Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 20:48, курсовая работа

Краткое описание

Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------ 2-3бет.

І. ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ – АҚЫН, ДРАМАТУРГ,ӘДЕБИЕТ
СЫНШЫСЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
1.1. Қадыр Мырзалиев өмірі мен шығармашылық кезеңдері---------- 4-8бет.
1.2. Қадыр Мырзалиев шығармаларының жанрлық , тақырыптық идеялық
ерекшеліктері------------------------------------------------------------- 9-11бет.

ІІ. ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ –
ДИДАКТИКАЛЫҚ ДӘСТҮР
2.1.Ақын поэзиясындағы әлем әдебиетінің озық үлгілері-------------- 12-16бет.
2.2. Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің
көрінісі-------------------------------------------------------------------------17-26бет.

ҚОРЫТЫНДЫ ------------------------------------------------------------------ 27-29бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР -------------------------------------------30бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

мырзалиев.doc

— 269.50 Кб (Скачать документ)

Мәселен,

«Бабамыздың шоқ басқан табанымен,

 Бірдей екен жақсысы жаманымен:

 Бір жаманы-тынымсыз көше берген,

 Бір жақсысы қимаған даланы кең.

 Бір жаманы-жел сөзге ерген екен,

 Бір жақсысы-тілге ерік берген екен:

 Бір жаманы-кетпенге орашолақ,

 Бір жақсысы-найзагер, мерген екен.

 Бір жаманы-кешігіп  әліппе ашқан, 

 Бір жақсысы-күйлері көбік шашқан;

 Бір жаманы-қыздарын малға сатып,

 Бір жақсысы сүйгенін алып қашқан.

 Бір жаманы-шаруасын  мандытпаған, 

 Бір жақсысы-қулықпен жанды ұтпаған;

 Бір жаманы-үйленіп жеңгесіне,

 Бір жақсысы-жесірін қаңғытпаған.

 Тату-тәтті көршілер  шыр бұзбаған,

 Бірде тоңып суықта, бір мұздаған;

 Бір жаманы-сонда да үй салмаған,

 Бір жақсысы-абақты тұрғызбаған!...»

Міне, бұл-бір жағынан,осыған дейін әр қырынан суреттеліп дала шындығын енді бірде ойша байыптаудан туған жиынтық-синтез болса, екінші жағынан, байтақ далада ғасырлар бойы ғұмыр кешкен бүтін бір халықтың бір алуан мінез-құлқы екені даусыз.

Байқасақ, осы секілді  өлеңде және жинақтағы бар өлеңде автор мөп-мөлдір шындықты тап-таза ағысқа, ақындық ағысқа айналдырып, соншалық бір кең тыныспен еркін, ешқандай қитықсыз есіле, көсіле жырлаған. Әр өлең кәдімгі «қиыннан қиысу» жағынан жасандылықтан аулақ, соншалық табиғи, тіпті оп-оңай құйыла салған секілді.

Ең жеңілі мынау эпифораны  көрелікші:

«Күншілдер өледі

Көңілін от қарып,

Батырлар өледі

Борышын атқарып.

Бұзықтар өледі

Пышаққа құлшынып.

Сұлулар өледі

Құшақта тұншығып.

Арғымақ өледі

Артында шаң қалып,

Ақындар өледі

Бәріне таң-қалып!»

Өлеңнің мазмұнындағы қоспасыз шындықты айтпағанның өзінде, пішіндегі мұндай шынайы, сұлу айшықты, яки фигураны асқан шебер ақын ғана жасай алады. «Дала дидарындағы» өлеңдерде, міне, осындай өзіндік дидар бар...

Сонымен, бірінші томдағы  бірнеше кітап – «Ой орманынан» «Дала дидарына», одан «Бұлбұл бағына»  көшіп, ақыр-аяғында Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алған «Жерұйыққа» келіп, өзінің ақындық өнер биігіне осылай сатылап өрлеген Қадыр енді бір тұста поэзия жайлауына «Ақ отау», яки өз отауын, өзінің жыр отауын тігеді де төрінде отырып, екінші томда қолына құйқылжыған көңіл күйінің екі ішекті, он екі пернелі «Домбырасын» алады, сөйтіп тағы да сол өзі тапқан ырғақпен мәнер-машықпен төңірегін ағыл-тегіл шалқыған кербез күйге, сылқым сырға, сырбаз жырға толтыра күмбірлетіп кетеді.

Сөзімізді ұзарта бермей, тұжырымдай түсу үшін біз «Бұлбұл бағын» араламай-ақ, «Ақ отауға» кірмей, «Жерұйыққа» бармай-ақ, бірден «Домбыра» сазына сәл құлақ түріп көрсек дейміз.

«Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін,

Мен оларға киліккенді  қой дейін.

Өзің көтер,

Алтын тиек идеям,

Егіз ішектің  беу-беуі мен

Гөй-гөйін!»

Қадыр Мырзалиев «Домбыра» тиегін осылай қондырады. Мұның өзі домбыра тиегі болуымен бірге екі кітапты өлең-эпопеяның беташары да:Тиек тіреп көтерген екі ішек құр құйқылжып ойнамады, ой айтады, сыр шертеді, демек Қадыр домбырасының тиегі шаңақ пен ішек арасындағы мөлшері болуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.2. Қадыр Мырзалиев шығармаларының жанрлық , тақырыптық

           идеялық  ерекшеліктері

Қадыр Мырзалиевтың  атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ-дың     филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.

Қадыр Мырзалиевтей қадау  талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың. Біздің бұл сөзімізге шегі барлар балалар  бақшасын кеше аттаған балдырған  бөбегінің тіл ашар тақпақтарын тыңдасыншы. Сонда солардың аузыңдағы бала көкірегіне салмақтысы, оңай айтылып, қиынды ұқтырар ойнақысы , тал бойында бір мін жоқ көркемі мен жинақысы Қадыр қаламынан шыққан болып шығары даусыз. Оның қаламынан туған ертегілер мен балладалар, сюжетті өлеңдер мен пейзаждар, мысалдар мен мазақтамалар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, санамақтар мен диалогтар қазақ балалар әдебиетінің классикасына қосылып, сәби оқушының рухани тәбетін ашып, ой-санасын оятар хрестоматиялық үлгілерге айналды.

Ер жетіп келе жатқан ұлдары мен бой жетіп келе жатқан қыздары бар ағайын солар айтып  жүрген әндері мен жаттап жүрген жырларына, сезім ұштар сырларына құлақ  тосып көрсінші. Сонау ұлы Абайдан  бермен қарайғы «құлақтан кіріп  бойды алар» сиқыр сазды наз  жырлардың ең саңлақтырының  арасынан тағы да Қадыр қаламы ен таққан сүлей туындыларды мол ұшырастырамыз .

Тіпті жастарды қойып, егделенген өзіміздің де қиялымыз қырық саққа  жүгіріп, қатпары мен қалтарысы  көп, тіршіліктің небір шытырман, шырғалаңдары кес-кестеп, дағдара қалған сәттерде арғы-бергіден ақылдасар сырлас іздеп, ұйтқыған  сезімге басу, тоқыраған көңілге демеу дәметіп, бағы Бұқар мен батыр Махамбеттен бермен тартқан дуалы ауыздарға жүгінгенде алдымен көңілге оралып, қолға ілігетіндердің санаулы санатынан тағы да Қадыр табылады. Бұл бұл ма, ұзын кепті  қысқа қайырып, төбеден түскендей төте айтылар уытты ой, даусыз бәтуа іздегенде ықылым заманнан ыждаһатпен жиналған асыл сөздер, мақал-мәтелдермен жарысып, Қадырдан тұтқиыл тұжырымдары мен мүлтіксіз атар ақ мылтықтын оғындай дөп тіркістері тілдің ұшына өз-өзінен орала кететінін қайтерсіз...

Қадырды әлі әріп танымаған  бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көрмейтін қарияға  дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе  де сөзін біледі.

Танымал болудың жолы көп. Даулы тақырып, даңғаза пафос, қитұрқы сөз, қиқар мінез, қызыл көрсе қаралай сұғынған ашқарақтық, өзін көрсетер жер, өзіне бас шұлғыр ел іздеген жиыншылдық...Жә, санап тауысуың мүмкін емес. Бір ғажабы: Қадыр соның бәрінен ада. Ол дүбір мен дүрмектен қашпаса, жүгірмейді...Бірақ, соған қарамастан, кеңінен танымал...Ең ғанибеті: көптің назарына өзі жүгіріп танымал болып жүрген  жоқ, оның жыры мен сырына көптің өзі жүгіріп танымал болып жүр.

Мұндай даусыз даңқ, татаусыз танымалдықтың сыры неде? Оның сыры тағы да сол Қадыр талантының қарапайымдалығында. Қадыр Мырзалиевтің «Бұлбұл бағында» өлеңінде бір сырлы шумақ бар:

Жүйрік арман  қуып жете қалсаң-ақ,

Жалт береді,

Соның өзі  бір сабақ!

Осалдар жүр  өзін жұрттан артық деп,

Ал мықтылар өзін жұрттан кем санап!

Тап-таза шындық!

