Геологиялық бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2015 в 21:52, реферат

Краткое описание

Мұнай – газ өнеркәсібі Қазастан Республикасының экономикасында маңызды орын алады. Өйткені еліміздегі мұнай – газ саласының дамуы бір ғасырлық уақытты қамтиды. Сонымен қоса еліміз мұнай-газ, газконденсатты кен орындарына өте бай және де қазіргі уақытта жаңа кен орныдары ашылу үстінде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

с.балгынбаев.docx

— 1.31 Мб (Скачать документ)

Кестеден көріп тұрғанымыздай, кен орындағы ұңғылардың тәуліктік мұнай өндіру көлемі төмен. Жұмыс істеп тұрған ұңғылардың жартысына жуығының (46,5%)  мұнай дебиті 1 т/тәулікті құрайды, бұл төмен дебитті қор деп саналады, қалғандары 44,1% - дебиті 1-5 т/тәулік,4,7% дебиті 5-10 т/тәулік,4,7% - 10-20 т/тәулік болып келді. Соңғы үш жылда төмен дебитті қордың өсуі ұңғылардағы өнімнің сулауына байланысты.Осыған орай кен орнындағы басты мәселе, ұңғылардың жоғары сулануы болып тұр.Бұл мәселені шешу үшін кен орнында көптеген шаралар жүргізіліп жатыр.Бірақта кен орнында игерудің төртінші сатысы жүріп жатқандықтан бұл шаралардың нәтижесі төмендеу

3.3-кесте

 01.01.2008 ж. мәліметтен өндіруші ұңғылар қорының сулануы бойынша жіктелуі

Объектер

Орташа дебит т/тәу

Өнімнің орташа сулануы, %

Сулану аралығы, %

Барлығы

70-80

80-90

>90

мұнай

сұйық

Ұңғылар саны

 

І

1,8

37,3

95,3

2

5

79

86

ІІ

2,1

29,4

92,7

 

6

29

35

ІІІ

8,5

46,1

81,5

4

1

1

6

Кен орнын б-шы

2,2

35,4

93,8

6

12

109

127

Қордағы % үлесі

4,7

9,4

85,9

100





          

          

     3.4-кесте өндіруші ұңғылардың сулануы келтірілген. Кестеден көріп тұрғанымыздай, жоғары суланған ұңғылар (90% және одан жоғары) саны І объектіде 79 бірлік (жұмыс істеп тұрған қордың 92%), ІІ объектіде 29 (жұмыс істеп тұрған қордың 83%), ІІІ объектіде 1 (жұмыс істеп тұрған қордың  17%) бірлікті құрады. Сусыз ұңғылар жоқ. Сулануы 70% - ға дейін болған 4 ұңғы, 2006 жылдан бастап өнімнің сулануының өсуіне байланысты жоғары суланған категорияға ауыстырылды. Есепті кезеңде, І объектінің айдау ұңғысының  орташа жұтылу көрсеткіші 185,8 м3/тәулік, ал ІІ объектіде 167,9 м3/тәулік  болды. І объектінің 2 ұңғысының жұтылу көрсеткіштері  300 м3/тәуліктен жоғары,19 ұңғының жұтылу көрсеткіштері 50-300 м3/тәулік аралығында.ΙΙ объекті ұңғыларының жұтылу көрсеткіштері 50-300 м3/тәулік аралығында.Бұл мәндер кесте 2.5-те көрсетілген.

 

3.4-кесте

 

       01.01.2008 ж. мәлімет бойынша айдау ұңғыларын жұтылу көрсеткіштеріне сай жіктеу

Объектер

Орташа  жұтылулық, м3/тәу

Жұтылулық аралығы, м3/тәу

Барлығы

50-100

100-200

200-300

> 300

І

185,8

5

4

10

2

21

ІІ

167,9

1

4

2

 

7

Кен орны бойынша

 

6

8

12

2

28

Қордағы % үлесі

21,4

28,6

42,9

7,1

100


 

 

2002-2009 жылдар аралығында айдау ұңғыларының орташа жұтылу көрсеткіші айтарлықтай өзгерген жоқ: 2002 ж. кен орнында жұмыс істеп тұрған 26 ұңғының тек біреуінің ғана жұтылу көрсеткіші 100 м3/тәуліктен төмен болды, бірақ 2006 жылы бұл сан 6-ға өсті, алайда жұмыс істеп тұрған айдау ұңғыларының саны екі бірлікке артты.Осы кезеңде жұтылу көрсеткіші 300 м3/тәуліктен жоғары болған ұңғылар саны 10-нан 2 бірлікке азайды. Жұтылу көрсеткіші 100-300 м3/тәулік болатын ұңғылар саны көп өзгерген жоқ.

Кесте 2.6-дан көріп тұрғанымыздай 2007 ж. жаңа 4 ұңғы іске қосылды: №129 а ұңғысы-І объектіде, №179 ұңғысы – ІІ объектіде, №203 және №205 ұңғылары – ІІІ объектіде. Ұңғыларды пайдаланған 4 айда жиналған өнім көлемі 2221 т. мұнайды құрады. Жаңадан іске қосылған ұңғылар мұнайға жоғары дебитті және аз суланған.

