«Газдың молекулалық-кинетикалық теориясы» тарауына есептер шығарудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Реферат, 03 Января 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Бұл тараудың есептерінің көпшілік бөлігін шығарған кезде идеал газ күйін сипаттайтын Менделеев-Клапейрон теңдеуі қолданылады. Элементар физика курсында осы теңдеуді газдың әр күйінің өзгерісіне қосымша шарттарды ескере отырып пайдалануға болады. Алайда есептерді шығарудың мұндай жолы кейбір жағдайларда артық математикалық есептеулерді қажет етіп, бірқатар қиындықтар тудыруы мүмкін.
Осыны ескере отырып, газ күйінің өзгерісіне берілген есептерді екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топтың есептеріне массасы тұрақты болғандағы газ күйінің өзгерісіне берілген есептерді топтауға болады және мұндай есептерді шешуге біріккен газ заңдарының теңдеуін ( (4)) пайдалануға болады.