Қаржылық жоспарлау және болжамдар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 20:07, курсовая работа

Краткое описание

ЖОСПАР
Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз қамту үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
І ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ....................4
1.1 Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,
қағидаттары мен әдістері ...........................................................................................4
1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі ..........................................10
II ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ .............................................................16
2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi .....16
2.2 «Гермес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау ........................................................................................................................19
ІІІ Қазақстан Республикасының қаржылық жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімді фискалдық саясат және оның 2010-2012 жылдарға арналған болжамы ..............................................................................................34

Қорытынды ................................................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...............................................................................44

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржы жоспарлары мен болжамдары жүйесі Тимур ЮАЙБИ 2012-00.doc

— 349.50 Кб (Скачать документ)

Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп, анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді.  Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті  орындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;

Жоспарлаудың үздіксіз қағидаты перспективалық (ағымдағы) және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін қажет етеді, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді.

Қаржыны жоспарлау белгілі  әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары  мыналар:

  1. Экстраполияция немесе коэффиценттер әдісі. Оның мағынасы қаржы көрсеткіштерін олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің келесідей кемшіліктері бар: 1) мүмкін болатын ішкішаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды; 2) материал және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
  2. Сараптық бағалау әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың – сарапшылардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.
  3. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржы көрсеткіштері белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
  4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен қатар өндірістік және қаржы көрсеткіштерінің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.
  5. Бағдарламалық-мақсатты әдіс нарық жағдайының түрлі деңгейлерінде – жалпыұлттық, салалық, ғылыми-техникалық бағдарламалардың негізінде қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде дамиды. Қаржылық бағдарламалау – бағдарламалық-мақсатты тәсілдемені пайдаланатын қаржылық жоспарлаудың әдісі, бұл әдістің негізіне айқын тұжырымдалған мақсаттар және оған жетудің құралдары қойылған.  /3, 74 б/

Бағдарламалау мыналарды  қажет етеді:

  • басымдылықтарды белгілеу;
  • қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру;
  • балама нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтата тұру.
  1. Есеп-қисаптың көп нұсқалылығы, ең жақсы шешімдерді таңдау экономикалық-математикалық әдістері, ұзақ мерзімге жасалынатын қаржы болжамдары үшін ЭЕМ-ды неғұрлым кеңінен пайдалануды қажет етеді.

Объективтік талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады.

Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшілік-ааумақтық  бірліктердің қаржы ресурстарын  анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді етіп қоюға көмектеседі. Объективті есептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.

Қаржы жоспарларын жасау  негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші  кезеңде есеп беріліп отырған  мезгілдің қаржы көрсеткіштерінің талдау өндірістік мәліметтермен өзара  байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.

Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың негізгі топтары бойынша жоспарланатыя жылға ар-налған кірістер мен шығыстардың нақты түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.

Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жоддары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады. /5, 96 б/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі

 

Қаржылық болжау – мемлекеттік мүмкіндік болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл ) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам ) болуы мүмкін. Қаржалақ болжау қаржы жоспарларыни жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатынның тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты – болжаған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандарымен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын  ең маңыздылыры 

1. Экстраполяция (немесе коэффиценттер) әдісі. Оның мағынасы қаржалық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңінен жетістіктерді және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:

мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;

материялдық және ақша ресурстарын  пайдалануға теріс әсеретеді, өйткені  жоспарланатын кезеңде олардың  көлемі қол жеткен деңгейге қарай  анықталады.

2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.

3.  Математикалық үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру.

4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің қаржылық көрсеткіштердің өззара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға: ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға: ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік берді.

5.  Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды  ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебииеттерде  қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамытудың барлық дәуірі, кезендері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.

Қаржылық жоспарлауда  тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік – мақсаты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеніне сипатты болды.

Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты қағидаттар кенінен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы рессурстарын анықтауға мүмкіндік береді; рессурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді қылып қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша рессурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.

Қаржы жоспарларын жасау  негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылық резервтерді табуға мемкіндік береді.

Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.

Үшінші кезеңде сметадағы  тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстармен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: орталықтаңдырылған (жалпымемлекеттік) және орталықтандырылмаған жоспарлар.

Орталықтандырылган қаржы  жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді. /2, 91 б/

Нысаны бойынша олар әрқашан құрама жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сондай-ақ министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар орталықтандырылмаған жоспарларға жатады. Орталықтаңдырылған қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.

Орталықтандырылған қаржы жоспарларының мынадай елеулі белгілері болады:

объектісі — микродеңгейде қалыптасып, бөлінетін жалпымемлекеттік ресурстар;

қамтуы — мемлекеттің қаржы қызметінің сферасы, тиісінше оның ұдайы өндіріс процесінің қатысушыларымен өзара қаржы қатынастары да және сонымен бірге пайда болатын жалпы құндық ара қатынастар да;

негізгі мақсаты — жалпымемлекепік қажеттіліктерді қанағаттандырудағы мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға негізделетін нақтылы кезеңге арналған оның қаржы жоспарын негіздеу.

Орталықтандырылған қаржы жоспарларының саны, олардың нысандары, мазмұны көбінесе тиісті мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылысына, қаржы жүйесінің жеке буындарына, сондай-ақ нақтылы кезенде қаржы көмегімен жүзеге асырылатын қайта бөлу процестерінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Орталықтандырылған қаржы жоспарлары экономикалық және әлеуметтік процестерді мемлекеттік реттеуде маңызды рөл атқарады. Олар экономиканы реттеудің жанама әдістерін пайдалану жөнінде негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасайды, өйткені олардың салдарын (зардабын), түпкілікті нәтижелерін алдын ала білуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде құрама қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды  қамтиды. Мыналар жалпымемлкеттік болып табылады: мемлекеттің құрама қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет.

Құрама қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Құрама қаржы балансында мемлекеттік меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттерге (әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

Баланстың кіріс бөлігі мыналарды қамтиды: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

Орталықтандырылмаған қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес, сонымен бірге қаржы ресурстары қозғалысының деңгейі бойынша да: жалпымемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлары болып ажыратылады.

Салалық, (ведомстволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс салалары министрліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыстарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің (ведомстволарының) шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.т. қаржы жоспарларын қамтиды.

Аумақтың қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың құрама каржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және т.т. жоспарлары.

Информация о работе Қаржылық жоспарлау және болжамдар жүйесі