Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация

Краткое описание

Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диссертация Асем 2+++.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Мөлдіреген жап-жас келіншек, бет моншағы үзілмей тұрып күні кеше ғана құшағын толтырып жүрген ерін соғысқа жұттырды, қаршадай қара баласына асқар тау, ағар бұлақ, сексеннің сеңгіріне шығып қалтырап жүрген атасына таяқ, қасиетті шаңырақтың шырағы боп жана білді. Ел басына күн туған шақта ер азаматтарды жоқтатпай, қара жұрттың қаңсыған топырағын маңдай терімен жібітті, болашақты аузымен тістеп жүріп, бойын өсіріп, бұғанасын қатайтқанын да ешкімге міндет етпегені белгілі. «Қамшысын суға малған діні қатты еркегінен» жаман әйелдерше жерінудің орнына, оны аңсап- сағынғанда жүрегінің басына у төгіледі. Оңашада жаман қара баласы суретшілікпен әуестеніп жүргенде, бояу қарындаштар қолына түспей, қара қазанның түбінен қырып алған қара күйемен баттастыра салған атасының кескініне көзінің астымен қарап, күбірлеп сырласатын өнер тапқалы қашан...Сондай кезекті бір «сырласу» сәтінде ақ сақалы кеудесін жапқан атасына: «Еркек жарықтықтың қазір көк аспанды төбеңе әкеп төңкеріп жіберетіндей шатырлағанымен, қазір-ақ шайдай ашыла қалатын өткінші ашуына бола сонша ренжитіндей  не бар еді... соны ойлағанда атажан, ет-жүрегім елжіреп қана қоймай баяғыда балаңыз қамшысымен тартып жіберетін оң жақ ұнжырғам да бір түрлі тәп-тәтті боп балбырап бара жатады»[ 1,22-б],-деп аһ ұрады. Тағы бір мына жолдарда: «Мен сонда, жан ата өзімді осындай көл-көсір қуанышқа бөлеген, кішілік ізетім мен ықыласымды маңдайымның бес елі бақыты ғып қайтарған өзіңіздің ақпейіл аруағыңыздан айналдым. Сол ұлан-асыр шаттығымнан болар, кішкентайым емшектен шықпай жатып тағы да талғадым. Бұл жолы, ата, дәл өзіңізге тартқан мұрны қолағаштай ұл тудым.»[1,20-б],- дейді атасымен іштей сырласқан келін. Яғни,  ақ некені кие тұтқан, ерді пір тұтқан қазақ әйелдерінің бойындағы тамаша инабат, ақылы, көркі, ой көркі осы монологтан есіп тұр. Бұл да  - қазақтың қадірін басқаға танытатын ұлттық менталитет.

Соғыс балалық балдәуренін  ұрлап, «борбайларын жантақ тырнап, еріндерін  аңызақ тілген қу шекерлердің» бірі - өзінің «қағаз күйлеген» қара баласының амандығын тілеп, отбасының берекесін кіргізу қамымен әуре. Қанасын жарып шыққан перзенті мен туған  келінінің қылығын кешіргенімен, құлқына өзегі талып, ұйқысы қашып жүргені шындық. Қара кемпір қаланы жаратпайды. Қаланы жаратпайды емес, анығында қала адамдарының өзара суық, безбүйрек өзімшіл, кісікиік қарым-қатынастары шошындырады. Басқаны қойып, мына өз отбасындағы үш адамның қатынасында жауға тілемейтін өгейлік барлығын қайтесің... Баласы мен келіні бір қайықта да, бұл екіншісінде. Шешесі баласына: «Ол неге тұнжырап жүр, оның қабағы неге қаяу, ең болмаса аман-саулық сұрамайды да», - деп іштей кінә тағады. Бірақ «ашу – бөрі, ақыл – қой». Қойды бөріге жегізбей, өз ішін тырналап жатқан бөріні ақылға жеңдіреді. Ниет тазалығы, құлық қуаты лайды тазартып, шалқайғанды иілтеді, қой бастаған жолбарыс жеңбей, жолбарыс бастаған қой жеңеді. Ауған жүк түзеледі. «Киіз басып, көрпе қарпитын, арқан ширатып, үй жығып, үй тігетін шаруаның» қамытынан шыққан ынтымақ бұзбайды, ынтымақ шақырады. Тұлпар бастаған көште жабы да тұлпарға қарап жайнамазға жығылмақ. «Құс қанаты» повесінің темірқазық идеясы қазақи ізгі салт-дәстүр, мінез-құлық, ұлттық менталитеттің өміршеңдігін дәріптеуге саяды. Мұнда адамдардың рухани болмысын сырлап көрсету, сырдаң көрсету ныспы да сезілмейді. Бәрі табиғи.

