Егемендік  алған жылдар ішінде өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі қамтамассыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз орны бар елге айналды.

 Он бес  жыл ішінде қазақ халқының  ұлттық санасы жаңғырып, өзін - өзі  тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан  тарихы мен ұлттық дәстүрлерін  құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл  дүниеге таныту, бай рухани қазынасын  әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды.

 Ең бастысы,  қазақ халқымен бірге әр түрлі  этностардың да отаны болып  табылатын біздің еліміз бүкіл  әлемге қоғамдағы татулық пен  ынтымақтастықты сақтаудың, әр  түрлі ұлттық мәдениеттер мен  діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді.

 Бүгінде  Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ  халқы құрайды. Одан кейін славян  халықтарының өкілдері орыс және  украин халықтары. Сонымен қатар  ең елеулі этносты құрайтындар  өзбек. немістер және татар  халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз.

 Қаншама  рет туы тігіліп, қаншама рет  туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің  құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен  байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың  өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы - Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой... Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, - деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып олар қарындас» - деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.

Сан ғасырлық тарихымызда  мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз  үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың  қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміз – қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін, батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.

Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді  нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі турала тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді.

Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы  тер кеппеді. Ат үстінде өткен  ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы  ханы Кенесары азаттық үшін күресте  айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды...

Ата дініміз  ислам болғандықтан, мұсылмандық  сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.

Ел басына күн  туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.

Халық басына осындай  қиын-қыстау заман зары туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері  елдің елдігін, ердің ерлігін  сақтап қалды.

Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар  болды. Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді: жаппай отаршылдықтың салдарынан қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады;қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды...

 

 1.5 Тарихи кезең сабақтары

 

Ұлттық, демократиялық, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет орнықтыруды көздеген қазiргi Қазақстан  Республикасы – мемлекет құрушы қазақ  ұлтының және әртүрлi тарихи кезеңдерде келiп қоныстанған барша диаспоралар мен этникалық топтардың тату, бейбiт өмiр сүрiп жатқан Отаны.

Қазақстан Республикасы өзiнiң бастапқы мемлекеттiк атауына  – Қазақ Республикасы атауына  қайтадан ие болады. Ешбiр негiзсiз, жалтақтықпен өзгертiлген қателiк түзетiледi де, Қазақ Республикасының Конституциясынан бастап, барлық заңдардағы, халықаралық құжаттардағы қазiргi атау бұрынғыша жаңартылады. Қазақ Республикасының азаматы болу – осы елдi мекендеген әрбiр ақниеттi адамның мақтаныш сезiмiн туғызады. Мемлекетiмiздiң төл атауын қалыпқа келтiру – халық талабы.

Халықаралық тәжiрибеде мемлекет құрушы ұлттың саны жалпы  халық санының үштен екi бөлiгiнен  асса, ол моноұлтты мемлекет деп  қабылданады. Қазақ ұлтының саны осы межеден асты. Демек, Қазақ  елi моноұлтты мемлекет деп қабылдануға тиiс.

Қазақ ұлты –  кең-байтақ Қазақ елiн ғасырлар бойы мекен еткен, оны түрлi тарихи зорлық-зобалаңнан, басқыншылықтар мен шапқыншылықтардан  қорғап, аман сақтап қалған мемлекет құрушы байырғы ұлт. Әр кезеңдегi тарихи оқиғаларға байланысты қазiргi таңда Қазақ елiнде қазақ ұлтымен қатар, өзге де этностық топтар мен диаспоралар мекен етедi.

Үш ғасырға  жуық тоқтаусыз жүргiзiлген ұлтсыздандыру  саясаты қазақ ұлтының тiлiне, дiнi мен дiлiне, мәдениетi мен салт-дәстүрiне, бiтiм-болмысына қатер төндiрiп, ұлтты тығырыққа тiредi.

Ресей империясы  мен кеңестiк кезеңнiң ұлттық саясаты  халықтар құқығының бұзылуы, тiкелей  геноцид, экологиялық апаттармен қатар  жүргiзiлдi. Билiк ұлттық құндылықтарды  жоя отырып, қолдан утопиялық Кеңес  ұлтын құруға тырысты. «Бейбiтшiлiк» пен «келiсiм», негiзiнен, зорлықпен және жасанды идеологиялық қысыммен орнатылды. Осының негiзiнде ұлттық проблемалар шиеленiсе түсiп, 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiне алып келдi. Айналып келгенде, Кеңес Одағының құрдымға кетуi – дәл осы ұлттық мәселелердiң түбегейлi шешiлмеуiнiң нәтижесi болды.

Тәуелсiздiктен кейiн мемлекет пен саяси институттардың қызметi өзгерiске түсiп, экономикалық реформалар жүргiзiлгенмен, этносаралық  қатынастардың дамуы бұрынғы  күйiнде қала бердi. Өкiнiшке қарай, Егемендiк Декларациясы мен Тәуелсiздiк туралы заңның Ұлттық мемлекет құру туралы талаптары толық деңгейде жүзеге асырылған жоқ. Отарлық саясаттың зардаптарын жоюға бағытталған кешендi бағдарлама қабылданбады. Әлемдiк үрдiске сай, отарсыздану саясаты жүргiзiлуге тиiс едi. Экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатының өсуi ғасырлар бойы жинақталған өзектi мәселелердi өзiнен-өзi шешедi деген ұғымның қате екендiгiн әлем елдерiнiң де, Қазақстанның да тәжiрибесi анық дәлелдеп отыр.

Ұлттық саясат әлi де этносаралық қарым-қатынастардың кеңестiк стереотиптерiнен арыла алмай келедi. Қазақстанда ашық қақтығыстардың жоқтығы қоғамда шешуiн таппаған өткiр қайшылықтардың бар екендiгiн жоққа шығара алмайды.

Қазақстанда кеңестiк  заманда 70 жыл бойы, тәуелсiздiк алғаннан кейiн 20 жылға жуық мерзiм iшiнде орыс тiлi iс жүзiндегi мемлекеттiк тiл рөлiн атқарып келедi. 1989 жылы қабылданған «Тiлдер туралы» заң қазақ тiлiнiң мүшкiл күйiн жақсарта алмады.

Билiк қоғамдағы  этносаралық саясатпен тек Қазақстан  Халқы ассамблеясы ғана айналысуы  керек деген ұғымды қалыптастыруға тырысып келедi. Бұл түсiнiк мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың осы мәселедегi жауапкершiлiгiн төмендетедi. «Ұлттық мәселелердi шешудiң дұрыс жолы – бұл мәселелердi мүлде көтермеу» деген ойлар да бой көрсетедi. Ұлт мәселелерiн алға қою – ұлттық өзiмшiлдiк деп те бағалануда. Ал проблемалардың шешiлмей жинақтала беруi болашақта қайшылықтар мен тартыстар тудырып, ұлттық мемлекетiмiз бен тұтастығымызға қауiп-қатер төндiредi.

Жоғары билiк  тарапынан ұсынылған «еуразиялық  идея» мен «қазақстандық ұлт» саясаты – қазақ ұлты мен елдегi барлық этникалық топтардың келешегi, елдiң тағдыры үшiн аса қауiптi бастама. «Қазақстанда 140-тан астам ұлт пен ұлыстың өкiлi тұрады» деген жалған қағидаға сүйену де – түбегейлi қателiк. Қазақ елiнде бiр ғана ұлт, яғни мемлекет құрушы қазақ ұлты және басқа да этностық топтар тiршiлiк етедi дегендi ашық айтатын мезгiл жеттi. Билiктiң бастамасымен құрылып, ресми БАҚ-та кеңiнен жарнамаланған, бiрақ ұлттық мемлекет мүддесiне сәйкес келмейтiн Қазақстан Халқы ассамблеясы этносаралық келiсiмдi қалыптастыруға, ұлттық мәселелердi реттеуге қауқарсыз екенiн уақыттың өзi дәлелдедi. Қазақстанда қазақ хал¬қының барлық ұлттық құндылықтарына басымдық берiлуге және жеделдете шешiлуге тиiс. Мұндай саралап жiктеу түрлi этникалық топтарға жататын адамдарды алалау, олардың жеке азаматтық құқығын шектеу емес, бұл – әлемдiк ұстаным.

Ұлттық саясаттың  басты ұстанымы – ұлттық құндылықтар  негiзiнде Қазақ елiнiң экономикалық, саяси, рухани тәуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн  қамтамасыз етуге және жердiң бiртұтастығын мәңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын (ұлттық байлығын) тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының әлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға мем¬лекеттi мiндеттеу. Әркiмнiң азаматтық құқығының мүлтiксiз сақталуын қамтамасыз етпейiнше, заң алдындағы бәрiне бiрдей жауаптылық болмайынша, ел iшiнде дұрыс түсiнiстiк болмайды.

Қазақстан Республикасы жалпыға бiрдей ортақ аумақ, бiр  ғана азаматтық, жалпыға бiрдей жоғары билiк, жалпыға бiрдей құқық жүйесi мен жалпыға бiрдей бiр ғана мемлекеттiк тiл негiзiнде дамитын болады.

Қазақ халқы  қашанда қазақ жерiнде өмiр  сүрiп жатқан орыс, украин, өзбек, ұйғыр, немiс, татар, қырғыз, түрiкмен, әзiрбайжан, тәжiк, қарақалпақ, шешен және басқа  да этностық топтардың тiлiне, дiнiне, мәдениетi мен әдет-ғұрыптарына құрметпен және төзiмдiлiкпен қараған. Бүгiнгi күнi де өз елiнде басым көпшiлiкке айналған қазақ ұлты елдегi этносаралық және дiнаралық бiрлiктi сақтауды, олардың тiлiн, рухани құндылықтарын дамытуды өзiнiң басты мiндетi санайды. Мемлекет пен оның негiзi болып табылатын қазақ ұлты барлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркiндiктерiнiң қамтамасыз етiлуiнiң кепiлi болып табылады. Қазақ жерiнде тұрып жатқан этностық топтар мемлекеттiң және бiртұтас азаматтық қауымдастықтың бөлiгi болып саналады.

Мемлекеттiк  тiлдi бiлу – әрбiр азаматтың мiндетi. Мемлекеттiң басты мiндетi азаматтар¬ға мемлекеттiк тiлдiң маңызын жан-жақты  түсiндiре отырып, оның қоғамдық өмiрдiң  барлық саласында қолданылуына қажеттiлiк  тудыру.

Осы ұстанымдарды iске асыру мақсатында алдағы жылдары мемлекет:

– ұлттық саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, мәдени және бiлiм беру, т.б. бағдарламаларымен тығыз байланыста кешендi түрде жүзеге асыруды;

– нәсiлiне, этникалық  тобына, тiлiне, дiни сенiмiне, сондай-ақ қандай әлеуметтiк топтар мен қоғамдық бiрлестiктерге жататындығына қарамастан, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгiн қамтамасыз етудi;

– ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiруге, бiртұтас мемлекет пен қоғамды жiкке бөлуге, этносаралық және дiни алауыздықты, өшпен-дiлiк пен араздықты өршiтуге бағытталған әрекеттерге қатаң тыйым салып, тосқауыл қоюды;

– мемлекет пен  қоғамның ақпараттық тәуелсiздiгiне қол  жеткiзу, елiмiздiң өзiндiк ақпараттық-мәдени кеңiстiгiн құру, өзге елдердiң елiмiздегi қоғамдық пiкiрдi қалыптастыруына жол бермеудi;

– елiмiздiң басқа  да түрiк мемлекеттерiмен бiрдей болашақта  латын әлiпбиiне көшу тұрғысындағы қоғамдық талқыларды жүргiзiп, осыған қажеттi дайындықтарды  жасауды;

Информация о работе Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік ұлттық құрылыс