Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру
Курсовая работа, 24 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Курстық жұмыс ретінде «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» өзара бір – бірімен байланысты бірнеше бөлімдерді құрайды:
1. Зертханада тәжірибелерді ұйымдастырушылық мәселелері;
2. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы;
3. Қауіпсіздік техника ережелері;
4. Өрт және электр қауіпсіздігі;
5. Жедел жәрдем көрсету.
Осы бөлімдерге кіретін мәселелерді химияны оқыту барысында, химия ғылымы және химия өндірісі салаларында жұмыс істегенде химик мамандарға білу қажет.
і
Содержание
1. Кіріспе
2. Зертхана, химиялық лаборатория жайлы түсініктер
3. Тәжірибені ұйымдастырудағы талаптардың құқытары мен міндеттері
4. Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар (қағидаларын бекіту)
Прикрепленные файлы: 1 файл
Khimia_zertkhanasynda_t_1241_zhiribelerdi__1201_yymdastyru.docx
— 104.08 Кб (Скачать документ)
Мазмұны:
- Кіріспе
- Зертхана, химиялық лаборатория жайлы түсініктер
Тәжірибені ұйымдастырудағы талаптардың құқытары мен міндеттері
- Зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар (қағидаларын бекіту)
Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру
Кіріспе
Химия пәнін оқытуда, оның дамуында химиялық эксперименттің маңызы өте зор. Химиялық эксперимент – химияны оқыту барысында спецификалық әдіс. Сондықтан сарамандық, лабораториялық жұмыстардың негізгі мақсаты жаңа материалды жүйелеу, сарамандық іскерлік пен біліктерін қалыптастыру, әр-түрлі тәсілдерді менгертуді көздейді.
Химияның оқыту әдістемесі барысында сарамандық сабақтарға көп көңіл бөлінеді, әсіресе мектептегі химия курсында қарастырылатын эксперименттерді орындау техникасы мен әдістемесіне арналған сабақтардың маңызы өте зор.
Мектеп бағдарламасында берілген әр – бір тәжірибені студент химияны оқыту әдістемесінің талаптарына сәкес қарастырып орындау қажет. Ол үшін мектеп бағдарламасымен танысып, оқулықты берілген тарауды оқып, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, ұсынылған сарамандық, зертханалық жұмыстардың орындау техникасы мен әдістемесін білу керек.
Мектеп тәжірибесінде эксперимент жүргізудің бірнеше түрлері қолданылады: көрнекілік, зертханалық, сарамандық, тәжірибелер, және экспериментті есептер шығару.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау студенттерге химиялық экспериментті орындауға, оның техникасын меңгеруге, білімдерін тереңдетуге және өздерін мектепте жұмыс істеуге дайындап тәрбиелеуге көмек көрсететін құрал- нұсқау.
Осы әдіспен қатар студенттер сабақ өткізу барысында әр-түрлі деңгейдегі тапсырмаларды, тест тапсырмаларын құрастыруға, оқушылардың білімдерін жүйелеп тексеруге мүмкіндіктері бар.
«Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» курстық жұмысының маңызы зор, өйткені химия ғылымын оқыту барысында сан алуан зертханалық тәжірибелер өткізіледі. Химиялық тәжірибелерді өткізген уақытта еңбек қорғаулы болу үшін басты талап қауіпсіздік техникасын сақтау.
«Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» курстық жұмыс осы мәселелермен, еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларының проблемаларымен және іс – шараларымен айналысады. Осы проблемалардың басты шешімін ең алғашқы рет студенттер «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» курстық жұмысын тәмәмдағанда алады.
Курстық жұмысты қарастырғанда, жоғарыда аталған мәселелермен қатар, ұйымдастырушылық, құқықтық мәселелер де қарастырылады. Өрт және электр қауіпсіздігін қамтиды және еңбек барысында азаматтардың денсаулығын, жұмыс істеу қабілетін сақтау мәселесін шешуге бағытталған іс-шаралардан тұрады.
Курстық жұмыс ретінде «Химия зертханасында тәжірибелерді ұйымдастыру» өзара бір – бірімен байланысты бірнеше бөлімдерді құрайды:
- Зертханада тәжірибелерді ұйымдастырушылық мәселелері;
- Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы;
- Қауіпсіздік техника ережелері;
- Өрт және электр қауіпсіздігі;
- Жедел жәрдем көрсету.
Осы бөлімдерге кіретін мәселелерді химияны оқыту барысында, химия ғылымы және химия өндірісі салаларында жұмыс істегенде химик мамандарға білу қажет.
Зертхана - бақылау мен сынауға арнайы жабдықталған бөлме, онда кейде эксперементалды үлгі жасалынады.
Химиялық
лаборатория, химиялық
зертхана — химиялық тәжірибелер
мен зерттеулер жүргізуге арналған, арнайы
жабдықталған бөлме. Химиялық лаборатория
қолдану мақсатына қарай оқу, ғылыми-зерттеу,
зауыттық, бақылау лабораториялары
болып бөлінеді. Оқу лабораторияларында
оқушылар теоритикалық білімдерін толықтырып,
химиялық жабдықтар мен қондырғыларда
жұмыс істеуге үйренеді. Ғылыми-зерттеу
лабораторияларында ғылыми мәселелерді
шешу мақсатында әр түрлі тәжірибелер
жүргізіледі. Зауыт лабораторияларында
өндіріске қажетті шикізаттар мен одан
шығатын өнімдердің сапасы қадағаланады.
Бақылау лабораторияларында қондырғылар,
технологиялық сұлбалардың жұмыс істеуі,
тиімділігі, т.б. тексеріледі. Химиялық
лаборатория жұмыстарды жүргізу әдістеріне
қарай аналитикалық, анорганикалық, физикалық,
коллоидты химиялық, электрхимиялық, т.б.
болып бөлінеді. Химиялық лаборатория
мүмкіндігінше кең, терезелері үлкен,
жарық болуы және жарық жұмыс істеушінің
сол немесе алдыңғы жағынан түсіп тұруы
керек. Онда өрт сөндіргіш құралдар мен
алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жабдықтары
болуы шарт. Лабораториялардағы приборлар
мен ерітінділер бүлінбес үшін ол атмосферасы газ, шаң-тозаңдармен
ластайтын өнеркәсіп орындарынан алшақ
салынады. Химиялық лаборатория столының
беті линолеум, пластик немесе асбовинилді плиталармен қапталады.
Столдарының шкафтары мен тартпаларында
лабораториялық жұмысқа қажет химиялық
ыдыстар, приборлар, реактивтер сақталады. Жиі пайдаланылатын
реактивтер сөрелерге қойылады. Столдың
ұзындығы 1,5 — 3 м, жанында биік орындық,
тәжірибелер қорытындыларын жазатын жазу
орны болады. Химиялық лаборатория ауасын
таза ұстау үшін желдеткіш, тез ұшатын,
агрессивті (сұйық бром, концентрациялы
азот, күкірт қышқылдары) тез тұтанатын
(күкіртті көміртек, эфир, бензол, т.б.)
заттармен жұмыс істеуге арналған тартпалы
шкафы болады. Химиялық тәжірибелерде
көбінесе дистилденген су қолданылады,
сондықтан Химиялық лабораторияда суды
дистилдейтін қондырғылар орналастырылады.
Аналитикалық таразы, оптикалық нәзік
приборлар Химиялық лабораторияның қасындағы
жеке бөлмелерде сақталады
1.Мектептегі химия кабинеті
және онда жүргізілетін жұмыстардың
тәсілдері.
Мақсаты: Студенттерді химия кабинетінің құрал – жабдықтарымен және оның алдына қойылған талаптарымен, химия кабинетінде орындалатын жұмыстардың әдістемесімен, тәсілдерімен, ережелерімен, реактивтерді орналастыру және сақтау әдістерімен таныстыру.
Құрал-жабдықтар: Химиялық приборлардың үлгілері, химиялық ыдыста; қыздырғыш, өлшеуіш приборлар, химиялық инструменттер, реактивтер, (оксидтер, тұздар, негіздно, қышқылдар, индикаторлар) еңбек қорғаудан анықтама, қауіпсіздік ережелер инструкциялары, реактивтерді сақтаудың нормативті құжаттары.
Химия кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және алғашқы жәрдем көрсету
Көптеген химиялық заттар-күйдірігш, улы болып келеді, кейбір заттар қопарылғыш және жеңіл жанғыш. Сондықтан химиялық заттармен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерді нақты сақтау керек.
Зертханалық және сарамандық жұмыстарды орындау кезінде әр-түрлі химиялық заттарды пайдалануға тура келеді, олардың химиялық қасиеттерің білу қажет.
Жұмысты орындағандағы негізгі ережелер:
Есте сақтайтын міндетті ережелер:
-Химия кабинетінде жұмыс жасағанда әр уақытта сақ болыңыздар !
- Жұмыс орындарыңызды әрдайым таза ұстаңыздар!
-Қауіпсіздік ережелерін барлық уақытта сақтаңыздар
-Жұмыс жасаудан бұрын, сол заттың ерекшеліктерін естеріңізге түсіріңіздер. Тәжірибені орындауға қажетті ыдыстар мен аспаптарды, реактивтерді тексеріп шығыңыздар. Жұмыс істеуге қатысы жоқ бөгде заттарды алып қойыңыздар .
-Мұғалімнің немесе зертханашының
рұқсатынан кейін ғана, тапсырманы орындауға
кірісіңіздер.
-Тапсырмада көрсетілмеген немесе оқытушы ескертпеген жұмысты орындауға рұқсат етілмейді.
-Жұмыс кезінде бір-біріңе кедергі келтіруге болмайды.
-Реактивтерді алмастырып, бір-біріне құймаңыздар.
-Тәжірибені жасағанда қателеспеу үшін, ыдыстың сыртындағы зат белгісінен реактив формуласының дұрыстығын, массалық үлесін біліп алыңыздар.
-Химиялық реактивтерді қолмен ұстауға болмайды. Ол үшін керден немесе пластмасса қасықшаны, қалақшаны пайдаланыңыздар.
-Шашылған немесе төгілген реактивтерді қайтадан өз ыдыстарына салуға немесе құюға болмайды.
-Химиялық реактивтердің дәмін татып, тексеруге болмайды.
-Газдарды, заттарды мұрынға сәл жақындатып, қолмен желпіп искеу керек. Мұрынға бірден апаруға болмайды.
-Зиянды бу, газ бөлетін тәжірибелерді тек тартпа шкафта орындау керек.
-Сұйықтарды әр түрлі ыдыстарда қыздырғанда, ыдыстын ауызын кісі жоқ жаққа қаратыңыздар.
-Қыздырып жатқан сұйықтықтын үстінен қарамандар, өйткені ол төгіліп, күйдіруі мүмкін.
-Қыздырылған ыстық заттарды сыртынан шүберекпен орап алыңыздар.
-Сұйықтықтарды қыздырғанда бақылаусыз қалдыруға болмайды.
-Концентрациялы қышқылдарды сұйытқанда суды қышқылға емес, керісінше қышқылды суға құйыңыздар.
-Концентірлі қышқылдарды сұйытқанда, қалың қабырғалы химиялық стақандарды, колбаларды немесе керден стакандарды пайдалану керек.
Өйткені, олардың қайсыбірі мысалы, күкірт қышқылы су мен араласқанда көп жылу бөледі.
-Қышқыл мен сілті ерітінділерінің аз мөлшерін алғанда резеңке торсықты немесе тамызғышты пайдаланған жөн.
-Күйдіргіш заттармен жұмыс жасағанда міндетті түрде қорғағыш көзілдірік пен резеңке қолғапты пайдаланыңыздар.
-Кездейсоқ төгілген қышқыл, сілті ерітінділерін оқытушыға не зертханашыға көрсетіп, жинап алу керек.
-Тәжірибе кезіндегі қалдық
ерітінділерді су құбырына төкпей,
арнаулы ыдысқа құғандарыңыз
дұрыс.
-Зертханадағы химиялық ыдыстармен су ішуге. Тамақтануға болмайды.
Алғашқы көмек көрсететін дәрі қорабының жабдықтары
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасының ережесіне сәйкес, зертханашы дәрі қорабын қажетті дәрілерімен толықтырып отыруы керек. Дәрі қорабы тұратын жерге алғашқы жәрдем жөнінде қысқаша ереже-нұсқау ілінеді. Дәрілер дәрі қорабына рет – ретімен орналастырылады.
-Зарарсыздандырылмаған (несерильный) салфеткалар (1 бума)
-Зарарсыздандырылмаған мақта, бинт (1бума)
-БФ-1 25-50 мл желімі. Ол микрожарақаттарды өңдеу үшін қажет.
-Йодтың 25-50 мл спирттегі тұнбасы.
-3% 10-20 мл альбуцид ерітіндісі, 2-3 тамшысы көзді жуғаннан кейін тамызылады (үш жетіден артық сақтауға болмайды).
-Этил спирті 96% 30-50мл.
-Глицерин 25-50 мл.
-Мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісі 75-100 мл. Ақ фосформен күйген жерді жуу үшін пайдаланылады.
-Лимон не сірке қышқылының 5% 100 мл судағы ерітіндісі.
-Натрий гидрокарбонатының
5% 100 мл судағы ерітіндісі қышқылмен
зақымдалған теріні жуу үшін
қолданылады.
-Бор қышқылының 2% 100 мл судағы ерітіндісі сілті тиген көзді жуу үшін қолданылады.
-Көзге дәрі тамызатын
тамызғыштар (2-3 дана). Күйген жерді
майлайтын шыны және пластмасса
таяқшалар. Қан тоқтауға арналған
резеңке түтік (жгут).
- Дәрі ішуге арналған өлшеуіш стақан, мензурка.
-Жарақатты сыртынан бекітуге пайдаланылатын лейкопластырь.