Алдымен, азамат ойдың  айдынында ешқашан арман таусылмақ  емес. Ардан туған адам әрқашан  арман қуады және арман қуудан жалықпайды, туғаннан өлгенге дейін  қуады және сол арманның шегіне жетпейді, жетсе де жеткенін сезбейді. «Арманым жоқ дейтіндер» қателеседі, яки өтірік айтады. Адамның арманы болмаса, ертеңі болмағаны; арманы бітсе, ертеңі, бітеді, мақсаты түгесілгені; арманның таусылған жері-адамның өлген жері. Саналы кісіге мұның өзі сабақ екені рас. Үлкен мықтылық иесінің бірі-Қадыр. Дәлірек айтқанда, Қадырдың қадірі-мықтылығанда.

Қадырдың мықтылығының бір дәлелі: Қадыр өлең өлкесіне күйбеңсіз, кібіртіксіз, тіпті ешқашан  ешбір жаттығу жасамағандай бірден кәнігі шебер қалпында келеді. Мұны біз тұңғыш рет Қазақ университетіндегі  Әуезов аудиториясында танып-білген едік.

Күні кеше «сөз сиқырын» үйреткен шабытты шақтарда Ұлы ұстаздың өзі шынтақ сүйеген биік мінбеге  киіктің асығындай ғана шып-шымыр  қара бала жүгіріп шыққан емес, тура шиырылып түскендей...дік етіп алшысынан  тұра қалды да, ағытыла жөнелді:

«Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,

Және жылап  өледі, өзгені де жылатып.

Жылайтыны туа  сап,-жамандар бар қинайтын,

Жылайтыны өлерде,-жақсылар бар қимайтын»

Жым-жырт тұна, тына тыңдаған дүйім жұрт кенет ду-ду етіп, зал  іші самал шайқаған көлдей теңселді де кетті. Жұрттың бәрі бір деммен тыныстады. Әлгі шумақты тыңдаған әр адамға қас пен көздің арасында бұрын ешкім айтпаған бір сыр айтылып, ешкім ашпаған бір шындық ашылды да қалды. Өлең әркімді өзінің өзгеше философиялық тереңіне тартып, оқыс ойға шомдырды да қойды.

Жаным-ау, жанартау ғой  мынау – деп қақты көп ішінен бір білгіш.-Жаңғалы, жалындағалы    тұрған жанартау ғой!

Дәл осы тұста Қадыр  да дәл осыған үндес тағы бір тылсым сыр ашып, тағы бір қызық түйін  тұрған:

«Жанартаудың сөнгендері-даңқты,

Атылмаған жанартаулар-қауіпті»

Енді жұрт дуылдамай, үнсіз ойланды. Тағы да сыр, тағы да шындық. Әркім-ақ айтуға болатын, бірақ  айтылмаған сыр; әркім-ақ ашуға болатын, бірақ ашылмаған шындық. Жалғыз-ақ тыңдаушылар осыны табан аузында  талдап түсініп отырған жоқ, тамсана түйсініп отыр еді...

Сол кештен күні бүгінге  дейін Қадыр-ақын қалың оқырманын  таңдадырудан, тамсандырудан бір  жаза басып көрген жоқ. Неге?

Асылы, адам әдебиетке  сұлудың бұрымындай өрілген екі  мақсатпен келеді: бірі-өзінен бұрын  ешкім айтпағанды айту; екіншісі-өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалған жерде ғана шын мәніндегі әдеби туынды бар. Шын мәніндегі әдеби туынды дегеніміздің, Леонид Леонов айтқандай, мазмұн жағынан жаңалық ашу, пішін жағынан өнер табу болатын себебі де сондықтан [5, 91 б.].

Енді турасына көшсек, мүбәда қазақ поэзиясына осы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы  жылда тек қана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек қана өзіне тән  өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі  шынайы талант екеу болса-бірі, біреу  болса-өзі-Қадыр Мырзалиев.Бір кезде  өзінің түлеп ұшқан ұясы Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясы ғана білетін кәдімгі бала Қадырдың бүгінде бүкіл елі-туған халқы тұтас таныған қадырлы дана Қадырға айналу себебін де дәл осы арадан іздеген жөн.

Демек, қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музыкасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар; Қадыр лирикасының сыңғыры бөлек, сыры терең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ  ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ   ФИЛОСОФИЯЛЫҚ-

      ДИДАКТИКАЛЫҚ   ДӘСТҮР

        2.1. Ақын поэзиясындағы әлем әдебиетінің озық үлгілері

Адамды ғалым қылатын  жоғары оқу орындары емес. Білімді, білікті болу тек өз қолыңда. Ол үшін, әрине, құдай берген қабілет, жігер-қайрат, ең бастысы – сол білімге деген құштарлық қажет.

Адамзат тарихында кітаптың атқарған қызметін ештеңеге теңестіруге  келмейді. Ол ұзақ әңгіме. Жеке тұлғалар да солай. Пушкинді ұлы адам еткен  әкесінің өте бай кітапханасы.

Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және негізгі шарты – ұлттық тіл.

Адамның жаны болатыны сияқты ұлттың да жаны бар. Оның тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты. Тілінен  айырылған халық міндетті түрде  ұлттық қасиетінен айырылады және құриды.

Алдымен айтып алатын пікір –  Қадыр Мырзалиевтың жырларын қайтадан емес, алғаш яғни жаңадан оқығандай әсерге бөлендім. Осыған орай, бір шындықтың бетін аша кеткен жөн: балаға арнап жазу , бағалы туындылар беру – бақыт, қаламгер үшін өлшеусіз бақыт!Өйткені балалар үшін жазу кез  келген үлкен қаламгердің де қолынан келе бермейді. «Тәйірі, балалар әдебиеті дегенің екінші сортты, үшінші сортты бұйымдай ғой » дейтіндер әуелі шәкірт құлағына даритын бірдеңені өздері тудырып көрсінші , кәне! Сосын барып сөз зергерлерімен сөйлессінші . «Сойыл  күшін соққы көрген  біледі ». Тілмен орақ орғанның белі неден ауырсын?  В.Белинский айтқан белгілі қағида бойынша , балалар ақыны боп туу керек.

Қадыр Мырзалиев –  сондай пернелі перзент. Оның сондықтан  да жүз мыңдаған , бәлкім , миллиондаған оқырманы, жанашыры , жеткіншегі бар. Өлеңдерінің  тақырып байлығының молдығы  сондай , шәкірттер де, оқытушылар да өмірде өзіне керегін оңай –ақ табады. Қадыр Мырзалиевтың мырза-жомарт таланттың таңдаулы туындыларын кішкентайынан құнттап оқып, ғибрат ала білген балалар ана тілінің ақ уызына жарып өсері сөзсіз. Бұған бірнеше көркемдік дәлелдер айта аламыз.

Бірінші дәлел: Тақырып таңдау – талант тындыратын шаруаның басы ғана. Бұл әлі үй-ғимарат орнатуға орын ғана сайлаумен бірдей әрекет. Қауқитып күрке тұрғызу бар да,  көргеннің көз жауын алып қызықтырардай сәулетті сәнді сарай орнату бар. Яғни ақын не айтқанымен ғана емес, қалай айтқанымен ақын ғой.Шәкіртке нені айтуды мұғалімнен, педагогтан, тәлімгерден артық кім жақсы біледі? Бірақ кез келген білгір мұғалім көкейіндегісін көрікті етіп ақынша әсем, айшықты жеткізе алмайды....Медальдің екінші бетін де ұмытпаған жөн, қалай айту қолынан біршама келетін ақындардың арасында нені айтуды анығырақ аңғара алмайтындар да аз емес. Ал,Қадыр Мырзалиев қос тізгінді қатар қамтып, қолдан сусытпауға келгенде шымыр ұқыпты, берік!Өзі құралыптастардың қатарында әдеби жаңалықтарды әрдайым қалт жібермей, дер кезінде оқып, оң мен солын өте –мөте жіті қадағалап, өзін өзгелермен, озықтармен салыстыра «өлшеп »отыру да  - Қадыр Мырзалиевтің елгезектігі мен ұшқырлығының белгісі ...

Бұл күнде білім іздеп, білгенін үстемелеуші қаламгер ғана табиғи талантын қырнап, ұштайды, тапқырлықтың жаңа жолдарын , тың тәсілдерін таба алады. Ендеше ,гәп талантты тапқырлықта. «Еңбек сүй, сонда ғана санаттағы  адам боласың » , осы бір уағызды үйде ата-анасы, мектепте мұғалімдері шәкіртке құдайдың құтты күні құлағының етін жеп айтудан бір жалықпайды, айта-айта , ақылды талапшылықты ақ жем етіп те жібереді. Әрине , жоғарыдағы уағыз жап-жалаңаш ой, жалаң ниет қана.Ал осыны ақылы әлі толыспаған аңғал балаға, шалдуар мінездіге  көңілінде ұялатындай көрікті, қызықты етіп айтуға тапқырлық керек. Туралап маңдайдан соқпай, тұспалдап,мысқылдап,жанамалап, жанай жеткізіп, жақсы  ғибрат ұқтыру ақын атанғандардың бәрінің қолынан келе бермейді- ақ. Қадыр мәселені басқаша , өзінше шешеді. Іс , жұмыс, еңбек сияқты атауларды аузына алмай-ақ , өлең тілімен үйіреді. «Кімге не артық? »деген өлеңді тұтас оқиық:

Информация о работе Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің көрінісі