Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 22:16, курсовая работа

Краткое описание

Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдык-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін макалдар тобын яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді ,оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ.................................................9

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23


2. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру..............................................................34

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44

2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

Прикрепленные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА.docx

— 115.87 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

  1. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ТІЛДЕ

ҚАЛЫПТАСУЫ  ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ.................................................9

 

    1.  Қазақ  тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................9

 

    1.  Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі........................................14

 

    1. Фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аудару жолдары.............................23

 

 

2. ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.............................................................................................34

 

2.1 Ағылшын  және қазақ мақал – мәтелдерінің  құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері  және оларды топтастыру..............................................................34

 

    1.   Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары..........................................................................................................44

 

2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары................................................46

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................53

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................55

 

ҚОСЫМША.........................................................................................................59

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жұмыстың жалпы сипаты. Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын  тілдерінде зерттелуіне тоқталмас  бұрын отандық және әлемдік тіл  мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы  жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының  қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының  еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.

Ағылшын тілінің фразеологиясына  қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен  танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған  ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың  құрылымдык-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік  фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор  құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін макалдар тобын  яғни, "all is well that ends well" (сөзбе-сөз  ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Арреаrances аге dесерtіvе" (сөзбе-сөз  ауд.: келбет — алдамшы), Better late than nеvег" (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді ,оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялық емес тұрақты  құрылымдар"  аясында қарастырды.

Осы жоғарыда аталған тұжырымға  қарсы пікірді ұстанушы белгілі  ғалымдар - Н.Н. Амосова, А.М. Бабкин, В.П. Жухов, М. Нагиев,

М.А. Филипповская, А.Н. Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді  зерттеулерімен танымал ғалым Н.Н. Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология  қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны  жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі  тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген  пікір ұсынады.

Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым  Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың  тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші  мамандар тарапынан да зерттелуі  қажеттігін ескертеді.

Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне     сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің  тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологазмдер  қатарына қосып, осы салада зерттеуге  толық мүмкіндік береді./5, 78/

Ұлттық болмысымызды танытатын  бай мұраларымыздың бірі -мақал-мәтелдерді (бұдан былай қысқарған түрде  ММ-дер) жан-жақты зерттеп, танып-білуге, олардың мән-маңызын бағалауға  бағытталған терең зерттеулердің өзектілігі даусыз. Ұлтымыздың мәдени дүниесін танытатын ММ-дердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрде жаңа бағаттағы зерттеу жұмысын жүргізудің қажеттігі қазіргі тандағы тіл ғылымының мақсат-мұраты — тілдік құбылыстардың сырын тану жолында күрделі де кешенді үрдісті дамытумен тығыз байланысты. Осымен байланысты тіл білімінің тылсым құпиясы басқа да ғылым салаларымен (антропология, психология, философия, логика, мифология, этнография т.б.) тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр. Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, діл мен дін сиякты ұғымдарды тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын тілдің өзінің ішкі зандылықтары негізінде ғана танып-білу жеткіліксіз. Бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингво мәдениеттану, лингвоелтану ғылымдарының пайда болуыңа негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерің айқындауды мақсат етеді. Мысалы, когнитивтік лингвистикада тіл мен таным бірлікте қаралады. Яғни тіл мен таным сабақтастығы адамға қатысты біртұтастыққа алынады. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылым саласының зерттеу әдістері мен құралдарының бір мәселе үстінде тоғысуына әкеледі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі қатысымда қолданылу ықтималдығын жоқка шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, қазақ - ағылшын қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер — фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. Оның себебін тілдік фразеологиялық, паремеологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұлттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жете түсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару әр түрлі клеңсіз жағдайларға, сәтсіздіктерге ұшыратуы әбден мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдің тіларалық семантикасын салғастыра зерттей отырып, ондағы жалпы азаматтық, жалпы халықтық мәнділіктер мен заңдылықтар және этностық ерекшеліктерді, сондай-ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындауда да өзекті мәселелер қатарына жатады.

        Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, казақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың баска тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері тұрғысынан А. Байтұрсынов,

I. Кеңесбаев, P. Сәрсенбаев, Б. Адамбаев, Ә.Қайдар, С. Нұрышев, Ғ. Мұсабаев, М. Ғабдуллин, Ғ. Тұрабаева, салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан А. Нұрмаханов, Э.Мұқышева, А. Донбаева, Д. Бегалықызының т.б. жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В. В. Виноградов, Н. Н. Амосова, М. Т. Тагаев, Н. М. Шанский, Г. Л. Пермяков, Л.А. Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар — Н.Барли, А. Дундэс, А.Крикман, М. Куузи, Г.Мильнер, А. Тэйлер, Г.Л. Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылықка алынды.

Зерттеу нысаны. Мақал – мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды – көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал – мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері А.Байтұрсынов, І.Кеңесбаев, Р.Сәрсенбаев, Б.Адамбаев, Ә.Қайдар, С.Нұрышев, Ғ.Мұсабаев, М.Ғабдуллин, Ғ.Тұрабаева салыстырмалы – салғастырмалы тұрғыдан А.Нұрмаханов, Э.Мұқышева, А.Дондаева, Д.Беғалықызының т.б. жұмыстарында қарастырылған.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдер  қатарында қаралаты мақал-мәтелдер. Мақал – мәтелдердің фразеологизмдерге қатысы. Фразеологизмдер мен мақал – мәтелдердің арақатынасы өте күрделі. Кең мағынада мақал – мәтелдер және оларға жақын қанатты сөздер фразеологизмдерге жатқызылуы әлі толық шешілмеген мәселе емес. Бұлардың фразеологизмдерге қатысын түсіну үшін, алдымен мақал – мәтелдердің тілдік сипатын, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін, бір – бірінен айырмасын түсіну қажет. Мақал мен мәтел бір – біріне ұқсас болғанымен, құрылымы, білдіретін мағынасы жағынан бірдей емес. Сондықтан тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштық сөзбен мағыналық байланысына, сол арқылы лексикологиямен жақындасатынына негізделген.

Тар мағынадағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты, мағынасы біртұтас, даяр қалпында қолданылатын, лексикалық бірліктермен (атауыштық  сөздермен) мағыналас, сырттай жай (еркін) сөздеріне ұқсас тұрақты сөз  тіркестері мен сөйлемшелер жатады. Шынында, фразеологизмдерді сақтай отырып, сөз мағынасына жақын не парапар мағынаны білдіреді.

Мысалы:

ұзақ түнді  көзбен атқызды фразеологизмі –  ұйықтамады, дүние салды – өлді, бетінен оты шықты – ұялды, мұрнына су жетпеді, мұрнынан шаншылды, мұршасы келмеді – жұмысбасты болды, ұзын арқан, кең тұсау –  еркіндік, үн жоқ, түн жоқ – үндемеді дегенді білдіріп, өзара мағыналас  болып тұр.

Ал кең  мағынада фразеологизмдерге жататын  мақал – мәтелдер мен қанатты  сөздердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың, номинативтік (атауыштық) бірліктердің т.б. өздеріне тән лексика – грамматикалық, стильдік ерекшеліктері бар. Олар сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қолданылатындығы, құрылымының тұрақтылығы жағынан  ғана фразеологизмдерге жатқызылады, бірақ олардың мағынасы лексикалық бірлік ретінде сөздердің беретін  мағынасына балама, парапар емес, көбінесе бейнелі түрде астарлы мағынада жұмсалады.

Мысалы:

Еңбек етсең  ерінбей, тояды қарның тіленбей; Мың  сіз – бізден бір шыж – быж; алыстан арқалағанша, жақыннан дорбала  т.б. мақал – мәтелдің сипаты осындай.

    Фразеологизмдерге мақал – мәтелдердің қатыстылығын және олардың бір бірінен айырмашылығын фразеологизмдерге тән белгілер тұрғысынан қарап анықтауға болады. Осы тұрғыдан қарағанда, фразеологизмдерге тән құрылым тұрақтылығы, даяр қалпында жұмсалу тиянақтылығы, бейнелілігі, мәнерлігі сияқты белгілер мақал – мәтелдерге тән. Жұмыстың нысанын туыс емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал – мәтелдерді аударудағы тілдік ерекшеліктерді талдау құрайды.

 

           Зерттеудің пәні. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі салғастырмалы түрде қаралатын мақал-мәтелдердің құрылымдық, мағыналық жасалу жолдары.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен  міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты — қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу.     Аталған     тілдік     бірліктердің     семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.

 

Сонымен бірге ММ-дердің тілдік табиғатын  зерттеу негізінде олардың құрылымында  ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын  тетіктерді анықтау - жұмыстың негізгі  мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың  мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай  нақты міндеттерді шешу көзделеді:

-   ММ-дердің орыс, түркология, қазақ тіл біліміндегі зерттелу  жайын сипаттау;

-  фразеологиялық тіркестер  мен мақал-мәтелдердің арақатысын  қөрсету;

- мақал мен мәтелдің ұқсастықтары  мен өзара айырмашылықтарын көрсету;

-   ММ-дер мен нақыл сөздердің  арақатысын айқындау;

        - ММ-дердің логика-семиотикалық құрылымын сипаттау;

- ММ-дердің   жасалуындағы   этнолингвистикалык   уәждерді, көрсету;

- түркі халықтарының ММ-деріндегі ортақ ойлау жүйесінің  көріністерін көрсету;

-  ММ-дердің практикалық қызметіне байланысты ММ-дердің мәтіндік мағынасын, варианттылығын талдау;

      - ММ-дердің құрылымдық - тұрпаттық межесіне байланысты бір (таңды, қос тағанды ММ-дердің құрылымдық сипатын бір құрамды және қос құрамды жай сөйлем негізіңде талдау;

- зерттеу жұмысына тиянақ болатын  теориялық әдістемелік қағидаларды  айқындау және негіздеу;

- этнолингвистикалық аспектідегі  зерттеулерге шолу жасап, оларға  қысқаша сипаттама беру;

- мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін  айқындау және белгілі бір  тақырыптық топтар бойынша жүйелеу;

- қазақ-ағылшын     мақал-мәтелдерінің  семантикасындағы ұқсастықтар    мен айырма белгілерді айқындау  үшін прецедентті мәтіндерді  сұрыптап талдау;

-  тіл-тілдің образдар дүниесінде  орын алатын ұқсастықтарын көрсету  және олардың түпнегізін анықтау.

Жұмыстың ғылыми жаналығы мен нәтижелері. Тілдік құрылымы жағынан әртектес тілдер топтарына жататын қазақ-ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер салғастырмалы негізде алғаш рет арнайы зерттеліп, олардың қолданыс аясы, тақырыптық топтары айқындалды. Туыс емес екі тіл тұрақты бірліктерінің мазмұн-межесі бір-бірімен салғастырыла зерттелді.    

Информация о работе Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары