Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 06:39, курсовая работа

Краткое описание

Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді.

Содержание

КІРІСПЕ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ....
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ…………...
1.1 Инвестиция тартудың теоиялық негіздері.. ... ... ... ................................
1.2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі.........................................................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар........ .........................................................................................
2.2 Мемлекеттің инвестициялық әрекетін реттейтін нормативтік-құқықтық база...................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

айка курсовой.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

Кредитор (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.

Дамытуға ресми көмек  мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты ұйымдастыру  мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.

Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

    • тікелей;
    • портфельдік.

Олардың біріншісі, кәсіпкердің  өзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын  салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға  акциялармен басқа да құнды қағаздарға қаржы қаражат салу.

Алушы ел үшін тікелей  инвестициялардың басқа нысандармен  салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Біріншіден, олардың кейбір нысандары  алатын жаққа ескірген технологиялармен техника әкелу мүмкіндігіне жол  бермейді; екіншіден, олар елдің сыртқы қарызын құру және өсірумен байланысты емес; үшіншіден, олар ең бастысы тауарлармен қызмет көрсетулер өндіруге, өндірісті ұйымдастырумен басқарудың, маркетингтің, ноу-хаудың алдыңғы қатарда әдістеріне бағытталынады. Соңында олар республика экономикасынын әлемдік интеграциясына халықаралық экономикалық қатынастарын дамуына тікелей ықпалын көрсетеді.

   Барлық сфералар мен салаларды қолданатын тікелей инвестициялардың ең таралған нысаны бірлескен кәсіпорындар (БК) болып табылады. Қабылдаушы жақтың табысы өнімнің өз үлесінен, роялтиден (нақты тұрақты төлемдер; марапаттау болып табылады) және шетел серіктесінің табысына салынған құралады.

Тікелей шетел инвестициясының  нысанын өнім бөлінісі (Продакшн-ширинг) атқарады. Бұл нысан экспорттық салалармен өзгерістерде кенінен қолданылуы мүмкін, ішкі нарыққа жұмыс істейтін салалармен өндірістерде біршама шектелген бұл тенгенің толық айырбастылығының жоқтығымен байланысты.

Республикада шетел кәсіпорындарын құру сияқты тікелей инвестициялардың басқа да нысандары бар. Ең алдымен, жекешелендіруге қатысы арқылы әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу. Соңдай-ақ, шетел инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстын жекелеген түрлерін (темір жолдар, өткізгіш құбырлар салу (трубопровод) геологиялық барлау және басқа) шетел мердігерлері жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсетулер туралы келісім, басқару келісім шарттары (өндірісті ағымдық баскару) бола алады.

Бұрын айтылғандай, тікелей  инвестициаларды тару үшін тартымды жағдайлар жасау бойынша жедел шаралар республикада қабылдануда, бұл олардын көбеюі үшін шынайы мүмкүндіктер береді.

Қазақстан республикасы Президентінің тұжырымдауынша халқынын жаң басына шаққандағы тікелей шетел  инвестициаларын тарту деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің, соңдай-ақ ТМД-ның алғашқы бестіліне сенімді түрде кіреді.

Шетел инвестициаларын  тартудын басқа нысандары шетел  компанияларына республика кәсіпорындарының акцияларын сату; шетел мемлекеттері жеке компаниялар беретін инвестициалық қарыздар мен несиелер бола алады.

Ең бірінші кезекте, шетел инвестициаларының негізгі  бағыттары капитал сыйымдылығы  жоғары салалар мен өзгерістер, ең бастысы мемлекеттік сектор арқылы экспортқа бейімделген ірі кәсіпорындар болып табылады. Республика экономикасына шетелдік капитал салымдарының негізгі бағыттарының бірі - шағын мен орта кәсіпкерлік сферасы  болып табылады. Мұнда салалар инвестициалар басымдылықты объектілерге өндірістер мен аймақтарға бағытталуыны тиіс. Бұл басымдықтар республикада ресми түрде белгіленген.

   Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.

   Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан халқына жолдамасында  шетелдерден капитал тартудың  маңызына көңіл бөлді. Мысалы  ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.(8)

   Тікелей инвестиция әлемдік экономикаға және оның жүрегі халықаралық бизнеске елеулі әсер етеді. Экономикалық көзқарас және фирмалар тарапынан оған мыналар жатады:

   -өзі үшін тұрақты нарықты тікелей қамтамасыз ету немесе үшінші ел нарығына шығатын басқыш ретінде қолдануы;

   -өзінің “ішкі  нарығын” құру, оның кейбір секторлары  басқа елдерде орналасуы мүмкін;

   -өз мүддесін  аймақтық және кең ауқымды  халықаралық деңгейде мемлекетаралық  қатынастарға еңгізу.

 

Кесте 8- Әлемдегі елдер  тобының тікелей инвестициясының көлемі

                 Елдер тобы   

Импортшы    

  Экспортшы

 

Бүкіл әлем

Өнеркәсібі дамыған  елдер

Дамушы елдер

Орталық және

Шығыс Еуропа елдері

 

 

3456

2349

1044

 

 

62

 

 

3541

3192

342

 

6,7


 

Тікелей инвестицияның  халықаралық  қозғалысының көлемі жөнінде келесі мәліметтер сипаттайды. 1997 жылғы 400,5 млрд. доллар өсімінің көп бөлігі(233,1 млрд. долл )- өнеркәсібі дамыған елдер, 48,9 млрд. долл.- дамушы елдер (оның ішінде 45,3 млрд. доллардан астам – Қытай үлесіне ) және 18,4 млрд. долларға жуығы- Орталық және Шығыс Еуропа (Ресейді қоса ) елдері үлесіне тиді.[21;2]

Инвестициялардың негізгі бөлігі және оны іске асырушы Трансұлттық  корпорациялар “үштікке“ (АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония) шоғырланған. 10 ірі қабылдаушы елдер үлесіне 2/3 инвестиция ағыны, 100 кіші елдерге –1%тиеді. Дамыған елдер тобы ішіндегі инвестицияның жедел өсуін фирмааралық бірігу  үдерісімен және әріптестер акциясын сатып алумен байланыстыруға тболады.

Шетелдік тікелей инвестицияның  өсу себептері және күтілетін  үрдістері түралы мыналарды айтуға болады.

Халықаралық капитал  жылжуының негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін  елдерге емес,нарықтық үдерістер  белсенді дамыған елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады: ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС, МЕРКОСУР.                Себебі, олар бизнестің ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға жағдай жасайды.

Аса ірі инвесторлардың жоспарларын талдағанда мынадай мәселелерді байқауға болады, яғни барлығы да шетелдік белсенді операцияларды жоспарлайды. Бірақ , оның кейбір  “географиялық” ерекшеліктері бар: американдық фирмалар Батыс Еуропа нарығына инвестициясын бағыттайды ( ерекше жоғарғы технология және тұтыну тауарлары саласында); еуропалық Трансұлттық корпорациялар өздерінің негізгі жұмсалымдарын американ нарығына салуға мүдделі; Жапон Трансұлттық корпорациялары басымдылықты Азия елдеріне береді. Дамушы елдердің жаңа жұмсалымдары дамушы елдерге бағытталады деп болжауға болады.

Қазақстанның экономикалық дамуы инвестициялық циклмен  байланысты өндірістік капиталдың айналысымен  анықталады. Инвестициялық циклдің  қозғаушы күші болып табылатын ішкі инвестициялармен бірге, Қазақстан 90-жылдардан  бастап шетел инвестициясын белсенді пайдалана бастады.

Шетел инвестициясын  пайдалану,ел экономикасының халықаралық  еңбек бөлінісі жүйесіне қатысуымен және капиталдың кәсіпкерлік үшін бос  салаларға құйылуымен анықталатын  объективті қажеттілік болып табылады.

Ресми көзқарас бойынша қолайлы инвестициялық ахуал туғызу арқылы шетел инвестициясын белсенді тарту қажет. Сонымен қатар Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын кең т.үрде тарту қолайсыз жағдайларға алып келуі мүмкін деген де көзқарас бар. Бұндай көзқарастың шектен шыққандары халықаралық монополияларға “Қазақстанды сатып жіберу” қаупі бар деген пікір болып саналады.

Терең талдау жүргізгенде  бұндай көзқарастың негізсіз екендігін, саяси қарсыластарымен күресте  үгіт үндеуі ретінде қолданылатындығын  көруге болады.

Әлемдік шаруашылыққа  интеграциялау мақсатын қоя отырып, ашық экономика идеяларын ұстану қажеттілігін түсініп, Қазақстанға капиталдың құйылу үдерісінің объективті екендігін мойындамау мүмкін емес. Шетел капиталын Қазақстанға тарту республика  экономикасын дамытудың конъюнктуралық тактикалық емес, стратегиялық міндеттеріне жатады.

Қазақстан да басқа елдер  сияқты шетел инвестициясын келесі факторлар есебінде қарастырады:

    1. экономикалық және техникалық үдерісті жеделдету;
    2. өндірістік аппаратты жаңарту және жаңғырту;
    3. өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін меңгеру;
    4. нарықтық экономиканың талаптарына сай, кадрлар дайындауды және жұмыыспен қамтуды іске асыру.
    5. Халық шаруашылығы кешенін нарықтық негізге көшіру, экономиканы жаңғырту, оның әлеуметтік бағдарын арттыру үшін өте үлкен көлемде күрделі қаржы керек.

Елдің ішкі инвестициялық ресурстары шектеулі. Сондықтан шетел инвестициясын  тартуды ынталандыру  қажеттілігі  туындайды.

