Секен Тұрысбековтың өмірі мен шығармашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 20:24, реферат

Краткое описание

Секен Тұрысбек Кәрімұлы 1961 жылы 1 май күні қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 1 Май ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде Қ.Досымжанов класын тәмамдап, Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын М.Әубәкіровтің жетекшілігімен бітірді. «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі және бөлім меңгерушісі, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Секен Турысбеков.docx

— 344.85 Кб (Скачать документ)

Шынын айтқанда ешкім бірден шебер күйші немесе әнші болып тумайды. Шеберлік деген бірте-бірте қалыптасатын дүние. Мәселен менің алғашқы туындымның бірі – «Көңіл толқынымен» кейінгі жазған дүнием «Жазғы қардың» арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Сондықтан да, мен әр нәрсенің дамып, пісіп, жетілуі үшін уақыт керек деп ойлаймын.

Күйді халыққа жеткізудің өзі үлкен өнер. Күйді тартқанда қатып қалған нотадағы жалаң дыбысқа сүйенбеген жөн. Күй қанаттанып, еркін самғау дәрежесіне жету үшін өзіндік бір ырғақ іздеу қажет. Жастардың өнерін шыңдай түсу үшін, ұстаздары шәкірттерінің әрбір қадамына дұрыс бағыт-бағдар беріп отырса, нұр үстіне нұр болар еді.

– Аға, осы сіздің «Көңіл толқыныңызды» үлкен де, кіші де құлағын түріп, жүрегімен тыңдайды. Қазір қазақ эстрадасында жалпыға бірдей ұнамды дүниелердің азайып кетуіне не себеп? Композиторларымыз ән жаза алмай жүр ме, жоқ әлде, әншілеріміз орындай алмай жүр ме?

– Негізінен композиторларымыз  кеміп бара жатыр. Оны мойындауымыз керек. Қазір әншілеріміздің өзі ақын, өзі сазгер болып кеткен заман болды. Өнердегі ұятты нәрсе осы. Жүгенсіз кетіп бара жатқан тірлік әйтеуір. Өнер қазір ешкімге керек емес сияқты көрінеді маған.

Сосын болмашы әуенге ешбір ақын сөз жазбайды. Осыдан кейін сазгер сымақтарымыз ойдан-қырдан құрап, «өлең» жазуға тырысады. Өздеріне өлең әрине. Содан кейін әні мен сөзі сәйкес келмейтін бір дүбара туынды дүниеге келеді. Ал, мұндай туындыларды мықты әншілер орындамайды да. Әншінің де әншісі бар. Олар да әнді талғаммен орындайды. Осыдан-ақ әлгі әннің қандай әншіге бұйыратынын бағамдай беріңіз. Сонымен соңында халық қандай ән тыңдап отырғанын, оны кімнің орындап жатқанын білмей миы ашып қалады. Кейде әнді парқына бармай, таңдай салатын аты дардай әншілеріміз де кездесіп жатады.

Сосын қазір кім көрінген жұлдыз. Жұлдыз деген сөзден бүгінде мен жиіркенетіндей күйге жеттім. Жұлдыз деген сөзді шынайы таланттарға ғана айтсақ жөн болар еді.

– Аға, биыл «Жас қазақ үні» газеті 10 жасқа толып отыр. Осыған орай тілегіңіз бен ұсынысыңызды білсек…

– Ендеше 10 жылдық той құтты  болсын!!! Газеттің оқырмандары көп болсын деп тілемей-ақ қояйын, ең бастысы – оқырмандардың газет бетінде жарияланған дүниені түйсінетін түйсігі болсын!

Басылым бетінде тек  ғана елдің кәдесіне жарайтын дүниелер жариялана берсін. «Жас қазақ үні» өзінің алдына қойған мақсатына жететін жол таба берсін демекпін.

Гүлмира САДЫҚОВА

Өмірбаян


Секен Тұрысбек Кәрімұлы 1961 жылы 1 май күні қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 1 Май ауылында дүниеге келген.

Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде Қ.Досымжанов класын тәмамдап, Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын М.Әубәкіровтің жетекшілігімен бітірді.

«Сазген» фольклорлық-этнографиялық  ансамблінің көркемдік жетекшісі  және бөлім меңгерушісі, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің  көркемдік жетекшісі әрі бас  дирижері.

«Жазғы қар», «Көңіл толқыны», «Ақ  жауын», «Бесік күйі»(«Балауса»), «Күлтегін», «Көк бөрі», «Дарабоз», «Ақжүніс», «Өкініш», «Боздақ», «Аруана»(«Шығыс жұлдызы»), «Мәлғаждар»  күйлерінің және «Аққу сазы», «Ерке қусым», «Көктемім менің, көктемім», «Қоңыр қаз», «Шағала», «Мен бір жұмбақ адаммын», «Айхай заман», «Аяулы арман, дуние», «Қос жұлдызым», «Бауырым сонау, күн кайда?», «Анама», «Тарбағатай», «Қоңыр жел», «Қарлығашым», «Толғау», «Қызыма», «Жанымнан тәтті өмір», т.б. ән-күйлер мен романстардың авторы.

1985 жылғы Мәскеуде өткен жастар  мен студенттердің XII дүниежүзілік  фестивалінің, 1988 жылғы Қазақстан  Комсомолы сыйлығының лауреаты. 1993 жылдан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі. 

 


Информация о работе Секен Тұрысбековтың өмірі мен шығармашылығы