Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация

Краткое описание

Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диссертация Асем 2+++.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Зерттеудің сарапталуы. Зерттеудің негізгі қорытындылары мен нәтижелері республикалық баспасөз беттерінде, ҚР Білім және ғылым  саласындағы Бақылау комитеті белгілеген  ғылыми басылымдарда жарық көріп, аймақтық, республикалық конференцияларда баяндалды.

Диссертациялық жұмыс  І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университетінің қазақ филологиясы  кафедрасы мен Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тарау, алты тараушадан, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.    

 

I. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ

    1. Әбіш Кекілбаев әңгіме, повестеріндегі салт-сана, дәстүр мен

нанымның бейнеленуі

 

Ұлт менталитетінің мән-мағынасын тереңнен барлап, зерттеп, атқаратын қызметін, оның қамтитын көлемін білмейінше, ол жайлы сөз қозғау орынсыз. Менталитет бізге батыс елдерінен жеткені мәлім. Білім, ғылымнан қаншама ғасырлық қазынасы бар қаншама кереметтерді жасап, әлемге иелік еткен француздар  менталитетті «inentalite», ағылшындар «mentality», немістер      «mentalitat» деп айтып, жазады. Үш тілде жазылуы да, дыбысталуы да ұқсас терминнің латын тілінен алынғанын мойындамасқа болмайды. Отандық ғалымда менталитет терминіне баса назар аударып, халқымыздың тұрмысы, қоғамдық құрылысы, рухани мұраларын байыптап, зерттеп толымды пікір айтып, оны әлемдік деңгейдегі «менталитет» сөзінің мәні мен мағынасын, тарихи тамырын тереңдеп қазып, философиялық тұрғыдан тұжырым жасап жүрген философ ғалымдарымыз. Олардың түсінігі ақиқаттан алшақ кетпейді. Менталитет ойдан шығарыла салған сөз емес, ол уақыттың, заманның тудырған, философиялық ұғымның дамып, өзінің қамтитын объектісі зерттемеске болмайтын деңгейге жеткен соң, ғалымдарды толғандыра бастағаны ақиқат. Демек, менталитет белгілі бір ортаға  сай қалыптасады. Оны қалыптастыруға әлеуметтік мәдени, саяси-экономикалық ортаның талабы себепші болғаны аңғарамыз. Философия ғылымдарының докторы  Төлеуғали Бурбаев: «Менталитет мәселесі - табиғаты жағынан күрделі құбылыс. Менталитет дегеніміз синкреттік рухани тұтастыққа негізделген адамың мінез-құлқы, ойлау ерекшелігі, дүниені сезінуі мен қабылдауы, саналық пен бейсаналықтың тұтастығы. Ұлт менталитетін де осы айқындайды. Олар ұрпақтан-ұрпаққа бейсаналық түрде жеткізіліп, ұлт өкілдерінің мінез-құлқы  мен дүниеге көзқарасында, өмір салты мен әдетінде, дәстүр мен салтында, философиясы мен ғылымында, мәдениетінде, өнері мен музыкасында, жалпы рухани болмысында көрініс табады. Советтік дәуірде ұлттар менталитеті коммунистік идеология тұрғысынан қаралып, «совет адамын» қалыптастыру теориясы ұлт ерекшеліктерін жоюға бағытталды»[96,238-б],-деп менталитет термині атқаратын, құшаққа сыймайтын қызметін санап, «қолыңызға» ұстатады. Тек «саналылық», «бейсаналылық» тұтастығы бұлыңғырлау талданғаны болмаса, ғалымның логикасына қосылуға болады. Адам күнделікті құшағында  жүріп бар ризығын сарқа пайдаланатын табиғат пен хайуанаттар әлемін ешқашан «бейсаналы» санамағаны қайта өзіне беймәлім, ақылы жетпейтін құбылысты шешуге табиғат тылсымына жүгінген. Мәселен жұлдыздардың  тууы, қозғалуы, хайуанаттардың түрліше әрекеттерінен халқымыз ертеңгі, болашақты ауа райынан нақты жауап алған, бағытын меңзеген. Ақтұмсық құмырсқалардың илеуіне қарап адасып жүргенде оң мен солын байыптаған. Міне, сізге «бейсаналы» табиғат, хайуанаттар әлемі.

