Франциядағы туризмнің даму жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 13:26, реферат

Краткое описание

Жұмыстың міндеті: қойылған мақсатқа сәйкес Францияның туризмнің қалыптасып дамуы, туристік саланы дамытудағы атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар, болашақта туризм жөніндегі алға қойған мақсаттарын талқылау. Сонымен қоса Францияның және көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.) зор ықпал ететіндігін, туризмге әсерін тигізетін факторлар: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық мәселелерді толық жеткізу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Францияға кірудің ережесі және формальділіктері2.docx

— 145.56 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

   Жұмыстың мақсаты: Франция туризмнің дамуын ашып көрсету, сонымен қатар Франция туризмінің дамуына әсер еткен ХХ ғасырдағы еуропа елдерінің туризмдік бағыттары мен халықаралық аренадағы орнын толық қамту болып табылады. Франция

   Жұмыстың міндеті: қойылған мақсатқа сәйкес Францияның  туризмнің қалыптасып дамуы, туристік саланы дамытудағы атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар, болашақта туризм жөніндегі алға қойған мақсаттарын талқылау. Сонымен қоса Францияның және көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.) зор ықпал ететіндігін, туризмге әсерін тигізетін факторлар: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық мәселелерді толық жеткізу.

   Жұмыстың нысаны: Францияда және еуропа мемлекеттерінде ХХ ғасырдағы туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуына және бос уақытын өзкізуіне негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың негізгі құралына айналды.

   Ал қазіргі уақытта туризм мемлекетке табыс келтіретін үлкен табыс көзіне айналып отыр. Франция осы мақсатта да соңғы уақытта көптеген мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып, саяхаткерлердің жылдан жылға саны артып келеді.

   Алға қойылып отырған басты нысан Франция туризіндегі жоғарыда айтылған мәселелерді жан жақты зерттеп, қорытынды жасау. Францияның халықаралық туризмнің дамуын ашып көрсету, сонымен қатар Франция туризмінің дамуына әсер еткен ХХ ғасырдағы еуропа елдерінің туризмдік бағыттары мен халықаралық аренадағы орнын толық қамту болып табылады.

  Жұмыстың өзектілігі: Туристік формальділіктер – заңды және орнатылған тәртіп бойынша туристік саяхатты тіркеу мен жүзеге асыру мақсатындағы, сонымен қатар мемлекет шекарасынан өту үшін қажет шарттар жүйесі. Туризм сферасындағы формальділіктер төлқұжаттық-визалық, кедендік, санитарлық немесе медициналық ережелер, валюталық бақылау мен валюта айырбастау тәртібі, елге келу мен ел ішіндегі жүріп-тұру, иммиграциялық ережелер және басқа да әрекеттерге бөлінеді. Халықаралық туризмнің дамуына өзіндік зор әсерін мемлекеттердің кедендік жүйелері әсер етеді. Мемлекеттің кедендік жүйесінің қаншалықты дамуына байланысты елдің де жағдайы тікелей қарастырылады.      Туризм түсінігін қалай түсінеміз? Бір адамдарда туризм – бұл жүрілмеген жолдарды палаткамен, оттағы әнмен километрлеп жүру, екіншілерге – тарихи орындарға бару, кейбіреулерге – шет елдерге саяхаттау. Бұның барлығы да дұрыс, себебі туризм - әртүрлі.

   Бүгінгі күні Туризмді XX ғасыр жалпы феномені, осы кездегі жарық бір құбылыс ретінде біздің өміріміздегі барлық ортаға кіріп, қоршаған ортамен ландшафтын өзгертетіндей қарастырамыз. Туризм – экономиканың маңызды бір факторы, сондықтан біз оны жай ғана демалыс немесе сапарға шығу деп қарастырмаймыз. Бұны кеңірек қарасақ байланыс, қатынастар жиынтығы және құбылыс бірегейлігі адамды саяхатта алып жүреді. Туризм саяхатының әртүрлігімен - белгілі орындарда саяхаттаушылармен келушілерді, өздерінің күнделікті ортасынан шыққан демалу, жұмыспен және т.б. мақсаттардағы тұлғаларды қамтиды. Бір қарағанда «Туризм» әр адамға түсінікті, себебі барлығымыз сапар шеккенбіз, газет – журналдардан туризм туралы мақалалар оқығанбыз, телебағдарламалар көргенбіз, отпускімізді өткізуге туризм агенстволарымен ақылдасқанбыз. Бірақ ғылыми және оқу мақсаттың туризмнің халық шаруашылығымен арақатынасын анықтап алуымыз маңызды. Туризм дамуы процессінде осы түсінікті талқылау пайда болса да бұл құбылысты анықтауда  келесі талаптарды қарастыру керек:

ØОрын өзгеруі. Бұл жағдайда сапар шегу туралы, яғни күнделікті жерден басқа жерде орындалуы. Бірақ туристер деп күнде үймен жұмыс орнының арасында немесе оқу орнының арасында сапар шегуді айтуға болмайды, өйткені олар күнделікті ортадан шықпайды.

ØБасқа орында болуы. Бұл жерде басты шарт болған жері тұрғылықты немесе мекен жайы болмауы керек. Бұдан басқа бұл жұмыспен байланысты болмауы керек. Бұл ньюансты ескеру қажет, себебі жұмыс қызметіндегі адам жүріс – тұрысы туристен өзгеше. Тағы бір шарт саяхатшылар барған жерінде 12 ай не одан артық болмауы керек. Егер болса туризм бойынша ол – тұрғылықты тұрушы, сондықтан турист деп аталмайды.

ØЕңбек ақыны барған жер қорынан алу. Бұл талаптың басты мағынасы – бару мақсаты қызметті іске асырып, еңбек ақыны барған жер қорынан алу болмауы шарт. Әйтпесе ол – мигрант деп аталады. Бұл халықаралық туризмге ғана қатысты емес, бұл бір елдегі туризмге де қатысы бар.

   Бұл 3 талап туризм анықталуында басты рол атқарады және базалық болып саналады. Бұнымен қоса туристер ерекше категориялары бар және бұларға қатысты бұл талаптар аз болып келеді, олар – босқындар, сотталғандар, транзиттік пасажирлер (олар формальді түрде елде жүрмейді) және оларды алып жүрушілер.

ØЖұмыспен сапар, бос уақытты өткізу мақсатындағы саяхат – бұл күнделікті жұмыс орнымен тұрғылықты жерінен орын ауыстыру. Егер қала тұрғыны заттар сатып алуға орын ауыстырса ол турист емес, және ол функциональдік орнын тастап кетпейді.

ØТуризм – бұл экономиканың саласы ғана емес сонымен қатар маңызды адам өмірінің бөлігі. Адамның сыртқы қоршаған ортамен араласуы.

   Көп елдерде бұрыннан бері «Туризм» ұғымы қолданылады, ол ұлы тур сөзінен пайда болған. Ұлы тур – алғаш таныстыру сапарын білдірген.XVII-XVIII ғасырларда дворяндықтар жүзеге асырған, ал XIX ғасырда бұндай сапарлар басқа халық арасында белсенділік танытты. Саяхат мақсаты – басқа мәдениетпен танысу болды. «Ұлы турларды» қазірде туризм – басқа елдермен танысу, халықтарымен қатынас қалдыру және өзара түсініктер үшін қолдануда.

   Туризм анықтамасы демалыс пен саяхат факторларын қамтымайды, ол экономика саласында туристік ұйымдар агенттерімен делдалдарының қызметтерін қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Франциядағы туризмнің даму жолдары

 

   Жалпы туризмің дамуы қандай мемлекет болмасын халықаралық жағдайда достық қарым – қатынастар тарихымен және халықтың әлеуметтік жағдайымен сабақтас ұғым. Туризмді дамытуда алдымен мемлекеттің өзі өзіндік саясат ұстанады, саясаттың негізгі мақсаты осы туризм жолымен мол қаражат табу.Францияда туризмнің дамуы ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасады. Францияның қоғамдық  қарым – қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде – ХХ ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды  және еңбек ресурстарының  ауқымды бөлігін іске қосқан. Бұл Франция үшін жаһандану деңгейдегі  салмақты саясат,  үлкен ақша және ірі бизнес болып  саналады. Бүгінгі таңда әр мемлекеттің өзіндік ұстанымы, өзіндік саясаты бар, соның ішінде туризм саясаты өзекті мәселелердің бірі екені белгілі.

    Туризм - әр адамға белгілі құбылыс. Барлық заман кезеңдерінде біздің ғаламшарымыз – жер бетін көптеген саяхаттанушылар мен алғашқы ашушылар кесіп өткен. Алайда туризм адамдардың арнайы бір қызмет түрі ретінде қазіргі заманда ғана қалыптаса бастаған. Туризм салыстырмалы түрде өте жас феномен, алайда оның түптамыры ежелгі заманға ұласып жатыр. Біз нарықтық шаруашылыққа туризмге қатысты халықаралық рынокта көптеген өзгерістер енген кезеңде жеттік. Туризм бүкіл әлемде экономиканың ең маңызды салаларының біріне айналды, ал тіпті кейбір дамып келе жатқан елдерде экономиканың қарқынды дамып, мемлекет тұрғындарының сапалы өмір сүруінің, және елдің мемлекеттік қаражатының негізгі көзіне айналды.

   Туризм бүгінгі таңда қазақстандық немесе әлемдік экономиканың ең маңызды мекторына айналды. Туризмнің дамуы - болашақтағы экономикалық жағынан өте тиімді жаңа әлемдік нарықтық шаруашылықтың бір бөлігі. Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды сала ретінде - (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.) қандай бір мемлекет болмасын ішкі және сыртқы экономикады зор ықпал етеді. Бұдан туризмнің өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.

   Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды. Көптеген кәсіпкерлердің туризмге қызығушылық білдіруі бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Ең бірінші, туристік бизнеспен айналысуды бастау үшін, көп инвестицияның қажеті жоқ. Екіншіден, туристік нарықта ірі, орта, кіші фирмалар өзара әрекет етеді. Әлемдегі туризмның дамуына ғылыми-техникалық прогресс, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсарту, бос уақытты, демалыстарды көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық тағы басқа да факторлар әсерін тигізеді.

   Қазіргі уақытта туристік жолмен дүниежүзінің бірқатар мемлекеттері жақсы дамып, мемлекеттік бюджетке көптеген кіріс кіргізуде. Олардың қатарында туристік жолмен көптеген елдермен тығыз байланыс орнатқан  Франция, Испания, Греция, Түркия, Венгрия және  Египет  елдерді айтуға болады. Бұл мемлекеттерде туризм арқылы мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін  негізгі экономикалық саласы болып табылады. Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі.

  Ал қазіргі уақытта туризм мемлекетке табыс келтіретін үлкен табыс көзіне айналып отыр. Франция осы мақсатта да соңғы уақытта көптеген мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып, саяхаткерлердің жылдан жылға саны артып келеді. Алға қойылып отырған басты нысан Франция туризміндегі жоғарыда айтылған мәселелерді жан жақты зерттеп, қорытынды жасау.

 

    1. Францияның жалпы географиялық сипаттамасы

   Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз елін «гексагон» деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі. Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді. Францияның теңіздік шекаралары  Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды.

   Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып  табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. 1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар, ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді. Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент. Елордасы – Париж, ресми тілдері - француз тілі. Президенті Николя Саркози , Премьер-министрі  Франсуа Фийон . Ұлттық ақшасы: еуро. Франция – халықаралық туризм орталығы. Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды.

   Францияның ішкі ұлттық өнімінің көлемі АҚШ, Жапония, Германиядан кейінгі төртінші орын алады . Франция жоғары дамыған елдер қатарына жатады. Өнеркәсіптің табысы ауыл шаруашылығына қарағанда бес, алты есе көп, Франция экономикасында сауда, қаржылық операциялар және туризм үлкен рөл атқарады.

   Франция-жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша дүние жүзінде 4-орын (АҚШ, Жапония, Германиядан кейін), Еуропада Германиядан кейін 2-орын алады. Ұлттық табысты жан басына шаққандағы жылдық мөлшелері 24990 АҚШ долларына тең (2003 ж). Франция автомобильдер шығару жөнінде дүние жүзінде 3-орын, авиациялық және ғарыштық техника өндірісі бойынша Еуропада 1-орын алады. Сондай-ақ экспортқа көп мөлшерде қару-жарақ, АЭС-тер үшін құрал-жабдықтар, химикаттар, маталар мен киім-кешек шығарады. Француз өнеркәсібінің жетекші салаларына автомобиль жасау, химия мен мұнай химиясы, ұшақ жасау (аэробустар мен әскери ұшақтар), электроника, металлургия, темір жолы техникасын шығару жатады. Парфюмерия — косметикалық сала мен жоғары талғамды сәнді киімдер шығаруда Франция дүние жүзінде бірінші орынды иеленеді. Жылына шамамен 3,5 млн. автомобиль шығарса, оның жартысына жуығы экспортқа жіберіледі. Автомобильдердің 90%-дан астамын “Рено” мен “Пежо-Ситроен” компаниялары шығарады. Кеме және станок жасау, ауыл шаруашылық машиналары өндірісі де жақсы дамыған. Химия өнеркәсібі минералды тыңайтқыштар, синтетикалық каучук пен пластмасса, парфюмерия, дәрі-дәрмектер жасауға маманданған. Ірі мұнай, химиялық кәсіпорындары көп. Химия өнеркәсібі биотехникалық және гендік инженериямен тығыз байланысты. Тоқыма өнеркәсібі өзінің бұрынғы маңызынан айрылса да, Франция киім-кешек пен маталар шығарудан Еуропада алдыңғы орындардың бірін иеленеді (мақта-мата, жібек, синтетикалық, жүн, кендір, зығыр маталары өндіріледі). Француз кәсіпорындары шығарған ірімшік, шараптар, кондитерлік бұйымдар дүние жүзіне танымал. Өнеркәсіп өнімдерінің 1/5-іне жуығы Париж бен оның айналасында, сондай мөлшері Лион мен солтүстік аудандарда өндіріледі. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің көлемі бойынша Франция дүние жүзінде АҚШ пен Канададан кейін 3-орынды иеленеді. Ол ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз етіп, 40%-ын экспортқа шығарады. Франция - Еуропадағы астық, сары май, ірі қара етін, ірімшікті ең көп мөлшерде өндіретін ел. Өсімдік шаруашылығының негізгі саласы - дәнді дақылдар өсіру (негізгілері -бидай, жүгері, қара бидай, арпа, күріш). Картоп, қант қызылшасы, күнбағыс, рапс та көп мөлшерде өсіріледі. Ницца өңірінде гүл өсіру дамыған. Жүзімнің негізгі бөлігі шарап дайындауға (жылына 60 млн-дай л) жұмсалады, неғұрлым белгілі түрлері шампан, кагор, коньяк. Жеміс-жидек (алма, алмұрт, шабдалы, Жерорта теңізі жағалауларында цитрустық жемістер мен қара өрік) пен көкөніс өсіру дамыған. Ірі қара (20,6 млн. бас), шошқа, қой, жылқы өсіріледі. Балық аулау кәсібінің негізгі порттары Атлант мұхиты жағалауларында (Булонь, Лорьян, Ла-Рошель) орналасқан. 2005 ж. елде 70 млн-нан аса шетелдік туристер демалды. Экспортының негізін өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, тұрмыстық бұйымдар, ауыл шаруашылық өнімдері, химиялық тауарлар мен шикізаттар, тігін бұйымдары, киім-кешек, аяқ киім, парфюмерия мен косметика, автомобильдер құрайды. Сырттан тұтыну тауарларын, өнеркәсіптік шикізаттар алады. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Бельгия, Люксембург, Ұлыбритания мен АҚШ. Франция Қазақстанның сауда серіктестері ішінде 12-орын алады. Француз кәсіпорындары Қазақстандағы өз қызметінің қарқынын біртіндеп арттырып келеді. 2005 ж. ҚР мен Франция арасындағы тауар айналысы 2665,1 млн. долларды құрады. Қазақстан Францияға мұнай, кентастар, химия өнеркәсібінің шикізаттарын, тері мен астық береді. Франциядан негізінен дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімдерін, қосалқы бөлшектер, автомобильдер, тұрмыстық электроника, шарап, теңіз өнімдерін, ірімшік, парфюмерия мен косметикалық бұйымдар, жоғары сән киімдерін алады. Қазіргі кезде Қазақстанда француз кәсіпкерлері араласқан 19 шағын кәсіпорын тіркелген. 4 француз банкі Қазақстанмен бірлесіп жұмыс атқаруда, мұнай-газ, тау-кен, энергетикада, көлік пен қызмет көрсету салаларында көптеген француз компаниялары еңбек етуде. 2004 ж. 10 наурызда Парижде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының кезекті, алтыншы мәжілісі болып өтті.

Информация о работе Франциядағы туризмнің даму жолдары