Гандболдан жарыс өткізу және ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 13:04, реферат

Краткое описание

Жарыстың маңызы. Жарыс жаттықпа-машықтану үрдісін құрайтын бөлімінің бірі болып табылады. Жарсытың педагогикалық мағынасы деп яғни, оқу-тәрбие жұмыстарына қорытынды жасау, жаттықпа-машықтану үрдісіндегі әлсіз жақтарын жеке түрде басын ашу, оның сапасын көтермелеуге мүмкіндік туғызу, спорт топтарының тренерлері мен спортшыларының жетістіктерін көрсету болып табылады. Жаттықпа-машықтану жұмыстарында берілмейтін білімді гандболшылар жарысы арқылы игеруге болады. Спорттық жарыста спортшы өзінің барлық қабілетін жұмылдыруды талап етеді. Бұл спортшының моральдық және жігерлік жетілуі, оның шынықтырулық, техникалық, тактикалық дайындық дәрежесін тексеру болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат Гандбол Office Word.docx

— 22.33 Кб (Скачать документ)

Гандболдан жарыс өткізу және ұйымдастыру

 

Жарыстың маңызы. Жарыс жаттықпа-машықтану үрдісін құрайтын бөлімінің бірі болып табылады. Жарсытың педагогикалық мағынасы деп яғни, оқу-тәрбие жұмыстарына қорытынды жасау, жаттықпа-машықтану үрдісіндегі әлсіз жақтарын жеке түрде басын ашу, оның сапасын көтермелеуге мүмкіндік туғызу, спорт топтарының тренерлері мен спортшыларының жетістіктерін көрсету болып табылады. Жаттықпа-машықтану жұмыстарында берілмейтін білімді гандболшылар жарысы арқылы игеруге болады. Спорттық жарыста спортшы өзінің барлық қабілетін жұмылдыруды талап етеді. Бұл спортшының моральдық және жігерлік жетілуі, оның шынықтырулық, техникалық, тактикалық дайындық дәрежесін тексеру болып табылады. Сонымен қатар жарыстар спортшының ең басты қасиеттерін, атап айтқанда  қажырлылық, жеңіске деген ерік, өзін-өзі ұстау, достық сезімін ояту, қарсыласын құрметтеу және т.б. қасиеттерін тәрбиелеудегі өте тиімді жолы. Жарыс арқылы қызықты спорт көріністерін көруге, көрермендердің көп бөлігін жинауға, сонымен қатар оларды дене шынықтыру және спорт түрімен белсенді түрде айналысуға тартады.

Жарсытардың түрлері. Барлық өткізілетін жарыстарды негізгі және көмекші деген мінездеме беруге болады. Негізгі жарыс түрі спорттық талаптарға сай ұйымдастырылады және қорытынды бойынша спорттық біліктілігі анықталып, жеңімпаздық немесе чемпиондық атақ беріледі.

Бұл күнтізбелік жарыс, яғни спорттық іс-шаралардың біртұтас күнтізбелік жоспарына сай шығады және бектілген ережеге сай жүргізіледі. Негізгі жарыс түріне: біріншілік (немесе чемпионаттар), жүлделік жарыс, сұрыптау жарыстары жатады.

Біріншілік (чемпионат) жылына бір рет ұйымдастырылады. Бұл  қорытынды бойынша чемпион атағы  берілетін жарыстың жалғыз түрі. Жүлделік жарыста топтар-қатысушылардың көптеп келуіне көңіл аудару және қысқа мерзімде жеңімпаздарды анықтау мақсатында өткізіледі. Бұл жарыстар мықтыларды сұрыптау ұстанымы бойынша өткізіледі.

Көмекші жарыстарға: бақылаулық, көрсеткіш, серіктік, қысқартылған (блицтурнир) түрлері жатады.

Бақылаулық кездесулер топтардың  алдағы негізгі жарыстарға дайындықтарын  тексеру мен даярлықтары мақсатында өткізіледі.

Серіктік кездесулер жаттықпа-машықтану  мақсатында немесе дәстүрлі жарыстар жоспарында өткізіледі. Бұл жеке топтар немесе топ командаларының арасында ұйымдастырылады.

Көрсеткіштік кездесулер гандболды дәріптеу бойынша қызмет атқарады.

Қысқартылған кездесулер бірнеше сағат ішінде өткізіледі. Бұл жарыстың түрін мереке күндері, мезгілдің ашылуы мен жабылуы кездерінде жоспарлайды. Ойындар қысқартылған уақытта өткізіледі.

Жарыстардың жоспарлануы. Дене шынықтыру және спорт Комитеті 4 жылдық біртұтас жинақталған күнтізбелік жоспарды әзірлейді. Халықаралық жарыстардың төртжылдық циклі бойынша өткізілетін жарысы 1-кестеде көрсетілген. Республикалық шынықтыру және спорт  комитеті аумақтық ұстаным (республика, облыс, аудан, қала) бойынша спорттық жарыстарының жоспарын құрайды. Жарыстың күнтізбелік жоспары ғылыми тұрғыдан тиянақты, гандболды арықарай дамытуда барлық спорттық ұйымдардың білескен терең ойластырылған құжаты болуы қажет.

Жарысқа дайындық. Дайындық жұмысын бірнеше кезеңге бөлуге болады: құжатты әзірлеу, жарыстың болу орынын дайындау, жарысқа қатысушылармен дайындық. Кез-келген жарысқа дайындық оның ережесінен басталады. Күнтізбелік жоспардың мерзіміне сүйеніп, ереже құрастырылады. Бұл әзірленген ереже тек ұйым үшін ғана емес, сонымен қатар әдістемелік құжат болып табылады. Сондықтан бұл әзірленген ереже қатысушылар ұйымдарының барлығына таратылуы қажет. Жарыстың ережесі қысқа және түсінікті құрастырылған бөлімдерден тұруы қажет:

  1. Мақсаты мен маңызы. Жарыстың мақсаты (оқу жұмысына қорытынды шығару, мықты командаларды шығару,  табу, гандболды дәріптеу және т.б.) жарыстың түрі мен ауқымына тәуелді болады.
  2. Жарыстардың өткізілу орны мен мерзімдері. Жарыстың қай жерде өткізілетіні, қаласы көрсетіледі және күндері анықталады.
  3. Жарыстарға жетекшілік. Жарысты кім ұйымдастырады және оның жетекшісі, төре алқасы мүшелері және кім арқылы бекітілгені көрсетіледі.
  4. Жарысқа қатысушылар. Командалардың атауы мен саны, жарысқа жіберілетіндер,  қатысушылардың максимал сандары көрсетіледі; тапсырысқа енгізу: қатысушының жасы мен біліктілігі анықталады.
  5. Жарыстың шарты. Ойынның әдістері мен бағалау қорытындылары, жеңімпазды анықтау көрсетіледі.
  6. Наразылықтардың беру және қарау тәртiбi.
  7. Командалар мен қатысушыларды марапаттау. Бұл бөлімде жеңімпаз-командалар мен сый иегерлері не үшін марапатталады, осы мәселе көрсетіледі.
  8. Командаларды қабылдау шарты. Қаржыландырушы ұйым, келу және кету күні, орналастыру және тамақтандыру шарты көрсетіледі.
  9. Тапсырыс формасы мен мерзімі, командалар мен қатысушылардың рәсімдеу реті көрсетіледі.
  10. Жеребе тастаудың орыны мен уақыты.

Ереже әзірленгеннен кейін  осы жарысты өткізетін ұйымдастырушының қаражат бөлуі негізінде шығын сметасына қорытынды жасалады. Сметаны құрастыруда мыналар көрсетіледі:

1 Жарыстың атауы.

2 Өткізілу орыны мен  мерзімі.

3 Төре алқасының саны.

4 Қатысушылардың саны. Олардың  орналасуы, тамақтануы, жолының шығыны  саналады.

5 Мекеменің жалға алу  шығыны.

6 Жарыстың өтілетін орнын  көркемдік рәсімдеу шығыны.

7 Тасымалдау шығыны.

8 Кеңсе шығыны.

9 Қызмет көрсетудегі (жұмыскерлер, дәрігерлер мен медбикелер) төлемақы шығыны.

Жарысты өткізу үшін бас  төреші мен хатшы тағайындалады. Үлкен ауқымды жарысты дайындауға 5-7 адамнан тұратын ұйымдастыру  комитеті құрылады. Олар жарыстың барлық керекті іс-шараларын өткізеді. Оның міндетіне: 1) жарыс орындарын таңдау және жабдығы; 2) жабдықты дайындау; 3) орналастыру орнын дайындау; 4) тамақтандыруды ұйымдастыру; 5) дайындық орнын дайындау; 6) жарыс туралы алдын-ала ақпарат беруді  өткізу.

Жарыс туралы алдын-ала ақпарат  беру, яғни баспа, радио, теледидар арқылы жарыстың өту орны және уақыты, қатысушылар  туралы мәлімет беру болып табылады. Сонымен қатар афишалар, бағдарламалар, билеттерді дайындау қажет.

Жарыстар туралы ережеге  сәйкес жарысқа қатысуға рұқсатты мандаттық  комиссия мүшесі береді.  Жарыстың бас  төресі, бас дәрігер және мандаттық  комиссия өкілі жарысқа кiру рұқсатына жауапкершiлiкті алады.

 

Кесте 1

Төртжылдық олимпиада  кезеңіндегі гандбол бойынша халықаралық жарыстардың құрылымы

Жарыстың атауы

Өтілетін жыл

Қатысушылар

1

2

3

4

Олимпиадалық ойындар

-

-

-

+

Ұлттық құрама командасы

Әлем чемпионаты:

-

+

-

-

Ұлттық құрама командасы

әйелдерге арналған команда

ерлерге арналған команда

-

+

-

-

Ұлттық құрама командасы

жасөспірімдерге арналған

+

-

+

-

Елдер арасындағы құрама командалар

Универсиада (студенттердің спорт жарыстары)

+

-

+

-

Студенттер арасындағы құрама команда

Европалық чемпион жүлдегерлері

+

+

+

+

Клубтық командалар

ИГФ жүлдегері

+

+

+

-

Клубтық командалар

«Дружба» жарысы:

+

+

+

+

Елдер арасындағы құрама командалар

Қыздарға арналған

Бозбалаларға арналған

+

+

+

+

Елдер арасындағы құрама командалар


 


Информация о работе Гандболдан жарыс өткізу және ұйымдастыру