Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 13:04, диссертация

Краткое описание

Адамзат қоғамын дүр сілкіндіріп, мәңгі өмір сүрудің өткір, өзекжарды мәселелері материалдық, техникалық, жер асты, жер үсті байлығы тапшы, халқының саны шектеулі ұсақ ұлттар мен ұлыстарды ойландыра бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................. 3
І. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ...............................................................................15
1.1. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ САЛТ-САНА, ДӘСТҮР МЕН НАНЫМНЫҢ БЕЙНЕЛЕНУІ ................................................................................................15
1.2. БЕКСҰЛТАН НҰРЖЕКЕЕВ ӘҢГІМЕ, ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ УАҚЫТ СЫНЫНАН ӨТКЕН МЕНТАЛИТЕТТЕРІНІҢ КЕСТЕЛЕНУІ.................................56
ІІ. Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................................................................................74
2.1. «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫНДАҒЫ» ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ...............................................74
2.2. «ҮРКЕР», «ЕЛЕҢ-АЛАҢ» РОМАНДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚЫ МЕНТАЛИТЕТТІҢ КӨРІНІСІ ...................................................................................................................................84
2.3. «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕГІ КЕРАҒАРЛЫҚТАР ............................................................................................103
2.4. «БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ», «ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР» РОМАНДАРЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ МЕНТАЛИТЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ....................114

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................................138
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................................143

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диссертация Асем 2+++.doc

— 1.10 Мб (Скачать документ)

Сонымен, Б.Нұржекеев  балалық, бозбалалық шағын ауылда өткізгендіктен, ұлтымыздың уызын қапысыз еміп, таза ұлтжанды болып өсті, ол қазақтың салт-санасын, әдеті мен ғұрпын, дәстүрін, этнографиясын, этномәдениетін, керек болса, қазақтың мінез-құлқын, туған жерге, Отанға, ата-анаға, аруаққа, ағайын-туған, құда-жекжатқа ағайындық ілтипатын, олармен қарым-қатынас нормасын, басқа ұлт өкілдеріне көрсеткен құрметін, жалпы халықтың өмірлік философиясын кітаптан оқып емес, тәттісінен ащысы мол өмірден тоқып өсті. Ол жағынан Бексұлтан халқына ғашық, өйткені, халқы - дархан, ақылды, парасатты, жүзі жарқын, қолы ашық, достыққа іңкәр, қарапайым, ержүрек, көреген-көсем, ғұлама, қайсар, алғыр, сөзі мен ісінің арасында алшақтық жоқ мәрт халық. Сондықтан, осы қасиеттер қонған ұрпақтың болашағына сеніммен қарай аласыз. Аса талантты қаламгер біз жоғарыда талдап өткендей, әңгіме, повестерінде содықтан да қазақты қазақ етіп отырған, еріп келген ұрпақтың ұлтжандылығын көрсетіп тұрған үздік жасампаз қасиеттерді арқау еткен. Ондағы мақсаты ұлтты мәңгі өмір сүргізетін өзіне ғана тән ұлттық бітімі мен рухы қатыгез заманының ызғарына ырық бермей, өміршең менталитеттері қуатты тамырлардан нәр татып, жомарт халыққа, дана халыққа, еркөңілді, көнтерлі халыққа айналдыруының көркемдік негіздерін байыптату.    

Әйелі, ұлы бар Жақыптың махаббат, тағдыр туралы  толғаныстары бас кейіпкердің өз атынан, яғни бірінші жақтан баяндалып, нанымды  суреттеледі. Бозбала күнінде жазған күнделігі байқаусызда әйелі Күләйханның қолына түсіп қалып, онысы өзіне таяқ боп тиген Жақыптың жан сезімдері үркітпейді таза да шынайы. Оның өз әйелінің мінез-құлқы мен қылықтарына кешіріммен қарауы, кез-келген мәселені түсіністікпен шешуге ұмтылыс жасауы қазақ жігіттерінің кеңпейілділік, терең ойлайтын сарабдалдығына қатысты. Әңгіменің мына бір жолдарында: «Әйелімнің аузынан шыққан барлық сөздердің бәрі дерлік менің міндерімді дөп басады да жатады. Өзімше өй деймін, бүй деймін деп ойлап келе жатқан себептерімнің бәрі оның сөздерінен кейін түкке жарамай сетінейді. Үндеймін деп үйдей пәлеге қалмас үшін, ондайда томсырайып отырам да қоям. Әуелде дәл төбемнен түскендей сөйлегенімен, қыза-қыза келіп әрнені қосып айтқан сайын, әйел емес пе, бір жерден болмаса бір жерде біздің Күләйхан да аяғын аңдымай басып қалады. Саспай ғана сондайда сөз арасына бір пікір қосып қоямын»[26,79-б],-деп Жақып ағынан жарылады. Әйелін сыйлайтын қазақ жігіттері сүйіктісінің «кінәсін» шыдаммен тыңдап, үндемей құтылмақ.Үндеу ақталудың – актысы. Демек, «үндемеген үйдей пәледен құтылады».

Жақып ойынан аңғарғанымыздай, оның әйелі Күләйханның тез ашуланатын болғанмен де қайтымы тез. Түн жарымына дейін жолдас-жораларымен қыдырып, үйге кеш оралған жұбайына жатып кеп ашулануына себеп – кішкентай сәбилерінің екі күннен бері мазасызданып ауруы, оған қараған Күләйханның да түн баласы ұйқы көрмей, шаршағаны болса керек. Жақыптың ақталысына да оншалықты сенбеген Күләйхан ендігі жерде оның өткеніне тиісе бастайды:

«Сен маған суып кеткенсің, - деді дауысы дірілдеп,  - о бастан суық болуың да мүмкін. Мен ақымақпын, сенің басқа қыздарың барын біле тұра неғып өліп-өшіп қалдым десеңші. Сенің жақсы көрген қыздарың сол ана Зәбира Шолпандар. Маған әншейін олардың сәті түспеген соң үйлене салғансың. Әйтпесе немене, елдің махаббаты біреу де, сенікі бірнешеу ғой деймісің. Бір өмір – бір махаббат, сенікі баяғы сол Забирамен бірге кеткен, кейінгісінің бәрі көзбояушылық. Әйтеуір бір әйелмен тұру керек болған соң, менімен бірге тұрып жатырсың»[26,80-б], -дейді. Мұнда сүйген әйелінің өкпесі, назы жатыр. Көңіліне жиналған «кірді» тазартуы керек қой. Қазақ жігіті оған еш ашуланбайды. Өйткені бұл сөздердің бәрі де өзінің кінәсі – күнделік жазудан туындаған қырсық екенін Жақып мойындай отырып, өткен күн оқиғаларын електен өткізеді. Оның ғашықтық сезімдерінің ішінде ақсары қыз Забираға деген ынтықтығы құмарлығы аса шынайы бейнеленеді. Қазақ жігіттері, тіпті бал сезімі толқын атқан аруларға елге білдірмей күнделік жазуы, өзімен-өзі ой бөлісуі, бірақ кейін онысы өзін мәрі-сәрі күйге түсіруі жаңалық емес.

Албырт та аңғал бейкүнә балалық шақтың балауса сәттері Зәбира бейнесімен, қылығымен кестеленеді. Жақыптың аузынан шығатын: «Қыздың қолындағы дәптерді іліп алуға тағы ұмтылдым. Бірақ іліп алғаннан гөрі оған жете алмай, қыздың өстіп кеудемнен басып тұрғанның тәтті бір ләззаты барын түсіндім. Кенет қыздың жүзіне көзім түсті, өрттей қызарып кетіпті. Жақып, жібер. Ұят болады - деді ентігіп әлдекімнен жасырғандай сыбырлап айтты. Үнінен бүйтіп тұрғанымызды біреулер байқап қалады деген үрейді де өзіме деген ілтипатты да аңғарғандай болдым»[26,89-б],-деген сөйлемдері аяулы қыз бен  бозбаланың арасындағы асыл сезімнің қайнар бастауларын байқатады. Ұяты бар инабатты қыз бен байыпты бозбаланың ежелден мәлім күйлерін сүйсіне қабылдайсыз. Әңгімедегі Бикен мен Ақжол да осы сезімдердің ары қарай жетіле түсуіне, биік белестер мен асқар тауларды бағындыруына іштей тілектес, мұраттас, жандары таза, рухтары биік кейіпкерлер. «Көркем әдебиет жастар тірлігін суреттегенде сыры мен сымбаты үйлескен жаны сұлу, мұраты асқақ жігіттер мен қыздырдың барша ұнамды қасиеттерін жинақтап, нанымдылық дәрежеге жеткізе көрсетуі, ол үшін суреткерлік шыншылдық, психолгтік жітілік, ең басты шаттыққа бермес мұң, әдемі үміт, кәусәр мөлдірлік керектігі, сонда ғана көркем образдың табиғи таза болмысы бағалы екені мәлім»[27,54-б],-деп белгілі әдебиеттанушы ғалым Б.Майтановтың атап көрсеткеніндей Б.Нұржекеұлы қаламынан туған Жақып, Забира, Ақжол, Бикен тағы басқа жастар бейнесі жандарының тазалығымен, биік те асыл-мұратарымен оқырман қауымға әсер ете отырып, жазушының психолгтік жітілігін, өмірге деген реалистік көзқарасын танытады. Бөтен жастар емес, ұлтымыздың тәлім-тәрбиесін бойына сіңірген қыз бен жігіт алдымыздан шығады.

Әңгіме кейіпкерлері Жақып пен Зәбираның арасындағы қарым-қатынастың сәтсіз аяқталуына, екі жас жеткіншек арасындағы көзге көрінбейтін нәзік жіптің жіңішкеріп барып үзілуіне бірден-бір себепкер болған сынып жетекшісі Күлиман тәтейге де: «Күлиман тәтей біраз уақыт ағытылды. Жайдан-жай ұрса беретін еді, Марат қолына мынандай факті түсірген соң несіне тоқталсын»[26,97-б],- деп мінездеме берілді. Мінездеме кейіпкердің қылықтық психологиясының қасиеттерімен таныстыратын, кейіпкердің жүріс-тұрысымен, мәдени- рухани жақтарының басқа да түрлерімен таныстыратын сипаттама болса, Б.Нұржекеұлы характерді толық елестете алу үшін олардың мінездемесін бірден түсінікті етіп, сезімталдықпен жеткізе біледі. Демек мінездемелер әр характерді дәл, нанымды етіп жасауға көмектескен.       

Сынып жетекеші Күлиман  тәтей оқушылардың ар-намысына тие  сөйлеп, олардың жан сезімін аяққа таптап, бүкіл класс көзінше кемшіліктерін бетіне басып, ұстаздық әдеп пен мәдениетке жат қылықтар жасайды.

Шәкірттің жүрек дүрсіліне құлақ  салып, тыңдағысы келмей, оның рухани тынысын, жан сезімін жұрт көзінше келеке етуін Жақып өмір бойы кешіре алмағандығы да шындық. Кейінен аудандық партия комитетінде қызмет атқаратын туысы Жәкенге бар болған жайды айтқанан кейін мұғалима табан астынан өзгеріп, өзінше қамқор болып, көрінуге тырысады. «Мен мұғалиманың ол қылығын әлі күнге дейін адамгершілігі деп бағалай алған емеспін. Қандай себеппен өйтіп өзгере қалғанын сезсем де, неге мені өйтіп оңашалап әңгіме айтқанына миым жетпейді»[26,100-б],-деген Жақып сөздері Күлиман ұстазының ұшқалақ мінезінен жирендіре түседі. Өзі әйел бола тұра қыз жанының терең иірімдеріне бойлай алмауы, тіпті сонымен қоймай, оны мазақ етуі, табанымен таптауы Күлиманың «ұстаз» деген ардақты есімге лайық еместігін аңғартады. Шығарманы оқи отырып әдебиет пәнінің оқытушысы Нәбидің ұғым түсінігіне, «біреудің жазған қағазын жолдан ашып оқудың өзі мәдениетсіздік» деген сөздеріне риза боласың да, түймедейді түйедей етіп, сол хаттың бастапқы сөздерін бүкіл сыныптың алдында оқыған Күлиман тәтейге соншалықты ренжисің, ашуың келеді.

Әңгімедегі Күлиман, Күләйхан, Зәбира бейнелері бір-біріне қайшы келетін әр алуандылығымен ерекшеленеді. Олардың әрбірінің ішкі мінез қалтарыстарын ашып, оларды әрі даралап, әрі жинақтап бере білуі - жазушы Б.Нұржекеұлы еңбегінің жемісі. Қазақ мектептерінде сынып жетекшісі бойжеткен қыздар мен жас жігіттердің сезімінің сыры ушығудан қорқады. Олармен жеке-жеке байыппен сөйлесуді «бағыныштыларына» иілу деп түсінеді. Сондықтан, қаталдық ұстаздық мәдениетті аттап өтуге мәжбүрлеген. Ол да жағымсыз менталитет.

Қаламгер шым-шытырық оқиғаны бейнелеу барысында, тек талантқа қойылар талап деңгейінде көрінеді, шеберлік үлгісін танытады. Ең бастысы, әрбір тақырыпша бір-біріне мазмұн жағынан да, форма жағынан да бірегей. Шығарманың компазициясының өзі басты тақырыпқа қызмет етеді. Ал, тақырып, компазиция, сюжет шығарманың ұлттық идеясын ашуға жұмылдырылады. Жазушының ұлттық менталитет деңгейінде шыққан  кейіпкерлерін бейнелеу, сюжетті ширату, романтикалық сазды игеру, әзіл-оспақты пайдалану шеберлігі оның көрнекті қаламгер санатынан екендігін аңғартпақ.

Бексұлтан Нұржекеұлы әңгіме, повестерінде суреттелген алуан түрлі адам тағдырының арасынан қазақ қыздарының асылдың көзіндей аналардың ұлтымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңірген сүйкімді бейнелері елеулі орын алады. Оның сомдауындағы әйелдер - өмірдің өзінен алынған тірі тұлға, рухы биік өнегелі қазақ қызы, бүкпесіз шындық иелері ретінде есіңде қалады. Соның өзінде олар-жалаң  қылыш, қатқыл қару асынғандардай емес, ұлтымыздың қатал озық қасиеттерін дәріптейтін қазақ тіршілік  ыңғайында пісіп жетілген аналардың табиғи болмысы. Олар мына өмірде қалай тіршілік етсе, Бексұлтан Нұржекеұлы шығармаларында да солай әрекет етіп, өмір сүреді. Әйел бейнесін суреттегенде бояуды қалың жағып, ұзақ-сонар тәптіштеп баяндап жатпай, өзіндік стилінен ауытқымай қысқа мінездеп, келте қайырады.

Өз қатарласы, тұстасы, замандасы Д.Исабековтің қаламгердің шығармашылық ізденісі көп ретте амалсыз тіршіліктің толып жатқан күйбеңіне, жанұяға, балаларға жұмсалып жатқанын айта келе: «Оның алғашқы туындылары махаббат, мораль мәселелеріне көп арналады. Сондықтан да болар оның жетпісінші жылдардағы шығармалары қалың оқушының, әсіресе жастардың сүйікті кітабына айналады»[28,22-б], - деуі Б.Нұржекеұлы отбасы, жастар махаббатын терең бейнелеген  шығармаларына берілген шынайы баға десек те болады.

Б.Нұржекеев – болмыстығы шым-шытырық оқиғалардың арасынан таңдап, талғап алған шындық құбылысы өзінің ғана емес, оқырман жұрттың да жүрегеін елжіретіп, сезімін дірілдетіп отырып суреттейтін жазушы. Өзі ауылда туып, ауыл өмірін жете зерттегендіктен олардың ішкі әлемін ашып, оның жан -дүниесіне үңілген суреткер қаламынан шыққан әңгіме, повестерінде  өзімізге ұқсай тұрып ұқсамайтын, өзімізге таныс әрі бейтаныс адамдарды кездестіреміз.

Асылы, қаламгердің әңгіме, повестеріндегі  басты ерекшелік - қиыннан қиыстырылмайтын қарапайымдылығы, оқырманын өзімен бірге жетелей жөнелетін қызғылықты баяндалуы, ұлпа сезім мен эмоциясы әсерлі болуы үшін дәл, әрі орынды жерінде пайдалануы. Демек, өзгені де, өзін де шаршатпайтын жеңіл стиль, түсінікті философия, майда тілмен жазылған шығармалары ал дегенде-ақ баурай жөнеледі.

Жазушының әңгіме, повесттеріне,  тән тағы бір екшеулі ерекшелік - нәзік лиризммен баяулап басталатын көркемдік шындықты өз басынан, немесе өз басыңыздан кешкен өмір шындығынан ешбір бөле жарып елестете алмайсыз керісінше, әр оқырман замандасын кейіпкердің болмысымен танып отырады. Онда да басты кейіпкерлері ұлтымыздың небір марқасқалары мен серкелері болғандықтан ұлттық сана, ұлттық менталитетіміз басты орынды ойып алады. 

Суреткер өз қалам қуатымен  әр буын оқырманын әрқашан қайран қалдыра алса, ал әр буын оқырманы сол әңгіме, повестерінде бейнеленетін замандастары тұлғасына әрқашан өз-өзінен қайран қалып жатса, екі жақтың да асқақ мұраттарының нақты орындалғаны ғой.  

Жазушының «Не үшін?» атты әңгімесі тұңғыш кітапта «Бауырлар» деп аталған. Аталмыш әңгімеде осы шекаралық өңірдегі ел басына түскен аласапыранды оқиғалардың бар шындығын көреміз. Бірге туған бауырлар - Әбікен мен Жұмекеннің бір біріне-біріне жау болып, бір-біріне оқ атуы не үшін еді? Иә, не үшін? Сол кеңес өкіметінің алғашқы жылдары бірге туған бауырлар ғана емес, бүкіл жалпақ ел екіге бөлініп, бір-біріне жау болып оқ атпады ма? Ешкімнің ала жібін аттамаған, айранын ұрттап, қойын құрттап, басы аман, бауыры бүтін өзімен-өзі жүрген халықтың арасына жік салып, бір-біріне жау етіп, атыстырып, шабыстырып қою Кеңес өкіметіне не үшін керек болды дейсіздер?... Оның ақыры неге ұласты? Немен тынды?... Мінекей, әңгіме осындай салмақты ойларға жетелейді. Еріксіз «Соның бәрі не үшін еді, бауырлар-ау, бір-біріңе не үшін оқ аттыңдар» деп күрсінесің. Қазақ менталитетінде басқаны өлімге қиса да бірге туған бауырға қол көтеру кешірілмес қылмыс саналған. Орыс отаршылдары лас құлықты бағынышты еліне зорлап таңды. 

Әңгіме идеялық - көркемдік жағынан өткір де байсалды мейілінше ұстамды шыққан. Бауырлар - Әбікен мен Жұмекен жіптің екі ұшында тұрған жандар. Әбікен - көпшіл, қоғам мүддесін биік санайтын, әділеттің алдында ғана жығылатын көзі ашық, көкірегі ояу, күрескер азамат. Езілгендердің езгісін көтеруге келгенде неге болсын мейілінше әрекетшіл. Кеңес өкіметінің орнығып, неғұрлым баянды болуы үшін өзін-өзі құрбандыққа шалуға әрқашан әзір, ақыл мен мінезге бай, халыққа ұнайтын абзал жан ретінде бейнеленгенімен, тым бәлшебекшіл саясаттың астарын ұға қоймайтын бітеулеу боп қабылданады.

Ал, Жұмекен бұған мүлде кереғар полюсте. Әбікен жұрттын от болып жылытса, ол-жүрген жерін мұз болып қарытатын, қан қақсататын, жыртқыштық іс-әрекетімен белгілі болған аты шулы жан. Бұрын оған осындай баға беріліп келді. Алайда барыңды тартып алып, өзіңді оққа байлағандарға ол қалай жібімек? Алайда  бір-біріне емшектес бауырлар уақытының сойылын ұстағандықтан, мерез саясаттың көзссіз құрбандары. Бауырлардың қақтығысуы көп те, табысуы аз. Екеуі бірін-бірі өз жағына тартуға ұмтылады, бірақ нәтижесі жоқ. Жұмекен кеңес үкіметінің орнағанына мүлде қарсы. Өйткені. қоғамды кедей мен байға жіктеп, біріне-бірін айтыстырып-шабыстырып қойған қан шеңгелдеген үкімет. Тіпті қиналса шекара асып кету оған түк те қиын емес. Міне, енді зорлап колхоздастыру басталды. Ол оған кіруге зәре-зап. Әбікен Жұмекенді үгіттеп көп қатарына қосуға, колхозға кіруге әрекет жасайды. Бірақ, тоңмойын Жұмекеннің ойы мүлде басқа. Осы арада ағалы-інілі бауырлардың арасы бұрынғыдан да алшақтай түседі. Орыстардың құйтырқы саясатынан көресісін көрген ата-ана да  Жұмекен жағында. Жұмекеннің бар есіл-дерті, бар мақсаты - тек аң аулау мен қыз-келіншектерге қырындап түпке тыққан ойын ешкімге сездірмей, қанішер үкіметтен кек алудың сәтін тосып аңысын аңдуда. Тау тағысындай еркін жүруді, аң атып күн көруді ешнәрсеге айырбастағысы келмейтіндей көз байлап, қырқадан шалуға қаны қайнаған батыр жігіт әзір.

Информация о работе Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеев шығармаларындағы ұлттық менталитет