Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 06:39, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ....
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………...
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі.........................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар........ .........................................................................................
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

айка курсовой.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

Бұл үшін Қазақстанда  белсенді мемлекеттік саясат жүргізілуде. Ол, ең алдымен өндіруші өнеркәсіпке  жеке инвестицияны тартуға бағытталған қолайлы инвестициялық жағдай туғызуға негізделеді. Сондықтан жеке инвестицияны тарту процессін ынталандырудың негізгі экономикалық рычагтарын сипаттау қажет.

2003 жылдың 8-қаңтарында  қабылданған  «Инвестиция туралы»  ҚР Заңында  инвестициялық жобаны жүзеге асырушы  заңды тұлғаларға инвестициялық преференция беру қарастырылған (1).

Өкілетті органдармен  шартқа отыру арқылы мынадай инвестициялық  преференциялар беріледі:

  • инвестициялық салықтық преференциялар;
  • кедендік салымдардан босату;
  • мемлекетттік гранттар.

Инвестициялық преференциялар қызметтің қажетті түрлеріне  беріледі. Олардың тізімі ҚР Үкіметінің 2003 жылдың 8-мамырындағы №436 қаулысымен бекітілген.

Инвестициялық салықтық преференциялар дегеніміз – бұл  «өндірістің жаңа түрін қалыптастыру бойынша инвестициялық жоба ішінде өз әрекетін жүзеге асыратын жаңадан пайда болған салық төлеушілердің корпоротивтік түсім салығын төлеуден босатылуы. Немесе салық төлеушілердің, яғни жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту не жаңарту немесе жаңадан құру мақсатымен инвестициялық жобаны іске асырушы заңды тұлғалардың жалпы жылдық табысынан қосымша алу құқығын беру. Мұндай салық төлеушілерді инвестициялық жоба шегіндегі қолдануға жаңадан ұсынылған белгіленген активтер бойынша мүлікке  жаңадан енгізілген салықтардан босату, сонымен қатар, егер жер үлестерін инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланса, жер салығын төлеуден босату».

Инвестициялық салықтық преференциялардың берілу мерзімі  белгіленген активтерге салынатын  инвестицияның көлеміне байланысты анықталады, алайда 5 жылдан артық болмайды.

Сонымен қатар  инвестиция көлемі мен қызмет түріне байланысты преференцияның әрекет ету  мерзімі ҚР Үкіметінің қаулысына  сәйкес он жылға дейін ұзартылуы  мүмкін. Сонымен бірге, 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-11 ҚР “Инвестициялар туралы” жаңа Заңының қабылдануы соңғы онжылдықта өткен эволюцияда және ел шетелдік инвестицияларды тарту қажеттілігінде болған 2002 жылмен салыстырғанда принципиалды жақсы экономикалық жағдайда көрініс берді. Аталған заң шетелдік және отандық инвесторлар жағдайын да теңеді. Заңда “инвестиция – лизинг шартына отырған сәттен бастаған лизинг заттарын қамтитын, сонымен бірге кәсіпкерлік әрекетте қолданылатын заңды тұлғаның қаржылық капиталы немесе белгіленген активтердің ұлғаюына инвестордың салымдарына құқығын қамтитын мүліктің барлық түрі (жеке тұтынушыға арналған тауарлардан өзге).

Жаңа заң  лизингті технологиялық қалыс пен  қазақстандық кәсіпорындардың негізгі  қорларының тозуы жағдайында өте  көкейкесті инвестициялық қаржыландырудың  бір формасы ретінде таниды. Лизингті келісімдердің өте маңызды обьектілері ауыл шаруашылық өнімдерді өңдеуге арналған, 1 кешеннің әскери-өндірістік, фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсіп, өндіріске арналған құрал-жабдықтар мен машиналардың болуымен көрініс тапты. Сонымен бірге, жаңа заң шетелдік инвесторларға заңмен қаралған жағдайды қоспағанда алдын ала келісілген контракттар талаптарының тұрақтылығына кепілдік береді.

 

Бұдан басқа ҚР Салық  кодексінде салық төлеушілердің  жеке категорияларының салық төлеу  ерекшеліктерін орнататын арнайы ережелер қарастырылған. Олар экономиканың маңызды салаларының дамуына ынталандырушы жағдайлар жасау және Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытынан құтылу   қажеттілігімен байланысты.

Сондықтан мұнай химия  өндірісінде, ақпараттық технология саласында және «Морпорт Ақтау» еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) территориясында қазмет атқаратын ұйымдарға салық төлеудің арнайы жеілдетілген жүйесі белгіленген. 

Сонымен қатар, өзінің жасаған  өнімдерін қосымша құнымен сататын  өнеркәсіптерде жоғары технологиялық өндірісті қалыптастыруға одан әрі ынталандыру мақсатында  2005 жылдың 1-қаңтарынан бері корпоротивтік түсім салығын анықтаудың жеңілдетілген түрі енгізілді. Оны  халықаралық сапа стандарты және экологиялық менеджмент талаптарына сәйкес қосымша жоғары құны бар өнім өндіретін, менеджмент жүйесін қолданатын,  кәсіпорындар жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған шаралар  Қазақстанда инвестиция жағдайын жақсартуға, бизнес-ортаның іскерлік белсенділігінің  өсіну ынталандыруға және Қазақстан  экономикасының шикізаттық емес секторының тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, ҚР салыққа  қатысты заңдарында  салық қарыздарын кешіру мәселелері қарастырылмаған.

