Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 22:16, курсовая работа

Краткое описание

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдык-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін макалдар тобын яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді ,оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ.................................................9

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44

2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.docx

— 115.87 Кб (Скачать документ)

Мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымы, мағынасы және тілде қалыптасуы тұрғысынан өзара айырмашылықтары мен ұқсастықтары көрсетілді; тіл-тілдің көркем бейнелер жүйесінде орын алатын сәйкестіктері  және олардың себеп-салдары анықталды. Жұмыста рухани және материалдық  мәдениеті әр басқа екі ұлт  танымдарындағы ортақ және ерекше ұйымға ұйытқы болған мақал-мәтелдерге мәтін  арқылы этнолингвистикалық талдау жасалынды.

Зерттеу жұмысының әдістері.

Зерттеудің теориялық мәні.  Дипломдық жұмыста қазақ және ағылшын ғалымдарының еңбектеріндегі мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері, айырмашылықтары мен ұқсастықтары, аудару мәселелеріне қатысты тұжырымдар келешек зерттеу жұмыстарына теориялық негіз бола ала алады.

Зерттеудің  практикалық құндылығы. Жұмыстың нәтижелері келешек аудармашыларға тәжірибе кезінде. Яғни аударма барысында мақал-мәтелдерге байланысты қиындықтарды шешуге септігін тигізеді.

Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде қазақ тілінен Ө.Тұрманжановтың,  М.Аққозиннің, Б.Ақмұқанованың, Ә. Диваевтың, П.Пантусовтың әр жылдары жарық көрген мақал-мәтелдер жинақтары, ағылшын тілінен Smith W. C, Cowie A.P., Mackin Rand Mc.Caig I.K., Taylor A., Whiting B.J., Seidl J,, Me Mordie W., Ridout R. and Witting C, Apperson

G. L., Linda and Roger Flavell, A.B. Куниннің сөздіктері мен  көркем әдеби шығармалар алынды. Сондай-ақ, тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер мүмкіндігінше қамтылды. Олардың ішінде фольклорға, тарихқа, этнографияға, этнолингвистикаға қатысты зерттеу жұмыстары мен ішінара ел аузынан жазылып алынған деректер бар.

Диплом жұмысының  құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан  тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ  АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

    1.   Қазақ  тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі

 

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау  барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы  — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес  дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары  жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен  сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш  қағаз бетіне түсірген ғалым —

Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин  архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі  жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің  басқа үлгілерімен бірге қазақ  мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен  әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев,

Я. Лютш, Ф.Катанов, В.В. Катаринский, П.М. Мелиоранский, Н.Н. Пантусов, А.Е. Алекторов  т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың  еңбегі ерекше.

Халық  мұрасын жүйеге   келтіру, насихаттауда зор   үлес қосқан танымал ғалым — Ә. Диваев. Ғалым жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1900-1927 жылдар аралығында "Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области", "Этнографические материалы" жинақтарының, "Туркестанские ведомости" газетінің" басылымдарында жариялады. Сондай-ақ, "Киргизские пословицы, записанные в Копальском уезде Семиреченской области" деген топтамасын 1900 жылы Қазан қаласында жариялаған Н.Н. Пантусовтың еңбегін де ерекше атап өткен жөн. Сөздік құрамның негізгі қаттауын қарайтын мақал-мәтелдерді жинақтау, жүйелеу, жариялау жұмыстары әр кезеңге орай жалғасын тапты.

Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық  зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың  бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер  тобын арнайы қарастырып, олардың  негізгі мағыналық топтарын, жанрлық  ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин  өзінің "Қазақ халкының ауыз әдебиеті" деген еңбегінде қазақ халқының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.

