Франциядағы туризмнің даму жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 13:26, реферат

Краткое описание

Жұмыстың міндеті: қойылған мақсатқа сәйкес Францияның туризмнің қалыптасып дамуы, туристік саланы дамытудағы атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар, болашақта туризм жөніндегі алға қойған мақсаттарын талқылау. Сонымен қоса Францияның және көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.) зор ықпал ететіндігін, туризмге әсерін тигізетін факторлар: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық мәселелерді толық жеткізу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Францияға кірудің ережесі және формальділіктері2.docx

— 145.56 Кб (Скачать документ)

 Инфляцияны таргеттеу бірнеше элементтерді қосады:

1.  инфляцияның нақты көрсеткіштеріне жетудің орта мерзімді декларациясы;

2.  елдің ұзақ мерзімді даму концепциясына инфляция параметрлерін мақсатты қосу;

3.  ағымдық көрсеткіштер ролін төмендету, мысалы инфляцияның ықтимал стратегиясына жетудің жалпы стратегиясында ақша массасының өсімін төмендету;

4.  ұзақ мерзімді монетарлық саясаттың айқындылығы, ағымдағы тапсырмалар мен жоспарлардың жариялылығы;

5.  инфляцияның мақсатты деңгейіне жету үшін орталық банктердің міндеттілігін көбейту.

Франция Банкінің инфляцияның  мақсатты деңгейіне жету үшін қолданатын негізгі инструменттері келесідей:

●  франктің валюталық бағамының динамикасына және айналыстағы ақша көлеміне тікелей әсер ететін пайыздық мөлшерлемелерді реттеу;

●  пайыздық мөлшерлемелерді реттеу механизмі несиелік аукциондар немесе 5 – 10 күн мерзімге вексельдердің кепілі арқылы банкаралық нарықта несиелік интервенцияға негізделген;

●  валюталық интервенциялар. Монетарлық реттеудің мүшелері интервенцияларды валюталық нарықта әртүрлә мақсатта жүргізілуі мүмкін, оның ішінде айырбас бағамын қолдау үшін және халықаралық резервтердің қажетті деңгейіне жету үшін. Ұлттық валюта бағамын өсіру үшін шетел валютасы сатылады, ал төмендету үшін – сатып алынады.

●  Міндетті резервтердің нормаларымен маневр жасау( 1971 жылдың сәуірінен енгізілді);

●  ашық нарықтағы операциялар және басқалары;         

 монетарлық  саясат бойынша Кеңестің міндетіне  монетарлық саясаттың соңғы мақсаттарына  жетуді қамтамасыз ететін елдің  монетарлық тактикасы мен стратегиясын  жасау, негізгі ақша агрегаттарын және басқа көрсеткіштерді анықтау жатады. Кеңесті банк басшысы басқарады, кеңеске одан басқа Кеңес министрлері бекітетін сегіз мүше кіреді.

   Франция Банкінің жедел қызметін  Бас  Кеңес басшылыққа алады. Ол кадрлық сұрақтармен, банк пайдасын анықтаумен және басқаларымен айналысады.  Бас  Кеңеске монетарлық саясат бойынша Кеңес, министрлер Кеңесінің, қазынашылықтың және басқа құрылымдардың өкілдері кіреді.

   Франция Банкінің аймақтарда қатысуы XIXғ. ортасына дейін шектелді, ол кезде оған тек 15 бөлімше енді. XХғ. басына 160 бөлімше есептелінді, 1928 ж. - 258, бұл көрсеткіш 40 жыл мерзімге дейін өзгеріссіз қалды. Соңғы 30 жылда   Франция Банкінің аймақтық мекемелер жүйесі өзгерістердің екі толқынын           өтті: 1970ж. 1980 ж. аяғында 23 бөлімше жойылды және 1 құрылды. Бұл өзгерістер келесі факторлардың әсерінен болды:

●  Франция Банкінің ролін орталық банк ретінде күшейту және 1970 ж. кәсіпорындардың вексельдердің тікелей есебін алып тастау нәтижесінде тікелей несиелеу оперциялары сияқты оның функцияларын жою;

●  1970 – 1986 жылдар арлығында  Франция Банкінің вексельдері қайта есепке алуды біртіндеп алып тастау салдарынан несиелік мекемелерлің қайта қаржыландыру техникасын әрі қарай жетілдіру және оны орталықтандыру;

●  ақшаны тасуды  орталықтандырумен байланысты олардың қауіпсіздігін жоғарылату және шығындарды азайту мақсатында қолма – қол банкноталар айналысының каналын қозғаған өзгерістер, сонымен қатар ақша айналысы саласын компьютеризациялау жағдайларында қолма – қолсыз есеп – айырысуларды дамыту.

Францияның  қаржы – несиелік жүйесінің функционалдауы 1984 жылғы заңмен реттеледі. Ол өзіне  үш деңгейді қосады: орталық банк ( Франция  банкі); коммерциялық банктер, маманданған  қаржы – несиелік мекемелер: инвестициялық, ипотекелық, ішкі сауда банктері, сақтандыру және қаржылық компаниялар, зейнетақы  қорлары және басқалары.

   Банктік мекемелер. Олар капитал салымдарын қаржыландыруға және несиелендіруге маманданады. Француздық банктердің үлесі жалпы ұлттық өнімнің шамамен 4 %  тиісті, бұл шамалап көлік, энергетика және ауыл шаруашылығы сияқты салалардың үлес салмағына сәйкес.

   Әмбебап банктер қызметтің барлық түрлерімен айналысады, оның ішінде банктік функциялармен байланысты емес: сақтандыру, туризмге қызмет көрсету, ақпараттық қызмет көрсету, кеңес беру және т.б. Ірі әмбебап банктер белгілі бір клиент немесе қызмет түріне қызмет көрсетуге маманданған несиелік мекемелермен қатар қызмет етеді. 1981 ж. Францияның  барлық банктері ұлттандырылды. 1984 ж. қаңтар айында банктердің жекешеленуіне ауысатын банктер туралы заң қабылданды.

   Қазіргі уақытта Францияда жалпы саны 250 мыңнан астам жұмыскерлері бар 400-ден артық коммерциялық және инвестициялық банктер бар. 1984 жылы олардың бәрі Француз банктерінің Ассоциациясына бірікті. Оған 35 ірі ұлттандырылған банктер, сонымен қатар олардың 120 филиалы, 74 француздық жеке меншік банктер және шетел капиталымен реттелетін 151 жеке меншік банк кіреді.

   Несиелік мекемелердің едәуір мәнді категориясы болып коммерциялық банктер табылады. Ережеге сай олар акционерлік кәсіпорын формасына ие. Олардың қызметінің мәні қысқа мерзімді несиелер ұсыну үшін мерзімсіз салымдарды қабылдау болып табылады. Бірақ, өз қызметінің саласын салымдар немесе қарыз түрінде капитал ала отырып, қарыздарды едәуір ұзақ мерзімге ұсына отырып, басқа кәсіпорындардың капиталына қатыса отырып, бағалы қағаздардың эмиссиясымен орналастыруын ұйымдастыра отырып, клиенттердің мүлкін басқаруды жүзеге асыра отырып кеңейте алады. Коммерциялық банктер бен негізгі функцияны орындайды:

●  ресурстарды қалыптастыру;

●  меншікті активтермен басқару;

●  төлем құралдарымен басқару;

●  банкаралық операцияларды орындау;

●  қаржылық және өзге қызметтерді көрсету.

                     

                            Францияның несие жүйесінің құрылымы.  

 

     

 

   Франция Банкінің барлық аймақтық мекемелері бірдей заңдвқ статусқа ие. 1980 ж. аяғында жүргізілген қайта құрылымдау нәтижесінде аймақтық мекемелер мен олардың кеңселері арасындағы айырмашылықтар жойылды, жабылған кеңселер аймақтық мекемелер болып қайта құрылды. Аймақтық мекеме директорын Банк басшысы бекітеді және 6 – 17 адамнан тұратын консультациялық кеңеске сүйенеді.