Республика экономикасына  шетелдік инвестицияны тарту үшін Қазақстанда  жасалып жатқан қолайлы жағдайлардың бірі – екі рет салық салудан сақтандыру туралы  және  мүлік пен табыс салығынан бой тасалауды болдырмау туралы (бұдан әрі «Салықтық конвенциялар») Қазақстанның шет мемлекеттермен жасасқан  халықаралық келісімдері мен оларды қолданудың жеңілдетілген тәртібі. Салықтық конвенциялардың негізгі мақсаты – еркін тауар айырбасы мен қызметтерге  кедергі болып тұрған салық барьерлерін азайту арқылы халықаралық сауда мен капиталды инвестициялауға әсер ету.

Бүгінгі күнде Қазақстан  мен басқа мемлкеттер арасында 35 Салықтық конвенция жасалып, жұмыс істеуде. Осыған қоса, бұл бағытта басқа да шетелдік мемлекеттермен жұмыс жасалуда.

Салықтық конвенцияны  ҚР Салық кодексі тарапынан басқаруды  жетілдіру мақсатында оны басқарудың халықаралық тәжрибеге сәйкес және республиканың фискальді органдары мен салық төлеушілердің арасындағы қарым-қатынасты жақсартатын жеңілдетілген тәртібі белгіленді.  

ҚР территориясында  қызмет ететін бейрезиденттердің пайдасының салығына қатысты Салық кодексінде түсім салығын шартты банкілік салымдар арқылы төлеу тәртібі қарастырылады. Бұл тәртіпке сәйкес ҚР қызмет етуші бейрезиденттердің пайдасынан салық агенттерімен  алатын төлеушінің түсім салығының сомасы қазақстандық банкте шартты банкілік салымға аударылады. Ол банкілік салым туралы үшжақты, яғни бейрезидент, салық агенті және банк-резидент арасында жасалған келісімге негізделеді.

Салық конвенциясындағы ереженің қолданылуын жүзеге асыру  мақсатында бейрезидент салық органына төлеушіден ұсталған түсім салығын  қайтару туралы өтініш береді. Салық конвнциясының шарттарын орындау барысында ұсталған түсім салығы сомасы банкілік марапаттаулармен қатар бейрезидентке қайтарылады.

Салық конвенциясының шарттары орындалмаған жағдайда шартты банкілік салымда орналасқан түсім салығының  сомасы мен банкілік марапаттау сомасы ҚР мемлекеттік бюджетіне аударылады. Және де бейрезиденттердің мұндай өтініштері салық органына өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса түскен күнінен бастап  30 жұмыс күні мерзімінде қарастырылады. Бейрезиденттердің басқа да табыстарына ҚР тарапынан салынатын салықтар:

  • дивиденттер, марапаттаулар, рояльти;
  • кастодиалдық қызмет көрсету және сенімділікпен басқару комиссиясы;
  • Салық кодесінің 178-бабының 2-тармақшасында көрсетілген ҚР тыс жерде қызмет көрсетуден түскен табыс, т.б. ҚР-на түсетін табыстар;
  • бір тарабы ҚР болып табылатын халықаралық көлік тасымалдарынан түсетін табыс;
  • заңды тұлға-бейрезиденттің тұрақты мекемесі арқылы ҚР-на түсетін табыстары.

Салық кодексінде салық  конвенциясын қолданудың жеңілдетілген  түрі қарастырылған. Оған сәйкес қосымша әкімшілік шараларсыз-ақ резиденттілігін дәлелдейтін құжаттардың негізінде бейрезиденттердің жоғарыда көрсетілген қызметтерінен түскен табыстар ҚР-да салықтардан босатылады.

Азаматтықты дәлелдейтін  құжатттар негізінде қосымша әкімшілік шараларсыз-ақ жеке түлға-бейрезиденттердің табысы ҚР-нда салықтардан босатылады.

Алайда әлемдік кеңістікте республиканың ішкі экономикалық байланысының дамуы шетелдік капиталдың әсерінен елдің экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз етеді және ұлттық мүдденің қорғалу кепілдігін талап етеді. Сараптық бағамдарға сәйкес, республиканың өндірістік күшінің 80% шетелдік инвесторлардың қолында шоғырланған. Бұл ел экономикасына айтарлықтай қауіп тудырады.  Әсіресе, шетелдік капиталдың республикаға дендеп енгенін шетел компанияларының мұнай-газ саласындағы қызметінен көруге болады.

