Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 20:48, курсовая работа

Краткое описание

Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------ 2-3бет.

І. ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ – АҚЫН, ДРАМАТУРГ,ӘДЕБИЕТ
СЫНШЫСЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
1.1. Қадыр Мырзалиев өмірі мен шығармашылық кезеңдері---------- 4-8бет.
1.2. Қадыр Мырзалиев шығармаларының жанрлық , тақырыптық идеялық
ерекшеліктері------------------------------------------------------------- 9-11бет.

ІІ. ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ –
ДИДАКТИКАЛЫҚ ДӘСТҮР
2.1.Ақын поэзиясындағы әлем әдебиетінің озық үлгілері-------------- 12-16бет.
2.2. Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің
көрінісі-------------------------------------------------------------------------17-26бет.

ҚОРЫТЫНДЫ ------------------------------------------------------------------ 27-29бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР -------------------------------------------30бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

мырзалиев.doc

— 269.50 Кб (Скачать документ)

Қадыр Мырзалиев тапқыр ақын және тапқырлықты өліп -өшіп бағалайтын ақын. Оның көп тапқаны , тапқырлығының  көп екені рас, әрі дұрыс; алайда , өзі тапқан нәрсені өзі көбірек  қызықтап кететін дұрыс емес. Оның бұрыңғы өлеңдерінде соны естілген ырғақтар, өлең түрлері ,бейтаныс конструкциялар кейінгі кітапта кездескенде бұрыңғы эмоциялық қуатын жоғалтып, тіпті мазмұнындағы ,көркемдік дәрежесіндегі көптеген жаңалықтарын байқатпай, әншейін қайталау сияқты қабылданатын жәйлары да бар екен. Мұндай құбылысты автор мықтап ойлағаны жөн. Өзі бірінші боп тапқан соны өрісті өзі тұяқкешті қып тоздырмағаны дұрыс. Онсыз да, құдайға шүкір, осы күні Қадыр ша жазғыштар. Қадыр Мырзалиевты қайталаушылар көбейіп кетті. Қадыр жырының ең үлкен жауы солар. Ендеш , талантты ақынымыз еліңді жау шапса, өзің бірге шаптың кебін киіп қайтеді.

Өнердің ең үлкен жауы да сол үйреншіктілік. Бір нәрсенің әбден тәсілін біліп алып, соның  ыңғайына кету кәсіпке жарасқанмен  өнерге жараспайды.

Қадыр Мырзалиев сияқты кемел таланттан жұрт енді ылғи қиынға ұмтылып, қиядан табылуды талап етеді. «Жүректен шықпаса , жүрекке жетпейді » деп өзі айтқандай , шыншыл жүректің сыр сандығын ашып келе жатқан ақын осы қарқынымен өзін де , оқушысын да ылғи өрге бастай береді ғой деп сенеміз.

Жүйрік арман қуып жете қалсаң-ақ,

Жалт береді,

Соның өзі бір сабақ!

Осалдар жүр өзін жұрттан  артық деп ,

Ал мықтылар өзін жұрттан  кем санап!

Тап –таза шындық!

Алдымен , азамат ойдың  адамында ешқашан арман таусылмақ  емес. Ардан туған адам әрқашан арман қуады және арман қуудан жалықпайды, туғаннан өлгенге дейін қуады және сол арманның шегіне жетпейді, жетсе де жеткенін сезбейді. «Арманым жоқ  дейтіндер » қателеседі, яқи өтірік айтады. Адамның арманы болмаса , ертеңі болмағаны; арман бітсе, ертеңі бітеді, мақсаты түгесілгені; арманның таусылған жері – адамның өлген жері. Саналы кісіге мұның өзі сабақ екені рас. Содан соң, осалдардың өзіне-өзі қарық боп, өз деміне өзі буланып, жіпсіп, күпсіп жүретіні, ал мықтылардың өзіне-өзі көңілітолмай, өз ісіне өзі разы болмай, өзін-өзі іштей сынап, мінеп жүретіні және рас.

Айтатыны жоқ, осалдық  деген де бір ботатірсек  бозбалашылық - өз көлеңкесіне өзі жігітсіген қысыр қызтекелік қой, құрсын! Осалдар  өпірем, өрекпегіш, бойлауық, күпілдек келеді! Осалдығын сонымен жасырмақ болады.

Онымен де қоймай, осалдық  омыраулап, мықтылықты біраз көзден тасалап, ықтыра алмаса да бұқтыра тұруы  мүмкін. Бірақ мықтылық деген –  мықтылық, түбінде осалдық атаулының  бәрін көне тамдай қопара құлатып, сілкініп шыға келетіні сөзсіз. Осындай мықтылық иесінің бірі – Қадырдың өзі. Дәлірек айтқанда, Қадырдың қадірі – мықтылығында.

Мықтылығының бір дәлелі: Қадыр өлең өлкесіне күйбеңсіз, кібіртіксіз, тіпті ешқашан ешбір жаттығу  жасамағандай бірден кәнігі шебер қалпында келеді.Мұны біз тұңғыш Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясында танып білген едік. Күні кеше шәкіртке «сөз сиқырын» үйреткен шабытты шақтарда мінбеге киіктің асығындай ғана шып-шымыр қара бала жүгіріп шыққан емес, тура шиырылып түскендей... дік етіп алшысынан тұра қалды да, ағытыла жөнелді:

Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,

Және жылап өледі, өзгеніде жылатып.

Жылайтыны туасап – жамандар бар 

                                                қинайтын,

Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.

Демек, қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өргені бар;Қадыр лирасының сыңғыры бөлек, сыры терең. Қадыр Мырзалиев соңғы ширек ғасыр меғдарында қатарынан қаздай тізіліп ондаған кітап берді: «Ақ отау»,«Бұлбұл бағы» «Ой орманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Жерұйық», «Алақан»,«Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», «Заман-ай», «Алмас жерде қалмас», т.б. Мұның бәрі, әрине, қолыңыздағы таңдамалы томдарына сыған жоқ. Ал сыйған кітаптардың бірі болмаса біріне аздап көз тоқтатқаның өзіңді де әрқайсысының шежірлік мағынадағы шалқар маөмұн тұтастығы, симфониялық сипаттығы сұлу композициялық құрылымы адам таң қалғандай.Сонымен қатар бұлар жеке-жеке тұрғанда ақынның ондаған жыл бойы үздіксіз өнуін, өрбуін, өсуін көрсететін эволюциялық сатылар секілді де, бәрі қосылғанда тамаша таланттың өзгеше творчестволық, тұлғасын, айрықша ақындық мінезін, сайып келгенде, ұланғайыр әсемдік әлемін қалыптастырған.

Айталық, «Ой орманы».Бұл кітап үшін кезінде Қадыр Мырзалиевке Қазақстан комсомолының сыйлығы берілгені мәлім. Мұның өзі тегін еместі. «Ой орманы» – автордың азаматтық келбетін танытқан кітап. Мұнда Қадырдың ешкімге ұқсамайтын айрықша өз бітімі мен мінезі бар. Ақындық бітім, ақындық мінез мағынасында айтып отырмыз.

Әрбір шын мәніндегі  суреткер секілді Қадырдың да кешегі жыры – Адам туралы болатын, бүгінгі  жыры да – Адам туралы, ертеңгі жыры да – Адам туралы болмақ.

Ал Адам, оның тағдыры  мен тіршілігі әдеби шығармада әрқашан белгілі бір уақыт пен кеңістікте көрсетілуі шарт. Демек Қадырдың Адамы да мезгіл-мекенсіз әлдебірабстракциялық нәрсе емес. Сондықтан Мырзалиев поэзиясына үзілмейтін өзекті желі боп тартылып, жан-жақты ашыла суреттеліп, жинақтала тұлғаланып келе жатқан бір күрделі образ бар. Ол – қазақ даласының образы.

Қадыр Мырзалиев –  сөздің сәйгүлігі, ойдың азарманы. Жеке бастың дара мұңынан бастап, қым-қиғаш  халықаралық қайшылықтарға шейін  қысылмай, қымтырылмай еркін жырлай алады. Мысалы, Ресейдің Қазақстанның тағдыр-тарихындағы алатын және атқарып келген отаршылық орнын екі-ақ, өлең жолымен әдемі жеткізе білген.  

Ақынның  қазақ поэзиясына әкелген үлкен жаңалығы деп жасқанбай  айтуға болатын жетістігі, ұзақ уақыт  бойы ізденудің , оқу мен жазуды ойдағыдай ұштастырудың нәтижесінде қолы жеткен табысы – толыққанды өлең кітаптарын жасап , олардың формасын түбегейлі орнықтыруы. Осы арада В.Брюсовтың бір туындысына берілген алғы сөздегі мынадай пайымдау еске түседі: «Өлеңдер кітабы -әртүрлі тақырыпқа жазылған әрқилы өлеңдердің жинағы емес, шынында   да,  бүтінг бір ойға бағындырылған кітап болуы керек. Роман секілді , өлеңдер кітабы өз мазмұнын алғашқы беттен ақырғы бетке дейінгі аралықта ретімен, сабақтастыра баян етеді. Өлеңдер кітабының бөлімдері бірін-бірі толықтыратын , ашатын, түсіндіретін тараулар іспетті »  Ұлы ақын А.Блоктың өзі құптай отырып , қуаттай отырып, «үдесінен шығу қиын , қатаң талап » деп білген бұл пайымдауға

Қадыр Мырзалиев кітаптарының толық жауап беруі – таңданарлық  та, қуанарлық та құбылыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         ҚОРЫТЫНДЫ

Қазағын құрғатпай , қаламын  тоқтатпай, өлеңмен күнде бетпе-бет  келіп, алысып-жұлысып, ауырып –сырқап  келген ақынның бір де , бірегей  де Кадыр ағамыз дейді. Бір күн  емес, бір жыл емес, ол ғұмыр бойы осы ақындық азабынан құтыла алатын емес. Бұл жеке бас мүдденің азабы емес, ұлтының мақсат-мұраттарын жыр жолымен кестелеп, оның кешегісі мен бүгінгісін образға бөлеп айта алған үлкен жүректі суреткердің азабы. Бұл азап «Ой орманынан » басталып , әрі қарай жалғасып кете береді.

Иә,ақынның жанын ,оның ішкі жан сарайын тек ақын ғана түсіне алатын болса керек. Бұдан  әрі Қадыр Мырзалиев қазақ  әдебиетіндегі қайталанбас құбылыс  екендігі жөніндегі ойын шегелей  жеткізді. Қадыр ақын езіп айтпайды, кесіп айтады. Өңменіңнен өткізіп ,мірдің оғындай қадап айтады. Қадыр Мырзалиев жырлары – ұлттың баға жетпес рухани құндылығы болып табылады. Осы ақиқатты бәріміз де мойындай білуге тиіспіз.

Қадыр Мырзалиевтей жеріне жеткізіп,түбіне түсіре айтқан ақынды есіме түсіре алар емеспін. Бұған  қоса  , таяуда Қадыр ағамыздың шығармаларының жиырма томдығы оқырмандар қолына тимек. Мұның сыртына оның он томдық көркем аудармалар жинағы және бар. Бәрін қосқанда отыз том рухани қазына. Қазақ әдебиетінде , оның арғы –бергі тарихында осыншама мол әдеби еңбек жазып, оны оқырмандардың рухани сұранысына айналдыра білген суреткер табыла қояр ма екен? Осы баға жетпес еңбектерді толық игере алар болса, қазақ қаумының таным-түсінігі , ой деңгейі мен парасаты , жазба әдебиетке деген ықылас –пейілі бүгінгісінен де тереңірек болатынына шек қоя алмаймыз. Әрі мұндай рухани қазынаның қадір –қасиеті бүгінгідей ғаламтор,компьютер дәуірінде одан әрі биіктей бермек.

Әрине ,мәселе санда емес, сапада ғой.Әзірге Қадыр Мырзалиев  жасық дүние жаза қоймағанына  басты төреші қалың оқырман қауымның өздері болмақ. Сондай – ақ бүгінгі күнге дейін «Қадыр мына бір өлеңді нашар жазыпты немесе мына бір өлеңі маған ұнамады » деп пікір айтқандарды да естімеппіз.Ендеше , Қадыр Мырзалиев отыз томдық толық шығармалар жинағы сан мен сапа толық үйлесім тапқан туындылар екеніне талас жоқ.

Халқымыздың жақсылығын айтсақ та, тіпті қай халықтың да болмыс-бітімімен табылатын жаманын  тілге тиек етсек те Қадыр Мырзалиевтің жырларына жүгінеміз. Қазақ ретінде  мақтанғымыз келсек те дәл осылайша тағы да Қадыр ағамызға арқа сүйейміз.Беейнелі айтқанда , Қадыр ағамыз  мен қазақ , ел, халық ұғымдары тұтасып бітісіп кеткендей әсер туады.Қадыр Мырзалиев туындылары әркез қазақ халқының тұтастығы мен ауызбірлігіне үндеп келеді.

Қадыр Мырзалиевті  бүгінгі  алаш поэзиясының абызы десек, шындықтан алшақ болмаймыз.Бүгінгі күнге дейін поэзия абызы шеккен азапты атан түйе тарта алмайды.Ненің азабын тартсаң,соның рақатын көресің деген тәмсіл бар.Ендеше, бұған дейін жыр азабын тартудай-ақ тартып келген Қадыр ақынның оның рахатын көруіне де толық моральдық құқығы бар.

Қадыр Мырзалиев алпысыншы  жылдардың бас кезінде қазақ  әдебиеті мен поэзиясына ешкімге  ұқсамайтын жаңа леп ала келгенін айта келіп, дәл осы кезден қазақ  поэзиясының да жаңа ,соны бір кезеңібасталды деп санауға болатынын ескеру керек.

Қазақстанның халық  жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты Қадыр Мырза-Әлидің шығармашылық жолы бірсарындылық пен таптаурындылықтан  ада. Бұл жол суреткердің ойламаған жерден тосын әдеби тактикалар мен шешімдер қабылдай алумен ерекшеленеді. Обылысындағы «Дарабоз» атты мерекелік шаралар кезінде оның осы қырлары жөнінде де жан-жақты айтылды. Атап айтқанда, Қадекеңнін эссе жанры сипатында жазған туындыларын да жұртшылық өте жақсы қабылдады. Оның айқын айғағы «Иірім» және «Жазмыш» кітаптары. Бұл кітаптар жарық көрген кезде әртүрлі пікірлер айтылды. Соған қарамастан, бұл кітаптар қазақ әдебиетінде эссе жанрында жазылған тұңғыш туындылар болуы арқылы оның тарихына кірмек. Ең бастысы, бұл дүниелер барынша шынайы жазылуымен, әдеби өмірдің ақиқатын барынша шанайы ашып көрсете алуымен құнды болмақ.

Қадекеңнің әдеби үрдістегі  тағы бір тамаша қыры ұшқыр оймен  жазылған, кез келген адамның санасына сәуле түсіре алатын, айқын да айшықты  афоризмдерді. Әрқайсысы сом алтынның сынығындай осы кесек-кесек, қысқа да нұсқа нақылдар бүгінде халықтың аузында жүр. Оның бірқатары кездесулер кезінде де келтірілді. Соның бірі «Мансапқордың кеңсесі биік, еңбекқордың еңсесі биік» делінеді.

«Жаңбырдан соң күлімдейді табиғат

Жақсы баға алған  бала сияқты»

Табиғаттың ар жағында  не жатыр?Тәлім жатыр . Тәрбие жатыр. Шеберлік пе? Шеберлік.

Лириктер – махаббатты , сықақшылар – ішкішті, ал , балалар  ақыны  күшік пен мысықты өлеңдеріне өзек етпесе әдебиеттің есігін ашып, табалдырығын аттай алмайтындай көрінеді. Бірақ оның күшігі басқа күшік. Күшігі шапқылап жүріп, үй күзетеді. Бөтен адамдар келсе, бірден таниды.

Сонда да жасқаншақтап үреді? Сосын ше? Сосын....

Үріп тұрып  жөнімен 

Қызық оның қашқаны,

Қорқып үріп,

Сонымен

Қорқытады ол басқаны

Көктем туралы көп  ақын жырлады. Көпшілігі көктемге өз көзімен сұқтана қарады. Ал. Қадыр  ағаның «көктемі » - басқа көктем. «Жалпақ  дала құрыстаған денесін жазайын  деп күнге жонын тосады. Күміс  бу көктемнің ұшып келген қанатындай жер бауырлап қозғалады. Аспан –ана сияқты , әлсін-әлсін көктем ұлын жаңбырға шомылдырып алады ».

Әр шумағы –тірі организм. Қозғалыс. Қимыл. Динамика. Көктем мерзімі  үш-ақ ай ,мәңгілік емес. Ол табиғаттың белгілі заңы. Бірақ ақын көктемді суреттеу арқылы ойын балалардың инабатты да ибалы әрекетімен түйіндейді.

«Жаз келіп, көктеп жылжып жүре берер 

  Інідей  орын  берген ағасына »

Әр ақын – бір өзінше мемлекет. Әр елдің Әнұраны. Елтаңбасы  бір-біріне ұқсамайды. Салт-дәстүрі  де бөлек.

Қадыр аға – сөз  мерген.

Ащы болса да ашығын айтайық – біздің жалпы, балалар ақынында дімкәс дәстүр бар. Толыққанды теңеу, тосын суретті сөзбен бедерлеу -әр ақынның темірқазығы. Арманы. Ажарлы ой, айшықты теңеулер асау ат сияқты. Ол құрғыр оңайлықпен ұстата ма? Жалын тартып , қалай қарғып мінесің. Ол үшін шабы қызарған шабандоз болу керек.

Қадыр аға қазақ поэзиясының  арғымағын ерте жастан мінген ақын . Он алты салым бәйгеге қоссаң да шашасына шаң жұқтыртпайды. Шаршамайтын  шабандоз.

Қалам ұстап , қағазға  шұқшиған ақын қайла ұстап Қаратауды  қопарған геолог секілді. Жеті қат жер астынан кен іздеген геологтай ой-сананың ой-қырын кезіп , інжу-маржан іздейді. Табады. Таппаса тағы да қу жанын қузап , бұрқыраған ойларды бұрғылай түседі. Геологтар екі грамм алтын алу үшін бір тонна кен қазады. Ақын да сондай . Қадыр ағаның қайласы - қалам . Алтыны – айтар ой.

Жыр әлемін соны соқпақпен  жүріп ашылмаған ойдың алтын  кенін тапса, ол оның қазынасы емес , оқырманның олжасы.

Жақсы өлең мың адамның  бақыты, бір ақынның қайғысы, уайымы. Өйткені бір тамшы терден он тамшы ой тамады.

Информация о работе Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің көрінісі