Геологиялық бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2015 в 21:52, реферат

Краткое описание

Мұнай – газ өнеркәсібі Қазастан Республикасының экономикасында маңызды орын алады. Өйткені еліміздегі мұнай – газ саласының дамуы бір ғасырлық уақытты қамтиды. Сонымен қоса еліміз мұнай-газ, газконденсатты кен орындарына өте бай және де қазіргі уақытта жаңа кен орныдары ашылу үстінде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

с.балгынбаев.docx

— 1.31 Мб (Скачать документ)

Кен орны бойынша мұнай алу коэффициентінің (МАК) және алынатын қордың көп өндірілгені І және ІІ объектіге келеді,бұл кесте 2.7-де көрсетілген:

-І объект – бастапқы алынатын қордың 94% (11076 мың т), сонымен қоса 4,3% (508, 97) төмен жатқан объекті ұңғыларынан өндірілген;

-ІІ объект – бастапқы алынатын қордың 86% (2796 мың т.), қосымша ауыстырылған ұңғылардан өндірілген мұнай көлемінің үлесі 9,2% (297,2);

-ІІІ объектіде алынатын қордың 60% (467 мың т.) өндірілген.

Жалпы кен орны бойынша бекітілген алынатын қордан өндірілген мұнай 92% құрайды. Кен орны бойынша алынған мұнай қоры 15505 мың т. болды. (І объектіде - 11750 мың т., ІІ объектіде – 3155 мың т., ІІІ объектіде – 600 мың т.), потенциалды мұнай алу коэффициенті 0,55 құрады. (Объектер бойынша: І-0,54; ІІ-0,58; ІІІ-0,58).

Қорыта айтқанда, кен орны бойынша қорды өндіру жоғары деңгейде. МАК 0,56 тең болғанда активті игерілетін қор 300 мың т. құрайды.

Сонымен қатар пайдалану объектілерінің аудандары бойынша қорды өндіруге бағалау жүргізілді. Бұған І объектінің Оңтүстік (ОА-І), Солтүстік –Шығыс (СШ-І) және Оңтүстік –Батыс алаңдары (ОБ-І), ІІ объектінің Оңтүстік  (ОА-ІІ) және Солтүстік –Шығыс алаңдары (СШ-ІІ) кірді. Кестеден көріп отырғанымыздай, жоғары өндірілген көлем І және ІІ объектінің негізгі алаңдарына сәйкес келеді. (МАК бекітілгеннің  98-102% құрайды). Бұл аумақтар бойынша бекітілген МАК-ке жету үшін осы күні  қолданылып отырған жүйемен, технологиялық игеруі жеткілікті. Өндірудің төменгі көрсеткіші СШ және ОБ алаңдарында  (соңғы МАК-23-тен 84% аралығында). Бұл алаңдарда  бекітілген МАК-ке жету үшін қабатқа әсер етудің тиімді шараларын, қор жиналған жерге арнайы ұңғы бұрғылауды қосу, ұңғы өнімділігін арттыру шараларын жүргізу қажет.

 

2.1-кесте 

Кен орны және объектер бойынша мұнай қорын алу көрсеткіштері

 

 

І объек

ІІ объект

ІІІ объект

Кен орны бойынша

 

Қорлар, мың.т.

геологиялық

21815

5416

1031

28262

Алынатын

11780

3250

774

15804

Алынған

11750

3155

600

15505

жин.өндірілген

11076

2796,32

467,21

14339,9

қалдық қор

673,59

358,68

132,79

1165,10

 

МАК, ү.б.

Бекітілген

0,54

0,60

0,75

0,56

Қазіргі

0,51

0,52

0,45

0,51


 

 

Кен орнында жүргізіліп жатқан контур ішілік су айдау жүйесі, негізінен, 1987 жылы бекітілген «Мартыши кен орнын игерудің нақтыланған жобасына» сәйкес келеді және бұл барынша тиімді болды, жобаның негізгі көрсеткіштерін орындау арқасында қосымша игеруге 2500 мың т қосылды.

С.Балғымбаев кен орны геологиялық қоры бойынша шағын кен орындар қатарына жатады. Барлау бұрғылау нәтижесінде төменгі бор түзілімінде мұнай және газ  тұтқышы, орта  юра  түзілімінде мұнай тұтқышы анықталды. Өнім горизонттары келесідей бөлінген: Оңтүстік  қанатта –апт-неоком (мұнайлы - газды), І неоком, аралық, ІІ неоком (мұнайлы), Солтүстік қанатта – Ю2-І, Ю2-ІІ (мұнайлы).

Жобалық құжаттар бойынша («Мартыши кен орнын игерудің технологиялық сызбасы», 1968; «Мартыши кен орнын игерудің комплексті жобасы», 1974; «Мартыши кен орнын игерудің нақтыланған жобасы», 1987) өнім горизонттары пайдаланудың 3 объектісіне біріктірілген:

І объект – апт-неоком + І неоком горизонттары;

ІІ объект – аралық + ІІ неоком горизонттары;

ІІІ объект – орта юра горизонттары.

 

 

2.1.4   01.01.2010ж игерілген кен орындардың жағдайын реттелуін бақылау

 

 

           Жайық мұнай-газ өндіру басқармасы алты негізгі мұнай кен орындарын игереді: С.Балғынбаев, Камышитовый, Жаңаталап, Ровное, Гран, Оңтүстік-шығыс Камышитовый.Олардың өндіру қоры 482 скважина, олардың ішінде істеп тұрғандар 584 скважина, фонтанды 10, тереңсоратты 107.Айдау скважиналары қоры мұнай-газ өндіру басқармасы бойынша 51 скважина, істеп тұрғандар 35, су алатын 34 скважина, бақылау скважиналары саны да 34, ал консервацияда тұрғандар 46.С.Балғынбаев кен орны бойынша, мұнай өндіру алдыңғы қатарлы жоғарғы қарқынмен жүргізілді, сондықтан да гидродинамикалық және геофизикалық зерттеулер игеруді бақылауда маңызды міндет болып табылады.

Механикалық тәсілмен жұмыс істейтін барлық скважиналар, графикке сәйкес динаммограммаға түсіріледі. Барлық істейтін скважиналар қоры бойынша, айына екі реттен сирек емес механикалық қоспа, су құрамына сынақ өткізіледі. Ал барлық, айдау және бақылау скважиналар қоры бойынша қабат және түп қысымына өлшеулер өткізілді.

С.Балғынбаев кен орны бойынша 01.01.2010 жылда 125 скважинамен мұнай игерілді, олардың ішінде біреуі тоқтап тұр. Тоқтап тұрғанмен пайдалануға үш скважина кіргізілді, айдау скважиналары қорынан бір скважина, және бір бақылау қорынан айдау скважинасы қорына ауыстырылды. Кен орын бойынша қабатқа су айдау 30 скважинамен жүргізілуі керек болды, бірақ оның 10-ы іске қосылмады.

 

 

2.2-кесте

           С.Балғынбаев кен орны ұңғыма  қоры жағдайы 2010 жылға

 

Скважиналар категориясы

Саны

Номері

Істеп тұрғандар

Уақытша тоқтап тұрғандар

а) жер асты жөндеуде

ә) күрделі жөндеуде

б) жөндеу күтіп тұрғандар

в) тіпті тұрғандар

Тоқтап тұрғандар

Пайдалану қоры

124

4

1

1

1

1

1

125

 

 

3

114

113

42

180

Скважиналар категориясы

Саны

Номері

Су алатындар оның ішінде істеп

тұрғандар

Су айдау скважинасы

оның ішінде жұмыстағы

тоқтап тұрғандар

Бақылау скважинасы

20

13

30

19

11

114

 

 

 

 

2.2 Игерудің қазіргі  кездегі жағдайы

 

 

Казіргі уақытта С.Балғымбаев кен орыны кейінгі сатылы өндіріс,өндірістік дәуір және алдынғы мінездемелі төменгі мұнай өндіру төменгі игеру  сатысында аяқталған. Аяқталған сатылы өндеудің есептері геология- кәсіпшілік байқауда басты мақсатты жөндеген-барлық шығарылған қорды кішкене қамтиды,ұстамды қабат өнімділерінің,аяқталмаған шығынды мұнай және газды жер қойнауларында өткізбеу керек.Сондықтан бір ең басты шешім бұл бөлімде табылған учаскілерде және қабат зондына қалдырылған жартылай жасалған қорлар.Алынған игеру мәліметін  бақылау кезінде тиімді  бүл қорлардың жсалмастан бұрынғы өлшемдері,сондай табылған экономикалық айқын әдіс бола алады.Кейінгі сатылы игеру барынша қиындау болып келеді,төменгі маңызды қорлар бөлімі,өндірістік мұнайдың шарасыз түсуі.Созылған бұл аралық сулану кезінде мұнай қабатынан өнімді алу қиындай түседі.Мұнай беру төмендетпеу  және ілеспе суды тыю мақсатында   жүргізілген, мұнайды қабаттан шығаруға пайдасы орындалмайтын жұмыс. С.Балғымбаев кен орнын игеру 1968 жылдан басталады. Кен орнын игеру динамикасы сурет Г-де көрсетілген. Объектіні игеру 1968 жылдан басталады. Игерудің басынан бастап объектіден 11134,4 мың т. мұнай, 59538,2 мың т. сұйық, 212,5 млн.м3 газ өндірілді. Бастапқы қордан өнім  алу қарқыны 0,5 % құрады, соңғы мұнай беру көрсеткіші – 0,51%.Объектіден мұнай өндірудің  динамикасын бақылап отырсақ, екі кезеңді ерекшелеуге болады. Игерудің бастапқы кезеңінен 1973 жылға дейін жылдық мұнай өндіру  көлемі өсіп отырды, ол 1973 жылы максималды 786,0 мың т. құрады. Бұл өсім, объектіні интенсивті бұрғылау  нәтижесінде пайдалануға жаңа өндіру ұңғыларын қосумен (63 бірлік)  түсіндіріледі. Алғашқы өнімнің сулануы 23,4 % болды. Алғашқы екі жылда объектіні игеру табиғи режимде жүрді, 1970 жылдан бастап қабатқа су айдай бастады, оның жылдық көлемі 1973 жылы 4 айдау ұңғылар қорымен 1026,3 мың м3 құрады. Компенсациясы – 80,9% болды. Қарастырып отырған кезең соңында, орта тәуліктік мұнай және сұйық дебиті сәйкесінше 27,5 және 49,6 т/тәулікке жетті.Келесі кезең интенсивті (1973-2007 жылдар аралығы), содан кейін қазіргі күнге дейін жалғасып жатқан жылдық мұнай өндірудің біртіндеп төмендеу кезеңі. 1982 жылға дейін жылдық мұнай өндіру көлемінің төмендеуі, жылдық сұйық өндірумен су айдау көлемінің  өсуімен пропорционалды келді. Бұл өндірілген өнімнің интенсивті сулануымен сипатталады (94,4%). Ұңғылар қорын арттырғанымен, орташа мұнай дебиті біртіндеп 37,5 т/тәуліктен 12,0 т/тәулікке төмендеді, ал ұңғылардағы сұйықтың орташа тәуліктік өнімі тікелей пропорционалды өсті де, игерудің осы кезеңінде максималды деңгейге жетті (77 т/тәу). 1983 жылдан бері жылдық су айдау деңгейі 3768,8 мың м3-тан 1453,0 мың м3 дейін төмендеді. Компенсация 120,7% құрады. 01.01.2008 жылы айдау ұңғыларының  саны  20 бірлікті құрап, олардың орташа жұтылу көрсеткіші 168,0 м3/тәулік болды және өндіру ұңғылары 97 бірлікті құрап, орташа дебиті 2,0 т/тәулік болды, ал өндірілген өнімнің сулануы соңғы бес жылда тұрақты 95% құрады.Объектіні өндірістік пайдалану 1968 жылдан басталады. 01.01.2008 жылғы жағдай бойынша объектіден өндірілген мұнайдың жалпы жинақталған қоры 2822,6 мың т. мұнай, 13332,7 мың т. сұйық және 52,6 млн.м3 газды құрайды. Негізгі динамикалық көрсеткіштер бойынша, жалпы объектіні игеру кезеңін келесі этаптарға бөлуге болады.Игерудің басынан бастап 1972 жылға дейін мұнай өндіру көлемінің қарқынды өсуімен сипатталады. Бұған кен орынды меңгеру үшін бірінші кезеңде жаңа ұңғылар бұрғыланып, пайдалануға берілуімен түсіндіріледі.Объектіні игерудің бүкіл уақытында жылдық мұнай өндірудің деңгейі 1969 жылы максималды болды. Осы жылы 162,0 мың т. мұнай өндірілді. Осы кезеңде өндірілген өнімнің аз сулануымен (5%) сипатталады, орта тәуліктік мұнай дебиті 30,0 т/тәулік болды.1972-1986 жылдар  кезеңі өндірілген өнімнің біртіндеп сулануымен, мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен  сәйкес келді. 1974 жылы кен орнында  ұйымдастырылған, қабатқа 2 айдау ұңғысымен  су айдау нәтижесінде, мұнай өндіру көлемі кішкене кезеңде өсті (1974-1975 жылдар) . Одан бері мұнай өндірудің төмендеуі және ұңғы өнімінің 85,5%-ға дейін сулануы байқалады. 1986 жылы жылдық өндіру көрсеткіші 46,05 мың т. құрады.1987-1992 жылдар кезеңінде жылдық мұнай өндіру көлемі 76 мың т. өсті. Бұрғылаудан жаңа өндіру және айдау ұңғыларын қосу, мұнай дебитінің орта тәуліктік өсуіне әкелмеді. Су айдау компенсациясы 99-30% аралығында өзгерді. Ұңғы өнімінің сулануы тұрақты болды және 85% құрады.1993 -1998 жылдар кезеңінде мұнай өнідірудің жылдық көлемі төмендеді, содан кейін 1999-2004 жылдар аралығында мұнай өндіру деңгейі тұрақтанып 30,0 мың т. құрады және одан әрі жылдық мұнай өндіру 26,3 мың т-ға аздап түсті. Жылдық сұйықтық өндіру деңгейі әркезде жоғары болып, 430-440 мың т. аралығын құрады. Өнімнің сулануы 93%-ға өсті. Бұл кезең аяғында  жұмыс істеп тұрған өндіру ұңғыларының саны 47 бірлікті құрап, олардың орта тәуліктік мұнай дебиті 2,0 т/тәулік, сұйықтық  дебиті 26,5 т/тәулік болды. 4 өндіру ұңғысын айдау ұңғысына ауыстыру нәтижесінде, су айдау ұңғысының саны 8 бірлікке өсті.Бұл горизонтты өндірістік пайдалану 1968 жылдан басталады. Игерудің барлық уақытында өндірілген мұнай көлемі 482,1 мың т., сұйықтық -1465,3 мың т. болды.

 

2.3  Көмірсутектер  қабатқа әсер ету әдістері

 

 

 Кен орнында 2002-2009 жылдар кезеңінде өндіруші ұңғылардың өнімділігін арттыру үшін және қабатқа айдалатын суды қайта бөлу үшін келесі технологиялық шаралар жүргізілді:

-жөндеу – изоляциялық  жұмыстар;

-ағын қайтару жүйесі;

-саз қышқылды өңдеу.

2003-2009 жылдар аралығында жүргізілген технологиялық шаралар келесі кестеде келтірілген:

2.3-кесте 

Өнімді қабатқа әсер ету технологиясының нәтижелері

 

Технология түрлері

2003 ж

2004 ж

 

2005 ж

2006 ж

2007 ж

Ұңғылар саны

Әсерлі ұңғылар саны

Қосымша жинақ-п өнд.,т

Ұңғылар саны

Әсерлі ұңғылар саны

Қосымша жинақ-п өнд.,т

Ұңғылар саны

Әсерлі ұңғылар саны

Қосымша жинақ-п өнд.,т

Ұңғылар саны

Әсерлі ұңғылар саны

Қосымша жинақ-п өнд.,т

Ұңғылар саны

Әсерлі ұңғылар саны

Қосымша жинақ-п өнд.,т

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

ТСҚ

7

3

4335

8

3

1016

                 

АКОР

     

3

2

4492

           

6

2

922

СГДЖ

                 

10

3

747

7

3

631

СПС

3

                           

ПГЖ

     

15

2

9500

                 

ПДЖ

           

6

               

СҚӨ

                 

3

1

848

4

1

1205

Барлық

10

3

4335

26

7

15008

6

   

13

4

1595

17

6

2758


 

 

2.3-кестеден көріп тұрғанымыздай, 2003-2009 жылдар аралығында, кен орында 72 ұңғы – операциясы жүргізілген, оның ішінде эффектісі – 20, эффектісі жоғы -52 болды. Жүргізілген жұмыстардың тиімділігі 26% құрады.

Жөндеу – изоляциялық жұмыстар.

С.Балғымбаев кен орнын игеруде өндірілген өнімнің жоғары сулануымен сипатталады. 01.01.2009 ж. жағдай бойынша ұңғының орташа сулануы 93,7% болды.Ұңғылардың 95%-ның сулануы 80%-дан жоғары.

Өндіру және айдау ұңғыларына сулардың құйылуы келесі жолдармен жүруі мүмкін:

-жоғарғы немесе төменгі  суқаныққан  қабаттың герметикалық  емес сақиналы кеңістігінен;

-мұнай қабатының суланған  бөлігінен;

-мұнай қабаты табанындағы  суқаныққан бөліктен.     Судың әрбір қозғалысына сәйкесті ЖИЖ бар. Изоляциялық жұмыстар  жүргізген кезде айдалатын тығындаушы материалдар өтімді қабаттарды толтырып, суизоляциялық барьер жасауы тиіс.Пайдаланудың одан әрі кезеңінде тығынды материал қабат депрессиясына төтеп беруі керек. Өндіру ұңғыларында жүргізілген суизоляциялық жұмыстар нәтижесінде, ағынмен қоршалған тиімді қалыңдықпен қабаттың гидроөткізгіштігі төмендейді. Ұңғының сұйық дебиті азайып, ҰТА-ның қарсыласу әсері артады.Кен орнында суағынды  тығындау үшін, қабатаралық құюларды болдырмау үшін және жұтылу аймағын теңестіру үшін келесі технологиялар қолданылды.

Тұтқыр – серпімді құрам (ТСҚ+АКОР)

Өндіру ұңғыларында суағынды тығындау үшін ТСҚ+АКОР-ды кезекпен айдау қолданылды. Ұңғылардағы суағынды тығындау үшін келесі тығындаушы материалдар пайдаланылды:

-ТСҚ-негізгі су болған  полиакриламид ерітіндісінің тұтқыр  – серпімді құрамы. ТСҚ-ны қолдану  келесі мақсатта жүреді, негізі  полиакриламид ерітінді  суы аз  тұтқырлы болып, қабаттық жағдайда гелге айналады.Ал гел қабаттық біртектілікті теңестіріп, су фильтрациясына қарсылық көрсетеді.

-АКОР – әртүрлі модификациядағы  кремнийорганикалық  қосылыстар. Ұңғының  түп аймағына немесе жақын  маңына тығындаушы экран жасап, қабаттың жарықшақтығының өткізгіштігін  төмендетеді.

Технология бойынша 20-40 м3 көлемдегі ТСҚ-ға 4 м3 АКОР-ды қосып айдау ұсынылады.

2002-2003 жылдар кезеңінде 10 өндіру ұңғысында селективті тығындауды жүргізу үшін ТСҚ+АКОР технологиясы қолданылды: оның ішінде 4-эффектісі бар, 6-эффектісі жоқ.

2003 жылы ТСҚ+АКОР технологиясы №100 және №116 ұңғыларда жүргізілді. Жұмыстан кейін №100 ұңғыда дебит төмендеп, сулану сол деңгейде қалды (95%). №116 ұңғыда мұнай дебиті 1 т/тәулікке артып, қосымша 426 т. мұнай өндірілді, эффект ұзақтығы 396 тәулік, тиімділік 20% құрады. 2003 жылы ТСҚ+АКОР технологиясы 8 ұңғыда жүргізілді. Жағымды нәтиже №№90, 118, 196 ұңғыларда болды: мұнай дебиті орта есеппен 1,6 т/тәулікке өсіп, сулану 14% азайды. Қосымша өндірілген мұнай көлемі 339 т, эффект ұзақтығы 253 тәулік, тиімділігі - 46% болды.

Информация о работе Геологиялық бөлім