Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 20:48, курсовая работа

Краткое описание

Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------ 2-3бет.

І. ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ – АҚЫН, ДРАМАТУРГ,ӘДЕБИЕТ
СЫНШЫСЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
1.1. Қадыр Мырзалиев өмірі мен шығармашылық кезеңдері---------- 4-8бет.
1.2. Қадыр Мырзалиев шығармаларының жанрлық , тақырыптық идеялық
ерекшеліктері------------------------------------------------------------- 9-11бет.

ІІ. ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ –
ДИДАКТИКАЛЫҚ ДӘСТҮР
2.1.Ақын поэзиясындағы әлем әдебиетінің озық үлгілері-------------- 12-16бет.
2.2. Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің
көрінісі-------------------------------------------------------------------------17-26бет.

ҚОРЫТЫНДЫ ------------------------------------------------------------------ 27-29бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР -------------------------------------------30бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

мырзалиев.doc

— 269.50 Кб (Скачать документ)

Соғыс...әдебиетке Мырзалиевты  әкелген жас буын өмірбаянынының алғашқы беті соған арналыпты. Ол соғысты буыны бекіп, бұғанасы қатқан қару асынған ересек боп көрген жоқ, жыртық иін, жадау кейіп сәби күйінде көрді. Соғыс оның дүниетанымын ,сезім серпілісін , рухани дидарын қалыптастырды. Өмір жолын ащы шындықтардың бетпе-бет айқасында бастаған ол өлең жолдарын да тап сол ащы шындыққа құрады. Жоғарыда келтірілген өлеңде теңеу, әсем тіркес, артық әшекей жоқ. Өңшең қара жоңқа қарапайым сөздер. Алайда сол қарапайым сөзбен айтылған қарапайым сөзбен айтылған қарапайым шындық бүкіл  жан –дүниеңді шайқап-шайқап өтеді. Белинскийдің жүректі тек шындық қана тебіренте алады деу себебі де осыдан шығар. Соғыс... Ол жауынгермен жауынгердің, қарумен қарудың ғана қақтығысы ма? Жоқ, ең алдымен жалған мен шындықтың айқасы, жалған мұрат пен шын мұраттың , жалған рух пен шын рухтың жекпе-жегі. Бұл шайқаста шындық жеңді. Ендеше ол жайлы өлеңнің авторы да, қаһарманы да шындық болуға тиісті.

Моншада мен арқаларды  көп ыстым,

Моншада мен сан  тағдырмен  тоғыстым,

Монша деген – мүгедектер музейі,

Сол музейде документі  соғыстың.

Мына біреу сұрақ  толы көзінде

Саңырау жан не естімеді кезінде!

Естімейді жарының да енді ол

«Жаным! »деген жалғаз ауыз сөзін де!

Мына біреу жүруге азар жараған,

Оқ орнынан шапшығанда қара қан,

Ағып түскен көзін  алып қолына

Аман қалған көзіменен  қараған.

Қан ба, тер ме –самайынан тамшы ағып,

Жау шебіне ұмтылғанда жан салып,

Снарядпен қоса кеткен бастарын

Қуа түсіп құлағандар қаншалық!

Шолақ қылып кеткен кеше қан майдан

Мына бір жан алады  енді қол қайдан?

«Соғыс біткен жойылсын!» - деп ундеуге

Жоқ қолы үшін бәшпәйімен қол қойған....

Осыншама сұмдықты , осыншама шындықты көрген кісінің өмірдегі қандай ақиқаттың болмысын жүзіне тура қарай алмай, жалған сөйлеп жалтаруға , көре-тұра көлгірсуге қақысы бар ма?Осынша сұмдықты көріп өскен ақынның өмірдегі шын мен жалғанның арасына шек-шекара қоймай, немкетті қарауға, дүниені смарқау шолып, салғырт сөйлеуге, көзі көргенді айтпай бүгіп қалуға қақысы бар ма? Жоқ!

Ендеше , Қадыр Мырзалиевтың жас та болса дүнгие тірлігіне  тінте қарап, үңіле барлап, тебірене жазған жырлары өмір жайлы ойлар  орманы болмағанда неболады!

Тарихтың сын сағаттарына сәби жүрегімен куә болған жас ақын ұлы шындықтың әр бетін жалғандық пен жалтылдақтықтан, жалаңдықтан қызғыштай қориды. Ол ұлы жеңісті, ұлы ерлікті қаз қалпында жырлауды мақсұт тұтады. Бізде өзіміз шыққан қиын асудың өрлігін жасыруға, өмір шындығының тігісін жатқыза суреттеуге тырысушылар бар. Олар біздің шындықтың алапат ұлылығын абайламай, оған қосымша бояу жағып құлпырта суреттеуді, Леонид Леоновтың тілімен айтсақ , онсыз да көркем Эльбрусты одан сайын ажарландыра көрсету үшін басына ақ бантик байлап суреттеуді талап етеді.

Қадыр Мырзалиев ондлай әсіре қызылдан атымен аулақ. Алайда , соғыс тұсындағы өмірдің неше алуан трагедиясын көрсеткен  «Ой  орманы » қапырық қасіреттің ,аңылжыған аза-қазаның, ызы- қызы жылау  –сықтаудың кітабы емес.

«Ой орманы » соғыс тақырыбы болмыстың ұланғайыр сырына үңілген азаматтық ой, ақындық сырға бастайды; тек бір дәуір бір кезеңнің ғана емес , күллі тарих шатқалдарына қарай шалқыған ақындық шабытқа жетектейді.

Ақын екінші кітабын  «Дала дидары » деп атапты. Даланың жырға айналып кітап боп жазылып отырған бір бұл емес. Ол жайлы сонау отызыншы жылдары атақты Ілияс Жансүгіров дастан жазды. Кемел ақынның өз даласы, өз мекені жайлы кең серпінді шалқар шабытты шалқыма дастаны қазақ топырағында орнап жатқан жаңа заман, жаңа қоғамға арналған салауат жырындай естілді. Дала тақырыбы –содан бері қазақ поэзиясының арналы арқауы. Осыған қарамастан оқушы қауымға ылғи өзіндік бетімен көрініп жүрген барынша дара сипатты Қадыр Мырзалиев көп жүйріктің көшелі ізі сайрап жатқан бұл тақырыпқа тағы да бүкіл бір кітап арнады.

«Дала дидарында »  да Ілияс Жансүгіров дастанындағыдай  даламыздың өткені мен бүгінін, жетіқат  тарихы мен қазіргі өрелі өмірін қабыстыра жырлау, Олжас жырларындағыдай өткен шежіреден тек көлеңке мен көз жасын , мұң мен наланы ған көріп қоймай, езгі көрсе де еңсесі түспеген өміршіл өр күрестің үнін тану бар. Алайда , жас ақынның бұдан бұрыңғы кітабы « Ой орманында » жарқырап көрінген өзіндік дара үні, дара сипаты бұл кітапта да сақталыпты. Әдетте ақынның ақындық беті сөз саптасынан танылады деседі.Қадыр Мырзалиевтың сөзінде көз қаратпастай жалтылдақ жалын , алабұртпа алау аз да , өзегіңді өртеп түсер от мол; көздің жауын алатындай алабажақ бояуға сараң да, бірден көкейіңе қонып, көңіліңде суретке мырза.Жас ақын сөздің үні мен сөйлемнің әрінен гөрі , ойдың тереңдігі мен сөздің дәлдігіне , жырда айтылатын ойдың салауаттылығы мен сол салауатты ойды бейнелеген сөздің оқушы көңілін тебіренте алар салмақтылығына ерекше назар аударады. Ол өлеңді сөзден қалап жасағаннан гөрі, ақиқаттан қашап жасауға ұмтылады. Сондықтан да Қадыр Мырзалиев жырларында ұлан-асыр болмыстың түкпір-түкпіріне шұқшия қараған зерттеуші зерде мен өмірдің ақиқат айнасындағы кескінін дәл басып көрсететін зергерлік зерде аймаласып, айшқұшақ қауып жатады. Қадыр Мырзалиев өз жүрегін жарып шыққан сырлардың оқушының көңіліне ұялап, көзіне айқын елестеп, құлағына әсерлі естілуіне барынша күш салады.

Қадыр Мырзалиев творчествосында  жақсы көрінген мұндай ақындық зергерлікті  жалғыз-ақ автордың сөзге жауапты  зергерліктің аржағында үлкен суреткерлік , зерделік те жатыр. Ол қашан да ақиқатты ашуғы , ақиқатты айтуға ұмтылады. Ақиқаттың көңілге қонбауы, құлаққа ұнамауы мүмкін емес. Бірақ ақиқатты тек шынай талант қана танып, шынай талант қана тауып айта алады. Өлеңдегі тапқырлық ақынның болмыстағы жалған мен шынды, жақсы мен жаманды, өрелі мен өресіз өтпелі мен өміршеңді – қысқасы , ақиқатты айна-қатесіз танитын суреткерлік көрегендігіне байланысты.

Мұндай суреткерлік  көрегендіктің, тапқырлықтың бірден-бірі төркіні – азаматтық өрелілік. «Ой орманын » оқи отыра ондағы бар кескін –кейпімен көрінген лирикалық кейіпкердің өмірінен бүкіл бір кезеңнен шындығын, бүкіл бір ұрпақтың өмірін, оның сырлары мен ойларынан бүкіл бір тұстың рухани сипатын, бүкіл бір ұрпақтың рухани кескінін танып едік...Ақын жырларында сыр шертетін кейіпкердің болмыстың тереңі мен биігіне бірдей көз салған ойлылығына, өмірдің қат-қабат шындығынан кесепат пен әділдіктің , ізгілік пен зұлымдықтың мігірсіз күресін көре білген көреген мінезіне разы болғанбыз. «Дала дидарында » сол ақындық кейіпкердің бұрыңғысынан да өсе, өркештене түскенін көрдік. Енді ол тек өз өмірінен, тек өз дәуірінен ғана емес, бүкіл бір өлкенің , бүкіл бір халықтың ұлан –асыр тарихы мен тағдырынан сыр шертеді. Дәлірек айтқанда оқушымен өз ата мекені, өз халқы туралы сырласады. Енді оның сырлары  «Ой орманындағыдай » тек бір кезеңнің, тек бір ұрпақтың сыры ғана емес, көп ғасырлық көне тарихы бар бүкіл бір елдің, бүкіл бір іргелі халықтың жан сырындай естіледі. Ақын тарихи тақырыпқа, тарихқа бой ұрғанмен сөзуарлыққа, архив қотарған әсіресе білімдарлыққа ұрынбайды. «Дала дидарындағы » тарих- тек тақырып қана емес, әрі кітаптың басты қаһарманы да. Қадыр Мырзалиев тарихты тек өткенмен шектемейді. Ол үшін бүгінгі өмір, өз тілімен айтсақ « кешегі істің жалғасы , ертеңгі істің басы » бұл.Демек кешегі өткен ғана емес , бүгінгі өтіп жатқан мен ертеңгі өтетіннің бәрі –тарих. Демек тарихты біліп қана қоймау керек, орынды жерінде онымен дауласқан жөн. Сондықтан да «Дала дидарындағы » өлеңдер азаматтық құштарлыққа толы өжет өлеңдер. Олар бүгінгі жетістіктерге қуанумен бірге , кешегі мешеулікке қайғырады  да.

Қадыр Мырзалиев кітаптарының аттары қызық: ең әуелгісі – «Ой  орманы », сосынғысы  - «Дала дидары », кейінгісі екеуі  - «Бұлбұл бағы » мен «Ақ отау » . Сырт қарағанда , үлкен азаматтық диапазонымен , масштабтылығымен жақсы көзге түскен жас ақын ұлан- асыр  «Ой орманын » «Бұлбұл бағына » айырбастап , далиған даланы тастап, оңаша ақ отауға қашып тығылғандай көрінеді. Ал , енді ақын жырының арғы аңғарына абайлап үңілсек, басқа мінезді танимыз. Мұнда кең дүниеден ,жырақ кету,бір басты ойлап, бір ошақты сағалау жоқ, қайта ақын кейіпкерінің өмірлік болмысқа ,қоғамдық болмысқа , адамдық болмысқа бұрыңғыдан да тереңдей еніп, етене сіңісе түскенін ,дүниені өз отауындай көріп, оның мұң-мүддесін өз ошағының мұң-мүддесіндей сезінген өрелі мінезді танимыз . Күллі өмірімен табысу, күллі адамзатпен табысу , күллі табиғатпен табысу –поэзияның ежелгі мұраты. Ақындық кемелдену де осы бағытта өрістейді. «Бұлбұл бағы » мен «Ақ отауда » Қадыр Мырзалиев бұрыңғы кітаптарындағы поэзияларынан бір мысқал да шегінбеген , қайта тереңдете түскен. әсіресе мұндағы адам бақыты , жарастық , өмірдің мәні тақырыбындағы өлеңдер қазақ лирикасының қымбат қазынасын байыта түсетін елеулі жырлар. Әдетте , адамзаттың сан ғасырлық өмір жолы кейінгі келешек ұрпаққа өнеге болар ақыл-нақылды, өмір даналығын мол қалдырып отырады. Бірақ , адамзаттың әр буын , әр ұрпағы сол даналықтың бәрін өз өмірі , өз тағдыры арқылы, өз жүрегінің дүрсілі мен өз жүйкесінің дірілі арқылы қапысыз тексеріп алып қағида тұтады. Данышпан сөзі тағдыр талқысынан өтіп барып , адам сырына , өмір сырына , өлеңге айналады. Сондықтан да  болар , адамзаттың сан ғұламасы мен данышпаны өмір мен болмыстың, табиғат пен адамның талай-талай құпиясын айдай ақиқат қып ашып беріп кетсе де, өмірге деген зерттеуші зерде әлі бір сәт тыным тауып көрген жоқ.