-Орта юра горизонтындағы ұңғыларды пайдаланудың 3-4 айында мұнай дебиті тұрақты 11 т/тәулік, сулануы - 48% болды.

-І объектінің жаңа  ұңғысының мұнай дебиті – 6 т/тәулік, сулануы - 67% құрады.

-ІІобъектінің жаңа ұңғысының  мұнай дебиті – 9т/тәулік, сулануы - 57%.

 

3.5-кесте 

01.01.2008 ж. жағдайға сәйкес  жаңа ұңғылардың көрсеткіштері

№ ұңғы

Горизонт

Өндіру, мың.т

Дебит, т/тәулік

Сулануы, %

Мұнай

сұйық

Мұнай

сұйық

 

129 а

Апт-неоком

186

558

6

18

66,7

179

ІІ-неоком

279

651

9

21

57,1

203

Ю-2

681

1936

6

26

76,9

205

Ю-2

1075

1410

16

18

11,1


 

 

Айта кететін жайт, жаңа іске қосылған ұңғылардың мұнай дебиті, жалпы объектердің мұнай дебитінен жоғары, ал сулануы жалпы объектілерге қарағанда төмен.

 

\

3.3 Мұнай мен  газ технологиясы 

 

 

С.Балғынбаев кен орнында мұнайды өндіруде штангалы терең сорапты ұңғыларды пайдаланады. Мұнайды өндіру кезіндегі кең тараған тәсілдердің бірі – штангалы терең сорапты қондырғы болып табылады. Бұл штангалы сорап арқылы кіші дебитті ұңғыларды игеруге болады. Соңғы жылдары терең сорапты қондырғылар жетілдіріліп әртүрлі жүккөтергіштік қондырғылары жасалынды. Қазіргі жетілдірілген штангалы терең сораппен 3000 м тереңдіктен мұнайды игеруге болады. Көбінесе терең сорапты аз дебитті және орта дебитті ұңғыларда қолданады. Д қосымшада штангалы терең сорапты қондырғының сұлбасы көрсетілген.С.Балғымбаев кен орнында 01.01.2009 ж.есеп бойынша өндіріші ұңғылар саны 108 бірлікті құрады, оның 107-сі штангілі терең сорап қондырылған механикалық тәсілмен, бір ұңғы винттік сораппен пайдаланылады.01.01.09 ж.  кезеңде  108 ұңғының 3 ұңғысы тоқтап тұр, 3 ұңғы уақытша тоқтауда.Жерүсті жабдығы жүк көтергіштігі 8, 6, 5, 4 т. болатын СК, СКД тербелмелі станогынан тұрады. Пайдалану тізбегінің диаметрі 138 және 146 мм. Ұңғыға салынатын (5 бірл.) және салынбайтын сораптар түсірілген. Диаметрі 43 мм. болатын 3 сорап, диаметрі 60 мм. СКҚ-ға, диаметрі 19 мм штангімен түсірілген. Диаметрі 57 мм. болатын сорап 82 ұңғыға түсірілген, бұндағы СКҚ диаметрі 73 және 89 мм, ал пайдаланылған штангі диаметрлері 19 және 22 мм. 29 ұңғыдағы сорап диаметрі 68 мм, СКҚ диаметрі 89 мм, ал штангілер диаметрі 19 мм (29 ұңғыда) және 22 мм. (11 ұңғыда).

Механикалық әдіспен пайдаланылатын өндіру ұңғыларының жұмыс жағдайын анықтау үшін, өндірістік мәліметтер (ұңғы жұмысының технологиялық режимі, ҰЖЖ мәліметтері, гидродинамикалық зерттеу нәтижелері) пайдаланылды.

ШТСҚ-мен жабдықталған ұңғыларды сорап диаметрі, сұйықтың орташа дебиті және сулануы бойынша бөлінуі кесте 2.10-да келтірілген.

 

3.6-кесте 

Жұмыс жасап тұрған ұңғыларды штангілі сорап диаметрі, орташа дебит және сулануы бойынша бөлу

Көрсеткіштер

Мәні

Сорап диаметрі бойынша, мм

44

56

70

Ұңғылар саны

107

2

76

29

Бір ұңғысын орта сұйық (мұнай) дебиті т/тәу (т/тәу)

35,4 (2,2,)

31 (3,7)

35,6 (2,5)

49,3 (2,5)

Сулануы, %

93,8

88

93

95


 

 

ШТСҚ жабдықталған ұңғылардың сұйық дебиті орта есеппен 34,4 м3/тәулік, ал мұнай дебиті 2,2 т/тәулік болды.Әртүрлі өнімдегі сораптар жоғары сулану жағдайында жұмыс істеп тұр, 88% орташа. Қондырылған жабдықтар ұңғының қорын сорап диаметрі және сұйық дебитінің өзгерісі бойынша бөлді. Ол келесі кестеде келтірілген.