   Франция Банкінің  аймақтық мекемелерінің штаттары әр түрлі шағын мекеме лерде 10 – нан, ең ірі мекемелерде 256 қызметкерге дейін, олар Лионда орналасқан.  Франция Банкінің 211 аймақтық мекемесінің 68 – інде 20 – дан – 40 – қа дейін, 45 – інде – 40 – тан 80 – ге дейін, 15 – інде 80 – нен астам адам жұмыс істейді.

   Теориялық жағынан әр аймақтық мекеме филиалдан жүйесіне тиісті барлық функцияларды орындау қажет. Әрбір аймақтық мекеменің қатысуы жергілікті шарттарға байланысты болады.

   Франция Банкінің  аймақтық мекемелерінің ұйымдастырушылық жүйесі географиялық приндіп бойынша құрастырылған. Әр аймақтық мекеме әдетте әкімшілік бірліктердің шекарасымен сәйкес келетін өз географиялық аймағында істейді. Аймақ көлемі де есепке алынады. Сөйтіп, 66 департаментте бірнеше аймақтық мекеме жұмыс істейді, ал 30 департаментте – бір – бірден.

   Франция Банкінің  аймақтық мекемелер жүйесінің құрылуының функционалдық принціптері болып олардың салалық мамандануы және қызметтің нақты бағыттарына бейімделу табылады. Олардың ішінде:

●  қолма – қол және қолма – қолсыз ақша айналысымен және есеп айырысу жүелерімен басқару;

●  шетел операцияларымен басқару;

●  банктік жүйені және тәуекелдерді бақылау;

●  мәліметтерді жинау, талдау және қаржылық емес кәсіпорындар туралы ақпараттың – аналитикалық материалдарды дайындау;

●  статистикалық материалдарды, экономикалық, қаржылық және  ақша – несиелік шолуларды дайындау және тарату;

●  жеке тұлғалардың артық шығындары туралы мәліметтерді дайындау, клиенттермен басқару, «Инфобанк» ақпараттық терезесін функционалдау және басқалары.

1993 ж. жүргізілген реформа нәтижесінде  Франция Банкі  аймақтық мекемелер жүйесін басқарудың жаңа сызбасын алды. Соңғысының әлемде теңдесі жоқ және француз орталық банкін функционалдаудың ерекшелігі болып табылады. Сөйтіп, Франция Банкінің 211 бөлімшесі бар, (салыстыру үшін: Неміс федералды банкі 145 бөлімшеге ие, Италия банкі -  99, Англия банкі – 2).

   Инвестициялық банктер кәсіпорындарға олардың салымдарын қаржыландару үшін несиелер ұсынады және ұзақ мерзімді және орта мерзімді операцияларды жүзеге асырады. Банктердің бұл категориясына жатады:

●  қаржылық кеңес беруге, мүлікті басқаруға, сонымен қатар француз кәсіпорындарының капиталдарын халықаралық орналастыруға маманданған жеке меншік банктер;

●  өнеркәсіптік банктер; олар кәсіпорын қызметіне қатысатын іскер банктер және кәсіпорындарға қаражат салу үшін қарыздар беретін және салымдар жинайтын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер банкі болып бөлінеді.

   Өзара несие банктері немесе кооперативті банктер, несие алу кезінде қиыншылыққа тап болатын шағын және орта кәсіпорындарды несиелендіруге маманданады. Олардың қатарында несиелік кооперативтер – 1917 ж. мемлекеттік қолдау негізінде құрылған халықтық банктер.

 

 

 

 

 

3.3 Франциядағы туризм дамуының қазіргі жағдайы

   Францияға келетін туристердің саны бойынша әлемде бірінші орында болды, елге 71 млн. 400 мың туристер келген. Ал табыс 24 млрд. 657 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл кезде Франция АҚШ, Италия және Испаниядан кейін 4-ші орында болды. Бұл жетістікке Франция «Тһе Маіsоп dе 1а Ғгапsе» ұйымын құрғаннан кейін жетті, негізгі мақсаты шетел азаматтарына француз туризмін, әлем бойынша француз тілінің прогресін қамтамасыз етуін және дамуын көрсету болып табылды. Ұйым 70 штаттан тұрды, бас офисі Парижде болды. 38 офисі Халықаралық байланыспен айналысты, олар 29 елде орналасқан. Бұл офисте 200 адам жүмыспен қамтылған. Бұл үйымның ерекше белгісі халықаралық және жеке туристік ұйымдардың, сонымен қатар транспорттық, қонақ-үй агенттіктерінің, аймақтық туристік және т.б. мемлекеттік комитеттер жұмыстарын біріктіреді.

   Франциядагы туризм дамуын терең зерттеу арқылы бұл елдерде ұқсастық бар, ол мемлекет туризмінің дамуына үлкен әсер береді. Бірақ бұл елдердегі туризм саясаты бір-бірінен ерекшеленеді.АҚШ-та туризмге көп көңіл бөлінеді. Туризм өнімінің бағалары, Франциямен салыстырғанда жоғары, осының салдарынан елге жоғарғы табысты туристер келеді. Францияда туризм өнімінің бағасы төмен. Францияға 1,5 есе көп туристер келеді, бірақ оның табысы АҚШ-тан 3 есе аз.

   Франция тәжірибесінде егер барлық туристік ұйымдар қызметін мемлекеттік реттеуді, сонымен қатар олардың өзарабайланыстылығын қамсыздандырса, онда туристік сала бәсекге қабілеті және пайдалы болуы мүмкін. Бұдан төмендегідей қорытындыға келуге болады, дамушы елдер Франция елдерінің тәжірибесіне сүйену керек. Француз Республикасы еуропалық және әлемдік саясатта ерекше және бірегей орын алады. Өз тарихы барысында Еуропа тағдырының алдыңғы қатарында болған мемлекет – жеті жетекші экономикалық дамыған мемлекеттің бірі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, ракета-ядролық потенциалға ие және батысеуропалық интеграцияның белсенді қатысушысы есептелетін Франция 1960-жылдардың басынан бастап Еуропаның биполярлы құрылымында автономды орынға ие болуға талпынып, оның біртіндеп реорганизациясына бағытталған курсты бетке алды. Сондықтан да ХХІ ғасырдың басында  көптеген оқиғалар мен мәселелер олардың тек бүкіл адамзаттың күш жұмылдыруымен шешілетіні себепті адамдарды біздің ғаламшарымызды бір бүтін қылып қарауға итермелейтін, әлем географиялық кеңістік ретінде толықтай зерттеліп, отарланып, бөлініп, мемлекеттердің шекаралары ендігі мөлдірленіп жатқан кезде ХХІ ғасырдағы «әлемдік тәртіп» қандай болмақ, онда жалпы Еуропа, атап айтсақ Франция қандай рөл ойнамақ деген сұрақ туындайды. Францияның жоғары экономикалық потенциалы, әлемдік саясаттағы беделі мен ықпалы оны Қазақстанның Еуропадағы приоритетті серіктестері қатарына шығарады. Франция Еуропалық Одақтың жетекші мемлекеттерінің бір болып табылады. Олсыз Еуропаның тағдырына қатысты бірде-бір шешім қабылданбайды. Көптеген маңызды мәселелер бойынша оның ұстанымы анықтаушы рөлге ие, ол өзге мемлекеттерге үлгі болып табылады. Онымен конструктивті ынтымақтастық орнату Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ұстанымдарын нығайтуға жол ашады. Өз жағынан Франция да Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға мүдделі. Қазіргі таңда Қазақстан туризмді дамыту бойынша Ресей, Түркия, Грекия, Қытай, Египет, Израиль секілді 31 елмен келісім-шарт жасасып отыр. Бұдан басқа Жапония, Франция, Катар, Сауд Арабиясы, Словения, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Швейцария, Чехия, Испания және Румыния сынды елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісім-шарт жобалары бар. Келешекте біз осы елдермен Бүкіләлемдік туристік ұйымның аясында ынтымақтастығымызды арттыра беретін боламыз. Көп ретте туризмді мұнайдан кейінгі табыс көзі деп санайды. Бұл шынымен де солай, Мәселен, бізде мұнай қоры көп болғанымен, елімізге жылына 5 миллион турист келеді. Ал, Түркияға мұнай қоры бізден аз болса да жылына 28 миллион, Францияға 72 миллион турист келеді екен.