«Айдай ақиқат » ұрпақтарға жалқау ұлға бай бабадан қалған мол мұрадай оп- оңай иемденіп жүре беретін арзан  ырзық емес. Оны әр заман, әр дәуір, әр ұрпақ азапты арпалыс, дамылсыз ізденіс үстінде , өмірдің қуанышы мен қайғысын бастан кешіре отырып, өзі ашып өзі таниды.

Білмеймін адамды не қинайды  екен,

Кейде осы дүниеге  сыймай кетем.

Тот басып тұрып қалған балтамды алып

Келеді кеуек басты  талқандағым!

Өмір осындай арпалыс үстінде танылады. Лирика  бізде барға мәзір қанағатқа , тоқ мейіл, тоқ көңілге емес, арпалысқа , ізденіске, құлшылысқа , ұмтылысқа тәрбиелеуге тиісті. Қадыр Мырзалиевтың соңғы жинақтары өмірді тану, өзін тану үстіндегі мазасыз ізденіске , ішкі драматизмге, рухани арпалысқа толы. Осындай тебіреніс үстінде ақын аузынан:

Тірімн де, Жұрттың  бәрін дос көрсең;

Құрдым де,

Қасіретке дес берсең.

Ауыр деген сынның өзі жеңілдеу,

Бір әділдік бар екенін ескерсең.

Ұттым дей бер ,

Жұрттың бәрін дос  көрсең;

Біттім дей бер,

Жауларыңа дес берсең;

Өзіңе де әділ болу жеңілдеу

Бір өлімнің бар екенін ескерсең!

Немесе:

                    Күлкімен де жеңе алмаспыз ажалды,

Жеңілген боп көрінбейік әйтсе де!

Шын ляззат бермейді алтын,

Күміс те. 

Барлық бақыт,

Барлық қызық ұлы істе.

Барайық та әккі ажалдың  өзіне – 

Ажал емес – 

Кезекті бір жұмыс  деп! – 

Сияқты ащы шындықтарды  естігенде шошынбаймыз, қайта шын  жүрегімізден   құптаймыз. Айтып  отырғаны –қашып құтыла алмас ақиқат. Ақиқатты жалтармай мойындау – ерлік. Лирика бізді осындай рухани ерлікке тәрбиелеуге тиісті. Бәлкім , мұндай егде сырды жап-жас Қадыр Мырзалиев айтқаны біреулерге ерсі көрінер. Біздіңше , ақиқаты бала айтсын,шал айтсын бәрібір –ерсі көрген кісінің өзі ерсі. Жап – жас адам өмірдің түп мәнін осы бастан ойласа, оның несі; ата сақалы аузына шыққанша мұның бірін де ойлап, бірін де білмесе, шын ерсі сол болар еді!

Қадыр Мырзалиевтің соңғы  екі кітабы осындай есею жыры. Ақынның  жоғарыда біз атап өткен жақсы  қасиеттері бұл кітаптарында бұрыңғыдан да жарқырай түскен. Ол өлеңнің қадірін жақсы түсінеді.Бірақ , кез келгеннен түңіліп- тыжырына беретін әсіре кінамшылдықтан атымен аулақ;оның бояу әлемі, көркемдік арсеналы да бай. Ақын В.Гюгоның «Сөздің плебейі мен патрицийі болмайды » дейтін қағидасын берік тұтынған. Диапазоны , тақырып аясы барынша мол жас ақын керек жерінде архаизмді, неологизмді де , бөтен тілден ауысқан сөздерді де құлпыртып пайдалана біледі. Теңеу,метафора әлемі де қарапайым мен асқақ ,бүгінгі мен ежелгі , үйреншікті мен үйдей мәндінің арасындағы алыс алшақтықтарды шебер қабыстырған терең поэтикалық ассоциацияларға құрылған.

Белинскийдің айтуынша ақынның ақындығы өмірдің қарапайым  «прозасынан » қаншалықты асыл поэзия таба алатындығымен белгілі болатын  көрінеді. Қадыр Мырзалиевтың оқушыны бірі сүйсінтетіні – күнде көріп жүрген үйреншікті нәрседен үйдей мән , үлкен қасиет тауып алатындығы . Капелімде есек пен өгізден өлең , өлең болғанда да, лирика табылады деп кім  ойлап көрген?! Қадыр Мырзалиевтың  «Есегі » мен «Өгізі» әп-әдемі өлең.

Бар бақыты өгіздің

Қамытта тұр екн –ау!

Бұл әрі кешегі бейнетқор  серігін бүгін ұмытып кеткен адамдар  самарқаулығына айтылған айып, әрі  тіршіліктің  бір үлкен сырын  айнытпай ұстаған философиялық түйін, әрі барлық уақытта қарапайым, барлық уақытта қадірлі еңбек туралы сыр. Қанша астар, қанша мән! Өлеңнің жаңғыз соңындағы екі жолы ғана емес, бүкіл өн бойында қанша эмоциялық қуат бар. «Істен шыққан арбаға сүйкенеді мұңайып » деген дәлме-дәл штрихқа , оқушы сезімі қалайда селт ете қалады.

Соңғы екі жинақта  өмір  «прозасынан » алынған өлеңдер көп болғанмен, бәр-бәрі мұндай деңгейде шыға бермеген. Ақын кейде бір екі теңеуге бола болмашы нәрсені өлең қыла салады, кейде әншейін тұрмыс үшін ғана пайдалы жәйтті әрі қазбаламай жырға түсіре салады. Мәселен, «Теледидар », «Стадион », «Волгалы ауыл » сияқты өлеңдердің объектісі есек пен өгізден гөрі өлеңге тәнірек нәрселер болса  да, ақын жәй әншейін тұрмыстық картинадан әрі аса алмаған.Бұның сыры ақынның әлі де болса, бұл тақырыпта жете ойланып болмағандығынан тәрізді. Белинский айтса, өмірдің қарапайым прозасынан поэзия табуды айтты. Ал , Қадыр Мырзалиев оны кей ретте өмірдің қарапайым прозасынан поэзия жасау деп ұққан тәрізді. Табу мен жасаудың арасы аспан мен жердей алшақ. Табу  тапқырлыққа ұласса, жасау жасандылыққа ұштастасады.

Қадыр Мырзалиевтың тағы бір ескеретін жәйі - өлеңдік болмысына  дау айтуға болмайтын ,өлең екені  өлең, бірақ бұрын бір жазып  кеткен нәрсесін екінші қырынан жазған , соны екені , бірақ бұрыңғы өлеңнің  деңгейінен асып кете алмаған, бір нәрсе  жайлы бірнеше  «дубль » өлеңдерге үйірсектігі байқалады.

Ақын таланты даралана түскен сайын, ол жазған өлеңдер де соған лайық сайдың тасындай саралана түскені жөн ғой.

Кейінгі  кітапта өзіне  өзі қатаң талаппен қарайтын талантты ақынның бұрыңғы кітаптарында байқалмаған тағы бір мінезді таптық. Қадыр Мырзалиев қазіргі ақындарымыздың таныстарына байғазы өлең, қонақкәде өлең арнауға бой ұра бастапты. Әрине , ақынды көкірегін тебіренткен жайды жырға қостың деп кіналау орынсыз ; бірақ онсыз да көп нәрсе жетіспейтін жол сапар өлеңдерінде , ең алдымен , сол тебіреніс жетіспейді.

Информация о работе Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің көрінісі