«Құс қанаты» - қыстың соңы, қыс  ызғары осымен бітеді дегенді ишаралайды. Автор лирикалық  кейіпкер өміріне шегініс жасау негізінде оның өміріндегі ызғарлы шақтың өткенін мегзейді. Алдындағы жылы шуақ көктемі – жалғызының ер жетіп, азамат болғаны. «Құс қанатының» екінші астары – ол қара баланың шығармашылық қанаты. 

Ә.Кекілбаев басым түрде ауыл өмірі тағдыр тауқыметін қайыспай көтеретін өр мінез аналар, еңбек шаттығы, қиын сезім зардаптарын шарлатып келетін шын адам бақыты тәрізді ұждандық-адамгершілік мәні мол тақырыптарды философиялық-эмоционалдық пайыммен барынша қарапайым әрі көркем етіп жазады. Нағыз талант иесіне тән қасиеттердің бірі – қарапайымдылыққа қаламгер тек өзі бейнелейтін кейіпкерлердің әлеуметтік-қоғамдық жағдайларымен емес, сол әдеттегі таныс жандарды типтік биікке шығарып, дара характер ерекшеліктерімен сипаттай алуға жететін суреткерлік қырағы назары, ой сергектігі, зерде  тереңдігі, стилистік өнер, ең қажеті – айналасын, туған жер мен қаһарман елін пәк көңілмен сүйетін таза болмысымен, осы сапалардың бір-бірімен қанаттаса қимылдайтын тұтас психофизиологиялық қызмет нысаналығымен ерекшеленді.

Адамзаттық тұрлау, рухани қайсарлық Әбіштің кез келген кейіпкерлерінің бойынан табылады десек, қателеспейміз. «Бір шоқ жиде»  повесіндегі Тілеу зергер, күлте  сақал қорықшы Күдері, жоқ іздеген  қауға сақал албан шал қарапайым еңбек адамдары, саусағынан өнері, көкірегінен күй саулаған, жүзінен иманы төгілген, қолы ашық, тірі жанға қиянат жасамаған, адамдық, ар, адамгершілік тағылымымен есінде қалады.