Сонымен қатар, шетел  инвесторлары пайдасының көп бөлігі қайтадан өндіріске салынбай,  сыртқа шығарылады.  Кәсіпкерлік пайдасының жоспарлы аударылымы капиталды қабылдау және шығарудың стандартты формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Олар: трасферттік бағаның қолданылуы, басқару мен рояльти төлемінің өсуі, оффшорлық компанияның пайдаланылуы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің экономика институтының   сарапшыларының мәліметтері бойынша мұнайды сыртқа шығару бойынша (газ конденсатымен қоса) Қазақстанның трансферттік бағадан ұтылуы 1993 жылдан 2000 жылдың  қазанына дейінгі уақытта 270 млрд. теңгені құрайды.(31)

Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тартудың мемлекеттік  шараларын жасауда позитивті әсер ететіндігін есепке ала отырып,   біржақты әдіске  сүйенеді. Алайда әлемдік тәжрибе қабылдаушы елдің экономикасына капитал импортының позитивті әсері тек  импортер мемлекет белсенді саясат жүргізгенде ғана қол жеткізілетіндігін көрсетіп отыр. Яғни атап айтқанда,  шетелдік инвесторларды қадағалаусыз енгізу ел егемендігі мен  тәуелсіздігіне  қаупін тигізетіндігін ескере отырып, ұлттық шаруашылық және саяси мақсаттарды шешу үшін шетелдік капиталдан  түсетін нақты пайданы есептеу саясатын ұстану жөн. Ашық және ырықтандырылған, айқын, тиімді және қатаң ұсталатын заңдармен жүргізілетін инвестициялық саясат, шетел инвестицияларын тарту үшін күшті ынталандырушы фактор болып табылады.

 

Қорытынды

 

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып  дамуының қазіргі кезеңінде, шетел инвестицияларының маңызы өсуде. Бүгінгі күні, ұлттық экономикаға 46 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетел капиталы салынып отыр. Дегенмен, экономиканың қалыпты дамуы үшін бұл сома жеткіліксіз. Сондықтан, мемлекет әлі де инвестициялық әрекетті жандандыру мақсатында шетел инвесторларына және отандық инвесторларға қолайлы жағдай туғызу керек. Капиталды шетке шығарудың бүгінгі таңдағы ерекшеліктерінің бірі, өндіріске тартылатын капиталдар көлемінің өсуі болып отыр. Портфельдік инвестициялардан тікелей инвестицияларға көшу тенденциясы байқалады. Капиталдың қазып шығаратын өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке және қызмет көрсету саласына ауысуы тұрақталып келеді.

Шетелдік инвестицияларды пайдалану,  қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.

Дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық  тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан  бұл процестен аулақ тұра алмайды. Бұл қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше белгісі .

Егер, біздің мақсатымыз дүние жүзілік  шаруашылыққа интеграциялау және ашық экономика принциптерін қолдау болса, онда капиталдарды Қазақстанға келтіру және оны импорттау ауадай қажет процесс. Олай болса біздің іс–қимылдарымыздың басты бағыттарының бірі – шетелдік инвестицияларды тарту және оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану болуы тиіс.

Шетелдік инвестицияларды Қазақстанға  тарту мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі :

    • экономикалық және техникалық өрлеуді жеделдету;
    • өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру ;
    • өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрету ;
    • нарықтың экономикалық талаптарына сай кадрларды дайындау ;

Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында  730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.

2004 жылы  204 инвестициялық жоба  іске асырылса, соның тең жартысы  даму институттарының қолдауымен жүзеге асты .

Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан  да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке  негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек.  

Жүргізілген зерттеу экономиканың шынайы секторына шетелдік инвестицияларды тарту отандық кәсіпорындар  мен өндіріс салаларыың дамуының, тіпті ұлттық экономиканың  дамуы, олардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауының маңызды факторы болып табылады.

2005 жылдың желтоқсанында қабылданған “2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаларына” сәйкес Үкімет алғы шартының басты мақсаты болып Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауына және ел азаматтары өмірінің сапасына қолайлы экономикалық және институтцияланған жағдайлардың жасалынуы табылады. Бұл Бағдарламаның жүзеге асырылуы үшін қажетті ресурстардың көлемі жыл сайын 14-15%-ға өсіп отырады.

Шетелдік инвестицияларды  тартудың  нәтижелілігі төмендегіше  болуы тиіс:

  1. экспортқа бағытталған өндірістер көлемінің көбеюі;
  2. егеменді мемлекет ретінде ел алдында тұрған стратегиялық мақсаттарға жету жолында тұрған ең маңызды салаларға капитал тарту;
  3. импорт сиымды өндірістің қалыптастырылуы (ұлттық тұтыныстағы тауарлар өнімін дамыту, азық-түлік өнімі; медикаменттер);
  4. ғылыми негіздегі өндірістерді ұйымдастыру және олардың көмегімен сұранысы жоқ жеке ғылыми мүмкіндікті игеру;
  5. негізгі өндіріс күші – адамға маңызды жағдайлар жасау  мақсатындағы  қызмет көрсету салаларын қалыптастыру;
  6. өндірістік инфрақұрылымды дамыту, әсіресе көлік, байлан<span class="dash041e_0441_043d_043e_0432_043d_043e_0439_0020_0442_0435_043a_0441_0442__Char" style=" font-family: 'Times New

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар