Бұрғылау шығырларын жөндеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 20:08, реферат

Краткое описание

Шығырдың келесі түйіндері мен бөлшектері ауыстырылады және жөнделеді: шынжырлы дөңгелек, барабанның тежеуіштік шкиві, антифрикциялық төлкелер, ролик мойынтіректер, жұдырықшалы жалғастырғыштар, тежеу жүйесінің бөлшектері, шинноөпневматикалық жалғастырғыштар және шығырды пневматикалық басқару бөлшектері.
Шығырды пайдалануда байқалуы мүмкін ақаулар:
1. Ілмек көтергенде тоқтап-тоқтап жылжиды. Ол жалғастырғыштардың астына май түсуінен болуы мүмкін. Майдың түсу себебі анықталуы мүмкін, ал шкивтер бензинмен жуылып, сүртіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Бұрғылау шығырларын жөндеу.doc

— 52.50 Кб (Скачать документ)

Дәріс №8. Бұрғылау шығырларын жөндеу

 

Шығырдың келесі түйіндері мен бөлшектері ауыстырылады және жөнделеді: шынжырлы дөңгелек, барабанның тежеуіштік шкиві, антифрикциялық төлкелер, ролик мойынтіректер, жұдырықшалы жалғастырғыштар, тежеу жүйесінің бөлшектері, шинноөпневматикалық жалғастырғыштар және шығырды пневматикалық басқару бөлшектері.

Шығырды пайдалануда байқалуы мүмкін ақаулар:

1. Ілмек көтергенде тоқтап-тоқтап  жылжиды. Ол жалғастырғыштардың  астына май түсуінен болуы  мүмкін. Майдың түсу себебі анықталуы мүмкін, ал шкивтер бензинмен жуылып, сүртіледі.

2. Бос ілмек төмен  қарай баяу жылжиды. Қалыптың  толық тежеуден босады ма және  олар шкивтің қабырғаларына үйкелмейді  ме соны тексеру керек.

3. Тежеуіш рычагі шеткі  төменгі қалпында тұр, бірақ тежелмейді. Бұның себебі шкивтерге май тиюң немес қалыптардың тозуы. Бірінші жағдайда шкивтерді бензинмен жуады, ал екіншіде – тежеу таспаларын тартады.

4. Тежеуіштің ауалы цилиндрі  қосылмайды. Бұның себебікранмен  басқару тросының реттелмеуінен  әлде кранның өзінің ақауынан болуы мүмкін. Ақаулы кранды жаңасымен ауыстырады.

5. Тежеуден босатқанда  фрикциялық орауыш кері жүрмейді. Толық тежеуден босайтындай етіп, тежеуіш шкивінің таспаларын  реттеу керек.

6. Фрикциялық орауышпен  жүкті көтеруге көп күш жұмсау  керек, әйтпесе, орауыш жүкті асулы ұстап тұра алмайды.

7. Барабан немесе ротор  қосылмайды. Бұл пневматикалық жүйенің  ақаулылығын көрсетеді.

8. Шынжырлы берілісті қосқанда  сілкулер мен соғыларшынжырдың  ұзарғанын немесе салбырауының  ұлғайғанын көрсетеді. Ұзарған шынжырлармен жұмыс істеу уақытынан бұрын үзілуіне әкеледі. Бұндай шынжырлардың бір-екі звеносын алып тастау керек. Бұндай операцияларда шынжырларды тартуды, ілгіштері 1, 3 және айналатын тұтқалы винтті, арнайы айлабұйымдармен іске асырады (4-сурет). Шығырды жөндеу кезінде жауапты көтеру механизмдерінен талап етілетін барлық талаптар қатаң орындалуы керек. Істен шыққандардың орнына қойылатын, бүкіл бөлшектер жасаушы заводтардың сызбасы бойынша жасалуы керек.  Жөндеу кезінде жиналатын шығырдың түйіндері оларды жасаудың және жинаудың техникалық шарттарына сәйкес болуы крек. Күнделікті баптаудан басқа, шығыр, әдетте жабдықтың технологиялық тоқтау кезеңіне сәйкестендірліетін, техникалық күтімнен өтеді. Бұл кезде мынадай ақаулар жөнге келтіріледі:

1) шығырдың білігінде  еркін отырғызылған шынжыр дөңгелегі жағастырғышты қоспай-ақ өздігінен айнала бастайды. Ол майлаудың кірленуінен немесе оның үйкелісетін беттерде жоқтығынан болуы мүмкін. Бұл жағдайда түйін керосинмен жуылады да, сонан соң сырғаныу мойынтірегіне шприцпен шығыр дөңгелегінің жиегінен көрінгенше май айдалады.  