Адам өмірі күн мен  көлеңкеден тұрады. Төрт құбыласы тең, қайғы-қасіретті білмей, шалқып өткен пенде жоқ та шығар. Қай жағынан алып қарасаң да дұшпаны да мін таға алмайтын Тілеу зергер оның жеті атасы байлық та, билік те, ағайын тумасы да жеткілікті болғанымен, құдай ең негізгісінен, кіндігінен құтайтпай, жегенін желім, ішкенін ірің қылған. «Өзі қысқа, өзі асау, тентек өмірден» Тілеу: «Өлсең де қадіріңді біліп, артыңды ұмытпайтын ел-жұртың мен ұрпағың болса, өлімнің несі үрей, несі қиянат»,- деп ол өмірден де, өлімнен де шошынып, үрікпейді. Өйткені, ол мына фәни жалғанда қолынан келген өнерін, қажыр-қайратын жұртына сарқып берді, ер етігімен қан кешкен, ат ауыздығымен су ішкен күн туып еді, «Көппен көрген ұлы той», мойнына бұршақ салып тілеп алған Тілепалдысын қанды қасапқа салып жіберді, кейбіреудің кебін тігерге тұяғын қалдырмай жалмап қойған жебір соғыс, бұның жалғызын аясын ба, жалмап алды. Әйтеуір құдайдың көзі әлі оң екен, жұбайы Зейнеп те, бұл да шаранадан күдер үзіп, тозған астаудай қаңсып, шашылып қалайын деп жүргенде сонау Жем бойынан іздеп келген жеңгелері кезерген еріндерін жібітіп, суып, қаны сұйыла бастаған тамырларын тулатып, қырқынан әлі аспаған Тұяқты бауырларына салып кетеді... Бір перзентке шөлдеп, өліп-өшкен Зейнеп байқұстың ботасы тірілген інгендей семген шандыры дертіп, сүт саулап берсін... Құдды «жоғалып- табылған» Манасты көргенде Шақанамның кеуіп қалған емшегі жібіп, сүті саулап аға бастайтыны тәрізді. Ең ізгі жүрек – мұң тәрбиелеген жүрек. Ананың иығынан диюдай жаншып, тынысын тарылтқан тонналаған мұңның қара бұлтын ұшты-күйді сейілткен қайран перзенттің кеудеңді шоқтай қарып, денеңді балбыратып еріткен бұлт астынан шыққан қызулы, қуатты күндей нәзік еріндерінен құдіретті не бар екен!.. Осы деталь-ақ Зейнептің, көнтерілі қазақ әйелінің жомарттығын, алаңсыз адал пиғылын, толғанса тек жүрек түпкірінен толғанатын, халықтың тағдыры мен талайы телулі, қасіреті мен қуанышын бірдей көтеруге пейілді ана екендігін айғақтап тұр. Жазушы шығармаларында диалог өте сирек қолданылады. Егер қолданылса, оны екі адамның сұхбаты қызметіне жекпей, адам характерін танытатын аналитикалық талдау компонентіне айналдырып жібереді. Ерліктің негізі –сүйіспеншілік, сүйіспеншілік кісісіне қарап оянады. Әркім өзінің, сүйгенінің, сыйлағанының құлы. Ар мен ізгілік, тазалықтан жаралғандай «Ерке қыз» Зейнеп пен «күйеу жігіт» Тілеудің отбасын азынатып кеткен күйді ағайындық, аналық болмысы мен сезінген Жемнен келген жеңгесі: «Күйеу жігіт пен ерке қыз мынау қырқынан аспаған жаман немені екеуіңе қара болсын деп алып келдім. Мырза құдайдың рахымы түсіп, ерке қыз құрсақ көтеріп жатса, бұл бесігін тербетер. Төріңе ұстаймын десең де, есігіңе ұстаймын десең де, біздің көңіліміз баяғыдай»[1,28-б],-дейді. Жеңгесінің тілі ағайынның жоғын жоқтап, қазанына ас салатын, ізгі бауырлық ниетін тосатын – қазақ менталитеті, дала гүлдерінің иісін желпіген қоңыр самал дерлік, пейілі теңіздей толқып, шарасынан асып төгіліп жатыр. Ділі қандай! Тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін иітіп, тоғыз көзін сыздатып, ұнтап дүниеге келген сәбиін бұлдап бермей, жырғап, артын сұраусыз етіп беріп отыр. Қимасының көңілі жолында жанын қиып ерлік жасап отырған қимасының тірлігі қазақтың қанына ғана сіңісті мәрттік. Бір көрген білісіне кісікиіктенбей сөзі жақса, көңілінің бұрауын дәл басса, құлқы үйлессе, астындағы атын түсіп беріп, әлпештеген қызына үкі тақтыратын, не тағып кететін кең пейілдік те қазақтың менталитетіне, маңдайына жазылған. Соның дәлелі – қауға сақал адай шал. Қаныңнан өніп шықпаса да, қаныңнан шыққаннан кем мейіріміңнің ұлпа ұясының жылуын бойына сіңірмеген, басыңа жұмақ орнатпаса да «сыйға-сый,  сыраға-балдан» қолын тартпаған.

Осы бір орайда шығарманың мына бір жолдарында: « - Әлгі суылдаққа  да тиылым бола қалғанын қарашы, - дейді  Зейнеп. – Бұл күшіктің ит көйлегін кім алып қашар екен...

- Қиналма, кемпір. Өзім алып қашамын, -деді.

Әуелі Тілеу шықты. Оған ілесе бір қолында құндақ, бір қолында домалақ түйіншегі бар Зейнеп шықты. Кішкентайдың да жарық дүниеге атап шығып отырғаны да осы. «Иә, ата-баба!» - деді Тілеу маңдайын құбылаға бұрып, сосын кемпіріне қолын созды. Зейнеп те ит көйлекке оралған түйіншекті ұстата берді. Қапелімде отырған орнынан қозғала қоймайтын Тілеу екі қолын бауырына алып бүлкілдей жөнелді. Артында кішкене құндақты қыса ұстаған кемпірі келеді. Шіркін-ай – деді Тілеу. Төңірегі мынадай аңылжыған айдала болмай, бірінен-бірі асырып ақ үй тіккен ел болса ғой. Кемпір кеше кештен бері ертең балам қырқынан шығады деп хабар шашып қоймас па еді. Ауыл - үйдің үлкенін түгел жинап, алдарына дастарқан жайып, баталарын алып, қаумалдасып сыртқа шықпас па еді», деп армандауының өзі Тілеудің қазақтың қазақилылығын көрсететін жері  емес пе?».[1,291-б]

Повестің  тағы бір мына жолдарында мәрттік жағы төбе көрсетеді: «Тұяқтың бар ырымы пішеншілер барда жасалады. Бір алпауыз әйел тұсауын кесіп, Зейнептің қос тақта алқасын қағып алады. Сүндет тойының қызығын да пішеншілер көрді».[1,292-б]

