Франциядағы туризмнің даму жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 13:26, реферат

Краткое описание

Жұмыстың міндеті: қойылған мақсатқа сәйкес Францияның туризмнің қалыптасып дамуы, туристік саланы дамытудағы атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар, болашақта туризм жөніндегі алға қойған мақсаттарын талқылау. Сонымен қоса Францияның және көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.) зор ықпал ететіндігін, туризмге әсерін тигізетін факторлар: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық мәселелерді толық жеткізу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Францияға кірудің ережесі және формальділіктері2.docx

— 145.56 Кб (Скачать документ)

Студенттерге:

  • студенттік билет,
  • оқу орнынан анықтама қағазы,
  • сапарға шығын ақы төлейтін адамның жұмыс орнынан анықтама қағазы, қол қойылған мәлімдемесі.

Оқушыларға:

  • оқу орнынан анықтама қағазы,
  • сапарға шығын ақы төлейтін адамның жұмыс орнынан анықтама қағазы, қол қойылған мәлімдемесі.

   Балалармен сапарға шығу

18 жасқа  толмаған балалармен кіру үшін  қажетті құжаттар:

● туу  туралы куәліктің түпнұсқасы;

●мектеп орнынан анықтама қағазы;

● неке туралы куәліктің көшірмесі ( ата-аналардың  фамилиялары әр түрлі болған жағдайда);

● ата-аналардың  шетел төлқұжатының түпнұсқасы;

14 жасқа  толған балаларда шетелдік төлқұжат, төлқұжат көшірмесі болуы қажет. 

Францияның теңіздің ар жағындағы  аумақтарына бару үшін арналған виза

Төмендегі аталған аралдардың біріне сапар  үшін (Гваделупа, Жаңа Каледония, Гвиана, Полинезия, Мартиника, Уоллис и Футуна, Реюньон, Сент-Пьерр и Микелон, Мейот, Сен-Мартен/Сент-Бартелми) негізгі құжаттар пакетіне қосымша беру керек:

● сапар уақытында тұрып жатқан мекеннің аты, мекен-жайы, телефоны,

● қонақ үйдің сақталымы немесе жеке шақыру,

● екі шетке ұшаққа билет.

     Медициналық формальділіктер

Францияға сапар үшiн медициналық екпелер мiндеттi емес.

 

2.2 Валюталық формальділіктер

Франция ақша бірлігі – евро. Қаланың орталықтарында ақшаны айырбастау оңай; валюталардың курсына назар аудару керек (қонақ үйлерде, әуежай, вокзалдарда нашар). 10000евродан көп мөлшерде ақша болса, міндетті түрде декларацияға жазылады. Егер сізде халықаралық банктік карточкаңыз болса ( VISA, Eurocard, Mastercard, AmericanExpress), қаланың кез-келген көшесінде (сауда орталықтарында, вокзалда, әуежайда т.б) банкоматтардан қолма-қол ақшаны алуға болады.

Францияда банктер сағат 9-дан 16.30 дейін ашық.

2.3 Кедендік формальділіктер

Еуропалық Одақтың елдерінен тауарларды Францияға  әкелуде рұқсат етіледі: 200 темекі немесе 100 кішігірім сигар; 2 л вино, 1 л  алкогольдық сусындар; 50 мл иіс су; 500 г кофе немесе 200 г кофе экстрактілері; 100 г шай немесе 40 г шай экстрактілері;

Өткізуге  тыйым салынады: қару-жарақтар, алтыннан және құнды металдардан жасалған бұйымдар, есірткілер.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1 Франция - әлемдегі бірінші туристік мемлекет

 

   Париж - туристтердің саны жыл сайын көп болатын туристiк қала. Франция астанасы сонымен қатар, өзінің архитектурасының әдемiлiгiмен, мұражайларымен, бақтарымен, аудандардың байлығымен атақты.