2) шығырдың мойынтіректері, гидротежеуіші немесе бар болса, жылдамдықтар қорапшасы 75-850 аса қызған жағдайда, мойынтіректерді керосинмен жуып, көлемінің 2/3 бөлігін жаңа маймен толтыру қажет. Егер бұдан кейін де мойынтіректер қызытын болса, онда біліктердің параллельдігі мен горизонтальдыгғын тексеру керек. Біліктерді шешіп алумен байланысқан, кез-келген жөндеу түрінде, мойынтіректердің корпусын ұстап тұратын планкаларды шауып тастауға болмайды. Біліктерді келесі орнату кезінде олар планкалар арасындағы ұяға кірулері керек, ол кезде ешқандай қосымша келтіру қажет емес.   

3) Шынжыр қайта ұзарғанда  оны жаңасымен ауыстырады. Шынжырларды  тарту 4-суретте көрсетілген айлабұйыммен  жүргізіледі.

4) тежеуіш шайбасының шамадан тыс қызып кетуі тежеуіш қалыбының рауалы шамадан артық тозуынан болуы мүмкін. Онда ол комплектісімен толық ауыстырылады. Аталған ақауларды жөндеуден басқа майда жөндеу кезінде техникалық баптау жұмыстары толық көлемде орындалады.

Шеберханаларда орындалатын шығырды ортаңғы жөндеуді ұңғыманы бұрғылауды аяқтаумен ұштастырады. Төменде У-2-4-5 шығырын бөлшектеу тәртібі көрсетілген.

1) Шығырдың жоғарғы, төменгі  және бүйірлік қалқандарын шешу.

2) Шығырдың ауа жеткізу  жүйесі мен басқару пультін  бөлшектеу. 

3) Тежеу жүйесін шешу  және бөлшектеу.

4) Ұзындығы 1000 мм арнайы  киілетін кілттермен көтеру білігі  мойынтірегін бекіту болттарын  бұрап алу.

Шығыр рамасынан білікті шешіп алу қауіпсіз болуы үшін, әрбір мойынтіректе бір болттан қалдырады. Сонан соң көтеру кранының көмегімен білікті штроппен іліп алып, білік шығыр рамасына жабыстырылғанша тартады да, сонан кейін ғана ақырғы болттарды бұрап алып, білікті рамадан түсіреді. Білікті рамадан түсірместен бұрын шынжырды шешіп алу керек. Біліктер мен тежеу жүйесін түсіріп алған соң оларды бөлшектеуге кіріседі.

Біліктерді бөлшектеу үшін төрттағанға жатқызады.мойынтіректерді, жалғастырғыштарды және шынжыр дөңгелектерін демонтаждауды жоғарыда жазылған әдістер бойынша тартқыштар мен престерді пайдаланып жүргізген дұрыс.

Барабан бөшкесінен тежеуіш шкивін екі жағынан бір уақытта соғып шығарады, сонан соң престің көмегімен барабаннан білікті итеріп шығарады.

Біліктің соғуын рейсмуспен анықтайды. Біліктің 1 м ұзындығына шектік рауалы майысуы 0,3 мм, ал бүкіл ұзындығына – 0,8-0,9 мм. Біліктің отырғызу беттерінің іс жүзіндегі өлшемдеріне сәйкес белгіленген тартылып отырғызуды қамтамасыз ететіндей мойынтіректі таңдайды. Отырғызу беттері тозған жағдайда балқыма құйылады немесе металданады, сонан соң бастапқы өлшемдері алынғанша жонылады. Жаңа мойынтіректерді алдын-ала 900С дейін қыздырылған орынға итеріп отырғызады. Гидротежеуіштің тозған мойынтіректерін шығыр мойынтірегіне ұқсас ауыстырады. Шығыр білігінде еркін отырғызылған шынжын дөңгелегінің үлкен радиальдық люфтісі сырғанау мойынтірегінің тозғанының белгісі болып табылады. Шығыр дөңгелегін демонтаждағаннан кейін төлкелерді преспен итеріп шығарады. Жаңа төлкелерді дөңгелекті алдын-ала 3500С дейін қыздырып преспен итеріп салады. Төлкелерді кідірпелеу екі-үш винтпен іске асырылады, сонан кейін жаңа төлкелер білік бойынша қырғышталады. Шығыр дөңгелегінің көбіне тісті тәжі тозады, ол берілістің қалыпты жұмысын бұзады. Тозған шығыр дөңгелегін жаңасымен ауыстыру ұсынылады. Бұл жағдайда жөндеу мәнісі тозған шығыр дөңгелегін преспен немесе арнайы айлабұйыммен демонтаждаудан тұрады. Жаңа дөңгелекті білікті алдын-ала 3000С дейін қыздырып, отырғызады. Азғана тозуларда шығыр дөңгелегі тістеріне балқыма құйылып, ізінше өңделіп қалпына келтіріледі. Тісті дөңгелектерді қалпына келтірудің, сондай-ақ біліктерді, шинноөпневматикалық және жұдырықшалы жалғастырғыштарды, шлицелерді, және шпонка арықшаларын жөндеудің басқа әдістері жоғарыды қарастырылды.

