Қаржылық жоспарлау және болжамдар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 20:07, курсовая работа

Краткое описание

ЖОСПАР
Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз қамту үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
І ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ....................4
1.1 Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,
қағидаттары мен әдістері ...........................................................................................4
1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі ..........................................10
II ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ .............................................................16
2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi .....16
2.2 «Гермес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау ........................................................................................................................19
ІІІ Қазақстан Республикасының қаржылық жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімді фискалдық саясат және оның 2010-2012 жылдарға арналған болжамы ..............................................................................................34

Қорытынды ................................................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер тізімі ...............................................................................44

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қаржы жоспарлары мен болжамдары жүйесі Тимур ЮАЙБИ 2012-00.doc

— 349.50 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

 

Кіріспе ..........................................................................................................................3

 

І  ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ....................4

    1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,

қағидаттары мен әдістері ...........................................................................................4

1.2  Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі ..........................................10

 

II  ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ  ЖОСПАРЫ

ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН

ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ .............................................................16

2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын  талдаудың мазмұны және әдiстерi .....16

2.2 «Гермес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысын жоспарлау мен болжау ........................................................................................................................19

 

ІІІ Қазақстан Республикасының қаржылық жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімді фискалдық саясат және оның 2010-2012 жылдарға арналған болжамы ..............................................................................................34

 

 

Қорытынды ................................................................................................................43

Қолданылған әдебиеттер тізімі ...............................................................................44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз қамту үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.

Қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңцік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашынық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға бағытталған.

Осыған орай курстық  жұмыс тақырыбын «Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі» деп алдық. Бұл тақырыптың өзектілігі қоғамдағы қаржылық қатынастар негізінде қаржы жоспарлары мен болжамдарының экономикалық маңыздылығын және міндеттері мен қағидаттарын жан-жақты талдау болып табылады.

Жұмысты орындаудағы  алдыға қойылған мақсат пен негізгі міндеттер келесідей:

  • Қаржылық жоспарлаудың қажеттігі мен арналымының мәнін ашу;
  • Қаржылық жоспарлау мен болжау жүйесінің жалпы қаржы жүйесіндегі рөлін талдау;
  • Қаржылық жоспарлау мен болжаудың міндеті мен мақсаттарын, қағидаттарын және оның жүргізілу кезеңдерін сипаттау;
  • Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылар бойынша жоспарлардың ерекшелігі мен ұйымдасу барысына тоқталу;
  • Кәсіпорындардың қаржылық жоспарлау мен болжамдарын талдау және олардың қаржыларын талдауға тоқталып өту;
  • Еліміздегі мемлекеттік деңгейдегі қаржылық жоспарлаудың ең бастыларының бірі болып табылатын Қазақстан Республикасының орта мерзімді фискалдық саясатты жүзеге асыру жоспарының маңыздылығы мен 2010-2012 жылдарға арналған болжамына тоқталып өту болып табылады.

 

 

 

 

 

І  ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

 

1.1 Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері

 

Қаржылық жүйе әрекет етуінде қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттық элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы ондіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашынық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қоддануды қажет етеді. /1, 57 б/

Қаржы көрсеткіштерін, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі тендестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

Қаржылық жоспарлау — бұл  белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің  ғылыми процесі.

Қаржылық жоспарлауда қабылданатын экономикалық және әлеуметтік шешімдердің (оларды қаржынандыру көздерімен қам-тамасыздығын ескере отырып) тиімділігін, белгіленетін шығындарды және оңтайлы түпкілікті нәтижелерді оңтайландыру жөніндегі мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші буындар мен субъектілердің мақсатты қызметі ретінде қарастырған жөн, адамдардың субъективті қызметі ретіндегі қаржылық жоспарлау тек қоғам дамуының объективті зандылықтарын танып білуге, қаржы ресурстары қоз-ғалысының тенденцияларына басты негізді, бұрын жүргізілген шаралар мен қаржы операцияларының нәтижелілігін зерделеуге негізделген жағдайда ғана ол нәтижелер береді. Бұл процесте жоспарлаудың, шешімдерді бағалаудың прогрессивті әдістерін пайдаланудың, ғылымның, техниканың дамуымен, тиісті аппараттың жоғары біліктілігпен қамтамасыз етілетін өте жаңа техниканың негізінде жасалынатын есеп-қисаптардың көп нұсқалылығының үлкен маңызы бар.

Сөйтіп, тарихи дамудың барлық кезеңдері мен басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық жоспарлау оны жалпы жоспарлаудың бірыңғай жүйесінен бөліп алуға мүмкіндік беретін жоспарлаудың ерекше объекттілері, сфералары, жоспарлаудың мақсаты мен сипаты, негізгі көрсеткіштердің нысаны сияқты жалпы белгілерді иемденді.

Экономикалық-әлеуметтік жоспарлау жүйесінде жоспарлау белсенді рол атқарады, өйткені ол, бір жағынан — қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан — қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.

Қаржылық жоспарлау экономиканы  және оның буындарын басқарудың аса  маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен  басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікгі нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

Болжам — арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағы қандай болса да бір құбылыстың жай-күйі туралы ықтималдық байымдау. Болжау — қандай болсада бір құбылыстың, объектінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамды әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы — бұл қаржы қатынастарын мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі — қаржы ресурстары, процесі — ақша қорларының қозғалысы.

Қаржылық болжау — мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын-ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу). Болжамдар орташа мезгілді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты — болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді. /2, 88 б/

Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:

  • экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
  • тікелей сараптамалық бағалау әдісі.

Жоспар — іс-қимылдарды немесе шараларды жүзеге асырудың тәртібін, мерзімін, дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың біртұтас мақсатына жетуге бағытталынған өзара байланысты жуйе. Жоспарлау — жоспардың өзін әзірлеуді, оның орындалуын үйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын процесс. Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланынады; ол ақпараттық — үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеуіштер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, Мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.

Қазақстаңда индикативтік жоспарлау 1993 жыддан бері енгізілді. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы иңдикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті құрау жүмыстары қалыптасты.

Индикативтік жоспарлаудың қазіргі  кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақты белгіленеді. 2001-2007 арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада бәсекелестікті арттыру болып табылады.

Индикативті жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудыц баеты мақсаты — болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау қажеттігі.

Индикативтік жоспар — мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму сая-сатының негізгі бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды іске асы-ру жөніндегі іс-шараларды, елдің өпеуметтік-экономикалық дамуының мақсат-ты көрсеткіштерін (индикаторларын) жэне мемлекеттік-экономикалық реттеуіш-тердің тізбесін қамтитын құжат.

Иңдикативтік жоспарлар орын алып отырған проблемаларды кешенді  түрде шешуге және етратегиялық мақсаттарға кезең-кезеңімен қол жеткізуге бағыт-талған, орта мерзімді және ағымдағы перспективаға арналған мешіскеттік әлеуметтік-экономикалык саясатты айқындайды.

Индикативгік қаржы  жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді — реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді. салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржынандыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары жатады. /2, 90 б/

Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарларын өзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттарды неғүрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығындарды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды тартуды, айнальм қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т.т. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан — қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.

Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:

Орталықтандырыған және орталықтандырылмаган көзқарастардың үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) — орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бірліктер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірістік өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі; /2, 93 б/

Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонынен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің, тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтудегі, тиімділікгі арттырудағы оның рөлін арттыру қажет болып табылады;

Информация о работе Қаржылық жоспарлау және болжамдар жүйесі