   Парижде әлемге әйгілі  Эйфель мұнарасы, Үлкен және Кіші сарайлар, Юнеско ғимараты, Шайо сарайы, Пантеон, Сен Женевьев кітапханасы, т. б. көрікті жерлерді тамашалауға болады. Парижде болған адам көп архитектуралық ескерткіштерге күтпеген жерде кезігіп жатады. Сондай мұралардың бірі - Сен-Мартен каналы. Каналдың үстіне ұзақ жылдарда көптеген көпірлер тұрғызылып, әрқайсысы өзгеше сәулет туындысына айналды. Тұтастай алғанда бір-бірінен, бөліп жарғысыз айшықты өнер ансамбелін құрайды. Қала тұрғындарының айтуы бойынша шаһарды Сен- Мишель бульварынан бастап аралау керек. Бұл жер француз жастарының сүйікті орны. Осы арада қол созымда Люксембург Сарайы бар. Мария Медичидің әмірі мен салыған әсем ғимарат Еуропа сәулет өнерінің ғажайып туындысы ретінде әлемге белгілі. Әрине, Париж туралы әңгімелеген де, Асқақ арка жайлы айтпай тұра алмайсың. Арканың биіктігі – 50 метр, лифт арқылы көтеріледі де Париждің үстінен емін – еркін қарай бер. 1977 жылы Парижде елеулі оқиға болды. Тобур көшесінде Ұлттық театр ашылды, оған Жорж Помпидудың есімі берілді. Театрда сурет галереясы, көрме залдары, аса бай кітапхана, грамзапись жазбалары жинағы бар. Театр үйінің жобасына халықаралық байқау жарияланғанда 681 үлгі келіп түсіпті, солардың ішінен итальян Р.Пьяно мен ағылшын Р.Роджерстің жобалары таңдалып алынған. Енді, міне биіктігі 50, ұзындығы 150 ені 50 метр ғажайып ғимарат Париждің мақтанышына айналып отыр. Сондай-ақ әлемге әйгілі Елисей алаңыда осында. «Суретті кітап көрмесі» Францияның транспорт желісінің барлығы Парижден шығатын магистральдар. Дүние жүзіндегі ең жүрдек экспресс поезд Париж- Бордо 350 км  жылдамдықпен жүреді. Э. Хемингуэйдің «Ол - мәңгі сенімен бірге мейрам» деген ғой даңқты қаламгер. Франция ел экономикасының маңызды аспектсін құрайтын мемлекет. 90 жылдардан бастап  Францияға көптеген туристер демалу мақсатында келетін болған. Сонымен қатар өздерінің кезекті демалыстарында да Францияға келген туристер саны жылдан – жылға артуда. Туристерді тартуда Франция кез келген талғам бойынша қонақжайлылықтың түрлері, әртүрлі пейзаждар, тарихи және көркем картиналар, сонымен қатар туристерге сапалы, тиісті қызмет көрсетумен және көлік инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Негізгі туристік құрылымда 700 000 қызметшiлер жұмыс iстеген. Көптеген қонақ үйлерде, мейрамхана, кемпингтер, саяхат бюросында жұмыс істеген.

   Франциядағы туристер көп баратын орындар: Париж, Версаль сарайы, Луара сарайы, Мон-Сен-Мишель, Лиона тарихи орталығы, Шартрлық собор, Шамони және Монблан, аттракциондық парктер Диснейленд, Астерикс, архитектуралық храмдар және т.б.

   Марсель - Францияның оңтүстігінде орналасқан қала, Францияның ең үлкен порт қаласы. Қалада 1 миллион 420 мың адам тұрады. Халқының санымен Париждің артында елінде екінші орында тұрады. Қаланың аты ежелгі грек тіліндегі "Массалия" және соның латын аудармасындағы "Массилия" деген аттарға барып тіреледі. Қаланың төңірегінде жатқан Прованс аймағымен бірге, 2013 жылы Еуропаның мәдениет астанасы болады.

   Францияға келген шетелдiк туристтердiң саны 2007 жылы 81,9 миллионды құраған. Атақты туристік обьектілер қатарына: Эйфелева башня, Лувр мұражайы, Версаль сарайы, Орсэ мұражайы, Помпиду орталығы,  Мон-Сен-Мишель , Шато-де-Шамбор , Сент-Шапель ,  Хант-Кенигсбург сарайы, Пюи-де-Дом (500 мың адам), музей Пикассо , Каркассонды жатқызуға болады.

   Эйфель мұнарасы- 1889 жылы Революция күніне орай тұрғызылды. Әйгілі мұнара Париждың ғана емес, күллі Франция елінің төлқұжатына айналды. Мұнараға лифт немесе баспалдақтар арқылы көтерілуге болады. Кіру билеттің ең арзан бағасы 4 евро. Ең қымбаты 12 еуро. Эйфел мұнарасы! Париждің символындай жарқыраған мұнараның ең биік шыңына шығып күллі әлемге көз тігер ме еді?! Осы мұнарада ынтыққан қос ғашықтың қаншама сыры мен мұңы қалды екен. Эйфель Мұнарасы Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып саналды. 2007 жыл Эйфель мұнарасының 120 жылдық мерейтойы. 2005 жылы осы мұнараның астына су қатырып, мұз айдыны жасалынды. Ол Париждің 2012 жазғы олимпиаданы өзінде өткізуге шақырған жарнама болатын. Teletex Holіday тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн адам көтерілген. Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион евро әкелетін үлкен табыс көзіне айналды.

   Монмартр диірмені. XVІІІ ғасырда Монмартр көшелерінің бойында 30-ға жуық диірмен болған. Қазіргі таңда оның екеуі ғана сақталған: Радэ және Галет. 1717 жылы салынған Радэ диірменінде (Moulin Radet) шарап дайындау үшін жүзімдерді үгіткен. Галет диірмені (Moulin de la Galette) 1622 жылы салынған. Өкінішке орай, екі диірменнің жанына баруға рұқсат жоқ. Сондықтан да, сырттан бақылап қайтуға тура келеді. Оның өзі неге тұрады? Арман қалаға сырттай сүйсіну де жаныңа рахат сыйлайтынын сөзсіз!

   Нотр-Дам соборы. Францияның ғана емес, барша Еуропаның мақтанышы болып табылатын Нотр-Дам соборы готикалық сәулет өнерінің мұрасы. Құрылысы орта ғасырларда басталған собор бір ғасырдай салынды. Собордың Солтүстік мұнарасына көтерілгенде сіз Париж қаласының толық көрінісіне куә боласыз. Күллі Париж алақаныңда тұрғандай жүрегің шаттыққа, көңілің қуанышқа толады.

   Франциядағы туризм экономикада ең жоғарғы орынды алып отыр. Францияның курорттары атақты болғанын байқауға болады. Қазіргі кезде Франциядағы туризм қарқынды даму үстінде.Франция мемлекетінің экскурсиялық бағыты қызықты жерлерді және жоғары сапалы таныстырумен көзге түседі. Францияның астанасы Париж қаласына туристердің сұранысы көп, сонымен қатар Эйфел мұнарасы, Лувр, Париждік Құдайана сияқты көрікті жерлер өінің архитектурасымен ерекшеленеді.Ал, Версаль өзінің әдемілілігімен  туристерді таң қалдырады. Парижден басқа Францияда теңіз және таулы курорттарын атап өтуге болады. Ең атақты теңіз курорты Көкшіл жаға - бұл әдемі курорт Францияның көрнекті жерлерінде яғни мөлдір көк теңіздік жанында орналасқан. Қыста демалу үшін атақты жазықтар Куршевель, Мерибель, Ле Менюир, Валь Торанс француздық таулы курорттар болып табылады.  Жылдың қай мезгілінде болсын Францияға барып, көрікті, әсем жерлерді тамашалауға болады.

   Диснейленд – шет-шегiне көз жетпейтiн орасан үлкен ойын қалашығы. Мұндағы бардың бәрi бала көңiлiн бiрден қызықтырып, баурап әкететiндей өзгеше талғаммен жасалған.

   Францияның қонақ үйлері – бұл сервистің еуропалық деңгейдегі сапасы, яғни дамушы елдердің және жайлылық пен ыңғайлылыққа үйренген туристерге арналып салынған. Сондықтан 3* және 2* жұлдызды қонақ үйлерде барлық жайлы жағдайлар мысалға: телефон, душ, автотұрақ және басқа да қосымша қызметтерге арналып жасалған. Париждегі төрт, бес жұлдызды қонақ үйлерге қысқаша тоқталсақ:

   Fraser Suites Le Claridge Champs-Elysées қонақ үйі сәнді, атақты ауданда орналасқан. Қонақтарды барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған апартамент және студио нөмерлер, сонымен қатар қысқа және ұзақ уақытқа тоқтауға болады. Нөмерлік қор саны 110 болады.

   Bedford қонақ үйі Париждің орталығында орналасқа.Негізгі қызметтері  ақысыз Wi-Fi және жоғарғы деңгейдегі мейрамхана асхана қызметі.Bedford қонақ үйінің нөмерлерінде классикалық және стилдік жиһазбен жабдықталған. Сонымен қатар нөмерлерде спутниктік теледидар және жеке ванна бөлмесі бар.Нөмерлік қор саны 145.

   Intercontinental Paris Le Grand қонақ үйі Гарние Операсы мен Оpera метролық станциясынан  300 метр жерде орналасқан. Қонақ үйдің ішінде екі мейрамхана және сауна, массаж бөлмелері бар. Le Grand қонақ үйінде спутниктік және кабельдік теледидар, интернет жүйесі қосылған. Нөмерлік қор саны 470.

   Vernet  қонақ үйі Елисейлік егістіктен және Geroge V метролық станциясынан 100 метр жерде орналасқан. Нөмердің ішінде теледидар және сейф бар. Ал жуынатын бөлмеде ванна және ыңғайлы халаттар бар. Нөмерлік қор саны 50.

   Hôtel California Champs Elysées қонақ үйі Париж орталығынан Елисейлік егістікке дейін 200 м орналасқан. Қонақтарға тренажер залы және мрамормен жасалған ванналар, стилді нөмерлер және кабелді теледидарларұсынады. Нөмерлік қор саны 174.

Туризмді ұйымдастырудың еуропалық  үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен  танымал Италия, Испания және Франция  елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі.

   Франция – халықаралық туризм орталығы. Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды.Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда туризмнің маңызы зор.

   Лувр - өркениетке қол жеткен дәуiрдегi ел билеушi корольдердiң резиденциясы болған екен.Көркем ғимарат. Архитектурасы ерекше. 1791 жылдан берi ежелгi Мысыр, Батыс Еуропа елдерiнiң өнер мұраларын көзiнiң қарашығындай сақтаған  мұражай қызметiн атқарып келедi. Мұражайдың үлкендiгi сонша, тек Египет экспозицияларына қойылған дүниелердiң саны 60 мыңнан асады. Сол күнi бiз оның тек бiр бөлiмiн ғана 2 сағатта әрең аралап шықтық. Луврдың әр экспонатының қасында бiр минуттан тұрғанда, түгел қарап шығу үшiн екi ай уақыт кетедi екен. Экспонаттардың iшiнде ерекше есiмде қалғаны – әйгiлi италиялық суретшi Леонардо да Винчидiң қылқаламынан шыққан Мона Лиза портретi, Венера Милосская мен Ника Афрокийскаяның мүсiндерi. Ғажайып бұл туындыларды француздар «Луврдың үш сұлуы» атайды.

 

3.2 Франция банкі

   Европадағы ескі орталық банктердің бірі болып табылатын Франция Банкі 1800 ж. Наполеон Бонапартпен құрылды. 1803 ж. банкке берілген және 1806 ж. бекітілген эмиссия құқығы 1945 жылға дейін төрт рет жаңарды.

  1936 ж. дейін Франция Банкі 15 «регенттен» құралған Кеңеспен басқарылды. 1936ж. ол өзіне 20 директорларды қосатын Бас Кеңескеөзгертілді. 1945 ж. 2 желтоқсандағы заң бойынша Франция Банкінің капиталы мемлекетке берілді, оның салдарынан ол осы уақытқа дейін мемлекеттік мекеме статусын сақтайды.

   Франция Банкінің тарихындағы өзгерісті кезең 1993 жылдың 4 тамызындағы заңға сәйкес жүргізілген реформа болды. Ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын және Банктің жүзеге асыратын монетарлық саясатының. кезектілігін қамтамасыз ету мақсатында оған тәуелсіз статусы берілді. Сонымен бірге Франция Банкінің жарғысына оның тәуелсіздігін кепілдендіретін түзетулер енгізілді:

–   Франция Банкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында монетарлық саясатты жасау мен жүзеге асыру үшін жауап береді.

–   Шешімдер тоғыз адамнан тұратын монеталық саясат бойынша Кеңеспен ұжымдық қабылданады.

–   Монетарлық саясат бойынша Кеңестің тәуелсіздік статусын қамтамасыз ету мақсатында шешім қабылдау кезінде Кеңес мүшелеріне пікір сұратуға немесе осы саладағы өкіметтің нұсқауларын қолдануға тыйым салынады.

   Франция Банкінің салыстырмалы тәуелсіздігіне қарамастан монетарлық саясатты жасағанда және жүзеге асырғанда айырбас бағамының режимін және франк паритетін анықтау сұрақтарымен өкімет айналысады. Франция Банкі монетарлық саясаттың жалпы бағыттары шеңберінде және мемлекеттің атынан шетел валюталары мен франктің қатынасы тек реттеп отырады. Францияның монетарлық саясатының негізгі мақсаты 1994 жылдан бастап инфляция деңгейінің нақты көрсеткіші анықталды, бұл Францияны инфляцияны таргеттеу саясатын жүзеге асырушы елдердің қатарына қосуға болады.        

Информация о работе Франциядағы туризмнің даму жолдары