Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 18:15, курсовая работа

Краткое описание

Сәндік қолданбалы өнердің көп ғасырлық тарихы бар. Сәндік қолданбалы өнердің әсемдік әлемінде алар орны ерекше. Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композицияының әдістері арқылы жасалған жұмыстар адам баласының рухани өміріне, мәдениеті мен тұрмысына қызмет ететіндігін жинақталған мәліметтер негізінде дәлелдеу. Сәндік қолданбалы өнер тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасау екенін жинақталған мәлеметтер негізінде дәлелдеу.

Содержание

I. Кіріспе
1. Сәндік қолданбалы өнердің шығу тарихы.
2. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері:
Батик
Бисер тоқу өнері
Кесте тігу өнері
Тоқу өнері
Макраме
Кілем тоқу өнері
Керамика
Мозаика
Зергерлік өнер
Көркем ою
II. Негізгі бөлім
1. Ою-өрнек композициясы
2. Ою-өрнек композициясының әдістері
3. Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістері
ІІІ. Зерттеу бөлімі
1. Сәндік қолданбалы өнердегі көркемдік білім беру арқылы мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін арттыру
2. Сабақ жоспары
3. Машықтық жұмыс
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая Толганай 406.doc

— 410.50 Кб (Скачать документ)

Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады. Олар:

1. Ұста

2. Зергер

3. Ісмер

4.Шебер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері

  •  Батик өнері өте ертеде дамыған. Индонезияның Ява аралында алғаш рет дүниеге келді. Алғашқы маталардың өндірісіне дейін  малайзиялықтар  заттарын алып келіп аралда, ағаштың қабығына, өрнектерді жабайы аралардың балқытылған балауызы арқасында, өсімдік бояғыш заттармен қалған орындарды содан соң бояп отырған. Маталар пайда болған соң бұл әдістің негізі  – балқытылған балауызбен сурет түсіру – сол жұмыстың сәндеуге де қолдана бастады. Матаға жағылған балауыз бояу түстерін өткізбейді яғни механикалық түрде резерв жасайды. Содан соң матаға түрлі түсті бояуды жаға беруге болады. Балауыздың осы бір қасиеті арқасында – ежелгі әдістердің бірі матаны әрлеудің негізі қаланды. Ежелгі матаны әрдеудің әдісінің тәсілі – Батик.  "Батик" сөзі Яван тілінен аударғанда "ыстық балауызбен сурет салу" деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің арқасында Ыстық батик техникасының атауы шығады. Ыстық батик техникасы жеткілікті күрделі  және көп еңбекті қажет етеді, сондықтан да қысқа тоқталып жатырмын. Рамаға керілген матаға балауызды пайдалана отырып, әртүрлі өрнек элементтерін саламыз. Балауыздың толық кебуінен кейін ашық қалған жерлерді түрлі түсті бояулармен бояп шығамыз. Осы әдісті бірнеше рет қайталауға болады түстердің қалай шығуына байланысты. Соңғы рет матаны кептіргеннен кейін  үтіктің көмегімен балауызды алып тастаймыз. Бүгінде балауыздың жағылуына пайда болған жаңа тәсілдердің арқасында  Ыстық батик көп еңбекті кемірек қажет ететін болды. Сонда да бұрынғысынша жоғары көркемдік түрінде қалды.

Көп ғасырлар бұрын Қытай суретшілері жібек маталарда әуедегі пейзаждарды таң қалатын сұлулықтарды жасау, ерекше гүлдердің суретін салды, бамбук, ағаштар, тұрмыс сахнасының суретін салды. Кейбір суретшілер өз жұмыстарында  тек қана тушьты қолданды. IX ғасырда жаңа көркем стилі пайда болды. Оны сыншылар  бояу декоративтігі деп атады. Азат көркем стилі Қытайда кең тарады және сондай биік белесті бағындырды. ХII соңында академиялық стиль атағына ие болды. Шебер қолындағы қылқалам жібек бетімен азат сырғанады немесе қағаздың бетінде. Мүмкін сондықтан болар қазіргі заманғы жазу қандай да бір резервтің қолдануынсыз еркін жазу деп аталады.

XX ғасырдың басында  Ресейде жылытуды қажет етпейтін резерв құрамын ойлап тапты. Осының арқасында біздің еліміз Суық батиктің отаны болды.

Бүгінгі дәстүрлі классикалық батиктің маңызы оңайлатылған өрнектің  арнайы құралдарының әр алуандығының арқасында, қолы жеңілдеп, тіпті киім әртүрлі бөлшектерді, ішкі көрініс заттарын тіркеп жазуды рұқсат етіп жатыр.

Ява аралында әлі күнге дейін ескілікті дәстүрлерді көзінің қарашығындай  сақтап жатыр, осы күнге дейін балауыздың ежелгі формалары сақталған. Резервтің бұл жердегі қызметі арнайы салынған паста бамбуктік шыбықтың арқасында жағады. Матаның тек қана қолдан жасалғанын алады,бояу жергілікті өсімдік түбірінен әзірленіп алынады. Осы жолмен бояу тәсілі — өте ұзақ уақытты және көп еңбекті қажет етеді. Пастаны алып тастағаннан кейін  көбінесе жай геометриялық  фигуралар және сирек фигуралық бейнелеулер қалады. Явалық батик қасиетті мата болып есептеледі.

Индияда орта ғасырларда матаға сурет салуды  немесе қолдық тәсілмен (қылқаламмен), немесе ағаш штампыларымен жасап отырған. Үнді технологияларының қазіргі кезеңінде бандхана техникасы (бандхей, бандхни , бандан , бандхини , бандхари), кең таралған. Адамдарды киімде  бейнелеулеуде ұсақ тегіс өрнектерді салғанда  ежедгі үнді храмдарын көруге болады.

Ең танымал батиктің түрлері – ыстық және суық батик.

  • Бисер тоқу өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.

Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисердің де тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді кезіп жүріп, Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе, әйтеуір әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестердің бүкіл Жерорта теңізінің бойындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдар сатқандығы белгілі.

Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдеріне таққан деседі. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Буера» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан (жалған маржан). Рим империясы Египет елін басып алғанда, әйнек өнімдері Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге бисер атауы мәлім бола бастайды. Нақ осы кезде бисерді бұйымдар жасау, әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер пайда бола бастайды. Бұйымды ұзақ пайдалану үшін оны мықты жіппен тоқыған. Бисермен қазақтың ою-өрнектері негізінде сәнді әшекейлер де жасауға болады.

Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүру үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алу да маңызды. Әсіресе, ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы шарт. Ол үшін (бисерді орналастыру) бір бедерлі фланельді матаға, түрлі-түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10 мм) тәрелкеге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.

  • Кесте тігу өнері – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноин-ұлан (б.з.б. 5 ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (тұскиіз, тұскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзол, желең) көруге болады. Кесте инемен, бізбен және кесте машинасымен тігіледі. Кейде Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін шалыс, жатық, терме, жөрмеу тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген матаның бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Әрәдік кестеде матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады. Әрәдік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады. Геом. кескінді бейнелейтін Кесте жіп санап тігілсе, ирек өрнектер, әр түрлі суреттер алдын ала жүргізілген ізді қуалай тігіледі.

Сонымен бірге матаның Кесте түсер тұстарының жібін суырып тастап немесе қалың мата бетін алдын ала ойып алып та тігеді. К. тігу өнері қазақ халқына өте ертеден таныс. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде Кесте ні зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу тәсілдері кездеседі. Қазақ салтында үй жиїаздарын (тұс киіз, киім жапқыш, төсек жапқыш және үзік-туырлықтар), киім-кешектерді (кимешек, тақия, қамзол, кеудеше, т.б.), аяқ киімдерін (кебіс, мәсі, биік өкше етіктер, т.б.), қол орамалдар мен ер-тұрмандарды, т.б. тұрмысқа қажетті заттарды безендіру үшін Кесте көп пайдаланылған. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы маталар пайдаланылады. Мұндай тігістерге өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары (зер) пайдаланылады. Алтындап тігуде, көбінесе, бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Алтын жіппен тігу түркі халықтарының бәріне тән өнер. Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, қамзол, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі. Қазақстанда құрылған “Тұскиіз” (Алматыда), “Өнерпаз” (Таразда), “Өрнек” (Өскеменде) секілді фабрикалар қазақ халқының Кесте өнеріне тән стильдегі бұйымдар жасайды. Олар өмір талабына сай екшеліп, жаңа түр-мазмұнға ие болуда. Республикамызда 400-ден астам Кесте ілер есімі белгілі. 1926 ж. Парижде өткен дүниежүз. көрмеде Р.Барлыбаева кестелі тұскиізі үшін халықар. сыйлық алды. 1957 ж. Республикалық 1-көрмеде қарағандылық Баймағамбетова, зайсандық Құнақова, семейлік Абаеваның Кестелері көркемдік жағынан жоғары бағаланып, бірінші сыйлыққа ие болды.

  • Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.  
    Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері. 

Зығыр

Мақта иірімжібі

Мохер

Жүн иірімжібі

Ангор

Кашемир

Альпак

Вискоза

Фасонды иірім жіп

Тоқыма үшін қажетті құралдар:

1. Біз.

2. Жіп

Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.

Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу. 
Айналдырып шеңбер жасай тоқу.

Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді. 

  • Макраме - (фр. Macramé, арабша — таспа, шашақ, шілтер немесе түрікше — шәрпі немесе шашақты майлық) — түйін арқылы тоқу техникасы.

Бұл түйін арқылы тоқу техникасы ежелгі заманнан белгілі. Кейбір деректерге сүйенсек Еуропаға макраме VIII—IX ғасырларда Шығыстан келді. Бұл техниканы Мысырда, Ассирияда, Иранда, Перуде, Қытайда, Ежелгі Грецияда білген.

Макраменің дамуына желкенді флот зор үлес қосты. Ежелден теңізшілер ау тоқыған, түйіндердің көмегімен арқандарды ұластырған. Теңіз түйіндерінің төрт мыңға жуық түрі бар. Түйіндердің қиыстырулары жиі таңқаларлықтай күрделі болған. Көптеген теңіз түйіндері өзінің әсемдігі мен ерекшелігінің арқасында көркем қолөнер - макрамеге айналды. Алынған өрнектер өзінің әсемдігімен ғана емес, беріктігімен де ерекшеленеді.

  • Кілем тоқу өнері. «Үй жасауы — кілем» дейді халық. Кілем — жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Осындай қиын да қызықты өнер қазақтың топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шығып, шебер қолдарымен тоқылатын.

Қазақстан облыстарында кездесетін кілем түрлері де, атаулары да көп. Көне заман деректерінде де олар тап осы күнгі аттарымен аталады. Мысалы, бұқар кілем, жол кілем, жолаң кілем, жібек кілем, масаты кілем, мақта кілем, қалы кілем, қара кілем, құлпырма кілем, тақыр кілем, түкті кілем, ақ сирақ кілем, алаша кілем, андіжан кілемі, түрікмен кілемі сияқты көптеген атаулардың өзі-ақ қазақ халқының кілем тоқумен ертеден таныс екенін және кілемнің әр жерде әр түрлі мәнерде жасалғандығын аңғартады.

Кілем өрмегін «аспалы өрмек» немесе «кілем өрмегі» деп атайды. Соған қарай кілемнің бой жіптері де жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет болып тізіледі. Оның арқауы түйе жүні аралас (кейде шуда аралас) мақтадан, жібектен әрі мықты, әрі жуандау етіліп иіріледі. Бой жіптермен қатарлас тұратын түк және өрнек жасаушы жіптер қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен өзге жіптерден көрі бостау иіріледі. Кейде бұл жіптер бой жіптердің үстінде арнаулы күзеулерде бос тұрады. Оны кілем тоқушы шебер өз керегіне қарай суыртпақтап отырып арқау мен бой жіптерге іліп отырып түр жасайды.

Әдетте түкті кілемді 2—3 шебер қатар отырып тоқиды. Шебер өз-өзінен тез суырылатын етіп домалақтаған өрнек жасаушы түк жіптерін санап, оның тұтас еніне жеткенше бір-ақ шалып шығады да, кесермен қиып, адарғы тарақпен арқауға бастырта қағады. Осылай бір қатарды салып, оны өрнектің нұсқасына қарай кесіп алған соң тағы да арқауға бастыра адарғы тарақтың тістерімен нықтайды. Бұл арада бойлардың ерсісі мен қарсысы ауысып тоқылып отырады. Осы әдіспен ені 2—3,5 м, ұзыны 3,5—4 м кілемді 2 адам бір айдың ішінде тоқып шығарады.

Кілемше теріліп тоқылатын бұйымдардың жіптері көп түсті бояумен боялады. Кілем өрнегінде, әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары және ақ түсті өрнектер көбірек жүргізіледі, кейде тіпті негізгі бір түстің бір-біріне жақын бірнеше өңдері де қолданылады. Мұндағы кілем өрнектері әр түрлі. Сол көптеген өрнек түрлерінің әрқайсысының аттарын кілемшілер жақсы біледі. Кілем өрнектерінің ішінде жануарлар бейнесін немесе олардың жеке мүшелерін суреттейтін оюлар да көп. Мәселен, «қошқар мүйіз», «сыңар мүйіз», «иттабан», «көбелек» және т. б. Мұнымен бірге геометриялық ернектер де кездеседі (ирек, тұмарша, төрт бұрыш және т. б.).

  • Керамика(грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б.органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. К-ның негізгі технол. түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады. Керамика адамзат өмірінде ертеден пайдаланылған. Ежелгі замандарда, атап айтқанда палеолит, неолит дәуірінде (б.з.б. 5-мыңжылдық) жасала бастап, ғасырлар өткен сайын технологиясы күрделене түскен. Саздан түрлі бұйым жасап, оның беріктігін арттыру үшін күйдіру ісі кең таралған. Керамика жасауды әр халық өз бетімен ойлап тапқандықтан, олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Халқы мен заманына тән ерекшелігі, әр түрлі ою-өрнектер мен таңбалардың, тіпті, кейде жазулардың болуы бұларды бағалы тарихи ескерткіштер қатарына жатқызады. Ең алғашқы керамикалық бұйым ас пісіру және сақтау үшін қолданылатын ыдыс түрінде жасалған. Күйдіру арқылы беріктігін дамытып, әдемілік үшін ыдыстың қалың бүйірлеріне әр түрлі оюлар салған. Энеолит дәуірінен бастап (б.з.б. 3 – 2-мыңжылдық) жазу да жазады. Б.з.б. 4 – 3 мыңжылдықта Мысыр,Бабыл және Таяу Шығыс елдерінде сыртына шыны тектес қабат күйдіріліп бекітілген (глазурьленген) керамикалық заттар кездесе бастайды. К-ны тек ыдыс-аяқ жасауда ғана пайдаланбай, одан кітап беттерін (Ежелгі Шумер, б.з.б. 4-мыңжылдықта), түрлі адамдар мен хайуандардың, т.б. мүсіндерін (Ежелгі Мысырда, Грекияда, Қытайда, Орталық Азияда) жасаған. Б.з.б. 3 – 1-мыңжылдықта түрлі түсті өрнектелген архит. кірпіштер шыққан. Керамиканың ежелгі заманда дамыған жерлері Оңт. Шығыс Азия, Орт. Азия елдері, Ежелгі Мысыр болды. Осы елдерден кейін грек саяхатшылары Шығыстың ұлы өркениетті мәдениетімен танысып, оның озық үлгілерін өз елдерінде жасауға, орнықтыруға асықты. Керамиканың даму тарихында ежелгі гректердің орны ерекше. Б.з.б. 1-мыңжылдықтан бері грек шеберлері шығыс үлгісіндегі керамика жасауды қолға алып, өзіндік әдіспен дамыта білді. Соның нәтижесінде Ежелгі Грекия, Римде керамика жасаудың мектептері қалыптасты, жүздеген шеберханалар жұмыс істеді. Олардың өнерінің өзге халықтарға да ықпалы мол болды. Керамика қазіргі Қазақстан аумағында ежелден (б.з.б. 17 – 15 ғ-лардан бастап) өзіндік белгімен, әдіспен дамыды. Осы кезеңде қазіргі қомша, текемет өрнектеріне ұқсас белгілер салынған ыдыстар күнделікті өмірде орын алды. Ал б.з.б. 10 – 6 ғ-ларда (Беғазы – Дәндібай мәдениеті) беті глазурьленген, түрлі түсті айшықтары бар ыдыстар пайда болды. Б.з. 6 – 12 ғ-ларында керамикалық ыдыстар жасайтын орындар (цехтар) ежелгіШаш, Тараз, Сауран, т.б. қалаларда көптеп бой көтерді. Осы кезеңде шағын пішінді әр түрлі жануарлардың, адамның керамикалық мүсіншелері жасалды. Сонымен бірге астық сақтайтын хумдар (ірі, биікт. 1 – 1,5 м. болатын қыш ыдыс), су құбырлары жасалды (Отырар, 8 – 12 ғ-лар). Орт. Қазақстандағы Алаша хан, Жошы хан, Тараз маңындағы Айша бибі,Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауидің мазарлары керамикалық материалдармен безендірілген. Қазақстанда қазіргі заманғы керамика өндірісі 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап өрістеді. Күйдірілген кірпіш өндіретін жүзден астам қыш зауыты іске қосылды. Алматыдағы керамикалық тәжірибе зауыты алуан түрлі сәндік, тұрмыстық бұйымдар шығарды. Астана техникалық фарфор зауыты, керамика комбинаты, Фарфор зауыты, Ленгердегі керамикалық құбыр з-ты, Қапшағай фарфор зауыты заманауи талаптарға сай керамикалық бұйымдар шығарады.
  • Мозаика (французша, итальянша – музаларға арналған) – жылтыр тас, қыш тақта, шыны сынықтарынан құрастырылған ою-өрнек, сурет-бейне (инкрустация), байырғы өнер саласы. Ежелгі Мысыр перғауындары заманында патша маскалары, тақ-орындықтар, саркофагтар мозаикамен әшекейленген. Тутанхамон патшаның тағы (б.з.б. 14 ғ.) түрлі асыл тастармен зерленген мозаика өнерінің үздік туындысы. Мозаика Ежелгі Грекияда, Италияда жақсы дамыған. Помпей, Пергам қалаларында жүргізілген археологиялық, қазбалар нәтижесінде б.з.б. 4 – 1 ғасырларға жататын мозаика шығармаларының тамаша үлгілері табылған. Көне қала үйлері мен әуіздерінің қабырғасы, едені, төбесі өсімдік, жәндік, балық бейнелерімен көркемделген. Вавилонда б.з.б. 6 ғасырда тұрғызылған Иштар қорғанындағы нақыштар мозаика өнерінің бірегей туындысы болып табылады. Қорғанның өзі майоликалық кірпіштермен көмкеріліп, аңдардың кескіні мозаика тәсілімен нақышталған. Б.з. 6 – 9 ғасырларында Византияда (қазіргі Түркия аймағы) мозаика кеңінен өркендеді. Мұндағы көне патша сарайлары, шіркеу үйлері (мысалы, Равенна қаласындағы Равеннад шіркеуі), т.б. құрылыс орындары мозаика үлгілерімен өрнектелген. Византия мозаика мектебінің ықпалы 10 – 11 ғасырларда Киев, Владимир-Суздаль қаласында тұрғызылған шіркеу ғимараттарын безендіруде анық байқалды. Түркістан қаласында тұрғызылған Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде мозаика кеңінен пайдаланылған. Қазақстанда монументті-сән өнерінің қанат жаюымен байланысты 20 ғасырдың 60 – 70 жвлдары мозаика кеңінен қолданыла бастады. Техникалық орындалуы тұрғысынан сәтті туындылар қатарына М.Кенбаев пен Н.В. Цивгинскийдің “Қазақстан кинотеатры фойесі” (1971, Мәскеу), Е.М. Сидоркин мен Г.И. Дандерфердің “Алматы музыкалық колледжі үйіндегі бедерлі мозаика” (1969 – 70), М.Кенбаевтың “Қазақстан” дүкені алдындағы, С.Қаракөзовтың Алматы эстрада-цирк колледжіндегі мозаика туындыларын жатқызуға болады.
  • Зергерлік өнер – сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, біліктеу, көркем шекіме, канфаренье (өтпейтін бізбен шекіме жасау арқылы металдың үстіне бүршіктік және күңгірт әсер беру), бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн (сурет айналасын ойып тастау техникасы), сымкәптау (филигрань), бүршік, қарала, тыныке (финифть), инкрустация, қырнау, жылтырату және т.б. тәсілдер қолданылады. Қазіргі Қазақстан аумағында техникалық және көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Жетісуданжануарлар – таутеке, ілбісін, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен ғибадат бұйымдары (б.з.б. 5 – 4 ғ.), сақ ханзадасының алтынмен апталған сауыт-саймандары (Есік қорғаны, б.з.б. 4 ғ.), әйелдің алтын бас киімі (Қарғалы қазынасы, б.з.б. 2 – б.з.2 ғ.), жарқырауық тас орнатылған сырғалар (Ақтас-1 қорымы, б.з. 2 – 5 ғ.) табылған. Бұларда бірін-бірі толықтыратын техникалық тәсілдер – бейнелеп құю, бедерлеу, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу, сіркелеу, қақтау, әшекейлеу, т.с.с. қолданылған. 
  • Көркем оймыш  – сәндік қолданбалы өнердің  ағашқа,  мүйізге,  сүйекке, мәрмәр тасқа, жабысқақ құм, қыш, шыны, сазға сызып, ойып, күйдіріп өрнек түсіретін бір түрі. Көркем оймыш тәсілімен сурет салуға, көркемдеп жазуға болады. Ыдыс-аяқтарға, сүйек, мүйізден жасалған тұрмысқа қажетті заттардың, қару-жарақтардың саптарына, сандық пен ағаш төсекке,  киіз үйдің босағасы мен есігіне, кереге, шаңырақ күлдіреуішіне күйдіру әдісімен ою-өрнек салынады. Оюдың жайпақ бедерлі (контурлы), үш қырлы, оймалы түрлері бар. Сәндік бұйымның үстіңгі беті ойылып, алтын, күміс, мыс, сондай-ақ, сүйектен жасалған өрнекпен нақышталады. Киіз, мата, былғары, боялған тері, т.б. заттарды өрнек үлгісі бойынша оюлау да көркем оймыштың бір саласына жатады. Сырмақ, текемет, түскиіздер де көркем оймыш әдісін қолдану арқылы көркем шеберлікпен әшекейленеді. Оюларды өрнек тәсіліне ыңғайланған әр түрлі құралдармен (қысқыш, шымшуыр, ұңғуыр, басқыш, балға, біз, т.б.) жасайды. Жартастарға ойып сурет салу Қазақстан аймағында (Таңбалы шатқалы, Алматы облысы Ақбұлым тауы, Жамбыл облысы Марқакөл жартастары, Шығыс Қазақстан облысы) қола, көне түркі заманынан белгілі. 6 – 11 ғ-ларда Қазақстан аймағында көне түркілік тас мүсін жасау өнері кеңінен дамыған. Ер адамдардың бейнелері жауынгерге қажетті қару-жарағымен, ал әйелдер қолдарына тостаған, т.б. ұстап бейнеленген. Сүйекке ою бедерлеу, әсіресе, мемориалдық архитектурада К. о. жасау – негізінен Орт. және Бат. Қазақстанда жақсы игерілген. Мазарларға, шағын формадағы зираттық ескерткіштерге, құлпытастарға мәнерлеп ою-өрнек салу көп жерде кездеседі. Атырау, Маңғыстау облысытарының шеберлері ұлу тасқа ою түсірумен қазіргі кезде де айналысады.  

Информация о работе Сәндік қолданбалы өнердегі ою-өрнек композициясының әдістері