Франциядағы туризмнің даму жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 13:26, реферат

Краткое описание

Жұмыстың міндеті: қойылған мақсатқа сәйкес Францияның туризмнің қалыптасып дамуы, туристік саланы дамытудағы атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар, болашақта туризм жөніндегі алға қойған мақсаттарын талқылау. Сонымен қоса Францияның және көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.) зор ықпал ететіндігін, туризмге әсерін тигізетін факторлар: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық мәселелерді толық жеткізу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Францияға кірудің ережесі және формальділіктері2.docx

— 145.56 Кб (Скачать документ)

   Пари́ж - Франция елінің астанасы, маңызды экономикалық және мәдени орталығы. Франция ортаңғы бөлігінің солтүстігінде, Иль-де-Франс аймағында, Сена өзенінің жағасында орналасқан. Ұраны - Fluctuat nec mergitur.Эйфель мұнарасы бүкіләлемдік көрмеге арналып 1889 жылы салынады. Париж климаты қоңыржай, теңіздік. Парижде 13 млн. халық тұрады. Тарихи деректерге сүйенсек қала Филлип Август королінің тұсындағана өркендеп өсе бастаған. Қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған. Архитектуралық ансамбілдері ғасырлар бойы қалыптасты. Готика үлгісіндегі архитектуралық құрылыстардың дені Сита аралына шоғырланған. 13 ғ-да шіркеулер мен монастырьлар салына бастады. Нақ осы тұста атақты НотрДам де қолға алынса керек. В.Гюго оны (Париж құдай аналарының соборы) деген атпен әлемге әйгілі етті. Атақты Лувр 1204 жылы салына бастапты, сол түста 20 мың шәкірті бар Париж мектептері университет болып бірігеді, алғашқы университет 1629 жылы салыныпты.

 

    1. Францияның экономикасы

   Францияның экономикасы әлемдік шаруашылықта маңызды рольдердің бірін ойнайды. ЖІӨ көлемі бойынша Франция әлемде тұрақты төртінші орында. Франция – Европадағы, территориясы мен халық саны бойынша ең ірі мемлекеттердің бірі болып табылады. Елдің  аумағы (метрополия және Корсика) – 551 мың шаршы шақырым, халық саны - 58 млн. адам.  Олардың 95% - ы француздар, қалғандары–бретондықтар, немістер, итальяндықтар, португалдықтар, түріктер. Елдің экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш–нақты ЖІӨ өсімі- соңғы жылдарда оң нәтиже көрсетіп келді.Экономикалық рецессия болған жылы, яғни 1993 жылы ғана ерекшелік болды. Басқа жылдары, әсіресе 1990 жылдың соңында ішкі сұраныстың өсуі есебінен тұрақты экономикалық өсу болды. Сөйтіп, 1998 жылы ЖІӨ-нің өсімінің төрттен үші нақ осы параметрдің есебімен өсті.Тез тірілген ішкі сұраныс дайын өнім секторына тұрақты оң әсер көрсетті. 1997 жылдың ортасынан басталған жеке тұтынудың кеңеюі тұтыну тауарларының секторындағы конъюктураны қолдап тұрды. Тұтынудың кеңеюі төмен инфляциямен және жұмбастылықтың өсуімен байланысты болды. Сонымен қатар, жинақ нормасы (жинақтардың нақты ақшалай табыстарға қатынасы) 14% - ға дейін қысқарды, бұл да ішкі сұранысты көбейтті. Бұған пайыздық мөлшерлеменің біртіндеп, бірақ тұрақты төмендеу саясаты әсер етті.Сөйтіп, жинақ депозиттерінің номиналды мөлшері 1998 жылдың аяғында 3,2% - ға дейін төмендеді, нәтижесінде тұтыну өсімі 4 еседен  артық өсті. Ішкі сұраныстың екінші компоненті – инвестициялар да жеткілікті динамикалы түрде дамыған. 1998 жылы 1997 жылғы теріс нәтижесінен  темпі 6 % - ға өсті.

   2000 жылы экономикалық өсудің 3% - ға дейін төмендейді деген жоспарға қарамастан олар өзгерген жоқ және евро аймағындағы алдыңғы қатарлы үш елдердің бірі болып қалды. (Германия, Италия) 2001 жылы нақты ЖІӨ – нің  өсімнің темпінің төмендеуі әлемдік қоғамдастықтағы экономикалық дамудың баяулауымен түсіндіріледі. 2015 ж дейін Францияның даму ықтималдылығы бойынша Батыс Еуропалық региондағы жалпы тенденцияларға сәйкес келетін болады. Орташа жылдық өсу темпі 2,4 – 2,6% - ға жоспарланған.    

Соңғы он жылдықтағы Франция экономикасының маңызды  позитивті факторы – инфляцияның  төменгі деңгейі. 1994 жылы Францияның экономикалық саясатының артықшылықты бағыты   болып инфляцияның 2 % төмен деңгейдегі баға тұрақтылығы табылады. Монетарлық саясат  нәтижесінде инфляция 1996 жылы – 2,1 % , 1997 жылы – 1,1% құрады және соңғы 40 жылда ең төменгі  көрсеткіш болды. 1997 жылы өндірістік тауарлар тек 0,1% - ға  өсті, қызмет көрсетулер 1,4% - ға қымбаттады. Ең жоғары (2,5%)  азық – түлік тауарларына бағаның өсуі болып табылады. Жоспарланған жылдық инфляцияның 2 % - ға  және ЖІӨ – нің 3%-ға дейінгі өсіміне жету үшін Франция Банкі жиынтық ақша массасының жалпы жылдық  өсімін 5% - ға шектеді. Барлық осы параметрлер сақталды. 1997 жылы жиынтық ақша массасының өсімі 1,5% - дан аспады, инфляция 1,1% - ды құрады, ЖІӨ – нің нақты өсімі – 2,3%.   

1998 жылы Азиялық  қаржы дағдарысының салдарынан  инфляция деңгейі 0,7% - ға дейін  төмендеді, 1999 жылы – 0,6% - ға дейін. 2000 жылы ол 1,8% - ға дейін жоғарылады.2001 жылы инфляция 1,0 – 1,6%  деңгейінде жоспарланған.   

Теория тұрғысынан инфляцияның мұндай төмен деңгейі  экономикадағы стадионды процестермен, бірақ Францияға бұл әзір қатер  төндірмейді. Біріншіден, басталған  инвестициялық өрлеудің арқасында. Бұл өндіріс күштерінің шегіне жеткен жоғары салыну (тиелу, загруска)- мен, ішкі тұтынудың өсуімен, ЕО елдеріндегі  жалғасқан экономикалық өсуімен, ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыз  мөлшерлемелерінің төмен деңгейімен ( жылына 5 %-дан төмен) байланысты.   

Қолайлы экономикалық конъюктура Франциядағы жұмыссыздық  деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік  берді. 

Жұмыс күшінің  санынан  % / 2 * жұмыссыздық деңгейі / 1 

 

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

9,4

10,4

11,7

12,5

12,5

12,3

12,5

11,8

11,2

9,7

8,8


   Жұмыссыздар санының қысқаруына үкіметтің жаңа жұмыс орындарын құруға тырысуы да әсер етті. 1997 жылы 190 мың жұмыс орны құрылды, мемлекет арнайы жастар үшін 40 мың жұмыс орнын құруға қаражат бөлді. 1998 ж жұмыс орындары 300 мыңға көбейді, оның ішінде 100 мың орын арнайы жастарға үшін құрылды. Нәтижесінде дәл «жастар» жұмыссыздығы ең көп деңгейде қысқарды: 1998 жылдың 10 айында 8,5% - ға, 25-49 жас аралығындағы топта 5,3% - ға төмендеді, жоғары жастағы жұмыссыздар тобында одан да аз.

  2001 жылдың 1 қаңтарында Францияда кең қоғамдық резонансқа ие болған заң қабылданды. Ол жұмыс аптасының жалғасуын 39- дан 35- ке қысқартты. Сонымен қатар, осы заң шеңберінде кәсіпорын деңгейінде кәсіподақтар мен кәсіпкерлердің бірқатар келісімдері жасалды.

   35 сағаттық жұмыс аптасына ауысу көбінесе жыл жұмыс уақытын пайдаланудың көбеюіне әкеледі, себебі өндірістік құрал жабдықтың эксплуатациясының ұзақтығы көбейеді. Сонымен қатар, жұмыс уықытының қысқаруы өндіріс шығындарын едәуір өсірді және кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне әсер етті. Шағын кәсіпорындарда да өнімділікті өсіру қиын, себебі олар көбіне шағын болғандықтан, басқа еңбек ұжымын енгізу қиыншылық туғызады. Еңбек нарығында жағдайдың нашарлауы уақытша келісім - шарт бойынша жұмыс істейтіндерге сезілді, бірақ бұл ақпараттық қызметтерге және құрылыс өнеркәсібіндегі жалғасып жатқан сұранвс негізінде компенсацияланды. Сонымен қатар сағаттық төлемнің автоматты түрде өсуі жұмыс аптасының бұрынғы ұзақтығын сақтаған кәсіпорындарға кері әсерін тигізді. Сондықтан 2002 жылы шағын және орта кәсіпорындарда 35 сағаттық жұмыс аптасын енгізу ұсынылды. 

 Француз экономикасы ішкі байланыстар үшін кеңінен ашық. Франция қызметтерді және ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты бойынша әлемде екінші орынға, өнеркәсіп өнімнің экспорты бойынша - төртінші орынға ие. Францияның негізгі ішкі – экономикалық серіктестері – Еуроодақ мүшелері. ЕО елдерінде елдің тауар айналымының 63 % - ы және француз экспортының 60% -ы келеді. Францияның ЕО – пен оң тауарлы сальдосы 1998 жылы 63 млрд франкке ( 9,6 млрд евро) жетті. Германия – Францияның артықшылықты сауда серіктесі болып табылады. (16% экспорт, 20% импорт). Екінші орында – Италия( 12%), одан кейін Ирландия мен Нидерланды. Францияның тауар айналымында АҚШ – тың үлес салмағы 6,1 % - ды құрайды. 

  Елдің экономикалық өсуінің себептерінің бірі болып француз экспортының шапшаң өсуі есептеледі( 1997 жыл нәтижесі бойынша шамамен 12%) .1997 жылы ағымдық төлем балансының оң сальдосы 220 млрд франктен асып, соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. 1999 жылы оң тауарлы сальдо 124 млрд франкке жетті (18,9 млрд евро). 1998 жылы 1814,5 млрд франк ( 276,61 млрд евро) құраған өнім экспорты ЖІӨ – нің 26% - ын құрады.

   Франция үшін тура инвестицияларды қосқанда капитал экспортына тенденция тән 1997 жылы француздық шетелдегі портфельдік инвестициялар 413,5 млрд франктен асты, оның ішінде 257,4 млрд франк облигация сатып алуға жұмсалды. Француздық резиденттер 158 млрд франкке басқаруға қатысуға құқық беретін шетел акцияларын және басқа бағалы қағаздарды сатып алды. Француздық резиденттердің тура шетел инвестицияларына келетін болсақ, онда олар 1997 жылы 181 млрд франктен асты. Франция Жапониямен қатар тура шетел инвестицияларының мөлшері бойынша әлемдегі алдыңғы қатарға ие болды.

   Сөйтіп мемлекет шетелдік серіктестер үшін инвестициялық тартымдылықты сақтауда 1997 жылы тура шетел инвестицияларының көлемі бойынша Франция әлемде АҚШ, Ұлыбритания және ҚХР – дан кейін төртінші орында . 1997 жылы резидент еместер француз бағалы қағаздарына 257 млрд франк салды, оның ішінде 149 млрд франк – акцияларға және басқа ассимилирленген бағалы қағаздарға салынды. Әсіресе Азиядағы қор нарықтарындағы дағдарыс басталғаннан кейін резидент еместер бұл бағалы қағаздарға қаражаттарды белсенді сала бастады. Францияда дәл осы шетел инвесторларының арқасында инвестициялық өрлеу қамтамассыз етілді. Сөйтіп, тек  1997 жылы олар Францияда 360 ірі инвестициялық жобалар негізінде 24 мың жұмыс орнын құрды.

   Франция Банкінің мәліметтері бойынша 1997 жылдың 1 қаңтарына тура шетел инвестициялары 753,8 млрд франкті құрады. Негізінен олар ЕО елдерінен түсті.(64%). АҚШ инвесторлар арасында бірінші орында болды. (152,3 млрд франк немесе 20,2%) . Францияда тура шетел инвестицияларының салынуының негізгі салалары болып және түрлі холдигтер (20,5%), несие мекемелері (17,5%) , көбінесе банктік (9,2%), химия өнеркәсібі (12%). Резидент еметердің француз бағалы қағаздарын сатып алу көлемінің өсуі, динамикалық экспорт , шетел туризмінен едәуір түсімдер ағымдық төлем балансының оң сальдосының 2 есе өсуіне мүмкіндік береді. Ол шамамен 232 млрд франкті құрады. 1998 жылы ьұл көрсеткіш азиялық дағдарыс салдарынан едәуір қысқарды.

   2015 жылға дейін экономиканың позитивті динамикасы үшін экспорттың кем дегенде биылғы көрсеткіштерін сақтау қажет.

   Бұл үкімет алдына ауыспалы ғылыми сыйымды өнімнің мәні күшейетін әлемдік сұранысқа белсенді адаптация мәселесін қояды. Әзірге Франция бұдан артта. Ұлттық экспортта көлік пен құрал – жабдықтар үлесіне шамамен 48  % келеді, бұл АҚШ пен ФРГ – дан едәуір аз. Керісінше, өңдеу деңгейі төмен өнімнің үлес салмағы негізгі бәсекелестерге қарағанда жоғары. Сонау 1950 – ші жылдары қате таңдалған жалпы шаруашылық және өнеркәсіптік маманданудағы кемшіліктерден арылу үшін, Францияға алдымен жеке бизнестің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату қажет.

Франция экономикасы дүниежүзілік шаруашылықтын  ажырамас бөлігіне айналды. Сыртқы сауда  экономикалық өрлеуге негіз болып  отыр, оған оң сальдо тән. Экспорт көлемі жөнінен ел батыс Еуропада тек  Германияны ғана алға салады, Францияның сыртқа шығаратын тауарларының жалпы  құны дүниежүзілік тауар экспортының 5,1% -ын құрайды. Экспорт құрылымында  машиналар мен жабдықтар 43 және ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаты 20 басым болып отыр .Соңғы жылдары  әскери техника мен қару – жарақты  сыртқа сату жөнінде АҚШ – тан  кейінгі екінші орынға шықты.Импорт көлемі жөнінен Франция Жапониямен қатар АҚШ, Германиядан кейінгі  үшінші орынды бөліседі.Франция –  халықаралық туризм орталығы. Қазіргі  кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды. Елдің  сыртқы экономикалық байланыстарын  дамытуда туризмнің маңызы зор. Францияның ірі қалалары:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Визалық формальділіктер

 

   Туристік формальділіктер – заңды және орнатылған тәртіп бойынша туристік саяхатты тіркеу мен жүзеге асыру мақсатындағы, сонымен қатар мемлекет шекарасынан өту үшін қажет шарттар жүйесі. Туризм сферасындағы формальділіктер төлқұжаттық-визалық, кедендік, санитарлық немесе медициналық ережелер, валюталық бақылау мен валюта айырбастау тәртібі, елге келу мен ел ішіндегі жүріп-тұру, иммиграциялық ережелер және басқа да әрекеттерге бөлінеді. Халықаралық туризмнің дамуына өзіндік зор әсерін мемлекеттердің кедендік жүйелері әсер етеді. Мемлекеттің кедендік жүйесінің қаншалықты дамуына байланысты елдің де жағдайы тікелей қарастырылады.      Туризм түсінігін қалай түсінеміз? Бір адамдарда туризм – бұл жүрілмеген жолдарды палаткамен, оттағы әнмен километрлеп жүру, екіншілерге – тарихи орындарға бару, кейбіреулерге – шет елдерге саяхаттау. Бұның барлығы да дұрыс, себебі туризм - әртүрлі.

   1989ж. Гаага туризм бойынша декларациясы мемлекеттер мен туристік идустрия үшін туристік формальділіктер мен кедендік іс-әрекеттерді жеңілдету мақсатында соның ішінде саяхат жасаған кезде төлқұжаттар, визалар, медициналық және валюталық бақылау, туристер үшін басқа мемлекет шекарасына өту үшін шарттардың жеңілдетуі керек деп шешті.

 

   Франция шенген келісім шарт елдерінің тізіміне кіреді. 

Туристік  визаны алу үшін құжаттар тізімі:

● шетел  төлқұжаты 

● 1 анкета ( француз немесе ағылшын тілінде). Міндетті түрде жеке сауалнама сапардың әр қатысушысында толтырылады, ата-аналар паспортына жазылған балаларды да қоса.

● Жақында  түскен 2 фотосурет.

● Төлқұжаттың  барлық беттерінің көшірмесі.

●Қонақ  үйді бромдау( міндетті түрде факс), алдын ала төлеммен,егер сапардың мақсаты туризм болса, немесе француздар жағынан жеке сапар үшін шақырудың  түпнұсқасы және көшірмесі.

● Елде болудың жете суреттелген бағдарламасы.

● Шенген елдеріне арналған болудың барлық мерзімін қосатын медициналық сақтандыру.

● Жұмыс  орнынан анықтама қағазы, барлық координаттары  болуы қажет. ( жалақысы, атқаратын  қызметі, мекеме директорының қолы).

Жұмыс істемейтін зейнеткерлерге:

  • зейнеткерлік куәліктің көшірмесі,
  • сапарға шығын ақы төлейтін адамның жұмыс орнынан анықтама қағазы, қол қойылған мәлімдемесі.

Информация о работе Франциядағы туризмнің даму жолдары