Иә, бүгінгі қазақ менталитетінде ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан, саф алтындай сақталып келген құндылықтар мен архетиптер жеткілікті. Ол не дегенге философ Т.Бурбаев: «Шығыс менталитетіндегі үйлесім мен өлшемді игеру, эгоизмнен бас тарту; әрқашан да кішіпейіл, ізетті болу, адамдарға құрмет пен сыйластық тұрғысынан қарау, әдептілік, кеңпейілдік, жалпы адамгершілік принциптерді атауға болады»[96,20-б],- деп орынды жауап береді. Архетип – не нәрсенің де бастауы. Ал қазақ үшін басталған жақсы ырым болашақтан күдер үзбей, үмітін жалғаған. Төлеуғалиды қостауымыз керек, бесікке бөлеу, ат қою, тұсау кесу, тоқым қағар т.б. философиялық астары күллі тарихында жаумен жағаласып, «тірі қалам ба жоқ па?» деп уайыммен солмай, келер күннің арайлығына имандай сеніп, сол күнге арыстандай арпалысқан қазақтың арманы жатыр. «Жауға жерін бермеген, қиянға қылыш сермеген» батыр бабаларымыздың алғы күндерге асыққан саф алтын ниеті – сол менталитеті.

Қазақ менталитетінің әлеуметтік табиғатын тануда құқықтық құндылықтардың алатын орны ерекше. Қазақ ешқашан құжынатып түрме, зындан жасамаған халық. Жеті атасын білу, руға, тайпаға, жүзге бөлінудің осындай қылмыс әлемінің алдын алып, береке-бірлікке, ытымаққа шақыруға негізделген. «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің Күлтөбенің басында күнде кеңес құрып жүріп жазған «Жеті жарғысында» қазақтың өзіне ғана тән менталитеті тайға таңба басқандай.

Ұлттың рухани құндылығы  – тілі мен дінінде, салты мен  дәстүрінде, әдеті мен ғұрпында. Ұлтты жаңа сапаға енгізіп жаңартып, құнарландыратын, елдің елдігін, ұлттың ұлылығын танытатын осы құндылықтар. Жалпы жұртқа мәшһүр жай – имандылықтың екі босағасы бар, олар – ар мен ұят. Ар мен ұяттың түп тамыры тағы да сол салты мен дәстүрінде, әдеті мен ғұрпында жатыр. Ар мен ұятқа, дархандыққа кемел қазақ менталитетінің мәмлелік сипатын қоғамның саяси және идеологиялық өмірінен танып жүрген жайымыз бар. Күйреген коммунистік империяның орнында қалсақ та аз-ақ жылда әлемнің қуатты мемлекеттерінің біріне айналдық. Көршілерімізбен татумыз, 130-дан астап этностар ың-шыңсыз бірге өмір сүріп жатыр. Шанхай ынтымақтастық одағының мүшесіміз, биыл ЕҚЫҰ-ның төрағасымыз, әлемнің алпауыт мемлекеттері бізбен достасуды бедел санайды. Осының бәрі қанымызға сіңген, кешегі билер институтынан дарыған дипломатиялы, мәмлегерлік қасиетіміздің жасампаздығынан.

Қазақ менталитетін көркем шығармалар негізінде талдағанда табиғат  пен қоғам, адам мен қоғам қарым-қатынасы  контексінде қарастырсақ қанша  диагнозды шатастырмай қоясыз, демек  менталитет объективтік жағдайға байланысты орнығады. Сондықтан да халықтың, жеке индивидтің бойындағы орныққан мінез-құлық, философия, адамгершілік нормалары, әдет-ғұрып, салт-сананы, менталитетті бір-ақ күнде, тіпті империялық пиғылмен біраз жылда ұлттың бойынан сығып, өшіру, жою мүмкін емес. Әйтсе де, менталитет мәңгі өзгеріске түспейтін қатып қалған конон деуге де болмайды, ол да ішкі сыртқы күштердің, ішкі даму, баю кемелденудің әсерінен өзгереді, прогреске сай келмейтін ескі әдет-ғұрыптар көшке ере алмай жоғалып, жаңа әдет-ғұрыптармен толысады. Кері жерге ұшырауы да кәдік. Болмыстың бір арнасы материалдық болса, екінші арнасы – рух. «Рух – халықтың материалдық, күнделікті өмір – тәшпұшынан тыс, әрі жоғары тұрған жан-дүниесі, оның бет бейнесінен көрінетін биік еңсесі, мәртебесі мен жігері. Оның негізі - өткен тарихы, салт-санасы, жыр-дастандары, жазба әдебиеті, ата-бабаларының өнегелі ерлік істері мен айтқан даналық нақыл сөздері, қиындықтарда желеп-жебеп жүретін аруақтар, сарқылмас күші, мұғалмас қаруы. Оны қорғайтын, қайрап-суаратын халықтың ізгі армандарына суарылған жалынды ұрандық сөздер мен биік мақсат-мұраттар. Қазақ халқының мерейі үстем, биік, пейілі кең, дастарханы мол, маңдайы жарқын, мақсат-бағдары жоғары әрі айтқыш, ата-бабаларының өсиетіне берік. Осыдан келіп оның рухани бейнесі сомдалады»[59,167-б],-деп қазақтың рухани бейнесіне қатысты менталитетті санамалап көрсеткен. Озық менталитет қазақта жетерлік, мәселен, қазақ қызын сөкпеген, балағаттамаған, ер адамдар қыздар жататын бөлмеге рұқсатсыз бас сұқпаған, қыздарын биязылыққа, ізеттілікке, инабатты, ибалылыққа, әдептілікке, тұрмысқа бейімділікке, үй шаруасын ұқыпты ұстауға үйреткен. Ырым мен тиымды қатал орындаған. Сыйлы қонаққа бас, басқаларға туыстығы, қоғамдағы орнына қарай сыбағаларын тартқан, қонақтың бәріне кәдесін айнытпай жасаған. Әйтсе де, ғалымдар әр халықтың өзіне ғана тән, басқаларға ұқсамайтын менталитеті болатынын дәлелдеуге тырысқан. Академик Д.Кішібеков: «Дегенмен әрбір халықтың өзінің менталитеті бар. Ол сол халықтың тарихына, географиялық ортасына, тұрмыс жағдайына т.б. факторларға байланысты. Соған сәйкес әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы қалыптасады»[59,197-б],- деп әр ұлттың менталитеті әрқалай болатынының себебі мен салдарын түстеп танытады. Сонымен, менталитетті кейіпкер бойынан қалай танып білудің өрісі ашылды. Біз көрнекті жазушылар Ә.Кекілбаев, Б.Нұржекеевтердің кейбір әңгімелері мен повестер, романдарындағы ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрып, мінез-құлықты, менталитетінің көркем бейнелерін саралауда қаламгердің осы мәселелер төңірегіндегі ұстанымдарын, көріп білгенін байыптап беру және суреткерлік шеберліктеріне бойлау.

Қандай халықтың болсын сан ғасыр  сарабынан өткен өзіне тән  ұлттық үлгі өнегесі, миллиондаған ұрпағын тәрбиелеген салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным-нанымы, менталитеті бар. Ұлтымыздың бойына жат, сіңбей, көзге бадырайып, анайы көрініп тұрған келеңсіздіктердің ең үлкен себебі – ұлттық дүниеден аулақтағанымыздан болып отырғандығын автор үнемі аңғартып отырады.                                                                                                                                           

Тәрбиенің түп-тамыры, қайнар көзі ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызда десек, Кекілбаев шығармалары –  сол асылымыздың бір сынығы. Тал  бесіктен жер бесікке дейінгі тәтті тіршіліктің нәрі – адам баласының таным-түсінігі, мәдениеті мәйекті қасиеттерінің өрісін қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен әрлендірген, шығармасының шамшырағына айналдырған аңыз, азаматтың адамгершілік қағидасы – туындының терең тенденциясы. Ұлттың ұлылығын танытуда қоғамдық қызметімен ғана емес, қаламымен де қамшылаған қаламгердің қазынасы қазақ әдебиетіне қосылған қомақты дүние, сөз асылын саралаған сүбелі үлес.                                                                                                                     Өсиет өнегені ой жүгіртіп, толғанып, тұшынып барып қабылдаған қаламгер шығармаға қазақтың  салт-дәстүр, әдет-ғұрпын дәйекті материал ретінде алған. Себебі «оның тамыры Қазақстан даласында көшіп жүрген тайпалардың творчествосымен астарласады, қазақтың халық болып қалыптасу дәуірінен әлдеқайда алыста жатыр»[5,25-б].

Салт-сана, әдет-ғұрып бір халықтың өзіндік өзгешелігін айқындайтын  ғасырлар бойына жалғасқан жазылмаған баба заңы іспетті. «Белгілі бір халықтың қандай халық екенін білгің келсе – салтын  қара» деген көне нақыл да бар емес пе? Расында, жер бетінде ғұмыр кешіп жатқан кез-келген халық пен  ұлт-ұлыстың салт-дәстүріне қарап, оның қандай халық, қандай ұлт екенін білуге болады. Демек, белгілі бір халықтың ұлттық, ұлыстық салт-санасы, ата- мұрасы, дағды-дәстүрі болмауы мүмкін емес. Дамыған халықтың да, мешеу, әлсіз халықтың да тарихы осылай. Бұл сол халықтың тұтас тарихының өн бойында жасалады да, сол халықтың барлық өкіліне ортақ болады. Бұрынғы заманда бір халықтың салт-санасы, ұстанған дағды-дәстүрі енді бір ұлттың немесе халықтың адамы үшін мән-мағанасыз көрінуі тіпті ескінің қалдығы, ғұрапаттық болып көрінуі мүмкін. Бірақ сол ұлт, сол халықтың өз адамы үшін ол сонша құнды, сонша киелі саналып қасиеттелетіні даусыз. Ғасырлар бойғы баба заңы қасиетті салт-санамыздың жібі үзілмей бүгінге жетуінің бірден бір себебі осы. Бірақ бүгінгі ұрпақ осы жалғастықты қаншалықты сақтай алды бұл ойланатын мәселе.

Өзге халықтар секілді қазақ  халқының да өзіне тән ерекшелігі, тұрмыс-салты, ғұрып-әдеті халықтың өркениетімен бірге дамып, кемелденіп, әр заман талабына сәйкесіп отырады. Дәуірдің өзгерісі мен халықтың әл-ауқатының көтеріліп, дамуына байланысты тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, дүниеге көзқарасы жаңа мазмұн алып, бұрынғы қалпын біртіндеп өзгертеді. Бір замандарда мал шаруашылығы мен егіншілікті, дала мәдениеті мен қала мәдениетін тең меңгерген халқымыз жат жұрттықтардың шапқыншылығы мен езгісі салдарынан данышпан даналары жазып қалдырған баға жетпес қыруар жазба материалдары мен кітаптарынан айырылып, еріксіз көшпелі өмірге бейімделді. Бірақ анталаған жаугершілік халқымызды қанкешті күйге түсіргенімен, оның зерделі де зерек, шежіре де шешен ұрпақтары ата-бабалары көкірегіне құйып, қанына сіңіріп кеткен салт-дәстүрімен рухани мәдениетін әсте жоя алған жоқ.

Жазушы Әбіш Кекілбаев шығармашылығының қазақ оқырманына рухани серік болғанына, міне, жарты ғасырдың жүзі болып қалды. Оның ойшыл да орамды өлеңдерінен бастап, өнерінің парқы мен нарқына таңғы шықтай мөлдіреп шыққан алғашқы әңгімелерінен бастап, кең құлашты эпикалық қарымен көрінген романдарына дейін оқырман қауымды бір сәт бейтарап қалдырған емес.

      Суреткер Әбіш Кекілбаев - көркемдіктің құрыған көздеген нысанасына қапысыз салуға машықтанған эпик жазушы. Оның дарын табиғатына біткен аста-төк қабілет-шалымы да, әлемдік көркемөнер айдынының тұнығынан жүзіп жүріп сусындаған тәжірибесі де қыруар. Ол айта алған ой, ол кестелеп үлгерген өнер барша сыр-салмағымен, барша көркі бояуымен бүгінгі таңда тек қана Әбіштік ой, тек қана Әбіштік өнер болып отырған жоқ . Сонымен бірге қазіргі қазақ өнерінің және рухани ұмтылыстардың бедерлі бір айғағына айналып отыр.

      Әдебиет қашан да, қай кезде де өткен жай туралы жазады. Болашақты болжау ғылымның ісі. Демек, әдебиет оқиға жиынтығы емес, оқиғадан кейінгі толғам. Яғни, әдебиет факты емес, постфактум. Мұның өзі сананың танымға айналуы деген сөз.

     Әбіш Кекілбаев - өнер мен өмірдің осынау заңдылығын суреткер ретінде жан-жақты ашып көрсету үшін қаламын сайлаған, соған орай көркемдік тың тәсілдерге табан тіреген суреткер. Ол жалаң беллетризмнен мүлдем қара үзіп, ойшыл-интелектуалды прозаның тізгінін қарына ілген. Сондықтан, жазушының шығармалары «Не болды?», деген мәселелерді күйттемейді, «Неге олай болды?», деген сұрақтарды талдайды. Яғни, уақыттың осынау жаңа сапалы көркемдік сұранысын терең түсінген Кекілбаев суреткер ретінде өз шығармаларында қалай өмір сүруді айтпайды, не үшін өмір сүруді көлденең тартады.

      Қазақ прозасында Әбіш Кекілбаев туындылары арқылы айырықша бой көрсеткен көркемдік тәсіл ретінде авторлық баяндаушы, әңгімелік баяндаушы, кейіпкерлік баяндауды айтуға болады. Осы баяндауларды табиғи субъективтендіру арқылы адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен адамзат арасындағы аса күрделі қатпарлы байланыстар сырының ашылуы көркемдік танымымызды тереңдетіп, рухани игілігімізге айналып отыр. Сондай-ақ, автор мен кейіпкердің ішкі монологтарында эмоциялық қуат дарыту да жазушының әбден шыңдалған, жиі қолданатын көркемдік тәсілі. Мұның өзі адам сезімінің не бір қатпарлы ағымдарын жарқырата көрсетуге дес берген қызық та қиын көркемдік құрал екенін айрықша атап өткен жөн.

        Міне, көркем прозаның озық тәсілдерінің бір парасы ретінде мойындалған осы қасиеттер жазушы шығармалары арқылы қазақ прозасында бар тұлғасымен көрінеді. Жай көрініп қойған жоқ, өзге қаламгерлердің де қолдауын тауып, бүгінгі көркемдік ізденістеріміздің сапалық айғағы ретінде орнықты. Бұл жағдайды біз бүгінгі таңда қазақ прозасының жетістігі, қазақ өнерінің мақтанышы ретінде айта аламыз. Жазушы адам өмірбаянын, кейіпкер өмірбаянын жазатын суреткер емес. Ол адам санасының, кейіпкер санасының эволюциясына ден қойюшы суреткер. Егер әсерлеп айтатын болсақ, жазушы дүние дидарына жер басып жүрген пенде сияқты горизонталь бағытына қарамай, суреткер ретінде көктен, вертикаль бағытта қарайтын сияқты. Мысалға, «Аңыздың ақыры» мұнара адам құдіреттің қанатты шабытындай болып вертикаль бағытта көкке шаншылған. Ал, шыңырау құдығы тағы да сол адам құдіреттің жасампаз болмысындай болып вертикаль бағытта жеті қат жер қойнына сүңгиді.

        Осы жағдайларды кездейсоқ фактілер жиынтығы деуге бола ма екен? Сондықтан да Әбіш Кекілбаев адамзат әулетінің ғұмыр-шежіресіне бүгінгі және болашаққа қызмет ететін өмір тәжірибесі деп қарап, мәңгүрттіктен сақандырады. Ия, тұңғыш рет қазақ әдебиетінде Кекілбаев көтерген «мәңгүрттік» мәселесі әлемнің озық ойлы ойшылдары мен суреткелерінің қызу қолдауын тапты. Шынында да, қазіргі адамзат баласы үшін өз әкесі мен шешесін ғана ұмыту емес, тарихтың сабағын ұмыту. Яғни, Абайды, Мұхтар Әуезовті, Махамбет пен Исатайды, Ілияс пен Сәкендерді ұмыту...

      Әр жылдың бетін айқындап, жүгін көтеретін тұлғалар болады. Кейде соған қарап «Абай жылы», «Әуезов жылы» деп жатамыз. Ұрпақты өлгендердің сөзімен ғана емес, тірілердің өзімен көрістіріп тәрбиелеу мұрат қой. Шын талантты адам шығарма сыртын жылтыратып әрлеу, мәнерлеу, сырлау дегеннің бәрін жоққа шығарады. Шынайы көркемдік дегеніміз өмірдің өзіндей қарапайым қалпын сақтайды. Ол шындықтың сырын да, жарқын суретін де, әдемілігін де көз алдыңа жайып салады[10,5-б].

        Әдебиет тақырып таңдамайды. Өйткені өмір бар жерде әдебиет бар. Әр халықтың әдебиеті – оның сана-сезімінің көрінісі. Көркем туындыда әдебиет сол өмірдің өзімен тұтасып, бірігіп кетеді. Ұлттық ойды, халықтық сырды ашады. Өмір құбылыстарының бір-біріне ұқсамайтыны тәрізді, көркем шығарма да кейбір сюжеттік ұқсастықтары байқалып тұрса да, ой-сана көрінісін ашып талдауда бір-бірінен алшақ жатыр. Суреткер талантының биіктігі де осы ұқсамауында, даралықта. Жазушыда үлкен прозаға тән эпикалық кеңдік, асықпай баяндау, психологиялық тереңдік, философиялық толғаныс, кең тынысты бейнелі тіл өрнектері анық байқалады. Оның әңгіме-хикаяттары бізге солай көрінеді. Ол өзіне таныс өмірді, халық тарихы мен салт-санасын бейнелейтін аңыз-әңгімелерді, Маңғыстау елі мен жерінің ерекшеліктерін ашатын шежірелер мен көркем бояуларды молынан пайдаланып, оларды үлкен жазушыға тән байсалды проза үлгісіне сала суреттейді. Осы тұста туған жазушы шығармаларында екі үлкен тақырыптық жүйе бар. Бірі аңызда сақталған дала халықтарының рулық және таптық талас-тартыстары да, екіншісі - қарапайым, халық ортасының тіршілігі, оның адамдарын суреттеу талабы. Кекілбаев суреттеген халық аңыздары жазушының өзі өскен ортада көп айтылып, санаға жатталып қалған шындыққа негізделеді. Сөйтіп, жазушы тарихтың, көшпелі тіршіліктің сүреңсіз әдет-ғұрыптары мен салттарын бүгінгі оқырманның көз алдында тірілтті. Тарих сабағы жақсылықтан ғана тұрмайтынын, ұрпақты одан бездіретін, өзін аулақ ұстауға үйрететін ауыр оқиғалар сабағы болатынын көрсетті. Солардың қатарында ел арасы жауласушылығының қатігездігі, дәлелсіз, себепсіз қақтығысқан араздық сезімдері, ар-намыс дегенді жамылып, соны сылтау етіп рушылдықты, бөлінушілікті күйттеген сол заманның ұғым-түсініктері айқын ашылады.

Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет