Сұйық кристалды мониторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Цифрлік есептеу машиналарын құрудағы прогресс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 40-жылдардың ортасында алғашқы шамдық есептеу құрылғылыры құрылды. Көпшілік қолданатын бірінші электрондық цифрлік компьютер ENІAC Пенсильвания университетінде Дж.Мочли мен Дж. Эккеррттің басқаруымен жобаланған. ENІAC-тің негізгі кемшілігі есептеу процесін программалау электрлі қосқыштарды және кабельдерді колдан қосу арқылы жасалды.ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Монитор типі ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек.

Содержание

1.КІРІСПЕ
1.1 Сұйық кристалдық мониторлары.........................................................................4
2. Техникалық қызмет көрсету.................................................................................8
2.1.Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат..........................................................................................................8
2.2. Сақтық шаралары және техникалық қызмет көрсету нұсқаулары..................9
3. Монитор ұғымының түіснігі..............................................................................10
3.1. Мониторды тазалау және тасымалдау..............................................................11
3.2.Мониторды орнату..............................................................................................12
3.3. Мониторды пайдалану.......................................................................................15
3.4. Қосымша ақауларды жою..................................................................................19
3.5. Нормативтік мәліметтер....................................................................................21
3.6 Техникалық сипаттамалар және сұйық кристалдық монитордың сапасы мен кескін элементтері туралы саясат............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Компьютерлік интерфейс.docx

— 134.72 Кб (Скачать документ)

       Мониторда оңтайлы ажыратымдылықты орнату мүмкін болмады -Графикалық тақта оңтайлы ажыратымдылықты қолдайтынын тексеріңіз.Графикалық тақта үшін ең соңғы қолдау көрсетілетін драйвер орнатылғанын тексеріңіз. HP жəне Compaq жүйелері үшін ең соңғы графикалық драйверді мына мекенжайдан қостыра аласыз: www.hp.com/support. Басқа жүйелер үшін графикалық тақтаның веб- торабын қараңыз .

  Дыбыс жоқ - Динамиктің аудио кабелі мен USB қуат кабелі тікелей компьютерге қосылғанын тексеріңіз.Сыртқы спикерлер таңдаулы үлгілерде ғана бар.

      Техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдындағы дайындық.

Егер осы бөлімдегі ақауларды жою кеңестерін пайдалана отырып мəселені шеше алмасаңыз, техникалық қолдау қызметіне қоңырау соғу қажет болуы мүмкін.

Техникалық қолдау қызметінің контакт мəліметтерін алу үшін монитормен бірге келген басып шығарылған құжаттаманы қараңыз. Қоңырау шалғанда сізде келесі ақпарат болуы керек:

● Монитор моделінің нөмірі (монитордың артындағы жапсырмада орналасқан)

● Монитордың сериялық нөмірі (монитордың артындағы жапсырмада немесе экрандық мəзірдің ақпараттық мəзірінде орналасқан)

● Шоттағы сатып алу күні

● Ақаудың пайда болу жағдайлары

● Алынған қате туралы хабарлар

● Жабдық конфигурациясы

● Сіз пайдаланып жатқан жабдықтың атауы мен нұсқасы

    Әрбір компьютерде жұмыс атқарып жатқан адам, мейлі ол маман болсын, немесе бірінші рет компьютерде отырса да, міндетті түрде техника қауіпсіздігін сақтауы керек. Жұмыс кезінде монитордың жарық шығаратын құбыры жоғары кенеуде болады. Аппаратураны, сым жүйелері мен мониторды дұрыс қолданбасаңыз, электр тоғынан қатты зақымдануға және аппаратураның күйіп кетуіне әкеп соғады.

    Дисплеймен жұмыс жасау уақытында: 
•  Аппаратураның дұрыстығын тексеру керек, ал егер төтенше дыбыстар естіле бастаса немесе пернетақтаның өзінен-өзі сөніп қалу жағдайы болса, жұмысты дереу тоқтатып, оқытушыны алдын-ала ескертіңіз; 
• Пернетақтаны ақырын басып, қауырт соққылардың болмауын қадағалау; 
• Пернетақтада жұмыс істегенде қолыңыз таза болсын;

• Аппаратураның жұмыс кезінде шығып жатқан ақауларын өздігінен дұрыстауға тырыспаңыз. 
Жүйелі блок. Компьютердің жүйелі блогы соқтықпайтын және толқындар (вибрациялар) компьютерге зақым тигізуі мүмкін. Жүйелі блокты басқа құралдармен қосып тұратын сымдар тек, компьютер сөніп тұрған уақытта ғана қыстырылуы немесе алынуы керек.   Олай болмаған жағдайда сіздің жүйелік блогыңыз істеп шығып қалуы мүмкін. Компьютерлер орналасқан бөлмеде темекі шегуге болмайды

 

3.5 Нормативтік мәліметтер

        Байланыс жөніндегі федералдық комиссияның FCCмəлімдемесі.

Бұл жабдық сыналып, FCC ережелерінің 15-ші бөліміне сай В класты сандық құрылғы шектеулеріне сай екені анықталды. Бұл шектеулер тұрғын үйде орнатылғанда зиянды əсерлерден жеткілікті қорғауды қамтамасыз ету үшін жасалған. Бұл жабдық радио сəулелену энергиясын тудырады, пайдаланады жəне таратады жəне нұсқауларға сай орнатылмаса жəне пайдаланылмаса, радио байланысқа зиянды кедергілер жасауы мүмкін. Бірақ, нақты орнатымда кедергілердің пайда болмайтынына кепілдік берілмейді. Егер бұл жабдық радио немесе теледидар қабылдауына зиянды кедергілер тудырса (мұны жабдықты өшіріп, қосу арқылы анықтауға болады), пайдаланушы келесі шаралардың бірін немесе бірнешеуін пайдаланып кедергілерді жоюға тырысуы керек:

 ● Қабылдау антеннасының бағдарын немесе орнын өзгертіңіз.

 ● Жабдық пен қабылдағыш арасындағы қашықтықты арттырыңыз.

 ● Жабдықты қабылдағыш қосылғаннан басқа тізбектегі розеткаға қосыңыз.

 ● Көмек алу үшін дилерге немесе тəжірибелі радио немесе теледидар технигіне хабарласыңыз.

  Өзгертулер.

  FCC пайдаланушыға Hewlett-Packard компаниясы анық бекітпеген осы құрылғыға кез келген өзгертулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығын жоққа шығаруы мүмкін екені туралы хабарлауды талап етеді.

  Кабельдер.

  FCC ережелері мен стандарттарына сəйкестікті қамтамасыз ету үшін бұл құрылғыға қосылымдарды металл RFI/EMI бөлшектері бар экрандалған кабельдер көмегімен орындау керек.

    CC логотипімен белгіленген өнімдер үшін сəйкестік декларациясы тек АҚШ

Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөлігіне сай келеді. Пайдалану үшін екі шарт орындалуы керек:

1. Бұл құрылғы зиянды  кедергілерді тудырмайды.

2. Бұл құрылғы кез келген  алынған кедергіні, соның ішінде  қалаусыз жұмысты тудыруы мүмкін  кедергіні қабылдауы керек.

  Өнімге қатысты сұрақтар бойынша хабарласуға болады:

Hewlett Packard компаниясы 

P. O. Box 692000, Mail Stop 530113

Houston, Texas 77269-2000

Немесе 1-800-HP-INVENT (1-800 474-6836) нөміріне қоңырау шалыңыз

Осы FCC мəлімдемесі туралы сұрақтармен хабарласыңыз: Hewlett Packard компаниясы P. O. Box 692000, Mail Stop 510101 Houston, Texas 77269-2000 Немесе (281) 514-3333 нөміріне қоңырау шалыңыз Өнімді идентификациялау үшін өнімдегі бөлік, серия немесе модель нөмірін қараңыз.

Еуропалық Одақ, нормативтік мəліметтер.

CE белгісі бар өнімдер  келесі EU директиваларына сай келеді:

● 2006/95/EC төмен кернеу туралы директивасы

● EMC 2004/108/EC директивасы

● Тиісті жерде 2009/125/EC экодизайн директивасы

FCC логотипімен белгіленген  өнімдер үшін сəйкестік декларациясы тек АҚШ 35

  Бұл өнімнің СЕ сəйкестігі НР қамтамасыз еткен дұрыс СЕ белгісі бар айнымалы ток адаптарі пайдаланылғанда жарамды.

Бұл директиваларға сəйкестік НР осы өнім мен өнімдер тобы үшін шығарған ЕО сəйкестік декларациясында тізілген үйлестірілген Еуропалық стандарттарға (Еуропалық нормаларға) сəйкестікті білдіреді. Бұл декларация өнім құжаттамасының ішінде немесе келесі веб-торапта қол жетімді:      http://www.hp.eu/certificates

Бұл сəйкестікті өнімдегі келесі сəйкестік белгілерінің бірі көрсетеді:

• Қуат класы 10 мВт аралығындағы телекоммуникациялық емес өнімдер мен ЕО үйлестірген телекоммуникациялық өнімдер үшін, мысалы, Bluetooth®.

• EU үйлесімді емес телекоммуникациялық өнімдер үшін (Тиісті болса, CE мен арасында 4 саннан тұратын нөмір енгізіледі).

Осы өнімде берілген нормативтік жапсырманы қараңыз.

  Нормативтік мəселелер бойынша мына мекенжайға хабарласыңыз: Hewlett-Packard GmbH, Dept./MS: HQ-TRE, Herrenberger Strasse 140, 71034 Boeblingen, GERMANY.

   Германия, эргономика жөніндегі мəлімдеме

HP бренд өнімдерінен тұратын  жүйе барлық əсер етілетін  құрамдас өнімдерде, мысалы, үстелдік  компьютерде, пернетақтада, тінтуірде  жəне мониторда «GS» бекіту  белгісі болса, тиісті неміс эргономикалық  талаптарына сай келеді. Өнімдермен  бірге берілетін орнату нұсқаулықтары  конфигурациялау туралы ақпаратты  қамтиды.

    HP қайта өңдеу бағдарламасы

HP компанияы пайдаланылған  электрондық жабдықтарды, түпнұсқа HP басып шығару картридждерін  жəне қайта зарядталатын батареяларын  қайта өңдеуге өткізуге шақырады. Қайта өңдеу бағдарламалары туралы  қосымша ақпарат алу үшін мына  мекенжайға өтіңіз: www.hp.com/recycle.

   

3.6 Техникалық сипаттамалар және сұйық кристалдық монитордың                                 сапасы мен кескін элементтері туралы саясат

 

        Барлық техникалық сипаттамалар HP құрамдастар өндірушілері берген əдеттегі техникалық сипаттамалар болып табылады; өнімділік жоғарырақ немесе төменірек болуы мүмкін.

  HP сұйық кристалдық мониторлары

 

Техникалық сипаттамала

 

Бейне кіріс ұялары

VGA, DVI жəне HDMI

HDMI Terminal for the 2211f only

Ең жоғары салмақ (орамсыз)

3.5 kg (7.7 lb)

Өлшемдер (е x д x б)

519,53 x 159 x 396,3 мм (20,45 x 6,26 x 15,60 дюйм)

Ең үлкен графикалық ажыратымдылық

1920 x 1080 @ 60 Гц

Ең қолайлы графикалық ажыратымдылық

1920 x 1080 @ 60 Гц

Қуат көзі (aдаптер)

100-240 В айнымалы ток (ca), 50/60 Гц

Қуат көзі (монитор)

12В тт, 50/60 Гц


                       

                          Кесте 1:  2211f/2211x сипаттамалары

 

Пайдаланушы режимдеріне кіру

     Мына жағдайларда бейне контроллерінің сигналы кездейсоқ алдын ала орнатылмаған режимді шақыруы мүмкін:

● Сіз стандартты графикалық адаптерді пайдаланып жатқан жоқсыз.

● Сіз зауытта алдын ала орнатылған режимді пайдаланып жатқан жоқсыз. Егер бұл орын алса, экрандағы дисплейді пайдалана отырып монитордың параметрлерін қайта реттеу керек болуы мүмкін. Өзгертулерді осы зауытта алдын ала орнатылған режимдердің кез келгеніне немесе барлығына енгізуге жəне жадта сақтауға болады. Монитор жаңа параметрді автоматты түрде сақтайды, содан кейін жаңа режимді дəл зауытта алдын ала орнатылған режимге ұқсас таниды. Сондай-ақ, енгізуге жəне сақтауға болатын кемінде он пайдаланушылық режим бар.

     Сұйық кристалдық монитордың сапасы мен кескін элементтері туралы саясат

         СКД мониторыңызда ақауларсыз жұмыс істеуіне кепілдік беру үшін жоғары стандарттарға сай жасалған, дəлдігі жоғары технология пайдаланылған. Дегенмен, дисплейде шағын жарық  немесе күңгірт дақтар сияқты мардымсыз қателер пайда болуы мүмкін. Бұл барлық жеткізушілер қамтамасыз ететін өнімдерде пайдаланылатын барлық СКД монитор дисплейлерінде болады, тек сіздің СКД мониторыңызға ғана тəн емес. Бұл қателерді бір немесе бірнеше ақаулы пикселдер немесе ішкі пикселдер тудырады. Пиксел бір қызыл, бір жасыл жəне бір көк ішкі пикселден тұрады. Ақаулы тұтас пиксел əрқашан қосулы (күңгірт фондағы жарық нүкте) немесе əрқашан өшірулі (жарық фондағы күңгірт нүкте) болады. Екеуінің ішінен біріншісі қаттырақ көрінеді. Ақаулы ішкі пикселді (нүкте ақаулығын) ақаулы тұтас пикселмен салыстырғанда көру қиынырақ, əрі ол шағын жəне тек нақты өңде көрінеді. Ақаулы пикселдерді табу үшін мониторды қалыпты жағдайларда, қолдау көрсетілетін ажыратымдылықпен жəне жайма жиілігімен шамамен 50 cм (16 дюйм) қашықтықтан қарап шығу керек. HP компаниясы өнеркəсіп уақыт өте келе азырақ косметикалық кемшіліктері бар СК дисплейлерді жасау технологиясын жақсартуды жалғастырады деп күтеді, HP компаниясы жақсартуларды енгізу барысында ұсыныстарды жақсартады. СКД мониторы мен пиксел саясаты туралы қосымша ақпарат алу үшін HP веб-торабын қараңыз: www.hp.com/support. HP веб-торабында кескін элементтері туралы саясатты туралы ақпаратты табу үшін іздеу жолағына «HP Pixel Policy» («HP компаниясының кескін элементтері саласындағы саясаты») енгізіп, Enter пернесін басыңыз.

Алдын ала орнатылған

HD видео ажыратымдылығы

Ажыратым

дылық

Көлденең жиілік (кГц)

Тік жиілік (Гц)

2

720p60

1280 x 720

45

60

3

576p

720 x 400

31,46

50

4

720p50

1280 x 720

37,5

50

5

1080p60

1920 x 1080

67,5

60

6

1080p50

1920 x 1080

56.25

50


 

Кесте 2: HDMI Жоғары анықтығының зауытта қойылған видео режимдері  таңдаулы үлгілрде ғана

Қорытынды

        Осы  курстық жұмысты оқып, мазмұнын  кең қарастыра  отырып менің  түсінгенімді қысқаша қорытынды  бөлімінде айтып кетейін.Осы сұйық  кристалды мониторлар жайлы курстық  жұмыста біз көп нәрсені түсіндік  деп ойлаймын. Яғни монитордың не екенін, дисплейдің, скд-дің және мониторларды қалай пайдалану керек екенін, техникалық қызмет көрсету жайлы тоқталған болатынмын. Енді қарастырылған сұрақтарға қысқаша тоқтап кетсек:

  Цифрлік есептеу машиналарын құрудағы прогресс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде  орналасқан  мониторды басқару блогы.

    Монитор - компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады. Мониторлар мәтіндік және график режимде жұмыс істей алады. Түрлі түсті мониторларда нүктелер көлемі 0,24 мм болады. Нүктелер көлемі 0,39 мм-ден үлкен мониторларда экрандағы бейне анық көрсетілмейді. Мониторлар монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі түсті болып ажыратылады.

      Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар  танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.      Сұйық кристалды дисплей — негізінен ықшам компьютерлерге жасап шығарылатын дисплей; ақпарат бейнелеу құрылғысы ретінде сұйық кристадды экран қолданылған. Бұндай экран екі шыны пластинкадан түрады.Олардың ортасында (қосылған электр зарядына байланысгы өзінің оптикалық құрылымын өзгерте алатын) сүйық кристалдардан құрылған қоспа орналасқан. Сұйық кристалдар бірінші рет калькуляторлардың дисплейлерінде және кварцты сағаттарда, содан соң ықшам компьютерлердің мониторларында пайдаланыла бастады. Сұйық кристалды мониторлар ықшамдылығымен, энергияны аз тұтынуымен және басқада артықшылықтарымен ерекшелінеді. Сондықтанда басқару және ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелерінде кеңінен таралған.

   Ақпаратты өңдеу мен басқару жүйелерімен жұмыс жасайтын оператор үшін монитордың сапасы шешуші фактор болып табылады. Себебі монитор алдында көптеген сағаттар бойы қажымай жұмыс жасау адам үшін ауыр жүк боп саналады.

Информация о работе Сұйық кристалды мониторлар