Бандаждар тозуы, құрасудың жіңішкеруінен басқа, оның жұмыстық беттерінде сақиналық арықшалардың, толқындықтардың, көденең жарықтардың, үгітілулердің және басқа ақаулардың болуымен сипатталады. Бұл кездегі тежеуіш шкивін жөндеудің мағынасы, шығыр рамасына бекітілген токарь станогінің супортының көмегімен тікелей шығырда бандажды жону жолымен көрсетілген ақауларды жою болып табылады. Тежеуіш шкивінің жуандығы оның номиналь шамасының 50% кем болмауы керек. Жекелеген раковиналар мен үгітілулер балқыма құйылып, ізінше пісіру тігісін тазалаумен жөнделеді. Кейде бандаждарды тікелей бұрғылау орындарында жонады, ал егер ол мүмкін болмаса. Онда оларды ауыстырады. Ол үшін қоршау қалқандарын алғаннан кейін, арқанның жүрістік шеті шығыр барабанынан ажыратылып, мұнараның түбіне орантылған, ролик арқылы өткізіліп, тракторға тіркеледі. Штроптың және тәлдік жүйенің көмегімен білік мойынтіректің болттарын бұрап алғаннан кейін көтеріледі. Гайкаларды бұрап алу кезінде қауіпсіз жұмыс істеуі үшін, сондай-ақ бұрғылау центріне білікті жайлы беру үшін, тросы аралық білік арқылы өткізіліп, көтері білігіне бекітілген, екінші трактор пайдаланылады.

Көтеру білігі роторға жайылған, діңгектерге жатқызылады. Тез ауыстыру үшін тозған бандаж газбен кесіліп тасталады. Кейбір УБР тозған бандаждарды жөндеуден бас тартып, тек қана ауыстырады.

Күрделі жөндеу кезінде шығыр тұғырын және рамасын мұқият тексеруден өткізеді.

Күрделі жөндеуде шығырдың жұмысқабілеті толық қалпына келтіріледі, сондықтан жөндеу сапасы салалық нормалардың техникалық талаптарына сәйкес келуі керек. Шығыр рамасына біліктер орнатылғаннан кейін, олардың параллельдігі және араларының қашықтығы, сондай-ақ қосылған шынжырлы дөңгелектердің жазықтықтарының параллельдігі тексерілуі керек, бұл кезде келесідей ауытқуларға жол беріледі:       

1) біліктердің параллельдігіне 2 мм;

2) шынжыр дөңгелегінің  бүйірлік және радиальдық соғылуы 0,5 мм аспауы крек.

Көтеру білігі оған барабан мен тежеуіш шкивін қойғаннан кейін статикалық теңгерудер өтеді. Теңгерімсіздік жағдайында барабанның бүйірлік беттеріне салмақтары белгілі болатпланкаларды пісіріп жабыстырады.

Мойынтіректі білікке жинау кезңнде сыртқы сақинасы бойынша бүйірлік саңылауы 0,2-0,3 мм аралыңында болуы керек. Ол мойынтірек корпусының қақпағы астына қойылатын аралық төсемдермен реттеледі. Мойынтірек білігіне орнатылатын жұлдызшалардың өстік люфтісі 1,5-2,5 мм аспауы керек.

Гидравликалық тежеуіш ұзақ уақыт жөндеусіз жұмыс істей береді.

Гидравликалық тежеуішті пайдалану процесінде бүкіл реттелетін беттерді үнемі майлап отыру, жұдырықшалы жалғастырғышты ұқыпты іске қосу және дер кезінде ажырату, тоңазытқышқа жеткізілетін судың тазалығын қадағалап отыру қажет. Суда құмның, балдырлардың болуы гидротежеуішті уақытынан бұрын істен шығаруы мүмкін. Күнлікті гидротежеуіштің роликті мойынтіректері, нығыздау манжеттері, жұдырықшалы жарты жалғастырғыштың сухарлары және ротор білігінің шлицелі шеті майланады. Мойынтіректерді, манжеттерді жұдырықшалы жалғастырғышты майлау үшін жеткілікті балқу қиындығына және суда ерімеушілікке ие, спалы майлар қажет. Бұл шарттардыМЕСТ 4360-76 бойынша әмбебап орташа балқулы УСс-1 немесе УСс-2 майлары қанағаттандырады. Ротор білігінің шлицелі шеті кез-келген сұйық маймен майланады. Шлицелерде қатып қалған май қалдығтарын үнемі алып тастап отыру керек. Текстолит шайбалар сумен шайылады және арнайы майлауды қажет етпейді.

