Сұйық кристалды мониторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Цифрлік есептеу машиналарын құрудағы прогресс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 40-жылдардың ортасында алғашқы шамдық есептеу құрылғылыры құрылды. Көпшілік қолданатын бірінші электрондық цифрлік компьютер ENІAC Пенсильвания университетінде Дж.Мочли мен Дж. Эккеррттің басқаруымен жобаланған. ENІAC-тің негізгі кемшілігі есептеу процесін программалау электрлі қосқыштарды және кабельдерді колдан қосу арқылы жасалды.ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Монитор типі ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек.

Содержание

1.КІРІСПЕ
1.1 Сұйық кристалдық мониторлары.........................................................................4
2. Техникалық қызмет көрсету.................................................................................8
2.1.Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат..........................................................................................................8
2.2. Сақтық шаралары және техникалық қызмет көрсету нұсқаулары..................9
3. Монитор ұғымының түіснігі..............................................................................10
3.1. Мониторды тазалау және тасымалдау..............................................................11
3.2.Мониторды орнату..............................................................................................12
3.3. Мониторды пайдалану.......................................................................................15
3.4. Қосымша ақауларды жою..................................................................................19
3.5. Нормативтік мәліметтер....................................................................................21
3.6 Техникалық сипаттамалар және сұйық кристалдық монитордың сапасы мен кескін элементтері туралы саясат............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Компьютерлік интерфейс.docx

— 134.72 Кб (Скачать документ)

 Қуат сымын оның үстінен жүрмейтіндей не үстіне немесе жанына қойылған заттар қыспайтындай өткізу керек. Ашаға, электр розеткасына жəне сым өнімнен шығатын жерге ерекше көңіл бөлу керек.

2.2. Сақтық шаралары және техникалық қызмет көрсету нұсқаулары

 

          ● Бұл монитор үшін тек қуат адаптерінің жапсырмасында көрсетілген үйлесімді қуат көзі мен қосылымды пайдаланыңыз.

 ● Электр розеткасына қосылатын құрылғылардың номиналды тогы розетка жасалған ток күшінен аспайтынына, ал қуат сымының көмегімен қосылған құрылғылардың жалпы номиналды тогы қуат сымы жасалған номиналды ток күшінен аспайтынына көз жеткізіңіз. Əр құрылғының номиналды тогын анықтау үшін қуат жапсырмасын қараңыз.

● Мониторды оңай жетуге болатын розетка жанында орнатыңыз. Мониторды ашаны берік ұстап, розеткадан тарту арқылы ажыратыңыз. Ешқашан мониторды сымынан тартып ажыратпаңыз.

● Қуат сымының үстіне ештеңе қоймаңыз. Сымды баспаңыз.

       Техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар

         Монитордың жұмысын жақсарту жəне оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін:

● Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге əрекет жасамаңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор дұрыс жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.

● Сіздің мониторыңыз үшін тек қуат адаптерінің жапсырмасында көрсетілген тиісті қуат көзі мен қосылымды пайдаланыңыз.

• Мониторды көтеріп басқа жерге қойғыңыз келсе, онда мониторды кез- келген жерден ұстап көтермей, мониторды ұстап тұрған тіреуіштен көреріңіз.

 ●  Өзіңізге қауіпсіздік үшін электр розеткасына қосылатын өнімдердің номиналды тогы розетка жасалған ток күшінен аспайтынына, ал қуат сымының көмегімен қосылған құрылғылардың жалпы номиналды тогы қуат сымы жасалған номиналды ток күшінен аспайтынына көз жеткізіңіз. Əр құрылғының ампер деңгейін анықтау үшін қуат жапсырмасын қараңыз.

• Монитор беті кір болып қалған жағдайда қолыңызға су шүберек алмаңыз, бұл мониторға қауіпті. Құрғақ немесе дымқыл шүберекпен сүртуге болады.

 ● Мониторды оңай жетуге болатын розетка жанында орнатыңыз. Мониторды ашаны берік ұстап, розеткадан тарту арқылы ажыратыңыз. Ешқашан мониторды сымынан тартып ажыратпаңыз.

● Пайдаланбаған кезде мониторды өшіріңіз. Экран сақтағыш бағдарламасын пайдалану жəне пайдаланылмаған кезде мониторды өшіріп қою арқылы монитордың жұмыс істеу мерзімін айтарлықтай арттыруға болады.

 

   3.Монитор ұғымының  түсінігі

  

            Монитор - компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында – жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын компьютерлерде монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған үйдегі телеэкранды пайдалануға болады. Мониторлар мәтіндік және график режимде жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде – монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCІІ-кодтарының ұлттық әріптермен кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық режимде – экранда өте майда мозаик бейнелер шығарылады. Монитордың график режимі аса қажетті болып саналады және оның айқындылығы пиксельдер мөлшерімен анықталатын экранның айқындау қабілетіне байланысты. Соңғы кездеVGA және SuperVGA типті мониторлар қолданылып келеді. Олар мәліметтерді мәтіндік және график. режимдердің екеуінде де экрандағы пиксельдік нүктелер санына байланысты кез келген ақпарат түрлерін сапалы түрде бейнелейді. Монитордың мәліметті жақсы көрсетіп, оларды айқындау қабілеті экрандағы нүктелер санына байланысты, мыс., горизонталь бағытта 200 нүктені, ал вертикаль бағытта 640 нүктені бейнелейтін , сондай-ақ  SuperVGA  және айқындау қабілеті одан да жоғары мониторлар бар. Экрандағы нүктелер саны артқан сайын, яғни нүкте көлемі кішірейген сайын  монитор сапасы да, бағасы да арта түседі. Түрлі түсті мониторларда нүктелер көлемі 0,24 мм болады. Нүктелер көлемі 0,39 мм-ден үлкен мониторларда экрандағы бейне анық көрсетілмейді. Мониторлар монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі түсті болып ажыратылады. Монитордың негізгі сипаттамасына экран диагоналының дюйммен (1 дюйм=2,54 см) берілген қашықтығы жатады, 14 дюйм, 15 дюйм, т.б. Алып жүруге ыңғайлы компьютерге арналған монитордың электронды-сәулелік түтікшесіз сұйық кристалды және сенсорлық экранды түрлері бар. Сұйық кристалдар электр кернеуінің әсерімен өз құрылымын, түсін және оптик қасиеттерін өзгерте алады. Сұйық кристалдар құрамына басқа түсті ерітінділерді қосып және электр өрісін өзгерте отырып, жоғары сапалы 15 млн-нан аса түстерді бейнелей алатын экрандағы нүктелер саны 1024*768 немесе 1280*1024 болатын мониторлар жасауға болады. Бағдарламалау тілдерінде – бөлінбейтін мәліметтік қорлармен байланыс ұйымдастыратын жоғары деңгейдегі әрекеттесу ісін жүзеге асырады. Бұлардың салмағы жеңіл, көлемі кіші және денсаулыққа зиянды электро-магниттік толқындары болмайды.

Компьютердегі мәліметтерді өңдеу жүйесінде орындалатын операцияларды бақылайтын, реттейтін немесе тексеретін машиналық бағдарлама. Бағдарламалау тілдерінде – бөлінбейтін мәліметтік қорлармен (ресурстармен) байланыс ұйымдастыратын жоғары деңгейдегі әрекеттесу ісін жүзеге асырады.

3.1. Мониторды тазалау және тасымалдау

 

          Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін шүберекпен жайлап сүртіңіз. Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп, электрониканы зақымдауы мүмкін. Монитордың экранын немесе корпусын тазалау үшін бензин, сұйылтқыш немесе қандай да ұшпа зат сияқты ешбір мұнай негізінде жасалған тазалағыш заттарды қолданбаңыз. Бұл химиялық заттар мониторды зақымдауы мүмкін.

1. Мониторды өшіріңіз  жəне құрылғының артынан қуат  сымын ажыратыңыз.

2. Монитордың экраны мен  корпусын жұмсақ, таза статикалық  ток тудырмайтын шүберекпен сүртіңіз.

3. Күрделірек тазалау  жағдайларында 50/50 қатынасында су  мен изопропил спиртінің қоспасын  пайдаланыңыз.

       Мониторды тасымалдау

        Бастапқы қорапты сақтап қойыңыз. Ол кейінірек мониторды жылжытқанда немесе тасымалдағанда қажет болуы мүмкін. Мониторды тасымалдауға дайындау үшін:

1. Монитордан қуат жəне  бейне кабельдерін ажыратыңыз.

2. Тіреудің алдындағы түймені басыңыз жəне монитор тақтасын негізден көтеріңіз .

                                  

                        

                        Сурет 3:   Монитор тақтасын алу

 

   Егер сіз мониторды  тазалаған кезде немесе мониторды  тасымалдаған кезде жоғарыда  көрсетілген үлгі бойынша жасамасаңыз  сіз онда мониторды зақымдап  алуыңыз мүмкін. Ондай жағдайды  болдырмайын десеңіз жоғарыда айтылып кеткен сақтық шараларын бойынша жұмыс жасаңыз. Немесе осы істі білетін адам арқылы жасауға болады.

3.2 Мониторды орнату

         Мониторды орауыштан шығарыңыз.

1.Құрамындағы заттардың барлығының болуын тексеріңіз. Қорабын сақтап қойыңыз.

2. Компьютерді жəне басқа  бекітілген құрылғыларды өшіріңіз.

3. Мониторды жинау үшін  тегіс бетті дайындаңыз. Орнатуға  дайындағанда монитор экранын  қою үшін тегіс, жұмсақ, қорғалған  аймақ керек болады.

       Мониторды жинау.

     Мониторды компьютер жанындағы ыңғайлы, жақсы желдетілетін жерге қойыңыз. Монитор кабельдерін мониторды жинағаннан кейін қосыңыз. Экран сынғыш. СКД экранға тимеңіз немесе қысым түсірмеңіз; бұл зақымдауы мүмкін. Жылтыр жақтауы бар монитор дисплейлері үшін дисплейді қоюды қарастырыңыз, өйткені жақтау айналадағы жарықтан жəне жарық беттен кедергі келтіретін шағылысуларды тудыруы мүмкін.

 Монитор тақтасын тегіс, жұмсақ, қорғалған үстел бетіне  қойыңыз.

Тіреуді негіздегі ойыққа тіреу негізге сырт етіп орнағанша сырғытыңыз.

Монитордағы тоспалы кронштейінді тіреудің үстіндегі тесікке сырғытыңыз. Толық салынғанда, тақта орнына шырт етіп түседі.

      Монитор кабельдерін қосу.

       Кабельдерді мониторға қосу алдында компьютер мен монитор өшірілгеніне көз жеткізіңіз. DVI, VGA немесе HDMI сигналын пайдаланғанда, аудио шығысты сыртқы динамиктерге қосу керек. Бейне көзін пайдаланылатын бейне кабель анықтайды. Монитор қай кірістердің жарамды бейне сигналдары бар екенін автоматты түрде анықтайды. Кірістерді алдыңғы тақтадағы көз түймесін басу арқылы таңдауға болады.

       VGA видео кабелін қосу.

       VGA бейне кабелінің бір соңын мониторға жəне екінші соңын компьютердегі VGA бейне ұяшығына қосыңыз. VGA кабелі таңдаулы үлгілер үшін ғана жабыдқталған.

DVI-D бейне кабелінің бір  соңын мониторға жəне екінші  соңын компьютердегі DVI-D бейне ұяшығына  қосыңыз. Бұл кабельді компьютерде  біріктірілген немесе орнатылатын DVI үйлесімді

графикалық тақта болса ғана пайдалана аласыз. DVI-D ұяшығы мен кабель таңдаулы үлгілерде ғана жабдықталған.

        HDMI кабелін қосу.

        HDMI кабелінің бір соңын монитордың артына, екінші соңын кіріс құрылғысына қосыңыз. HDMI кабель таңдаулы үлгілерде ғана жабдықталған.

 Аудио ағынын тікелей  сыртқы динамиктерге немесе аудио  қабылдағышқа қосу керек.

     HDMI дыбысын алу

     Мониторды қосу үшін HDMI кабелін пайдалансаңыз, Microsoft Windows жүйесінде параметрді реттеу арқылы HDMI дыбысын іске қосу керек. HDMI іске қосылмаған болса, дыбысты естімейсіз. Компьютерде HDMI дыбысын іске қосу үшін:

1. Windows жүйелік тақтасында  дыбыс деңгейі белгішесін тінтуірдің  оң жақ түймесімен басыңыз.

2. Устройства воспроизведения  тармағын таңдаңыз. Дыбыс терезесі  ашылады.

3. «Воспроизведение» қойындысында  тізімдегі HDMI шығыс аудио құрылғысын  таңдаңыз.

4. По умолчанию түймесін  басыңыз.

5. Применить түймесін  басыңыз.

6. Терезені жабу үшін OK түймесін басыңыз.

      Қуат сымын қосу

      1. Барлық электр жəне қуат туралы ескертулерді орындаңыз.Тоқ соғу жəне құралды бүлдіріп алу қаупін азайту үшін: Қуат сымы ашасының жерге қосу контактісін ажыратпаңыз. Тоқ айыры - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі қуат сымының ашасын жерге қосылған розеткаға қосыңыз.

Оператор қуат сымының ашасын қосқан жерге қосылған электр розеткасына оңай жете алатынына жəне жабдыққа мүмкіндігінше жақын орналасқанына көз жеткізіңіз. Қуат сымын оның үстінен жүрмейтіндей не үстіне немесе жанына қойылған заттар қыспайтындай өткізу керек. Қуат сымдарының немесе кабельдердің үстіне ештеңе қоймаңыз. Оларды ешкім кездейсоқ баспайтындай етіп немесе оларға шалынбайтындай етіп реттеңіз. Сымнан немесе кабельден ұстап тартпаңыз.

2. Қуатпен қамту сымының  дөңгелек соңын мониторға қосыңыз, содан кейін сымның бір соңын  қуат көзіне жəне екінші көзін  жерге қосылған электр розеткасына  қосыңыз.

Ток соғудан жарақат алуды болдырмау үшін тиісті түрде жерге қосылған электр розеткасы болмаса, келесі əрекеттердің бірін орындау керек:

1. Сіз тиісті жерге қосуды қамтамасыз ететін электр розеткасы адаптерін пайдалануыңыз керек.

2.Сізде тиісті түрде жерге қосылған розетка орнатылған болуы керек.

  Анықтығы жоғары жəне кең жолақты сандық мазмұнды қорғау (HDCP) таңдаулы үлгілерде ғана жабдықталған

 Монитор HDCP жүйесін қолдайды жəне анықтығы жоғары мазмұнды қабылдау мүмкіндігі бар. Анықтығы жоғары мазмұн көп көздерде қол жетімді, мысалы, Blu-ray диск құрылғыларында немесе HDTV əуе немесе кабельдік таратылымдарында. Егер HDCP-мүмкіндігі бар мониторыңыз болмаса, анықтығы жоғары қорғалған мазмұн ойнатылғанда, бос экран немесе төмен ажыратқышты бейне пайда болады. Қорғалған мазмұнды көрсету үшін графикалық тақта да, монитор да HDCP протоколын қолдауы керек.

   Мониторды қосу

  1. Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.

  2. Компьютерді қосу үшін, ондағы қуат түймесін басыңыз.

Анықтығы жоғары жəне кең жолақты сандық мазмұнды қорғау таңдаулы үлгілерде ғана жабдықталған

     Мониторлардағы пикселдердің күйіп кетуі экранда ұзақ уақыт бойы бір статикалық кескінді көрсетудің нəтижесінде орын алуы мүмкін.Мұндай зақымдалуды болдырмау үшін экран сақтағышын қосу керек немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса мониторды өшіру керек. Қалдық кескін барлық СК экрандарда пайда болуы мүмкін. HP кепілдігінің шарттары пикселдері күйіп кететін мониторларды қамтымайды. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай. HP кепілдігі күйіп кеткен пикселдері бар мониторларды қамтымайды. Ұзақ уақыт кезеңі болып 12 сағат қатар пайдаланбау табылады. Мониторды қосқанда, монитор күйі туралы хабар бес секунд бойы көрсетіледі жəне монитордың артындағы жарық диоды индикаторы жасыл болады. Бұл хабар қай кіріс ағымдағы белсенді сигнал екенін, көзді автоматты түрде ауыстырып қосу реттеуінің күйін «Қосу» немесе «Өшіру», əдепкі көз сигналын, ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығын жəне ұсынылған алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығын көрсетеді.

Информация о работе Сұйық кристалды мониторлар