Қазақ отбасында нәресте шыр  етіп дүниеге келгеннен-ақ оның бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп өседі. Бала өмірге келгенде шілдехана той жасалып, 40 күн өткеннен кейін бір түлеуден өтті деп  қырқынан   шығарады.   Бір  жас   шамасындағы қаз-қаз тұра бастаған сәбидің тұсауы кесіледі. Бала үш жасқа келгенде, өз бойын ат үстінде ұстар кезге ілінгенде: «Құйымшағы өсіп кетсе, сарт-сауанға ұқсап, атқа мінсе, ұзақ жүре алмайтын болып қалады» – деп, өзін жеке атқа мінгізе бастайды. Сондай қастерленген ер баланы бес жасқа қараған шамада сүндет тойға әзірлейді. Бұл әрбір мұсылман халықтың дәстүрі болып табылады. Сүндет тойға өзі жүріп шығаратын баланы бір ересек кісі қасына алып, алыс-жақынды түгелдей аралатып шығады. Барған үйлерінің барлығы да бала мінген тай-құланның жалына ақ шүберек жыртып байлайды. Баланың тойлығына түрлі-түсті сыйлық ұсынады. Мұндай қошеметке бөленген сәбидің көңілі әсемдікке, талғамға толып өседі. Халықтың тұтас ниет, ынтымағын байқайды. Еліне сенім артып ер жетеді. Қаламгер бесік көрген баладан ертеңгі күні үміт күттірер азамат өсіп шығатындығын көрегендікпен білген жазушы сөзі асыл дәстүр-салтымыздың ұмытылмайтынын еске салады [5,46-б]. Әбіш бәрін қолымен қойғандай келісті кестелейді.

«Халық салтына келмей – қалпына келмейді», – дейді халық даналығы. Жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазығы ата дәстүріміз. Әрбір адамның ұлттық рухы, ұлттық мінезі әдет-ғұрпын білу арқылы қалыптасады.

Сонымен қатар, шығармада «бата беру», «тілек айту» дәстүрі де айқын көрініс тапқан. Мысалы мына бір жолдарда: «Ауыл-үйдің үлкенін түгел жиып, алдарына дастархан жайып, баталарын алып, қаумаласып сыртқа шықпас па еді», немесе, «Әй, күшік, сенің атың Тұяқ! Естисің бе, ай? Тұяқ!Тұяқ! Тұяқ!». Артынан ағарған ауыз тиіп бата қылды. Енді бір бес-он күнде пішеншілер де құлап қалар, - деп терістікке шоқыта жөнелді». Қазақ халқында «Батаменен ел көгерер»[1,304-б], - деген аталы сөз бар. «Баталы ер арымас» деген мазмұны терең халық нақылы да бар. Халықтың нақылы, аталы сөзі болашақ күндердің иелеріне беріліп, ақ ниетпен анталады.

Халқымыз бата болашақ  адамның қалыптасуы мен дамуына  бағдар береді дегенге сенген. Қазақтың ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде елдің рухани қазынасында бата сөздердің мән-мағынасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы. Өйткені, қанымызға сіңген, жанымызға жағымды ұғым. Бата арқылы ой-санамызға нұрлы шуақ естіледі, бойымызды серпілтіп, көңілімізді марқайтып, ақылымызға ақыл қосып, жасымыздан қарғыс емес, алғыс алсақ деген тәрбиенің бастауы. Өйткені аталардың қасиетті өсиеті – замандар мен ғасырлар бойы мысқалдап жинаған, ақыл елегінен өткен, өмір тәжірибесінің тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы.

«Бата» ұғымының терең  төркініне барлау жасар болсақ, Құранның бірінші сүресінің аты «Фатихадан»  туындаған тәрізді. Мұнда жаратушы мен оның «елшісі» Мұхаммедке мадақ сөз айтылады».

Баталардың қандай түрін  алсақ та жеткіншек жас ұрпақты  әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып  өсуге баулиды, малды-басты, дәулетті, бақытты, кекшіл емес, кешірімді болуын тілейді. Жерін, елін қорғауға талапты ержүрек болып өсуге талпынтады.

Халқымыздың белгілі  бір жүйемен құрылған бата, тілек  сөздерінде этикалық, эстетикалық және дидактикалық тұтастық бар. Бата әрбір  жастың бойында белгілі бір тұтастық-бірлігін, салт-дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауға бірден-бір құрал болып табылады. Себебі болашақтың тұтқасы, иесі ұрпағына амандық, парасаттылық, ізеттілік, өжеттік, мейірім, өнер-білім, құт-береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу ежелден адамзаттың асыл мұраты болған.

«Әрбір батада этика, мораль, ар-ождан, ынтымақ, бірлік, молшылық, бақыт, қонақжайлылық, амандық, саулық сияқты ізгі тілек айтылады»[5,51-б].

Ұлтымыздың ұлылығын зерттеуші В.Радловтың: «Менің қазақтар арасында ұзақ уақыт тұрып, олардың  салт-дәстүрлерімен танысқанымда көзім жеткен ақиқат, бұлардың өзіндік ерекше мәдениеті бар халық екендігі. Біздің отандастарымыз ойлағандай олар тіпті де ауыздықсыз, бас бұзар, қарақшы, тұқымын құртуға тұрарлық халық емес»[5,39-б],- деген пайымды пікірінен де аңғарамыз.

Қаламгер шығармаларында нағыз адамдық белгісі – кісілік. Адамның өзі қымбат бола бермеуі де мүмкін, адамгершілігі қымбат. Ізгілік – ізгілікпен қайтады, адамгершілік – адамгершілікпен қайтады. Осы қағиданы ұстана отырып жазушы Тілеу мен Күдері арасындағы бір-біріне деген шынайы сыйласымдылық, адал достық, қимастық сезім сияқты толып жатқан қазақ халқының бойынан табылатын ізгі қасиеттерді ашып көрсетеді. Мәселен, мына бір жолдарда: «Күдері қайда аттап шықса да, жүдеп қайтады, бір кездегі азды-кем қызығын көре алмай қайтады. Уақыттың өмірден басқа өлшемі жоқ екеніне көзі жетіп қайтады.  Бір өмірдің орнына екінші өмір келсе ғана мына дүниенің мәні тұра алатынын ұғынып қайтады. Ағаш екеш ағаш та бұтағынан бұтақ өрбіп, артында із тастайды. Ал адам ше... Адамның ізі тек белінен өнген перзент қана ма... Оның ісі, жұртқа жасаған қайырымы ше? Соның бәрі кісінің өзімен бірге көз жұма ма? Ол соққан жекей, ол жасаған бұйымдар да мәңгілік емес шығар, тозар. Сонда көңілге қуат не болмақ? Өз тамырынан өрбіген бір бұтақ болса, Тілеудің арты осынша құлазып жатар ма еді? Міне, бір жылға айналып барады, Тілеудің шаңырағы жоқ болғасын, оның сүйегі жатқан мына түзге оның артынан іздеп ешкім келмеді, ешкім ауызға алмады... Айтса, тек Күдері ғана айтады. Онда да тек өзі еститіндей қып күбірлеп айтады... »[1,327-б]. Ішкеннің, жегеннің, болып-толғаның бәрі өткінші. Өлмейтін, өшпейтін, сені үнемі «тірілтіп», мәңгі жасайтын ұрпағың.

Әрдайым өмірдің шуақты жақтарына назар аударатын автор  мұнда да адам бойындағы тазалық, ізгілік атаулының табиғи қалпы бұзылмаған шағын нәзік көңілмен бейнелеуге тырысады. Әбіш Күдерінің күдерді үздірмейтін адамгершідігін бейнелей отырып, «әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» деген сөздің мағынасына шомылдырады.

Қазақ соңғы тұяғы  қалса да «қырықтың бірі – Қыдыр» деген наным-сеніммен, жалпы қазаққа тән қонақжайлық көңілмен күтіп, астына ат мінгізіп, үстіне шапан жауып шығарып салған. Ол болмаса қолындағы құдайы қонағы сұраған, көңілі ауған затын, қолындағы барын беріп, риза қылып шығарып салған. Бұл – сүйекке сіңген дәстүр, таза қазақы менталитеттің жемісі. Қаламгер мына бір орайда: «Еңгезердей қонақ Күдеріге қарап мұрты жыбырлап біраз отырды да, кілт Төлеуге бұрылды. 

- Мына домбыраңды  кімге жасаттың?

Тілеу аузын ашқанша, Күдері айтып та үлгерді.

- Ойбай-ау, бұл кімге жасатушы еді, өзі дағы. Өліге жан бітіруден басқаның бәрі өз қолынан келеді.

- Ендеше тіптен дұрыс. Ал, құда, осы қу шынағыңды маған қи. Әлімнің ауылынан ала қайтқан қол үздігім болсын.

      Тілеу мен Күдері күлді. Еңгезердей қонақ орнынан тұрды. Қолындағы домбыраны ұстай тұрды. Желең бешпетін шешіп, сықитып орап алды. Зейнеп алдарына түсіп есікті көтерді. Екі еркек те ере шықты»[1,303-б].

Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет