Геологиялық бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2015 в 21:52, реферат

Краткое описание

Мұнай – газ өнеркәсібі Қазастан Республикасының экономикасында маңызды орын алады. Өйткені еліміздегі мұнай – газ саласының дамуы бір ғасырлық уақытты қамтиды. Сонымен қоса еліміз мұнай-газ, газконденсатты кен орындарына өте бай және де қазіргі уақытта жаңа кен орныдары ашылу үстінде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

с.балгынбаев.docx

— 1.31 Мб (Скачать документ)

Саға жабдықтары - (3.2 сурет) планшайбадағы-2 құбыр алқасы-3 үшін және скважинадан шығатын өнімді тройник-5 (үш жақты құбыр) арқылы бағыттауға қызмет істейді.

1-тізбек фланеці; 2-планшайба; 3-құбыр; 4-тірек мұфтасы; 5-тройник; 6-сальник  тұлғасы; 7-жылтыратылған шток; 8-сальник  басы; 9-сальник тығыны

3.2-сурет. Скважина сағасының жабдықтары

Арқанды алқа (3.3 сурет) штангіні балансирдің басына жалғау үшін тағайындалған. Олар үстіңгі-8 және астыңғы-10 траверсалардан тұрады. Астыңғы траверсаға екі төлке (втулка) пісірілген (үстіңгі траверсаның тіректері), олар арқанның шет ұштарын-7 қысып-1 тұрады.Траверсалар арасында екі бұранда-3 орналасқан, олардың көмегі арқылы үстіңгі траверсаны  астыңғы траверсаның үстіне шығаруға болады. Бұл динамографты (алқаға түскен күшті өлшейтін құрал) орнату кезінде қажет болады.

 

1-сыналы қысқыш; 2-вкладыш; 3-көтергіш винт; 4-нығыздағыш гайка; 5-қысатын төлке; 6-сыналы ұстағыш; 7-арқан; 8-жоғары траверса; 9-төлке; 10-төменгі  траверса

3.3-сурет. Штангіге арналған арқанды арқа

 Қондырғы (3.4 сурет) поршенді сораптан – 2,тербелмелі станоктан – 15, плунжерлі (поршенді) тербелмелі станокпен байланысып тұратын штангілер тізбегінен – 4  және құбыр ішіне құйылған сұйықты жер бетіне шығаратын (СКҚ – сорапты компрессорлы құбырлар) құбырлар тізбегінен – 5 тұрады. Электроқозғалтқыш – 14 редуктор – 13 өсіне орнатылған кривошиптің – 12 айналуына қызмет етеді және одан әрі балансир – 10 шатунының – 11 көмегімен арқанды алқа – 9 арқылы балансирдің басына ілінген штангілер тізбегінің – 4 тік бағытта  Жоғарылы – төменді жүріс қозғалысын тудырады. Плунжердің жоғары қарай жүріс кезінде айдау клапаны – 3 жабылады да, плунжер үстіндегі сұйық оның жүріс ұзындығы бойымен жоғары көтеріліп үш жақты құбыр – 6 (тройник) арқылы жинау тораптарына түседі. Сораптың сорғыш клапаны – 1 ашылады да, құбырдағы сұйық сораптың цилиндіріне құйылады. Плунжер мен штангінің төмен қарай жүрісі кезінде сорғыш клапаны – 1 жабылады да, сұйық бағанасының әсері құбырларға беріледі. Бұл кезде айдау клапаны – 3 ашылады да ұңғымадағы өнім плунжер үстіндегі кеңістікке қарай ағады. Одан әрі жоғары қарай плунжер жүрісінің жаңа циклі басталады.

Штангіні арқанды алқамен–9 жалғастыратын жылтырлатылған штоктың – 8 жоғарылы төменді жүріс қозғалысы кезінде саға арматурасын саңылаусыздандыру үшін сальник – 7 қарастырылған. Станоктағы күштердің теңсіздігін реттеу үшін тербелмелі – станок балансирлі – 16 және роторлы – 17 жүктермен теңгерілгеді.

3.4– сурет Терең сорапты  қондырғысы

Мұнай скважиналарын штангалық сораптармен пайдалану - бұл мұнайды механикаландырылған өңдірудің негізгі тәсілдерінің бірі. №1МГӨБ бойынша бұл тәсіл кеңінен қолданылады.Өндірілген мұнайдың 99% осы тәсілдің үлесінде.

Штангалық сорапты пайдалану кезінде қолданылатын негізгі жабдық скважиналық штангалық сораптық қондырғы (СШСҚ). СШСҚ негізгі екі бөліктен тұрады: жер үсті және жер асты жабдықтары.Жер үсті жабдықтарына жетекші бөлім, оған теңгергішті теңселмелі станок (ТТС) және электроқозғалтқыш жатады.Жер асты жабдықтарына болса атқарушы механизммен жалғастырушы звено. Бұған штангалық сорап, сораптық компрессорлық құбыр (СКҚ) тізбегі, штанга тізбегі және канаттық ілгіш жатады.Қондырғының жұмысы келесідей жүреді.Сорап плунжері жоғары жүрген кезде екі жұмыс атқарады: айдау клапаны жабылып плунжердін үстінгі кеңістігіндегі құбыр бойындағы қабат сұйығы жоғары көтеріледі; сору клапаны ашылып қабат сұйығы сорап цилиндріне енеді. Плунжер төмен түскен кезде бірақ жұмыс атқарылады, яғни цилиндр ішіндегі сұйық айдау клапаны арқылы плунжердін үстінгі кеңістігіне, яғни СКҚ - ға өтеді.

СШСҚ жұмысын сипаттайтын негізгі параметрлеріне өнімі, тудырылатын қысым, СШСҚ - ның пайдалы әсер коэффициенті, қондырғы сенімділігі және қондырғы салмағы жатады.

Өнімі - белгілі уақыт ішінде өнім қабатынан қосымша жабдықтар арқылы СКҚ тізбегімен жер үстіне көтерілетін сұйық мөлшері.

Тудырылатын қысым - скважина ішіндегі сұйық бағанасына, сұйық тығыздығына, құбырлардағы гидравликалық кедергілерге, скважина сағасындағы қарсылыққысымға негізделген сорап қабылдауындағы арынды анықтайтын, оның іліну тереңдігімен есептеледі.

СШСҚ - ның пайдалы әсер коэффициенті - бұл қондырғы жұмысы кезінде шығындалатын жұмыстын қабат сұйығын көтеру үшін атқарылатын пайдалы жұмысқа қатынасымен анықталады. СШСҚ – ның пайалы әсер коэффициентін анықтау өте күрделі және қиын. Себебі ол жеке скважиналардың жұмыс тәртіптеріне, конструктивтік элементтеріне байланысты.

Қондырғы сенімділігі - ол оның мәнгіліктілігін және тоқтаусыз жұмысын сипаттайды. Қонддырғы салмағы – қондырғы салмағының өсуі оған қымбат және қиын құрастырылатын фундаментті талап етеді.

СШСҚ - ны көбіне 30 м3/тәул және өте сирек 50 м3/тәул өнім кезінде 1000 – 1500 м тереңдікте қолданады. Кейбір жеке жағдайа сораптын түсірілу тереңдігі 3000 м - ге дейін болуы, ал тайыз скважиналарда өнімі 200 м3/тәул болуы мүмкін.

СШСҚ - ның мұнай өнер кәсібінде кең таралуының басты себебі төмендегілерді қамтамасыз ететін көлемдік типті скважиналық сорап болып табылады. Бірлік үлестен 100 м3/тәул өнім беруде.

Қызмет көрсету қарапайымдылығы және кәсіпшілік жағдайда жөндеу мүмкіндігі. Қондырғы жұмысына қабат сұйығының физико - химиялық қасиеттерінің аз әсерлілігі.

Келесі сатыларда кен орнын өңдеудің негізгі құжаты “С Балғымбаев кен орын өңдеу жобасы” болды, бұл құжат МНП СССР өңдеу бойынша орталық комиссиямен бекітілген. Берілген жобалық құжатта оның реализациясы 1988ж. басталды, мұнда кен орынды өңдеу жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын дамыту үшін нұсқаулар : жобалық ұңғыларды орналастыру дәл бөлшектік қабаттар карталарын қолданумен жүзеге асады, төменөнімдік аймақтарда су басудың қарқынды жүйесін қолдану кеңейтілуі альтернативті ретінде БӘЗ қолданумен өңдеу нұсқаулары қарастырылады. Одан әрі жоба қайта қаралып кен орындағы жағдайға сәйкес реттелді. Қазіргі уақытта негізгі құжат ретінде “С.Балғымбаев кен орын өңдеу жобасы” (ВНИИ) қолданылады, бұл құжат 1988ж өңдеу бойынша Орталық комиссиямен бекітіліп, мұнай алуды жоғарлату бойынша жаңа технологияларды енгізуді қарастырады.

 3.2 Технологиялық көрсеткіштердің,ұңғыманың фондының      структурасының және олардың қазіргі дебиттерінің анализі

 

 

 01.01.2009 ж. мәлімет  бойынша С.Балғымбаев кен орнында бұрғыланған ұңғылар саны 209 бірлікті құрады. Бұның ішінде пайдалану  қорында 114 өндіру ұңғысы бар. Оның 3-еуі күрделі және аралық жөндеуді  күтіп тұрғандары, 3 ұңғы тоқтап  тұр. Есептеу кезеңінде  айдау ұңғыларының қоры 27 ұңғы болды, оның біреуі  тоқтап тұр. 10 ұңғы бақылау  категориясында, олардың үшеуі кезінде мұнай өндіру және су айдау пайдалану қорында болған. Су өндіру ұңғы қоры – 5 ұңғы, оның 4-еуі  жұмыс істеп тұр, 1-еуі тоқтап тұр.  Жабылған ұңғылар қоры 51 ұңғыны құрайды, бұлардың ішінде 34-і (3-өндіру, 6-барлау, 4-су жұтушы, 1-бақылау  және 14-суөндіру ұңғылары) геологиялық және 17-сі (5-өндіру, 10-айдау, 1-бақылау және 1 барлау  ұңғылары) техникалық жағдай  бойынша жабылған. Жабылуын  күтіп тұрған 2 ұңғы бар: бұлар өндіру қорындағы №№45,50 жоғары суланған ұңғылары. Ұңғылардың кен орнында орналасуы және ағымдағы өнім өндірілуі сурет В-да көрсетілген.

Есепті кезеңде  (2007 жыл) 4 жаңа ұңғы бұрғыланды: 129а – І объектіде, 179-ІІ объектіде, 203, 205-ІІІ объектіде.

Кен орнындағы өндіруші ұңғыларды пайдалану негізінен механикалық тәсілмен жүргізіледі.

Төменде ұңғыларды пайдалану қорын объектіге бөліп қарастырамыз.   І объект (апт–неоком+неоком горизонттары)

01.01.2008 ж. мәлімет бойынша  І объектінің өндіру ұңғылар  саны 83 бірлікті құрады, оның 79-ы  жұмыс істеп тұр (бұның ішіндегі 16 ұңғы, І және ІІ пайдалану  объектісі бойынша ортақ пайдаланады). Бір ұңғы (№32) суланған аумақты  бөлшектеуді жүргізетін күрделі  жөндеуді күтіп,  уақытша тоқтап  тұр. Осы жылы екі объекті бойынша  ортақ жұмыс жасайтын 5 жоғары  суланған ұңғылар (№№73, 74, 86, 87 және 146) айдау категориясына көшірілді.

Игерудің  бүкіл кезеңінде 5 ұңғы жабылды: 4-і техникалық (№№47, 135, 145, 168) және 1-і (№17) геологиялық себептермен.

Жұмыс істеп тұрған айдау ұңғыларының саны 21 бірлік, бұның ішіндегі 2 ұңғы (№97 және 146)  екі игеру  объектісіне (І+ІІ) ортақ. Объектіні  игерудің бастапқы кезеңінен бастап 16 ұңғы жабылды: 10 (№№7, 55, 64, 65, 67, 68, 69, 70, 25, 127) – техникалық және 6-уы (№№5, 17, 27, 36, 66, 170) – геологиялық себептермен.

Есептеу кезеңінде бір ұңғы бұрғыланды: 129 а.

2 ұңғы (№45 және 50) жабылуын  күтіп, тоқтап тұр.

ІІ объект (аралық+ІІ неоком горизонттары)

ІІ объектіде өндіруші пайдаланушы ұңғылар саны 39 бірлік, оның жұмыс істеп тұрғаны -37 (бұның ішіндегі 16 ұңғы, І және ІІ пайдалану объектілеріне ортақ). Есептеу кезеңінде №98 және №163 ұңғылар жер асты жөндеуін күтіп тұр. Жұмыс істемей тұрған  №161 ұңғы, сулануы жоғары болғандықтан (99%.) бақылау  қорына  аударылды. Айдау ұңғылар қоры 10 бірлік, бұлардың  бәрі жұмыс істеп тұр. Екі ұңғы І және ІІ пайдалану объектісіне ортақ.

Есепті кезеңде бір ұңғы бұрғыланды: 179.

Игерудің басынан бастап, І және ІІ пайдалану объектілеріне ортақ жұмыс жасайтын екі айдау ұңғысы (№№25, 127) техникалық себептермен жабылды.

ІІІ объект (орта юра горизонты)

ІІІ объектінің өндіруші ұңғылар саны 8 жұмыс  істеп тұрған ұңғыны құрайды. Осы жылы №15 ұңғы, 1981-2005 жылдар аралығында бақылау қорында болған, өндіру қорына аударылды. 2004 жылдан бері жоғарғы сулану әсерінен жұмыс істемей тұрған №102 ұңғы, капиталды жөндеуден кейін 2005 жылдың мамыр айында есңе қосылды. ҰКЖ кейін ұңғының сулануы 88%-ке түсті.

Есепті кезеңде екі ұңғы бұрғыланды: №203 және №205.

Бұл объектіде ҚҚҰ жүргізілмейді.

Объектіні игеру басынан бастап 3 өндіру ұңғысы жабылды: екеуі (№№2, 103) – геологиялық және біреуі (№101) – техникалық себептермен.

Кесте 2.1 және 2.2-де өндіру және айдау ұңғыларының соңғы бес жылдағы пайдалану көрсеткішімен қолдану көрсеткіші келтірілген. Кесте 2.1-ден көріп тұрғанымыздай, объектерде айдау ұңғыларын тиімді қолдануының өсіп отырғанын байқаймыз. Соған сәйкес пайдалану ұзақтығыда артты. Осындай нәтижеге, әрбір айдау ұңғысының өтімділік қасиетін жақсарту үшін жүргізілген, геологиялық – техникалық шаралар арқасында қол жеткізілді. Ал, өндіру ұңғыларына келсек, І объекті бойынша қолдану коэффициенті 2007 жылы 0,980-нен 0,964-ке  төмендеді, бұл жұмыс істемей тұрған ұңғылардың өсуімен түсіндіріледі. ІІ және ІІІ объектерде  тұрақтылық  байқалады.

Кесте 2.2-де көрсетілген, 01.01.2008 ж. І объекті бойынша өндіру ұңғыларының пайдалану коэффициентінің орташа мәні 0,819, айдау ұңғылар қорінікі – 0,977,II объекті бойынша өндіру ұңғылары-0,871, айдау ұңғылары-0,972, ІІІ объекті бойынша ұңғыларды тиімді пайдалану коэффициенті 0,853 ү.б. құрады. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, барлық объектердің  өндіру ұңғыларының пайдалану коэффициенттерінің төмендеуі, ұңғылардың (№153-І объект, 120-ІІ объект) күрделі жөндеуде ұзақ тұруымен, сонымен қатар, 2006 ж. аяғында кейбір өндіру ұңғыларын айдау ұңғыларына ауыстыруымен түсіндіріледі. Осындай нәтижеге, әрбір айдау ұңғысының өтімділік қасиетін жақсарту үшін жүргізілген, геологиялық – техникалық шаралар арқасында қол жеткізілді. Ал, өндіру ұңғыларына келсек, І объекті бойынша қолдану коэффициенті 2007 жылы 0,980-нен 0,964-ке  төмендеді, бұл жұмыс істемей тұрған ұңғылардың өсуімен түсіндіріледі. ІІ және ІІІ объектерде  тұрақтылық  байқалады

 

 

 

 

3.1-кесте 

2003-2007 жылдары ұңғыны қолдану  коэффициенті

объектер

Қолдану коэффициенті, ү.б.

2003

2004

2005

2006

2007

 

өнд.

ұңғ.

айд.

ұңғ

өнд.

ұңғ.

айд.

ұңғ

өнд.

ұңғ.

айд.

Ұңғ

өнд.

ұңғ.

айд.

ұңғ

өнд.

ұңғ.

айд.

ұңғ

І

0,978

0,913

0,980

0,800

0,980

0,952

0,956

0,955

0,964

0,952

ІІ

1,000

0,667

1,000

0,600

1,000

1,000

0,972

1,000

1,000

1,000

ІІІ

1,000

 

0,800

 

1,000

 

1,000

 

1,000

 

Кен орны бойынша

0,983

0,852

0,975

0,786

0,983

0,957

0,964

0,963

0,974

0,963




 

 

 

 

 

3.2-кесте  

2003-2007 жылдары ұңғыны пайдалану  коэффициенті

 

2003

2004

2005

2006

2007


 

Объектер

Пайдалану коэффициенті, ү.б.

 

өнд.

ұңғ.

айд.

ұңғ

өнд.

ұңғ.

айд.

ұңғ

өнд.

ұңғ.

айд.

Ұңғ

өнд.

ұңғ.

айд.

ұңғ

өнд.

ұңғ.

айд.

Ұңғ

І

0,886

0,983

0,962

0,965

0,935

0,998

0,897

0,969

0,819

0,977

ІІ

0,923

0,876

0,948

1,000

0,884

0,995

0,864

0,534

0,871

0,972

ІІІ

0,833

 

0,779

 

0,942

 

0,818

 

0,853

 

Кен орны бойынша

0,886

0,966

0,95

0,968

0,915

0,998

0,881

0,878

0,986

0,976




 

 

     Кен орнында 2002-2009 жылдар аралығында максималды мұнай және сұйық дебиті 2004 жылы болды. Бұл жылы мұнай дебиті тәулігіне 2,4 т, ал сұйық 37,6 т. құрады.Кесте 2.3-те келтірілген 01.01.2008 жылғы көрсеткіш бойынша мұнайдың  максималды орта тәуліктік дебиті ІІІ объектіге келді (8,5 т/тәулік), минималды көрсеткіш І объектіде болды (1,8 т/тәулік).

Информация о работе Геологиялық бөлім