   Соңғы уақытта Германия, Австрия, Франция, Швейцария, Италия, АҚШ сияқты елдердің туристерінің Орта Азияға, оның ішінде Алтайға деген қызығушылығы артуда. Сөйтсе де, 2009 жылғы статистикалық деректер бойынша кіру туризмінің үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 9,5 % төмендеуі байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

   Қорыта келгенде, Франция мәдени, тарихи байлықтары көп, туристерді қызықтыратын мемлекет болып табылады. Сонымен бірге, ғажайып табиғаты, әртүрлі тарихи адамдардың өмірбаянымен ерекшеленеді. Туризмді дамытудағы қажетті көлік құралдарының және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, сонымен қатар әлеуметтiк - экономикалық  және экономика - географиялық факторлардың әсер етуі маңызды болып табылады. Франциядағы туризмге байланысты  ұйымдар  мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Франция - әлемдегi туристер көп баратын ел болғандықтан  туризмнің барлық түрлерiн дамыту үшiн  мүмкiндiктерi көп.

   Қазіргі уақытта туризм мемлекетке табыс келтіретін үлкен табыс көзіне айналып отыр. Франция осы мақсатта да соңғы уақытта көптеген мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып, саяхаткерлердің жылдан жылға саны артып келеді.

Мен осы  жұмысты жазу барысында  Франция  туралы көп ақпараттар білдім. Франция  туристердің көп келетін мемлекеттердің бірі. Яғни келетін   туристердің 87% еуропалықтар, немістер және ағылшындар құрайды. Сонымен қатар, 35 млн француз  саяхатшыларды қосуға болады. Соңғы  он үш жылдықта Франция жаппай туризм елiне айналды.

Францияға келетін туристердің саны бойынша  әлемде бірінші орында болды, елге 71 млн. 400 мың туристер келген. Ал табыс 24 млрд. 657 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл кезде Франция АҚШ, Италия және Испаниядан кейін 4-ші орында болды. Бұл жетістікке Франция «Тһе Маіsоп dе 1а Ғгапsе» ұйымын құрғаннан кейін  жетті, негізгі мақсаты шетел  азаматтарына француз туризмін, әлем бойынша француз тілінің прогресін  қамтамасыз етуін және дамуын көрсету  болып табылды.

   Францияда 12 мың тарихи ескерткіштер, 1200 мұражай қатаң мемлекет бақылауында. Келген туристерді орналастыруда қонақ үй жүйесінде шамамен 45 мың отельдер, 1 млн жоғары нөмерлік қоры бар. Сонымен қатар, мемлекетте 8200 кемпингтер, 830 курорттар, 42 мың ауылдық мейманхана, және 2820 мың саябақ тектес үйлер бар. Туристік ағымның жартысы теңізге барады. Курорттық орындар Довиль, Аркашон және Биарриц. Ал қалған жартысы Лангедока және Аквитания жағажайларына барады екен. Францияға келетін туристердің саны жөнінен алдыңғы орында тұрған район Прованс – Альпі – Лазур жағажайы, келесі орында Лангедок – Руссильон және Корсика жатқызуға болады. Тау туризмі Шамони жерінде соғыстан кейінгі жылдары жоғарғы нәтижені көрсетті. Негізінен тау туристері Солтүстік Альпіге бет алады.

Информация о работе Франциядағы туризмнің даму жолдары