Гидротежеуіш мойынтіректерінің шыдам мерзімі нығыздау сенімділігіне тәуелді. Егер қақпақтағы дренаждық тесіктен ағулар маңызды болса, итергіш болттардың көмегімен қақпақтан стаканды итеріп шығарып, тозған манжеттерді жаңасына ауыстыру керек. Гидротежеуіш роторының өстік астам жылжуы текстолит шайбалардың тозғанын көрсетеді, онда оларды жаңасымен ауыстыру керек.

Стакандарды орнату кезінде, оларды білікке кигізу мезгілінде сақиналардың ішкі жиектері бүктетіліп қалмауын қадағалап отыру керек. Гидравликалық тежеуіш мына тәртіппен бөлшектенеді: жұдырықшалы жалғастырғышты, қақпақты шешіп алып, сонан соң гидротежеуіш корпусының қақпағынан екі итеріп шығару болттарының көмегімен стақанды шығарып алады. Содан кейін гидротежеуіш статоры корпусының бүйірлік қақпағын шешіп алып, корпустан роторды шығарып алады. Сонан соң винтті шығарғыштың көмегімен біліктен роликті мойынтіректің ішкі құрсауын шешіп алады. Әрі қарай гидравликалық престің көмегімен біліктен дөңгелекті шешіп алады (тартқышты дөңгелек кұпшегінің бұрандалы тесігіне бұрап салады). Егер тексеру кезінде гидравликалық тежеуіштің ішінде көлбеу қабырғалардың жарылғаны байқалса, онда жарықтың шамасына тәуелді ондай қабырғалар жартылай немесе толығымен алынып тасталады. Тежеуіштің ішіне қабырғаларды пісіруге немесе бекітуге болмайды, өйткені жұмыс істеу кезінде олар қирап қалулары мүмкін.

Гидротежеуіш роторы жөндеуден және жинаудан кейін статикалық теңгерілген болуы керек. Жинау кезінде роликті мойынтіректің ішкі құрсауы алдын-ала 80-1000С дейін қыздырылып алып қойылады. Сыртқы құрсау стақанның жонылған бетіне енуі керек. Ротор қалақшалары мен қақпағы арасындағы шамасы 2-2,5 мм қапталдық саңылауды аралық төсемдердің көмегімен реттейді. Ротор күпшегі мен текстолит шайба арасындағы саңылау 1,0-1,5 мм тең болуы керек. Жинау кезінде ротор қабырғалары мен статор қақпағының өзара орналасуына ерекше көңіл аудару керек. Роторды білікке дұрыс орнатпау немесе қақпақтардың орнын ауыстырып алу гидравликалық тежеуіштің жарамсыздығына әкеледі. Жиналған тежеуішті 5 мин бойына 0,2-0,3 МПа су қысымымен тексереді. Бұл кезде жекелеген тамшылардың тығыздамалар арқылы шығулары болуы мүмкін. Жинау сапасын тексеріп болғаннан кейіншығырды зая жүрісте жүргізіп көріп, абйқалған ақауларды жөнге келтіреді. Сонан соң шығырды сырлап. Жөндеу жайындағы мәліметтерді оның төлқұжатына енгізеді.

Әдебиет : 2 нег.  [138-148]

Бақылау сұрақтары:

1.Бұрғылау шығырларын жөндеу ерекшеліктері.

2. Бұрғылау шығырларының негізгі ақаулары және оларды жөнге келтіру.

3. Гидравликалық тежеуіштерді  жөндеу.

4. Шынжыр дөңгелектерінің  негізгі ақаулары және оларды жөнге келтіру.

5. Барабан тежеуішінің  шкивінің негізгі ақаулары және  оларды жөнге келтіру.

6. Жұдырықшалы жалғастырғыштың  негізгі ақаулары және оларды  жөнге келтіру.

8. Шиннопневматикалық  жалғастырғыштың негізгі ақаулары  және оларды жөнге келтіру.

9. Шығырды пневматикалық  басқарудың негізгі ақаулары  және оларды жөнге келтіру.

 

 


Информация о работе Бұрғылау шығырларын жөндеу