Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік ұлттық құрылыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 15:34, курсовая работа

Краткое описание

Енді ұлт тілінің мемлекеттің қолдауымен ортақ тілге айналу процесі бұрынғыдан да тереңдей түседі. Алдымызда өзіміздің ғана емес, өзгелердің де осы тілде, ана тілімізде сөйлейтін шағы тұр. Ол - республика тұрғындарының қазақ ұлтының төңірегіне топтасып, рухани мүдде тоғыстыратын тұсы. Бұл үрдістің республикадағы ішкі ахуалға тәуелді эволюциялық пісіп-жетілу жолы бар. Оған тосыннан араласу, саяз ғылыми пәлсапалық тұжырымдармен килігіп, қазақтың ұлт болуы елдің бірлігіне кедергі келтіретіндей этносқа айналдыруға әрекеттену, сондай-ақ ұлттық қызба сезімдерге бой ұру мемлекеттің нәтижесін беріп отырған саясатына кері ықпалын тигізеді. Ұлттық мүдде ұлттық биіктен қарауды талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................................4

1 ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС.........................................................6
1.1 Тәуелсіздік тұғырында....................................................................6
1.2 Тіл мен ұлт тұтастығы.....................................................................8
1.3 Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық мемлекет құрудағы ролі.........................................................................................13
1.4 Тәуелсіздік толғаныстары..............................................................19
1.5 Тарихи кезең сабақтары..................................................................23
1.6 Қазақстан – әлемдік қоғамдастық мүшесі......................................27

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………................................................31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…................................……33

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая раб тауелсиздик жайында.doc

— 219.00 Кб (Скачать документ)

– этностық немесе дiни ерекшелiктерге негiзделген саяси партиялардың ел тұтастығына қарсы жұмыс жасап, осы мақсатта шетелден қаржыланатын қоғамдық және дiни ұйымдардың жұмысына заң арқылы тыйым салуды;

– Қазақстан  Халқы ассамблеясына берiлген қажетсiз  әрi заңсыз өкiлеттiктердi шек¬теу және оның жұмысының жалпыға бiрдей конституциялық ережелерге сай болуын қамтамасыз ететiн тиiстi құжаттарды қабылдауды;

– Қазақстан  Республикасы шет мемлекеттерде  тұратын қазақ диаспорасының  құ¬қықтары мен мүдделерiн қорғау, қазақ тiлiн, мәдениетiн, ұлттық дәстүрлерiн  сақтау мен дамытудағы iстерiне қолдау көрсетудi қолға алады.

Қазақстан Республикасының  ұлттық саясатының басты мақсаты  – байырғы қазақ жерiнде құрылған ұлттық мемлекеттi сақтау және нығайту.

Осы мақсатта:

– барша азаматтарды  қазақ ұлтының маң¬ында топтастыру, тәуелсiздiгiмiз бен егемендiгiмiздiң баянды болуын қамтамасыз ету;

– қазақ ұлтының  тарихи зердесiн, тiлiн, дiлiн сақтау мен  жан-жақты дамыту, оның жаһандану  заманындағы өзiндiк ұлттық-мәдени ерекшелiгiн қалыптастыру және әлемге паш ету;

– елiмiзде тұрып  жатқан барлық этностық топтардың өз тiлi мен мәдениетiнiң дамуына шек қоймай, олардың барлығының ортақ Отаны – Қазақстан Республикасына адал қызмет етiп, оған деген сенiмiн арттыру қажет.

Бұл үшiн мемлекет пен қоғам өздерiнiң ерiк-жiгерiн  төмендегi негiзгi мiндеттердi атқару үшiн жұмылдыруы керек:

– Қазақстан  Республикасы қоғамының негiзгi ұлттық құндылықтарын қалыптастыру және дамыту;

– қазақ тiлiн  шын мәнiндегi мемлекеттiк тiл деңгейiне жеткiзiп, оны барша Қазақстан  азаматтарын бiрiктiретiн факторға айналдыру;

– этносаралық  және дiнаралық саладағы мемлекеттiк  органдар мен азаматтық қоғам  институттарының өзара тиiмдi және пәрмендi қарым-қатынастарын қамтамасыз ететiн жүйенi қалыптастыру.

 

1.6 Қазақстан – әлемдік қоғамдастық мүшесі

 

Тарих үшін бұл  қамшының сабындай қысқа уақыт болғанымен, бір елдің мемлекет болып қалыптасып, дамуында, бір ұлттың өсіп-өркендеуі жолында ғасырларға татитын толайым істерді атқаруға болатын мерзім. Осы жылдардың ішінде тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев басқарып отырған Қазақстан әлемдік аренадан өз орнын ала білді. Бүгінде біздің мемлекет әлемдік қоғамдастықтың құрметті әрі лайықты мүшесі. Әлемдегі, өңірдегі көкейкесті халықаралық саяси және экономикалық мәселелерге қатысты Қазақстанның позициясымен бүгінде барлық елдер дерлік санасады. Осының барлығы 17 жыл ішінде атқарылған тынымсыз еңбектің, қажырлы жұмыстың, сындарлы саясаттың арқасы. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік салалардағы реформалары, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық бірлікті сақтаудағы істері, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүзеге асырып жатқан шаралары ТМД кеңістігінде ғана емес, әлемдік деңгейде мойындалып отыр.

Жүріп өткен  жолымызға көз жіберсек, тәуелсіздіктің бірінші күнінен-ақ ең алдымен ішкі тұтастығы мен қауіпсіздігіне айрықша  мән берген Қазақстан, сыртқы саясатын да сындарлы жүргізе білді. Нәтижесінде біздің ел тоқсаныншы жылдардың ішінде Кеңес одағының шекпенінен шыққан бірталай мемлекетті шарпыған қақтығыстардан айналып өтті. Әйтпесе, сол кездегі кейбір теріс пиғылды сарапшылар «қақтығыс өрті бір тұтанса көпұлтты Қазақстанда тұтанады», деген сәуегейлік танытқан болатын. Бір сөзбен айтқанда, ел басшылығының ұстанған позициясы мен сындарлы жүргізген саясатының арқасында Қазақстан ішкі тұрақтылығын сақтай алды әрі төңірегіндегі көршілерінен бастап әлемнің әр түкпіріндегі дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқан мемлекеттермен достық, әріптестік байланыстарды дамытты. Ядролық қарудан бас тартып, Семейдегі сынақ полигонын жауып, өзін дүниеге бейбітшілікті сүйетін мемлекет ретінде таныта алған Қазақстан жас та болса, бас болып талайларға үлгі-өнеге көрсете алды, қазір де қайталанбас бастамаларымен байқалып та келеді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның, қазақ халқының үлкен  жеңістерінің бірі ретінде Ата заңымызда  Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылуын жатқызуға болады. Қазір айтуға оңай болғанымен, ана тілімізге мұндай мәртебе беру сол кезде шын мәнінде аса күрделі шаруалардың бірі болғандығына Тәуелсіздік шежіресі куә. Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстандағы қазақтардың үлесі халықтың жалпы санының 40 пайызына да жетпегендігін ескерсек, мұндай мәселенің күн тәртібіне шығарылуы да оңайға соқпағаны белгілі. Ақыры ұлтымыздың қамын жеген азаматтардың табандылық танытуының арқасында қазақ тілі тарихи жеңіске қол жеткізді. Әрине бүгінде қазақ тілінің қолданылу аясына қатысты саналуан пікірлер айтылып жүр. Қалай десек те бір нәрсе анық: дәл қазір мемлекеттік тілді дамытуға ешкім де кедергі жасап отырған жоқ. Барлығы да халықтың ниетіне байланысты. Мемлекет тарапынан тілімізді дамытуға қазынадан бөлініп жатқан қаржының көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Түптеп келгенде мәселе ниетке, құлшынысқа келіп тіреліп тұр.

Қазақстанның  бүгінгі таңда экономикалық реформаларды іске асыруда, банк секторын ырықтандыруда  ТМД елдерінің ішінде көш бастап келе жатқандығы баршаға белгілі. Елбасы бас болып, басқа да игі жақсылар қос болып тоқсаныншы жылдардың алғашқы бес-алты жылындағы тоқырауға төтеп беріп, еңсесін тіктей алған мемлекетіміз 1997 жылдан бастап шын мәнінде өз тарихындағы өрлеу кезеңіне қадам басты. Бұған ең алдымен Н. Назарбаевтың Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуын айқындаған «Қазақстан-2030» стратегиясының әзірленіп, өмірге жол тартқандығы ықпал етті. Қазақстан экономикасын өркендетіп, елдің әл-ауқатын арттыру үшін қазіргі уақытта да әзірленіп, жүзеге асырылып жатқан сан түрлі бағдарламалар түп-тамырын жоғарыдағы стратегиядан алады. Бір сөзбен айтқанда «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген позицияны нық ұстанған біздің ел, өзіндік даму жолын дұрыс таңдағанын бүгінгі күн көрсетіп отыр. Әрине, қазіргі таңда әлемді шарпыған қаржы дағдарысының салқыны Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Бұған дейін бірнеше дағдарысты табысты еңсере алған мемлекетіміздің қазіргі қабылданып жатқан кешенді шаралар арқасында бұл дағдарыстан да табысты өте алатындығына сенім мол.

Тағы бір  атап өтерлігі, Қазақстан экономикада  ғана емес, саясатта, мәдени-гуманитарлық салаларда, демократияны дамытып, азаматтық  қоғам құру ісінде де зор табыстарға жеткеніне, бұнымен тоқтап қалмай аталмыш  бағыттардағы жұмыстарды дәйекті түрде жалғастырып жатқандығына баршамыз куәміз. Бұған аталмыш мәселелерге қатысты елімізде ұйымдастырылып, өткізіліп жатқан әртүрлі шараларды мысалға келтіруге болады. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ислам конференциясы ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы сынды бірқатар саяси құрылымдардың құрметті мүшесіне айналғандығы, тіпті бұлардың бірқатарының құрылуына тікелей бастамашы болғандығы белгілі. Ата заңында өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған Қазақстан осы 17 жылдың ішінде бұл қағидаттарынан еш айныған емес, айнымақ та емес. Н. Назарбаевтың алыс-жақын елдердің жетекшілерімен, әсіресе Ресей және Қытай елдерінің басшыларымен жеке қарым-қатынасының өте жақсы болғандығының арқасында Қазақстан төңірегіндегі көршілерімен шекарасын заңды түрде айқындап алды. Мұны да тәу етіп отырған Тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізген басты жетістігіміз деп бағалауға әбден болады.

Тұтастай алғанда  Қазақстанның өзі мүше саяси, экономикалық құрылымдардағы рөлі мен маңызы жыл  санап артып келеді. Оның бір айқын  дәлелі ретінде біздің елдің 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға, ал 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық жасайтындығы. Бұған Қазақстан еліміздегі әр түрлі ұлттарды бір атаның баласындай ұйыстырып, түрлі конфессия өкілдерін өкпелетпеуінің арқасында, әлемдегі ділі, діні бөлек адамдарды бір үстелдің басына жинап, қазіргі заманғы көкейкесті халықаралық мәселелерді талқылауға жол ашу арқылы, сондай-ақ өзіне алған халықаралық міндеттемелеріне сәйкес демократияны дамыту ісінде ілгерілеуінің арқасында қол жеткізгендігіні айқын. Азия мен Еуропаның арасындағы қақпа болып отырған Қазақстан, енді екі өркениетті біте қайнастыру ісінде де жолбастаушы позицияға шығып отыр.

Жалпы, тәуелсіздік  қазаққа өзінің әскерін құруға, төл  теңгесін шығарып, пайдалануға, тағдыр тәлкегімен шет елдерге кеткен қандастарын елге қайтарып қауышуға, солақай саясаттың кесірінен жабулы күйінде қалып қойған мәдени мұраларын түгендеуге, түптеп келгенде өз елінде, өз жерінде еркін тыныстап, жүріп-тұруға мүмкіндік туғызды. Бұл шешімдердің бірқатары бір кездегі елорда Алматыда қабылданса, басым көпшілігі Отанымыздың қазіргі жүрегі - Астанадан бастау алды. Тәуелсіздіктің болашағы, мемлекеттің келешегі, қазақ халқының тағдыры үшін Елбасының елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіруі де шын мәнінде аса маңызды тарихи шешім болғандығын бүгінгі күн дәлелдеп отыр. Астана қазақтың арманы арқалаған, Тәуелсіз Қазақстанды биік шыңдарға жетелеген шаһарға айналып келеді. Олай болса, қазақты өзгелермен тең қылған тәу етіп отырған Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, жасай берсін. Жаратқан лайым елімізді аман, жұртымызды тыныш етсін. Халқымыздың басынан бақ-береке, бірлік арылмасын деп тілек білдіреміз. Тәуелсіздік күніміз құтты болсын! Теңдік әперген Тәуелсіздігімізді бағалай білейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бізді бұл күнге  дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық  көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі  рухы, қайтпайтын табандылығы –  өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын.  Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. 

Сондықтан бұл  күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген  тағзымды салауат пен болашаққа  деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы  тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бұл күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана. А., 1991.
  2. Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.
  3. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А., 1997.
  4. Қозыбаев М.К. Казахстан и современность. А., 1991.
  5. Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992.
  6. Қозыбаев М.К., Бекмаханова Н.Е. История Казахстана. А., 1991.
  7. Көшербаев Қ.Е., Құттыбаева Р.С. Қазақстандағы этносаралық қатынастар мәселелері. А., 1996.
  8. Маданов Х.М. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. А., 1995.
  9. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2000.
  10. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. А., 1991.
  11. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы. А., 1992.
  12. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. А., 1997.
  13. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. А., 1997.
  14. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 1999.
  15. Шаймерденов Е. Қазақ елінің рәміздері. А., 1993.
  16. Қазақстан: мемлекеттік кезеңдері. А., 1997.
  17. Отан тарихының тағылымдары және Қазақстан қоғамының қайта жаңғыруы. А., 1999.

 


Информация о работе Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік ұлттық құрылыс