Қазан революциясынан бұрын басылып  шыққан жинақтарды негізі зерттеу материалы  ретінде ала отырып, ғалым мақал-мәтелдердің  құрамы мен құрылымын, жасалу жолдарын, лексика-семантикалық, стилдік ерекшелікгерін жан-жақты талдап таратады. М.Әлімбаевтың "Өрнекті сөз- ортақ қазына" (1967) деп аталған зерттеу жұмысы аударма мәселесіне арналған. Жұмыста  зерттеушінің қазақ мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасу тарихы, жасалу жолдары, тілде қолданылуы, бір тілден екінші тілге аудару мәселесі, тәржімалаудың  амал-тәсілдері жөнінде құнды  пікірлері, теориялық және практикалық  мәні зор ұсыныстары баяндалады. Еңбектің поэтикалық аудармаға бой ұру  басымдылығына қарамастан, бұл - ғылымда  өзіндік орны, елеулі үлесі бар  еңбек. Б. Адамбаевтың "Халық даналығы" атты монографиялық еңбегі (1976) "Мақал-мәтелдер" және "Шешендік сөздер" деген өзара  байланысты екі бөлімнен тұрады. Жұмыс  осы аталған тілдік бірліктердің жанрлық табиғатын, тәрбиелік мәнін, құрылымы мен әдеби-көркемдік ерекшеліктерін талдауға арналған. Сондай-ақ, мақал-мәтелдердің  окказионалды өзгерістері, варианттылығы  Ғ.Тұрабаеваның, құрамы мен құрылымы, компоненттерінің байланысу тәсілдері, синтаксистік белгілері, инверсиялануы  С.Кенжемұратованың, фразеологиялық тұтастықтар  мен мақал-мәтелдер ұласымдылығы, танымдық-прагматикалық  аспектілері Д.Бегалықызының ғылыми зерттеулерінде баяндалған.

Тіл-тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұмыстар қатарының біртіндеп толығып келетіндігі байқалады. Мысалы, А. Нұрмахановтың зерттеуі түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жалпылығы мен кейбір өзгешеліктерін саралауға бағытталса, Э. Мұқышева қазақ және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше белгілерін, ұлттық мәдени компоненттерін анықтайды. Зерттеу нысаны ретінде алынған тілдік бірліктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қазақ және араб тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жасалу жолдары, типологиялық универсалия және уникалия құбылыстары

А. Донбаеваның жұмысында қаралған.

Сонымен, қазақ мақал-мәтелдерінің (әрі карай қысқаша- MM түрінде  беріледі) зерттелу тарихына шолу жасау  барысында оның бес бағытта жүргізіліп келгендігі анықталды:

а) тілішілес, яғни бір тіл аясындағы  зерттеулер; ә) туыс тілдерді салыстыра  талдауға; б) әртектес тілдер бірліктерін  салғастыра қарауға; в) этнолингвистикалық астарын ашуға және г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.

Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол  ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып  өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды  баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.

Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда  болды, және өз пайда болу тарихымен  ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың  көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері  туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда  болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарының  пайдаланылуы.

Мақалдарды мәтелдерден айыру  керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып  оның бітімі және дидактикалық мазмұны  табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады.

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа  да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде  өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер  арқылы жас ұрпақты елін-жерін  сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім  алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ  салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын  тілдерінде зерттелуіне тоқталмас  бұрын отандық және әлемдік тіл  мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы  жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының  қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының  еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.

Зерттеу барысында, ағылшын тіліндегі  ММ-дерді топтастырып, жүйеге келтіріп, баспадан шығару ісіне ғалымдардың  баса назар аударғаны және ағылшын  мақал-мәтелдерін тек өз аясында  зерттеудің, жан-жақты емес, бір қырынан  ғана қарастырудың орын алғандығы байқалды. Біздің пайымдауымызша, екі немесе бірнеше тілді салыстыра - салғастыра зерттеу жұмыстарының бірнеше білімін  теориялық тұрғыдан  толықтыра, жегілдіре  түсері даусыз.

Мақал-мәтелдердің шығу төркіні, тілде  қалыптасуы деген ережеге келер  болсақ, оның күрделілігі де, түпдеректі қалтқысыз жабудың қиындығы да түсінікті. Дегенмен, қазақ халқының рухани қазынасын, сөз маржандарын қалыпқа келтіру  барысында елеулі еңбек сіңірген Б.Адамбаевтың "мақал-мәтелдер әуелде аузы дуалы жеке кісінің аузынан  шыққанымен, біреуден біреуге, ұрпақтан-ұрпаққа  ауыса жүріп өңделген, өзгерген, бүкіл елге тарап, оны халық ақиқат деп таныған қағидаға, тіпті ережеге - заңға айналған" деген ой тұжырымымен  толық келісуге болады./9,17/ Тарихи деректер, ғылыми ізденістердің нәтижелері, танымал  ғалымдардың пайымдаулары да жоғарыда айтылған пікірмен өзектес. Себебі, кез-келген сөз ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ақиқат ретінде таныла бермесі хақ. Өз дәуірінің  озық ойлы кемеңгерлерінің халықтың көкейінен шығатын, ұтқыр ойы, бейнелі, өткір сөзі ғана кеңінен таралып, танымал болуы мүмкін. Халықтың дана билері мен шешендерінің бір кезде  аузынан шығып, кейіннен ел аузында  мақал-мәтел ретінде қолданысқа енген сөздерінен бірер мысал  келтірейік. Майқы би:

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Даналығымен, шешендігімен, қара қылды  қақ жарған әділдігімен жастайынан елді аузына қаратқан Төле би сөздерінің де ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, халық арасында мақал-мәтел ретінде  кең қолданыс тапқаны байқалды:

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, -ел жетім.

Сондай-ақ, халықтық мақал-мәтелге  айналып, жиі қолданылып жүрген "Көпті  қорлаған көмусіз қалады" тіркесінің Әйтеке бидің, ал "Бұлақ көрсең көзін  аш" Бәйдібек бидің дуалы ұзынан шыққан тілдік бірліктер деген деректер бар, мұндай мысалдарды әрі қарай  тізбектеп, қатарын көбейте беруге болады.

Зерттеу барысында ертегі, аңыз әңгімелер  негізінде, аңыз әңгімелер негізінде  мақал-мәтелдердің де аз еместігі байқалды. Мысалы: Түйе бойына сеніп, жылдан құр  қалыпты; Қайда барса да Қорқыттың  көрі; Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды  біл т.б.

Тілімізде жұмбақтардан бастау алатын ММ-дер кездеседі: Сырты бүтін, іші  түтін (оқ); Қараңғы үйде қабан күркірейді (диірмен) т.б. Бұл жұмбақтардың кейде  жұмбақтық негізінен "қол үзіп», фразеологиялық тіркес мәтел ретінде  де қолданысқа енгені анықталады./11,177/

Рухы биік, ойы көркем, тілі шұрайлы, мән-мазмұны терең кесек туындыларымен  ерекшеленетін дарынды ақылы  жазушылардың, дара тұлғалардың көңіл түпкірінен шыққан пікір-пайымдаулары да жалпыхалықтық қорға еніл, тұрақты қолданысқа, мақал-мәтелдік сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың (Ыбырай); Берекені көктен тілеме, өткен сиректен тиіс (М.Әуезов); Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары жоқ (Ғ.Мұстафин) т.б. Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің басым көпшілігі тарихтың терең қат-қабат қаттауларынан көрініс беретін оқиға, аңыз, әңгіме, ертегілердің және көрнекті ақын-жазушылар шығармалары негізінде қалыптасқан.

 

    1.   Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі

 

 

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық  мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары  сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде  жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер  болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне  айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым  Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз  байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

Артына өшпес тарихи із қалдырған  ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы "A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары  жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe "Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes", 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) "Paroemiologia Anglo-Latina", 1640 жылы Дж. Хербергтің "Outlandish Proverbs", 1659 жылы Дж. Хауэльдің "Proverbs", 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің    'English Proverbs"         атты енбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.

Информация о работе Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары