Секен Тұрысбековтың өмірі мен шығармашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 20:24, реферат

Краткое описание

Секен Тұрысбек Кәрімұлы 1961 жылы 1 май күні қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 1 Май ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде Қ.Досымжанов класын тәмамдап, Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын М.Әубәкіровтің жетекшілігімен бітірді. «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі және бөлім меңгерушісі, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Секен Турысбеков.docx

— 344.85 Кб (Скачать документ)


 

 

МКҚК №3 «Балалар музыка мектебі»

 

 

 

 

 

                                      Тақырып

«Секен Тұрысбековтың өмірі мен шығармашылығы»

(Сабақтан тыс жұмыс)

 

 

 

                                                                  Орындаған : № 3 БММ                                                                                домбыра сыныбының            мұғалімі   Сеилова Б.К.

 

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары: Букубаева М.М.

 

___________

 

 

 

 

 

     Астана 2012 ж

 

 

 «Секен Тұрысбековтың өмірі мен шығармашылығы»


 
 

Өткізілетін күні:   20 қараша  2012 ж.                              Өткізілетін  орны:  № 56 мектеп филиалы

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  оқушылардың күй әлемі туралы білімін қалыптастырып, уақыт талабына сай білім беру. 
Тәрбиелік: күй арқылы оқушы сана сезімін отансүйгіштігін, ұлттық сана, намысын оятуға тәрбиелеу. 
Дамыту: оқушылардың тіл байлығымен, қолөнер және музыкалық қабілетін,ізденімпаздығын дамыту. 
Сабақтың әдісі: болжау, салыстыру. 
Сабақтың түрі: лекция-концерт                                                                                        Сабақтың байланысы: Әдебиет, тарих, музыка, т.б.                                                       Сабақтың көрнекілігі: суреттер, домбыра, қобыз. 

Сабақтың барысы: Ұймдастыру бөлімі,мұғалімнің кіріспе сөзі 

  Бүгінгі бізідің  сабағымыздың тақырыбы «Секен Тұрысбековтың өмірі мен шығармашылығы». Секен Тұрысбеков 1961  жылы  12  науырыз айында  дүниеге келген. 1981 жылы Алматыдағы  Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға түсті. 1983 жылы 22 жасында «Аққу сазы» деген ән дүниеге келді.   «Аққу сазын» «Азия дауысында» алғашқы домбырамен   сүйемелдеп  орындаған Мақпал Жүнүсова .                                                             1- жүргізуші (Джусупова Армила 5 сынып оқушысы )    1984 – 1985 жылдары Москвада Бүкіл дүниежүзілік жастар фестивалі өтеді. Қазақстаннан «Отырар сазы» Ұлт аспаптар оркестрімен бірге Секен Тұрысбековте барады. Ол кезде консерваторияның түлегі еді. Ол Тәттімбеттің «Қосбасар» күйінің бесінші түрін өте шебер орындаушы еді. Москвадан концерт қойып қайтарында ауа – райы бұзылып жаңбыр себелеп өтеді. Сол кезде Секен өз ауылын, туған жерін есіне алады. Елге оралғаннан кейін, оған Москвадағы болған сәттер үлкен ой салдырды. Сөйтіп, оның жүгегінде тың туындының бүршігі қауыз жарады. Күйде ауылға сағынышы, жаңбыр исі, бәрі көз алдыға елестейді, көңілде бір толқын пайда болады. Бұрын орындаған «Қосбасар» күйіне ұқсас күй шығарады. Сол күйдің аты «Көңіл толқыны» еді.           

2- жүргізуші ( Карнакова Фатима 4 сынып оқушысы)       Шығармашылық жолында  ел арасына жеке дара жүріп танылғаннан кейін 1994 жылдан бастап, «Секеннің саз отауы» айдарымен «Ақ жауын» оркестрін қолға алған. 2003 жылы «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрі құрылды. Қазір Астана қаласында Елбасының арнайы шақыруымен «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрі Президент мәдениет орталығында қызмет етеді. «Ақ жауын» оркестрінің репертуарында Секеннің 12 күйі мен , 12 әні  орындалады.                  (5 сынып оқушысы Жеңіс Меруертің орындауында С.Тұрысбековтың «Ақ жауын» күйі)

  3- жүргізуші (Ахметбекова Аяна 5 сынып оқушысы)        Күй өнері сонау Мизам баба, Айыр қалпақ Айдаhар би, Қорқыт бабалардан қалған. Сол байырғы өнер ұмытылмай ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді. Күй тек қазақта ғана бар. Күйдің де түрлі – түрлісі бар. 
- Оқушылар сіздер, қазақтың қандай күйшілерін білесіздер? 
Солардың бірі – Секен Тұрысбеков, Ахмет Жұбанов айтпақшы, бірін – бірі қайталай беретін күйлер көп. Ал, Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгір сияқты күйшілердің классикалық, өзіне тән ерекшелігі бар күйлері бір төбе.     Қазіргі кезде қазақ халқына танымал болып жүрген дарынды күйшілердің бірі, Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» атты күйін суреттейміз. Күйші өз ойын күмбірлеген домбырамен халыққа жеткізе білген. Оқушылардың ой -өрісін дамыту үшін, арнайы                                                                («Жас толқын»ансамблдің орындауында С. Тұрысбековтың «Көңіл толқын» күйі».) 
Қазақта неше мың күй болса, қосарлана айтылатын сонша - әңгімесі бар. Қобыз, домбыра, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз сияқты музыкалық аспаптарымыздан төгілген мың сан күйлердің бірде – бірі себепсіз шықпаған. 
Осы күйдің өзіндік ерекше шығу тарихы бар. 
«Күй түсінгенге – жыр, түсінбегенге – дыр» деген мәтел бар. Күйді оқымайсың, көрмейсің, тек қана естисің, жүрегіңмен сезесің. Мұндай керемет дүние ешқандай халықта жоқ.              (Қобыз аспабында 5-сынып оқушысы Байболатова Далила  А.Жұбанов «Көктем күйін орындайды ») 

Қорытындысы:

Оқушылардың орындаған күйлерін  өз ойын, алған үлкен әсерлерің, пікірін айту. 

Бүгінгі біздің сабақтан алған әсер орасан зор деген үмітпен біз сіздермен қоштасамыз. Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

Сәкен Кәрімұлы Тұрысбеков(12.3.1961 ж., қазіргі Шығыс Қазақстан Семей облысында, бұрынғы Үржар ауданында дүниеге келді. 1-май а.) - қазақ композиторы, домбырашы, күйші. Семей музыка училищесінде оқып, содан кейін, Алматы консерваториясын (қазірғі Қазақ ұлттық консерваториясы, М.Әубәкіров жетекшілігімен) бітірді. Консерваторияны бітіргеннен кейін [[Сазген ансамблі|"Сазген" ансамблі кұрамында еңбек етті. 2001 ж. Еуразия университеті жанындағы "Қоңыр қаз" ансамблінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. [1]

Шығармалары


Сәкен Тұрысбеков - "Көңіл толқыны", "Ақжарма", "Ақ жауын", "Балауса", "Дарабоз" күйлерінің және "Аққу сазы", "Ерке құсым", "Көктемім менің", "Қоңыр  қаз", "Шағала" әндерінің авторы.

Сыйлықтары


  • Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

 

 

 

Секен ТҰРЫСБЕКОВ, күйші, композитор: Құрманғазы Тәттімбеттер тіріліп келсе, талайлардың төбесін ояр еді


22 қараша, 2010 3:33 pm1 пікір

БҮГІНДЕ ХАЛЫҚ ЭСТРАДАДАН ӘБДЕН ЖАЛЫҚТЫ

– Секен аға, өзіңіз бір сөзіңізде «Күй – аса сезімталдықты қажет ететін өнер» деген едіңіз. Күйді кез келген адамның түсіне бермейтіні де шындық. Осындай қиыншылығы мол өнердің сырын ұғыну үшін, оны жаныңа серік ету үшін қандай қасиеттер керек?

– Меніңше кез келген өнер адамына ең бірінші мінез керек. Мінез қалыптасқан жерде қайсібір іс болмасын, қиынға соқпасы анық. Мейлі ол мүсінші болсын, мейлі ол ақын болсын, мейлі ол күйші болсын. Кез келген шығармашылық адамын жазған, жасаған дүниесіне қарап тануға болады.

– Күйді шығарушы бөлек те, оның орындайтын адамы бөлек. Мәселен бір күйдің ел арасында танылуы үшін қайсысы көбірек тер төгуі керек?

– Күйші – ол өзінің жанынан күй шығарушы. Ал, домбырашы  болса, сол күйді халыққа жеткізуші. Меніңше күй ең алдымен шығарушыға тәуелді. Кейбір сәтте күйді тудырушы оны өзінің деңгейіне жеткізе алмауы да мүмкін. Күйді жақсы шығарғанымен, нақышына келтіріп орындай алмауы мүмкін. Осы тұста күй шебер орындаушыға бұйырып, халықтың жүрегінен үлкен орын алуы да ғажап емес.

Күй тағдыры ең бірінші шығаруышының қолында десек те, оның танылуы орындаушының шеберлігімен тікелей байланысты. Бір сөзбен айтқанда, күйді шығарушы да, орындаушы да өз дәрежесінде тер төгуі тиіс. Күй ғұмырлы болуы үшін ең алдымен халықтың елегінен өтуі керек. Кейбір күйді халық тез қабылдап алса, енді бірі күрделі болып келеді. Күйде негізінен терең ой, философиялық мән-мағына болады. Оны көпшілік қабылдай алмай жатады. Яғни, күйдің күрделілігі – оның иірімінде, ырғағында. Күйдің формасы ХІХ-ХХ ғасырларда Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгір бабаларымыздан бері қарай ыңғайлана бастады.

Негізінен мен өзімнің  күйлерімде төменгі сағаны толық  қамтуға тырысып келемін. Ал, кешегі күнге көз жүгіртсек, мәселен  Арқа күйлері кіші сағадан, я болмаса  орта сағаға жақын тұстан қайтады. Батыс күйлерінің көпшілігінде бастапқы, ортаңғы, соңғы осы үш буын бірін-бірі тоғыстырып тек ғана қайталанып отырады.

Мен өзім Құрманғазының  «Серпер» күйін формасы, күрделілігі жағынан дауылпаз күйлердің ішіндегі ең шыңы деп бағалаймын. Тәттімбет күйлерінде де осындай құбылыс байқалады. Мәселен, Тәттімбет бабамыз Байжігіттің күйлерін ырғағы, иірімі жағынан жаңғырта білді. Сөйтіп, нағыз шерпе күйлердің деңгейіне жеткізіп, ел арасына кең ауқымда танытты.

– Өзіңіздің шығармашылық жолыңызға үңілетін болсақ, ел арасына жеке дара жүріп танылғаннан кейін 1994 жылдан бастап, «Секеннің саз отауы» айдарымен «Ақ жауын» оркестрін қолға алған едіңіз. Жеке оркестріңіз араға біраз уақыт салып, 2003 жылы «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрі болып құрылды. Мемлекеттің қолдауына ие болған «Ақ жауынның» бүгінгі қарқыны қалай?

– Негізінен жеке орындаудың жөні басқа да, оркестрмен орындаудың мәні басқа. Өйткені оркестрмен орындаудың жүгі ауыр. Онда жауапкершілік те, орындаушылық шеберлік те көпшілкке бөлінеді. Менің «Ақ жауын» оркестрін құрғандағы мақсатым – күй өнерінің дамуына шамамның келгенінше үлес қосу. Әуелі жеке нөмірде халық композиторларының шығармаларын орындадым. Кейіннен көп ойланып, халыққа берері мол шығармаларды кең ауқымда оркестр арқылы жеткізгенді жөн санадым. Бүгінде оркестрмен ауырғанымның өзіне 20 жылға жуық уақыт болды. Қазір «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрі қазір Астана қаласындағы Президент мәдениет орталығында қызмет етеді. Жеке шығармашылығыма тоқталатын болсақ, «Ақ жауын» оркестрінің репертуарында менің 12 күйім, 12 әнім орындалады.

Осы тұста айта кететін  бір нәрсе – кейбір күйлердің жеке орындауда да өзіндік орны болады. Оркестрмен орындағанда да өзінің тағы бір қырынан танылып жатады. Оркестр арқылы туындының басқа да бояулармен, кем-кетігі толығып жатады.

Астана қаласына Елбасының  арнайы шақыруымен келген «Ақ жауынның»  жұмысы қарқынды жүріп келеді деуге толық негіз бар. Шынын айтқанда өнерде қолдау болмаса, оның өсуі, өрбуі, қарыштап дамуы қиын шаруа. Сондықтан бұл тұрғыдан келгенде Елбасымызға алғыс айтуға тиіспіз.

Шығармашылық жолда түрлі  жаңалықтар да, жоспарлар да баршылық. Елімізде өткелі жатқан ЕҚЫҰ-ның саммитіне орай ұйымдастырылатын мәдени шараларда өнер көрсетеміз. Жақында ғана Алматы қаласының Орталық концерт залында «Ақ жауын» оркестрі өзінің бір толысқан, бағдарламасын кеңейткен шағында өнер сүйер қауыммен тағы да бір қауышты. Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік өңірінде де шығармашылық концертімізді беріп жатқан жайымыз бар. Алла қаласа, алдағы уақытта Қазақстанның мәдениет күндеріне орай Қытайға, ішкі Монғолияға, Үрімжіге, Токиоға гастрольдік сапармен барып қайтатын боламыз.

– Аға, бүгінде қазақ эстрадасында арзанқол дүниелер тым көбейіп кетті. Ән де көп, әнші де көп. Күндіз-түні телеарналардан берілетін жеңіл әуендерді тыңдай отырып, кәдімгідей қарнымыз ашатындай күйге жеттік. Ал, күйге келсек, оның жөні тым бөлек. Күй өнері қазақтан басқа ұлтта кездеспейді десе болғандай. Сондағы сұрағым келгені – күй деген киелі өнерде де эстрададағыдай құбылыс белең алатын кездер бола ма?

– «Жоқ, күй өнерінде кері кетіп жатқан тұс жоқ. Күй өнері елімізде өте жоғары деңгейде дамып келеді. Айтатын бір мін жоқ», – десем, әрине асыра сілтегенім болар. Күй өнеріндегі бір кемшілік – күйді эстрадаға салып орындау дер едім.

– Сөзіңізді бөлейін аға, сонда сіз күйді эстрадаға салып орындауға мүлдем қарсысыз ба? Базбір күйшілер мұны күйді халыққа жеткізудің тиімді жолы деп жүр ғой…

– Жо-жоқ, мүлдем олай емес. Мен бұған әу баста-ақ қарсы болғанмын. Маған күйді эстрадаға салғанда скрипкасы бар, ұрмалы аспабы бар бәрі жабылып домбыраны ұрып, тұншықтырып жатқандай көрінеді. Мұның бәрі домбыраны өлтіру үшін жасалып жатқан әрекет сияқты болады да тұрады. Осыған біз өзіміз желең сылтаумен мүмкіндік туғызып отырған сияқтымыз. Мен күйді эстрадаға салуға мүлдем қарсымын.

Не нәрсенің де пісіп, жетіліп, сынатын, шағылатын кезі болады емес пе? Шындығын айтқанда халық бүгінде эстрададан әбден жалықты, тіпті мезі болды. Ұлттық өнерге енді ғана бетбұрыс жасап келеді. Батысқа еліктеу, соларға ұқсау бізге қазір жетістік сияқты көрінгенімен, халық ерте ме кеш пе ұлттық өнерді дәріптейтін кезге жетеді. Мен бұған кәміл сенемін.

Ал, күйді эстрадаға салушылардың бұл ісі күйге деген жанашырлықтан туған деп айта алмаймын. Мен мұны тек осы күймен қайтсем танылам, қайтсем тойға шығып табыс табам деген топастардың әрекеті деп ұғынам. Басқа ешнәрсені көздеп отырған жоқ олар. Өкініштісі сол – бұл құбылыс қобыз тартушылардың арасында да қылаң берді. Егер, Құрманғазы, Тәттімбеттер тіріліп келсе, осылардың төбесін ояр еді.

Егер күйді өз жанынан  шығарса, оркестрге сала ма, жеке орындай  ма, эстрадаға сала ма өзі білсін. Тек көзіміздің қарашығындай сақтауға тиіс ата-бабаларымыздың мол мұрасын  ары тартып, бері тартудың қажеті жоқ. Мен өзім мұны әруақтарды мазалау деп түсінем. Меніңше «ат үркитін жерден, адам үркімейтін заман болды» деген сөз осылай ашынғанда айтылған-ау сірә.

– Шығармаларыңызды бөле жаруға болмайтын шығар, әйтсе де шоқтығы биігі – «Көңіл толқыны». Ал, Астанаға барғаннан кейін «Ақжүніс», «Жазғы қар», «Күлтегін», «Көкбөрінің жортуы» сияқты туындыларыңыз дүниеге келді. Жалпы осы жүрегіңізді жарып шыққан туындыларыңыздың барлығы бірдей «Көңіл толқыны» сияқты халықтың жүрегіне жол тарта алды ма?

– Негізінен мен 80 жылдардан  кейін телеарнаға көбірек шыға бастадым. 80-90 жылдардың аралығында «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Ару ана», «Өкініш» атты күйлерім туды. Осыдан кейін маған Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. Ел арасына тез тараған шығармаларым да осылар болды. Кейіннен өзім оркестрге кеттім. Ал, жеке орындайтын болсаң, сахнаға көбірек шығуға, елге кеңірек танылуға мүмкіндік мол. Бүгінгі жастар аты-жөніңді, шығармаңды білуі мүмкін, бірақ өзіңді танымайды. Қазір теледидардың бәрі сатулы. Оркестрді эфирге шығаратын болсаң, да қаржысын төлеуің керек.

Информация о работе Секен Тұрысбековтың өмірі мен шығармашылығы