Сұйық кристалды мониторлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Цифрлік есептеу машиналарын құрудағы прогресс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 40-жылдардың ортасында алғашқы шамдық есептеу құрылғылыры құрылды. Көпшілік қолданатын бірінші электрондық цифрлік компьютер ENІAC Пенсильвания университетінде Дж.Мочли мен Дж. Эккеррттің басқаруымен жобаланған. ENІAC-тің негізгі кемшілігі есептеу процесін программалау электрлі қосқыштарды және кабельдерді колдан қосу арқылы жасалды.ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Монитор типі ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау керек.

Содержание

1.КІРІСПЕ
1.1 Сұйық кристалдық мониторлары.........................................................................4
2. Техникалық қызмет көрсету.................................................................................8
2.1.Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат..........................................................................................................8
2.2. Сақтық шаралары және техникалық қызмет көрсету нұсқаулары..................9
3. Монитор ұғымының түіснігі..............................................................................10
3.1. Мониторды тазалау және тасымалдау..............................................................11
3.2.Мониторды орнату..............................................................................................12
3.3. Мониторды пайдалану.......................................................................................15
3.4. Қосымша ақауларды жою..................................................................................19
3.5. Нормативтік мәліметтер....................................................................................21
3.6 Техникалық сипаттамалар және сұйық кристалдық монитордың сапасы мен кескін элементтері туралы саясат............................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

Компьютерлік интерфейс.docx

— 134.72 Кб (Скачать документ)

     HP су белгісі мен қалдық бейне тəртібі.

     HP 2011xi IPS жəне HP 2311xi IPS мониторлы үлгілері ультра-кең көлемді көру бұрыштары мен жетілдірілген бейне сапасын қамтамасыз ететін IPS (жазықтық ауыстыру) дисплей технологиясымен жасалған. IPS мониторларын түрлі жетілдірілген бейне сапасына арналған бағдарламалармен қолдануға жарамды, Бұл панель технологиясы статикалық, стационарлық немесе тұрақты бейнелерді ұзақ уақыт аралығында экран қорғаушысын қолданбай көрсетететін бағдарламалармен қолдануға жарамайды. Бұндай бағдарламалардың қатарына камера бақылаушы, видео ойнындар, сауда логолары жəне экранда ұзақ уақыт ойнатылатын үлгілер жатады. Статикалық бейнелер экранда дақ немесе су дақтары сияқты көрінетін бейне қалдықтарының пайда болуына себеп болуы мүмкін. Мониторды 24 сағат қолдану нəтижесінде пайда болатын бейне ақаулықтары HP кепілдемесінде аталмаған. Бейне ақаулықтарын болдырмау үшін қолданыстан тыс кезде мониторды өшіріп қойыңыз немесе, егер жүйеде жабдықталған болса, қуат басқару параметрін қолданыстан тыс кезде мониторды өшіру қызметіне қойыңыз.

     Бейне кіріс ұяшықтарын таңдау.

     Кіріс ұяшықтары:

● VGA (аналогтық)

● DVI-D жалғағышы (сандық) таңдаулы үлгілерде ғана

● HDMI жалғағышы (сандық) таңдаулы үлгілерде ғана Монитор автоматты түрде сигнал кірістерінде қосылған кіріс бар-жоғын қарап шығады жəне көрсету үшін сол кірісті пайдаланады. Егер екі кіріс белсенді болса, монитор əдепкі кіріс көзін көрсетеді. Егер əдепкі көз белсенді кіріс болмаса, монитор басқа белсенді кірісті көрсетеді. Экрандық мəзірде əдепкі бойынша орнатылған көзді өзгерту үшін алдыңғы тақтада Мəзір түймесін басыңыз жəне Управление источником > Источник по умолчанию тармағына өтіңіз.

 

 

 

3.3 Мониторды пайдалану

        Бағдарламалар жəне қызметтік бағдарламалар бар ықшам диск.

Бұл монитормен бірге берілген ықшам диск компьютерге орнатуға болатын драйверлер мен бағдарламаларды қамтиды.

    Драйверлерді орнату

Драйверлерді орнату керек екенін анықтасаңыз, ықшам дискіден монитордың INF драйверін жəне ICM файлдарды орнатуға болады немесе оларды Интернеттен жүктеуге болады.

    Монитор драйвері бағдарламасын ықшам дискіден орнату.

Монитор драйвері бағдарламасын ықшам дискіден орнату үшін:

1. Ықшам дискіні компьютердің CD дискіенгізгісіне салыңыз. Ықшам  дискі мəзірі пайда болады.

2. Тілді таңдаңыз.

3. Установить ПО драйвера  монитора тармағын таңдаңыз.

4. Экрандағы нұсқауларды  орындаңыз.

5. Дисплейді басқару тақтасының  параметрлерінде ажыратымдылық  пен жаңарту жиіліктерінің дұрыс  мəндері көрсетілетініне көз  жеткізіңіз. Қосымша ақпарат алу  үшін Windows операциялық жүйесінің  құжаттамасын қараңыз.

Орнату қатесі орын алған жағдайда монитордың сандық қолтаңба қойылған драйверлерін қолмен орнату керек болуы мүмкін. Нұсқауларды ықшам дискідегі «Driver Software Readme» (Драйверлерді орнату туралы нұсқаулар) файлында оқыңыз (тек ағылшын тілінде).

      Интернеттен жаңартылған драйверлерді жүктеу.

 HP қолдау торабынан драйверлер мен бағдарламалардың ең соңғы нұсқаларының файлдарын жүктеу үшін:

1. Мына мекенжайға өтіңіз: www.hp.com/support.

2. Елді/аймақты таңдаңыз.

3. Загрузка драйверов  и программного обеспечения тармағын  таңдаңыз.

4. Монитор моделінің нөмірін  енгізіңіз. Мониторыңыз үшін бағдарламаны  жүктеу беттері көрсетіледі.

5. Жүктеу беттеріндегі  нұсқауларды орындап драйвер  жəне бағдарлама файлдарын қотарып, орнатыңыз. Жүйенің талаптарға сай  екеніне көз жеткізіңіз.

     Алдыңғы тақтаның басқару элементтері.

Түйме – Сипаттама

Жылдам көру - Көріп жатқан мазмұн үшін қолайлы көру режимін таңдауға болатын экрандық тез көру мəзірін ашады.

Алу - Экрандық мəзірмен артқа өту жəне реттелетін параметр деңгейін азайту.

Көз - Компьютерден бейне кіріс көзін таңдайды. 2011s үлгісінде жабдықталмаған.

Қосу - Экрандық мəзірмен алға өту жəне реттелетін параметр деңгейін көбейту.

Автореттеу - Экран кескінін автоматты түрде реттеу үшін басыңыз.

Бұл элементті тек VGA кіріс сигналымен бірге пайдалануға болады.

OK - Экрандық мəзірде таңдалған опцияға кіру.

Мəзір - Экрандық мəзірді ашады, таңдайды немесе одан шығады.

Мəзір түймесін 10 секунд бойы басу қалған экрандық мəзір түймелерінің жұмысын өшіреді. Оны қайтадан 10 секунд бойы басу функцияны қайта қосады.

Қуат - Мониторды қосады немесе өшіреді. Қуат түймесі монитордың төменгі оң жағында орналасқан.

Қуат түймесін 10 секунд бойы басу қуат түймесінің жұмысын өшіреді. Оны қайтадан 10 секунд бойы басу функцияны қайта қосады.

     Дисплей параметрлері мəзірін OSD пайдалану.

     Экрандағы кескінді өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеу үшін экрандық мəзірді пайдаланыңыз. Экрандық мəзірге кіру үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:

Экрандық мəзір мониторда көрілетін кемінде бір белсенді бейне кірісі болғанда қол жетімді болады.

1. Егер монитор əлі  қосылмаған болса, оны қосу үшін  Қуат түймесін басыңыз.

2. Экрандық мəзірге кіру  үшін Мəзір түймесін басыңыз. Негізгі экрандық мəзір көрсетіледі.

3. Негізгі немесе ішкі  мəзірді шарлау үшін монитордың алдыңғы тақтасындағы + (қосу) түймесін жоғары айналдыру немесе – (алу) түймесін кері айналдыру үшін басыңыз. Содан кейін бөлектелген функцияны таңдау үшін OK түймесін басыңыз.

4. Таңдалған элементтің масштабын реттеу үшін + (қосу) немесе – (алу) түймесін басыңыз.

5. Сохранить и выйти  пəрменін таңдаңыз. Бұл параметрді  сақтағыңыз келмесе, ішкі мəзірде  Отменить немесе негізгі мəзірде  Выход пəрменін таңдаңыз.

6. Экрандық мəзірден шығу  үшін Мəзір түймесін басыңыз.

Мəзір көрсетілгенде, түймелерді 30 секунд бойы баспаса (зауыттық əдепкі параметр), реттеулер мен параметрлер сақталып, мəзір жабылады.

    Экрандық мəзір опциялары.

    Төмендегі кестеде экрандық мəзір элементтерінің тізімі жəне олардың функцияларының сипаттамалары берілген. Экрандық мəзір элементін өзгерткеннен кейін жəне мəзір экранында осы опциялар бар болса, мыналарды таңдауға болады:

● Отменить – алдыңғы мəзір деңгейіне оралу.

● Сохранить и вернуться – барлық өзгертулерді сақтау жəне негізгі экрандық мəзіріне оралу. «Сохранить и вернуться» опциясы мəзір элементін өзгерткенде ғана белсенді.

● Сброс – алдыңғы параметрге өзгерту.

    Негізгі мəзір опциялары -Сипаттама

• Жарықтық - Экранның жарықтық деңгейін реттейді.

• Контраст - Экранның контраст деңгейін реттейді.

• Кескінді басқару - Экрандағы кескінді реттейді.

Автореттеу - Экран кескінін автоматты түрде реттеу.

    Бұл элементті тек VGA кіріс сигналымен бірге пайдалануға болады.

Синхроимпульстар - Экран өңіндегі тік жолақтарды азайтады. Сондай-ақ, синхроимпульстар көмегімен көлденең экран кескінін (тек VGA кірісі) реттеуге болады.

 Синхроимпульстар фазасы - Дисплейдің фокусын реттейді. Бұл мəзір тармағы көлденең шуды жоюға, əрі таңбалардың анықтығын немесе айқындылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді (тек VGA кірісі).

Көлденеңінен орналасуы - Экрандағы кескіннің орнын солға жəне оңға реттейді.

Тігінен орналасуы - Экрандағы кескіннің орнын жоғары жəне төмен реттейді.

Таңдамалы масштаб -Мониторда көрсетілетін ақпаратты пішімдеу əдісін таңдау. Таңдаңыз:

● Экранды толтыру – кескін бүкіл экранды толтырады жəне биіктік пен енінің пропорционалды емес масштабына байланысты бұрмаланған немесе созылған болып көрінуі мүмкін.

● Арақатынасты ескеріп толтыру – кескін экран өлшемі бойынша масштабталады, бірақ пропорциялар сақталады.

Ұсынылған параметрлер -Монитор үшін ұсынылған ажыратымдылық режимі жəне жаңарту жиілігі беріледі.

 Сериялық нөмір - Монитордың сериялық нөмірі беріледі. Сериялық нөмір HP техникалық қолдау қызметіне хабарласқанда қажет.

FW нұсқасы - Монитордың микробағдарламасының нұсқасы беріледі.

Жарықтандырудың жұмыс сағаттары -Жарықтандырудың жалпы жұмыс істеген уақытын хабарлайды.

Қызмет көрсету - Қызмет көрсету үшін мына мекенжайға өтіңіз: www.hp.com/ support.

    

 

 

Монитор күйлерін анықтау

      Келесі монитор күйлері үшін монитор экранында арнайы хабарлар пайда болады:

● Состояние монитора – мониторды қосқанда немесе кіріс көзінің сигналын өзгерткенде, монитор күйі туралы хабар бес секунд бойы көрсетіледі. Бұл хабар қай кіріс ағымдағы белсенді сигнал екенін, көзді автоматты түрде ауыстырып қосу реттеуінің күйін («Қосу» немесе «Өшіру»), əдепкі көз сигналын, ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығын жəне ұсынылған алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығын көрсетеді.

 ● Входной сигнал за пределами допустимого диапазона – бейне тақтадан келетін кіріс сигналдың ажыратымдылығы немесе жаңарту жиілігі монитор қолдайтыннант жоғарырақ етіп орнатылған.

Бейне тақтаның параметрлерін төменірек ажыратымдылыққа немесе жаңарту жиілігіне өзгертіңіз. Жаңа параметрлер күшіне енуі үшін компьютерді қайта іске қосыңыз.

● Блокировка кнопки питания – қуат түймесі құлыптаулы екенін көрсетеді. Егер қуат түймесі құлыпталған болса, Блокировка кнопки питания ескерту хабары көрсетіледі. Қуат түймесі блокталған болса, қуат түймесі функциясын блоктан шығару үшін қуат түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.

  Қуат түймесі блоктан шығарылған болса, қуат түймесі функциясын блоктау үшін қуат түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.

 ● Монитор переходит в спящий режим – экран дисплейі ұйқы режиміне кіріп жатқанын көрсетеді.

● Проверьте видеокабель – бейне кіріс кабелі компьютерге немесе мониторға дұрыс қосылмаған.

 ● Экранное меню заблокировано – экрандық мəзірді алдыңғы тақтадағы Мəзір түймесін 10 секунд бойы басып тұрып қосуға немесе өшіруге болады. Егер экрандық мəзір құлыпталған болса, «Экранное меню заблокировано» ескерту хабары 10 секунд бойы көрсетіледі.

    Экрандық мəзір блокталған болса, экрандық мəзірді блоктан шығару үшін Мəзір түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.

    Экрандық мəзір блоктан шығарылған болса, экрандық мəзірді блоктау үшін Мəзір түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.

 ● Динамическое соотношение контрастности ВКЛЮЧЕНО – контрасттықтың динамикалық қатынасы қосулы екенін көрсетеді.

• Экранная настройка – экрандық мәзірдің ішкі көрініс өзіңізге ыңғайлы баптаулары қою мәзірі.

• Изображения – сіздің теледидарыңыздың экрандық көрінісін реттейтін, яғни түсін қалай көрінуі жайлы баптаулар.

3.4 Қосымша ақауларды жою

           Жиі кездесетін ақауларды жою.Төмендегі мəселелері, əр мəселенің ықтимал себебі жəне ұсынылған шешімдер тізілген:

  Ақау -Ақауды жою əдісі

     Қуат түймесінің жарық диоды қосулы емес -қуат түймесі қосулы жəне қуат сымы жерге қосылған розеткаға мен мониторға қосылған екенін тексеріңіз.

Экрандық мəзірде Управление тармағын, содан кейін Светодиод питания на тармағын таңдаңыз. «Светодиод питания на передней панели» опциясы «Выкл» күйіне орнатылғанын тексеріңіз жəне солай болса, Вкл күйіне орнатыңыз.

Қуат көзінің жарық диоды қосулы емес. Қуат көзінің жарық диоды монитордың артында, қуат ашасы ұяшығының жанында орналасқан -Мониторға қуат келмейді. Қуат адаптерін ауыстыру үшін уəкілетті HP қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз.

Экран бос - Қуат сымын қосыңыз. Қуатты қосыңыз.

Бейне кабелін дұрыс қосыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін мониторды орнату.

Экранды «ұйқы» режимінен шығару үшін пернетақтадағы пернені басыңыз немесе тінтуірді жылжытыңыз.

Кескін анық емес немесе тым күңгірт болып көрінеді -Мəзір түймесін басып экрандық мəзірді ашыңыз да, жарықтық пен контраст шкалаларын реттеңіз.

Экранда «Проверьте видеокабель» жазбасы пайда болады -Компьютер мен монитор арасында тиісті бейне кабельді (VGA, DVI немесе HDMI) қосыңыз. Бейне кабелін қосып жатқанда компьютер қуаты өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.HDMI кірісі таңдаулы үлгілерде ғана бар.

Экранда «Входной сигнал вне диапазона» жазбасы пайда болады -Компьютерді қауіпсіз режимде қайта іске қосыңыз. Параметрлерді қолдау көрсетілетіндерге өзгертіңіз Жаңа параметрлер күшіне енуі үшін компьютерді қайта іске қосыңыз.

Кескін жайылады, жиегінде сəуле, көлеңке болады -Контраст пен жарықтықты реттеңіз.

Ұзартқышты немесе айырып-қосқыштар қорабын пайдаланып жатпағаныңызға көз жеткізіңіз. HP компаниясы мониторды тікелей компьютер артындағы графикалық тақта ұяшығына қосуды ұсынады.

Информация о работе Сұйық кристалды мониторлар