 

3.7-кесте 

Жұмыс жасап тұрған ұңғыларды штангілі сорап диаметрі және сұйық дебитінің аралығы бойынша бөлу

Сорап диаметрі, мм

Дебит аралықтары, т/тәулік

Барлығы

20 т/тәул.дейін

21-40 т/тәулік

41-60 т/тәулік

61-85 т/тәулік

1

2

3

4

5

6

44

-

2

-

-

2

56

6

43

26

2

76

70

-

5

14

9

29

Барлығы:

6(6%)

50(47%)

40(37%)

11(10%)

107


 

 

3.7-кестеден көріп тұрғанымыздай, ең төменгі дебитпен (20 т/тәулік ) 6% ұңғы пайдаланады. Бұлар диаметрі 56 мм сораппен жабдықталған. Дебиті 20-40 т/тәулікте 47% ұңғы, 40-60 т/тәулікте 37% ұңғы, 60 т/тәуліктен жоғарысы 10% ұңғы болды. Келтірілген мәліметтер бойынша, қондырылған жабдықтар өнімділігі ұңғы өнімділігіне сәйкес келеді деп қорытуға болады.

Сорап жұмысының тиімділігін бағалау үшін, ұңғылар қорын сораптың беру коэффициенті бойынша бөлді,ол кесте 2.12-де көрсетілген. Әрбір ұңғының бергіштік коэффициенті жабдықтың және қондырғы режимі дұрыстығының көрсеткіші. Өндірістік практика бойынша, кішкене газ факторы бар кен орындарындағы сораптың беру коэффициенті 0,8 және одан жоғары болса қанағаттанарлық деп айтуға болады. Айта кететін жайт, кен орындағы сораптың беру коэффициенті 0,5 – тен төмен емес. ШТСҚ – мен жабдықталған механикалық ұңғылар қорын, сораптың беру коэффициенті бойынша (сорап диаметріне тәуелді) бөлу, келесі кестеде келтірілген.

 

3.8- кесте 

ШТҚС – мен жабдықталған ұңғыларды сораптың беру коэффициенті бойынша жіктеу

Сорап диаметрі, мм

Ұңғылар саны

Сораптың беру коэффициенті

0,50,5≤Кберу<0,8

0,80,8≤Кберу<1

Кберу>1

1

2

3

4

5

Барл

107 (100%)

21 (20%)

49 (46%)

37 (34%)

44

2 (2%)

-

-

2 (2%)

57

76 (71%)

14 (13%)

35 (33%)

27 (25%)

70

29 (27%)

7 (7%)

14 (13%)

8 (7%)


 

 

Кестеден көріп отырғанымыздай ұңғылар қорының 80% - ы жоғары беру

коэфициентімен пайдаланылады. 01.01.08 ж. ұңғылар жұмысының технологиялық режимі бойынша, бұл топтың 37% ұңғысы жартылай фонтанды режимде жұмыс жасайды. Бұл ұңғылар бойынша ұңғы жұмысын жақсарту үшін, жұмыс режимдерін ауыстыруды қарастыру қажет – айналу көрсеткішін жоғарылату (басында жүріс ұзындығын, одан кейін тербеліс санын) немесе ҰЖЖ кезінде сорапты үлкен диаметрлі сорапқа ауыстыру. Сонымен қоса, өндірілген су көлемін өсірмей қадағалап отыру керек, әйтпесе ұңғылар жоғары сулану деңгейінде жұмыс істеуде (98% дейін). Тербеліс санын өсірсе, ұңғы түбіне су жиналуы мүмкіндігі артады, өйткені мұнай тұтқырлығына қарағанда су тұтқырлығы аз. Жоғары тұтқырлы өнімді өндіру жағдайында тиімдісі айналудың ұзын жүрісті режимін пайдаланып, тербеліс санын азайту қажет. Беру коэфициенті 0,5<Кберу<0,8 аралығында ұңғылардың 20% жұмыс жасайды. Беру коэффициентінің төмендеуі, сораптың айналуын дұрыс режимде пайдаланбау кесірінен болатын ағып кетулермен түсіндіріледі. Бұл технологиялық режимдердің қалыптасқан режимдері минутына  6 тербеліс, сорап жүрісінің ұзындығы 2 метр болды. Сонымен қоса, бұл ұңғылардың сулануы 90% жоғары. ШТСҚ – мен жабдықталған ұңғылардың тиімді жұмысын қалыптастыру үшін, түптік қысымды, динамикалық деңгейді, сорап диаметрін, жүріс ұзындығын және тербеліс санын дұрыс орнату қажет. Ұңғы жұмысының қондырылған технологиялық режимі, ұңғыдағы мұнай өнімділікті түсірмей жобалық дебитті орындау. Кен орындағы қабаттық және түптік қысымдарды анықтау, жұмыс істеп тұрған немесе тоқтап тұрған ұңғылардың динамикалық деңгейін есептеу арқылы жүреді.

Информация о работе Геологиялық бөлім