Секен Тұрысбековтың өмірі мен шығармашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 20:24, реферат

Краткое описание

Секен Тұрысбек Кәрімұлы 1961 жылы 1 май күні қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 1 Май ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде Қ.Досымжанов класын тәмамдап, Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын М.Әубәкіровтің жетекшілігімен бітірді. «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі және бөлім меңгерушісі, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Секен Турысбеков.docx

— 344.85 Кб (Скачать документ)

– Сонда мемлекеттік оркестрге мемлекет тарапынан ешқандай қолдаудың болмағаны ма?

– Шындығын айтқанда мемлекеттік оркестр болсақ та, бізге ондай мүмкіндік берілмеген. Ал, қалтамнан қаржы жұмсап, телеарнаға шығу маған қажет емес. Егер телеарнаның басшылығында отырған азаматтар халықтың рухани байлығын ойлайтын болса, онда олар елге қажетті дүниені өздері іздеп табулары керек. Бір туындыңды телеарнадан көрсету үшін телеарна басшыларының көңілін «әке», «жәке» деп жүріп табуың керек. Мен бұл жерде газет арқылы мұңымды шаққалы отырған жоқпын. Бірақ заман солай. Жеке өзімнің телеарнаға өкпем жоқ. Қаржыңыз болса, барыңыз да өзіңізді жарнамалаңыз.

ӘНДЕРІМ КҮЙЛЕРІМНІҢ БІР БҰТАҒЫ СИЯҚТЫ

– Халық сізді күйшілік өнеріңіз арқылы жақсы таниды. Кереметтей әндердің авторы екендігіңізге қарамастан жұрт композиторлық қырыңызды көп айта бермейді. Неге?

– Менің ең алғаш тыңдарманға  «Қос жұлдызым» деген әнім жол тартты. Бұл әнді екі қызыма арнаған болатынмын. Одан кейін «Аққу саз» деген әнім мен «Бауырым, сонау күн қайда?» деген толғауым жазылды.

«Аққу сазды» Мақпал Жүнісова 84 жылы тыңдаған болатын. Кейіннен ол: «Секен аға, сіздің «Аққу сазыңызды» мен үнемі ыңылдап айтып жүремін. Осы әніңізді «Азия дауысында» орындасам, сіз домбырамен сүйемелдесеңіз дұрыс болар еді», – деген ұсынысын айтты. Сонымен аз ғана уақыт дайындалып, «Аққу сазды» сахнаға алып шыққан болатынбыз. Сонымен қатар менің «Көктемім менің көктемім», «Қоңырқаз» атты әндерімді де Мақпал орындап жүр. Бұл әндерді Мақпалдың алдында бірқатар әншілер орындаған еді. Бірақ көңілімнен шықпады. Негізінен қайсібір ән болмасын, өзінің нағыз орындаушысын тапқанша бақытсыз. Ал, менің жоғарыда атап өткен әндерім өзінің нағыз орындауышысын тапты деп ойлаймын.

Өз орындаушысын тапқан тағы да бірқатар әндер бар. Мәселен, «Айхай заманды» Қайрат Байбосынов, «Қызыма» мен «Аяулы арман дүниені» Азамат Нәдірбеков, «Бауырым сонау, күн қайда» мен «Айхай заманды» Еркін Шүкіманов атты азаматтар орындайды. Сондай-ақ, «Ерке құсым», «Қарлығашым», «Шағала», «Тарбағатай» сияқты т.б әндерімді басқа талантты әншілер ел назарына ұсынып жүр. Кейінгі уақытта көбіне күймен «ауырдым» да, әнге көп көңіл бөле алмадым. Бас-аяғы 20-ға жуық әнім бар. Әйтсе де, әндерім күйлерімнің бір бұтағы сияқты. Енді мен ешкімді кінәлай алмаймын ғой, неге менің композиторлық қырымды білмейсің деп. Мүмкін мені ел жақсы күйші ретінде қабылдаған шығар.

– Аға, өзіңіз бір сөзіңізде «Қасіреттіден ғана қасиетті өнер туады» деген екенсіз. Сонда сіздің шығармаларыңыздың дені мұңлы сәттерде туа ма?

– Шығармаларымның дені көңілімнің құлазыған сәттерінде туғаны рас. Кейде қоғамда орын алған келеңсіз жәйттарға қапаланасың. Осындай кезде сырласым да, мұңдасым да қара домбыра болады.

Мәселен, «Жазғы қар» деген  туындым тұрлаусыз мынау өмірдің  көлеңкелі жақтарына көңілім  толмаған сәтте туған. «Жазғы қарға» өмірдің қиындығына төзбей, шаңырақтарын тәрк еткен жас-жұбайлардың өмірі арқау болған. Қоғамның кемшін тұсын да көрсетуге тырысқан осы бір дүнием жаз мезгілінде жазылған еді.

Ал, Астанаға барғанда алғаш жазған дүнием – «Күлтегін» болатын. Күлтегін бабамыздың ескерткішінің көшірмесін сонау Монғолия жерінен Қазақстанға алып келген сәтте өте қатты толқыдым. Елбасымыздың тікелей қолдауымен Астана қаласының әкімі Иманғали Нұрғалиұлы бастаған бір топ ел ағалары ұлттық мәдениетімізге қосылған сүбелі үлес болып табылатын осы бір игі істі жүзеге асырғанын көргенде толқымау әсте мүмкін емес еді. «Күлтегінде» мен өмірі ат үстінде елім деп, жерім деп өткен батырдың ерлігін қара домбыраның үнімен жеткіздім.

Күйдің тууына кез келген нәрсе әсер етеді. Оның үстіне өнер адамдарының әсершіл келеді емес пе?! Кейде бір жақсы адамммен кездессең, я болмаса табиғаттың тамаша бір көрінісін көрсең, ішіңде жатқан жұмбақтың жауабы табылғандай болады.

Одан кейін «Көкбөрінің жортуы» деген шығармам дүниеге келді. Бұл туындым Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке арналды. Шығарма ол кісінің әкім болғаны үшін туған жоқ. Иманғали Нұрғалиұлының қоғам үшін жасап жатқан қайраткерлік істерін көргенде, оның ұлтқа деген шынайы жанашырлығына куә болған кезімде дүниеге келген шығарма бұл.

– Секен аға, бүгінде Астана туралы, Елбасы туралы ән айтпайтын әнші, өлең шығармайтын ақын қалмады ғой. Өзіңіздің әкім қараларға да арнаған шығармаңыз бар екен. Ендігі жерде бірінші басшыға арнап күй шығару ойыңызда жоқ па?

– Қазақтың кемшін тұсын  Абайдан асып көрсетіп берген ешкім жоқ. Данышпан Абай «Дәмеленбе, сұрама, берсе алма» деген ғой. Шығармашылық адамдарының туындысына Астананың, Елбасының арқау болуы тек дәмеліліктен туған дүние ғой. Осылай шырқап жүргенің де, жырлап жүргенің де бәрі әйтеуір бір бір нәрсеге дәмелі. Өйткені мемлекет қаржысы да 80-90 пайыз осыған қарай бөлінетін болды ғой. Керек десеңіз, кез-келген сыйлық та, марапат та, орден де, осындай мақтаудан тұратын дүниелердің авторларына берілетін болды. Мұның бәрі шындық. Ал, маған мақтау, марапаттың да, орденнің де көк тиынға қажеті жоқ.

Өнерімді бағалаған болуы керек, маған 28 жасымда Қазақстан Ленин Комсомол сыйлығы берілді. Ол кезде бұл сыйлық Халық әртісін алудан да қиын болатын. Ал, қазіргі «Жастар» сыйлығының да, «Дарын» сыйлығының да қадір-қасиеті қалмады. Одан кейін 31 жасымда Республикаға еңбегі сіңген әртіс атағы берілді. Ол кезде де ел ішінде бұл атақты маған ерте берілді деген әңгіме тарады. Кейін Халық әртісіне ұсынған кезде, айналйын, атағыңа да, даңқыңа да рахмет деп өзім бас тарттым. Секен деген атымды ел білгеннен кейін, атақтың маған түкке де қажеті жоқ.

Бес саусақтың бірдей болмайтыны сияқты, дүниеде түрлі адам болады ғой. Ал тапсырыспен, я болмаса бір нәрсеге иегің қышып, қайтсем соған қол жеткізем деп шығарма жазу – ол шығармашылығыңның соншалықты құлдырағандығының белгісі. Шығармашылық жолда ар тазалығын алғашқы орынға қоюымыз керек.

Еліміздің көркеюі жолында Елбасымыздың сіңірген еңбегі ерен екені сөзсіз. Дегенмен, мен мына уақытта Астанаға немесе Елбасыға арнап күй жазамын, ән жазамын деп айта алмаймын. Сабақты ине сәтімен дейді ғой. Сол айтпақшы бәрі де уақыттың еншісіндегі дүние. Ал, жеке бастың пайдасын ойлай отырып шығарма жазу мен үшін жат нәрсе.

КЕЙДЕ АСТАНАҒА НЕ ҮШІН БАРҒАНЫМДЫ ТҮСІНБЕЙ ҚАЛАМЫН

– Аға, осы билік басындағылар шынайы таланттарды өз дәрежесінде елеп, ескеріп жүр ме?

– Мен өнер адамдарына, олардың туындыларын халыққа  жеткізу жолында мемлекет тарапынан  айтарлықтай көңіл бөлініп жатыр дей алмаймын. Айта берсең, бұл туралы әңгіме көп. Биліктің тізгінін ұстаған шенеуніктердің бар ойы – тек патшаның көңілін табу. Тіпті концерт те, бір кісі үшін өтіп жатады.

Шындығын айтқанда Елордамыздың қақ төрінде өтіп жатқан кейбір мәдени шараларға, концерттеге мүлдем көңілім толмайды. Продюсерлік концерттердің деңгейі төмен болғаннан кейін, басқасы туралы айтудың өзі артық. Көп концерттерде болмашы нәрседен қате кетіп жатқанын көргенде, бәрі де жәй ғана жағымпаздықпен жасалған дүние екенін аңғарасың.

Сосын бізде концерттерді ұйымдастыру жағы жөнді жолға қойылмаған. Мысалы біздің оркестрді Алматыдан Астанаға арнайы шақырды. Сөйте тұра, Астанада концерт өтетін болса, оркестр, әнші, күйші бәрін де Алматыдан немесе басқа облыстардан шақыртып жатады. Сонда Астана филормониясының оркестрі, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрі тұрып, басқа жақтан оркестр шақырудың не қажеті бар? Осы жағы маған түсініксіз. Меніңше бұл өзге өңірден өнер адамдарын шақырдық деген желеумен қаржыны қайткен күнде де қалтаға басып қалудың жолы. Мұндай концерттер өтіп жатқанда мен ақырын ғана тауға я болмаса, балық аулауға кетіп қаламын. Шынымды айтсам кейде Астанаға  не үшін барғанымды да түсінбей қаламын.

Қай мәселеге келгенде де Елбасымыз  жалғыз өзі бозторғайдай шырылдайды. Өкініштісі сол – ол кісінің жанына кілең шекесіне ши қақсаң да, кірмейтін шешектер жиналған. Ұлттық мәдениетімізді дамытуға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келе жатқаны да сондықтан.

Мәселен өткенде ғана Астананың тойын дүркіретіп өткіздік. Әлем елдерінің назары бізге ауды. Сонда Астананың мерейлі сәтін көріп, қуанғаным соншалықты жанарыма жас келді. Сөз жоқ, Астананың туған күні кереметтей басталды. Бірақ соңында сұйылып кетті. Құдды бір қазақтың емес, батыстың тойына айналып кетті. Неге біз өз елімізде, өз жерімізде тұрып осындай айтулы шараны өзіміздің ұлттық өнерімізбен аяқтамасқа?! Неге біз осы күнге дейін батыссыз өмір сүре алмаймыз? Батысқа бұрылып та қарамайтын уақыт әлдеқашан жетті ғой. «Өнерін көріп, халқын таны» демекші, өз өнерімізді өзгелерге осындайда көрсетпесек, сонда біздің кім болғанымыз. Сонда бұл біздің өз өнерімізден өзіміздің жиренгенімізді көрсетпей ме?

Осындай жауапты орындарға, мәдениетіміздің мәртебесін асқақтатуды көксеген ұлтқа жанашыр азаматтарды емес, қу құлқынның қамын ойлағандарды қойып, кейін өзіміз опық жейміз.

– Бір сұхбатыңызда: «Күйді ел-жұрт тез ұғыну үшін оған клип түсіру керек», – деген едіңіз. Жалпы бұл әдіс күйдің ғұмырлы болуына ықпал ете ала ма?

– Әрине күйге клип түсірілсе, күйдің ел арасында насихатталуына өз дәрежесінде септігін тигізер еді. Бұл жерде де барлығы қаржыға келіп тіреледі ғой. Күй өнерінің ел арасында кеңірек насихатталуы үшін түрлі әдістерді қолдануға болады.

Біз ең алдымен күйді  халыққа түсіндіруді қолға алуымыз керек. Өйткені ешкім түсінбеген күйді, қанша жерден насихаттсаңыз да халықтың жүрегіне жетпейді. Мәселе осыда.

Кезінде ата-бабаларымыз  күйді орындағанда әрбір күйдің шығу тарихына жеке-жеке тоқталып кететін болған. Мұның өзі тыңдаушының күйді ұғынуына үлкен көмек болатын. Сондықтан күйге шағын ғана аннотация беріп отырғанның артықтығы жоқ.

Жапондықтар сияқты өз елінің ұлттық музыкасын, күйін жасөспірімдердің санасына сіңіріп отыру керек. Мәселен, күйді тыңдап болғаннан кейін балалардың не түсінгенін білу үшін оларға сурет салғызу керек. Бұл да бала дүниетанымын кеңейтудің бірден-бір жолы. Сонымен қатар, орта мектептерде, ЖОО-да үзіліс кезінде қойылатын қоңыраудың орнына күй қойылса, жөн болар еді. Сондай-ақ ән сабақтарында оқушыларға халық әндерінің, күйлерінің тарихын түсіндіріп отыру керек. Осының барлығы ұлттық өнерді дәріптейтін ұрпақтың өсуіне ұйытқы болары сөзсіз.

– Секен аға, жақында ғана «Қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» атты антологиялық жинақтың шыққаны белгілі. Жалпы осы жинаққа халықтың жүрегіне жетуі керек деген күйлердің бәрі енді ме?

– Қазақ күйге де, әнге де бай халық қой. Өзің айтып отырған «Қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» атты антологиялық жинақ Мәдениет министрлігінің бастамасымен жарық көрді. Бұл жинаққа енген туындының барлығы бірдей керемет дүние деп айта алмаймын. Әйтсе де, барға қанағат етуіміз керек. Егер осы мың күйдің ішінен 50-і оркестрге жарап жатса, мұның өзі көңілге жұбаныш.

Бірақ жинақта қарның ашатын тұстар көп. Жинақты құрастырған  Ғалым Доскен, Тұрсынжан Шапай  сынды азаматтар әрбір күйге, әнге жете мән бермеген болуы да мүмкін.

Кез-келген туындының халыққа  берері болуы үшін күйді шығарушыда да, орындаушыда да шеберлік болуы  қажет. Қазіргі ел назарына ұсынылып жүрген күйлерде дыбыстың бәрі жалаң. Көпшілігі техникаға сүйенеді. Домбыраны тартып жатқан саусақта үн жоқ. Тек жыбыр-жыбыр. Сосын қазіргі жастардың күйді орындауы бәрі бір-бірінен аумайды. Көпшілігінен ешқандай орындаушылық шеберлік байқалмайды.

Бірақ бұған жастарды кінәлауға болмайды. Көп нәрсе ұстаздарға тікелей байланысты.

ӘН ШЫҒАРУШЫЛАР АЗ ЕМЕС, КҮЙ ШЫҒАРУШЫЛАР КӨП ЕМЕС

– Осы күй өнерінің дамуы турасында әркім әр түрлі пікір білдіріп жүр. «Күй өнері тоқырау үстінде» дегенді де құлағымыз шалды. Сіз осы пікірмен келісер ме едіңіз?

– Күй шығару оңай шаруа емес. Күй шығармадың деп ешкімді кінәлауға да болмайды. Мен бірде айтқан едім «ән шығарушылар аз емес, күй шығарушылар көп емес» деп. Расында да солай.

Әр күйдің тағдыры әр түрлі болады ғой. Бір күй ел арасында тез танылып жатса, енді бірі күрделі болғандықтан халық қабылдай алмай жатады. Мәселен, кейінгі уақытта ел арасында кең танылған Ахмет Жұбановтың «Би» күйі, Сейілхан Құсайыновтың «Мереке», Байжігіттің «Аққу» деген күйлері болды. Мысалы, Нұрғиса Тілендиев ағамыз «Аққу» күйінің жетпей тұрған жерін толықтырып, «Аққуды» «Аққу» етті.

Меніңше бар нәрсе санда  емес, сапада болуы керек. Тағы бір айта кетерлік нәрсе жоғарыда біз атап өткен «Қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» атты антологиялық жинаққа енген күйлердің ішінде де толықтыру жасауға тіленіп тұрғандары жетерлік. Осы мәселені де қолға алу қажет. Өйткені кез-келген дүние халықтың игілігіне жарауы тиіс. Қазақтың күйі деп мақтанышпен айтатындай дәрежеге жеткізуіміз керек. Күй деген киелі өнер. Кезінде Асқар Сүлейменов ағамыз «Күйдің киесі ұрады» деген екен. Күйді тоқырау үстінде деудің қажеті жоқ шығар. Күй өнері белгілі бір дәрежеде, шама-шарқынша дамып келеді.

– Бүгінде күйшілікті жанына серік етіп жүрген жастар баршылық. Аға буын өкілі ретінде солардың қайсысынан болашақта шебер күйші шығады деп айта аласыз?

– Мен олардың ешқайсысын бөле жармаймын. Біріншіден жастардың талпынып жүргеніне қуанамын. Олардың атын атап, түсін түстеп жатудың қажеті жоқ. Десе де, кемшін кетіп жатқан тұстар бар. Бірақ оған шәкірттерді кінәлауға болмайды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, көп нәрсе ұстазға байланысты.

Жеке орындаушылар әлдеқайда  өсті, әлдеқайда жетілді деп айтуымызға толық негіз бар. Болашақта жарып шығатын жастар бар. Өткенде біраз жастар бас қосып, екі-үш композитордың ырғағын біріктіріп, оны академиялық оркестрге салып орындап жатыр. Осы дұрыс па? Осындай кемшін тұстарды мұғалімдері айтуы керек. Әйтпесе, жастар біз дұрыс жасап жүр екенбіз қалуы ғажап емес. Эстрада да дәл осындай құбылыс. Өзге біреудің ән емес нәрсені ән қылып телеарналарда, концерттерде шырқап жүргенін көрген екінші біреуі, әнші болу деген оңай екен ғой деп, ол да бір шимай-шатпақты жаза салуы мүмкін. Түкке тұрмайтын туындылар қатарының көбеюінің бірден-бір себебі осы.

Информация о работе Секен Тұрысбековтың өмірі мен шығармашылығы