Тартылатын инвестицияның  көлемі мен сапасы, оның келтірілуінің  қарқындылығы , “инвестициялық ахуал” деп аталатын әлеуметтік – экономикалық түсінікке біріктірілген факторлар кешеніне байланысты.

Инвестициялық ахуал  капитал салымының тәуекелдік дәрежесін  анықтайтын және оны тиімді пайдалануға  мүмкіндік беретін саяси, экономикалық заңдық әлеуметтік және басқа да факторлар жиынтығы. Ең бастысы шетел инвесторлары үшін тартымды инвестициялық ахуал туғызу, тұрақты және болашағы бар шетел инвесторларын табу және олардың капиталын басымдылықты салалар, өндірістер , қызмет түрлеріне бағыттау қажет.

Қазақстан экономикасы үшін 10 жыл мерзімге шетел инвестициясына днген сұранысты негіздеу, шетел инвесторлары үшін инвестициялық қауіпті азайту, олардың құқын қорғау және меншіктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тікелей және потрфельдік инвестиция келуі үшін ынталандыру, оларды пайдаланудың құқықтық негізін жасау керек.

Республикада инвестициялық  белсенділікті арттыру үшін қажетті  жағымды орта қалыптастырудың басты  шарты инвестициялық саясатты ақпаратпен жеткізуге және қаржыларын салудың  тиімді екндігіне оларды сендіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы үкіметі қабылдаған іс- шаралар қолайлы инвестициялық  ахуал туғызуға жағдай жасады. Ол Әлемдік  Банктің 1999 жылғы деректерімен куәландырылады:

Қазақстан несиелік рейтинг бойынша  әлемдегі 20 елдің қатарына енгізілген.

Қазақстан Республиканың заңдарына  сай шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындар заңда бекітілген тәртіп бойынша  заңды тұлғаның құқылығымен еншілес  кәсіпорын, сонымен қатар Қазақстан  территориясы және оның шегінен тыс  филиалдар мен өкілдіктер құра алады.Іс жүзінде барлық ірі шетел инвесторлары мұнай операциялары саласында, Қазақстанда шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын немесе өкілдіктерін құруды жөн көреді. Оған мысал ретінде қаржылық айналымының көлемі бойынша әлемдегі ең ірі болып табылатын Шелл компаниясын келтіруге болады. Ол Қазақстанда, Қазақстан территориясынан тыс құрылған еншілес компаниялардың филиалдар жүйесі арқылы қызмет етеді. Қазақстан Республикасынан тыс заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, заңды тұлға болып табылмайды, олар Қазақстан Республикасында орналасқан және тіркелген ерекше бөлімдері болып табылады.

1997 жылдың 1 маусымына дейін газ  саласында 161 лицензия берілген. Жалпы берілген лицензиялардың 7 шетел заңды тұлғаларына, 24 шетелдің  қатысуымен құрылған  кәсіпорындарға, қалған 130-ы отандық жер қойнауы пайдаланушыларына берілген. Мұнай және газ салаларында жер қайнауын пайдалану жүйесі, мұнай және газ өндірісіне шетел инвесторларын қатыстырудың әртүрлі нұсқалар қарайды.

   Жер қойнауы операцияларын  жүргізудің құқықтық жағдайлары бойынша мұнай операцияларын жүргізу үшін “ Лицензия мен контрактінің қосындысы қажет “- ол Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ кен орындарына шетел инвестициясын салудың ең көп тараған түрі. Оған жер қойнауын пайдалану үшін жасалатын контрактілердің жалпы ерекшеліктері де және мұнай операцияларына ғана тән ерекшеліктері де енеді.

Қабылдаушы мемлекет ретіндегі  Қазақстанның мақсаты:

-Лицензия берілген жерді тез  және мұқият барлау;

    • қоршаған табиғи ортаны қорғай отырып, кез келген мұнай орнының табылған жерлерін толық және тиімді пайдалану;
    • жергілікті мұқтаждықтарды қанағаттандыру және шетелдік инвесторға тәуелділікті азайту үшін көмірсутектері байлықтарын пайдаланудан жоғары түсім алу;
    • отандық тнхнологиялармен сараптау білімдерін дамыту ;
    • мұнайлы энергетика саласы бойынша ұлттық саясатқа сай бағамен отандық және экспорттық нарықтарға сай өткізу.

Салған капиталына сәйкес түсім  алу, яғни, инвестициялардың өзін-өзі  ақтауы қолайлы болуы керек. Мысалы, инвесторлық банкке  ақша салып, процент алады, олай болмаса ешкімнің де басқа салаларға капитал сатып тәуекел етуінің қажеттігі болмаған болар еді. Әлемдік мұнай өнеркәсібінде оннан бір ғана капитал салушылар табысты болады, сондықтан әрбір кәсіпорынның пайдасы барлық шығынын жабуы керек, сонымен қатар келесі жылдары капитал салу үшін олар пайда да табуы керек:

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасындағы шетелдік инвестициялар