Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 18:46, реферат

Краткое описание

Өндірістік жарақаттану - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:
Монографиялық әдіс – жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты.
Топографиялық сараптау әдісі - жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.doc

— 43.00 Кб (Скачать документ)

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.

Кәсіби аурулар себебтері.

Өндірістік жарақаттану - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы. Өндірістік жарақаттануды  сараптау әдістері  төрт тәсілмен іске асырылады:

Монографиялық әдіс – жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты.

Топографиялық сараптау әдісі - жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Статистикалық сараптау әдісі - мекемелердің, шаруашылықтардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің негізгі көрсеткіштері – жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.

Экономикалық әдіс - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.

Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а

Мұндағы:

Шб – барлық шығын;

Σ Шж – есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын; 

Σ Шк.а – есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын;

Өндірісте еңбеккерге қауіпті және зиянды факторлардың бірнешеуі қатар әсер етуі мүмкін. Олардың көбі еңбеккердің мамандығына, яғни кәсіби жұмысына байланысты. Сондықтан оларды кәсіби қауіптер және кәсіби зияндылықтардейді. Өнеркәсіпте кездесетін еңбек қауіпін 3 бөлеміз :

Техникалық – тез жүретін, үлкен алқымды машиналарды және жаңа техни-каны пайдаланған кезде жиі кездеседі , себебі олардың құрылысы мен пайда-лану тәртібін толық игермегендіктен .

Технологиялық – технологиялық процестардің өзгеруіне байланысты .

Жергілікті – еңбекті ұйымдастырудан жән техникалық жабдықтануына байланысты .

Еңбек процесінде туған қауіпті, зиянды жағдайлардан – адам еңбек ету қабілетінен айрылып қалуы, тіпті өмірімен қоштасуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өндірістік жазатайым оқиға  деп аталады. Өндірістік жазатайым оқиға - өзінің еңбек міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде қызметкердің жарақат алуы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтыратын өндірістік фактордың әсері.

Жарақат алу - адам организмінің жұмысының бұзылуы немесе зақымдануы. Жарақаттың 4 түрі болады:

  1. Механикалық
  2. Ыстық-суықтан болған
  3. Химиялық
  4. Электр жарақат

Жарақаттың зардабы материалды және моральді деп бөлінеді.

Өндірістік жазатайым оқиғалардың жіктелуі:

  • Қандай жерде болғанына байланысты
  • Қанша адам зардап шеккеніне
  • Ауырлығына байланысты

 

Кәсіби аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.

 

Кәсіби аурулардың себептері

Кәсіби ауру дегеніміз - өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.     

Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:

  1. Өндірісте пайланылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты.
  2. Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты.
  3. Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық жағдайларына байланысты.
  4. Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қ.Т. Жантасов, М. Қ. Жантасов, Е.Н. Кочеров, А.С. Наукенова. «Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» Алматы.2012ж.
  2. Ш.Т. Бейсебаев. «Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі», Оқу-әдістемелік құрал, Шәкәрім атындағы СМУ. Семей.2011 ж.
  3. М.А. Нұржасаров и другие. Охрана труда. Астана.2007 ж.

 


Информация о работе Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері