Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2014 в 21:02, доклад

Краткое описание

Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сатыдағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтердің бірі Я.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалық, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі педагогиканың талаптарына сәйкес келетіндіктен көңілге қонымды.