Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің көрінісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 20:48, курсовая работа

Краткое описание

Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------ 2-3бет.

І. ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ – АҚЫН, ДРАМАТУРГ,ӘДЕБИЕТ
СЫНШЫСЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
1.1. Қадыр Мырзалиев өмірі мен шығармашылық кезеңдері---------- 4-8бет.
1.2. Қадыр Мырзалиев шығармаларының жанрлық , тақырыптық идеялық
ерекшеліктері------------------------------------------------------------- 9-11бет.

ІІ. ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ –
ДИДАКТИКАЛЫҚ ДӘСТҮР
2.1.Ақын поэзиясындағы әлем әдебиетінің озық үлгілері-------------- 12-16бет.
2.2. Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің
көрінісі-------------------------------------------------------------------------17-26бет.

ҚОРЫТЫНДЫ ------------------------------------------------------------------ 27-29бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР -------------------------------------------30бет

Прикрепленные файлы: 1 файл

мырзалиев.doc

— 269.50 Кб (Скачать документ)

Тәкаппарға  көз артық  -

Көріп тұрып , көрмейді.

Жарымеске сөз  артық – 

Жөн сөйлеуді білмейді.

 

Не істесе де, оңдырмас –

Артық қолы олақтың.

Тілазарға тыңдамас – 

Қажеті жоқ  құлақтың.

Ғұмырында , әр уақытта,

Түк істемесе құмартып,

Жалқауларға

Құлақ та,

Көз де,

Қол да-

          Бәрі артық.

Нақылға жақындау соңғы  шумақ қалаған ойын қапысыз жеткізген , баланы ойға қалдырады, жалқаулықтан жирендіреді. Ендеше, автор өз міндетін өрнекті кестеледі –шынайы шығарма тудырды. Ештеңе тындырмағанның елге қадірі жоқ – бұл ойды автор  «Жау алмаған бұлтыңның несі мықты .... » деп бір-ақ түйеді. Көргенді боп өс, әдепті бол дегісі келсе: «Жаз келіп , көктем жылжып жүре берер , інідей орын берген ағасына  » - деп, жарқын ойды жарқ еткізеді.

Поэзиямыздың тұла бойы түгел –тұтастай  метафораға толы түрі – жұмбақ; ал жұмбақ шығару –сөзбен әдемі сурет салу . Ақынның алғырының ғана пешенесіне бұйырар бақыт – осы жұмбақ. Бірде-бір жұмбақ жаза алмай кеткен жақсы ақындар да болған. Бұл салада Қадыр анық ақындық өнер танытқан . «Жылға дер ем –ақпайды, жылан дер ем – шақпайды » (Арқан ). Осы екі жолдың , тым құрса , бір сөзін айырбастаңызшы, кәне. Немесе тыныс белгісінің орнын өзгертіңізші , кәне! Мінсіз жұмбақ!

«Көл бетінде керуен жол ». Бұ да керемет! Шешуі – құс жолы. «От қойсаң –жалын шығар » (Газ). Рас, Қадыр Мырзалиев жұмбақ саласында  онша дәулетті емес сияқты. Санын  айтамыз .....

Екінші дәлел: Жырлардағы жып-жылмағайлық, көз тоқтатар , ой толқытар бедердің жоқтығы жұртты поэзщиядан бездіретінін балалар ақындарының баршасы ескеріп жүр дей аламыз ба...

Дей алмаймыз. Қадыр Мырзалиевтың көптеген қаламдастарынан тағы бір артықшылығы - өлеңдерінің денінде , басым көпшілігінде (мейлі шиыршық атқан шытырман оқиғалы болмаса да ) тартыс бар, жақсылық пен жамандықтың қаржалуы бар –оның жазғандары сонысымен тартымды, сонысымен де қызғылықты. Бұған кез келген өлеңнен уәж табамыз. «Калошым алды өшін ». Бала күні –түні сырғанақ тебе берген соң, калоштың мөрі әбден өшеді. Ақырында төзімді пақыр –калош өз иесін құлатады да, жылатады. Сөйтіп өшін алады. Немесе жидек теруге жалаңаяқ барған баланың екі жол өлеңге сыйған арыз , шағымындағы тартыс сырына құлақ асалық: «Қолым теріп бүлдірген , шөңғе терді аяғым ». Балалар поэзиясында ғана емес,үлкендер өлеңдерінде де бізде күнделікті болмыс- тұрмысымыздағы көз аштырмастай көп кездесетін толассыз қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі әлі күнге жетісе бермейді....Осыдан келіп, оқырмандар шыншылдығы жетіспейді яғни тартыссыз өлең-дүниелері көбінекей күдік тудырмайды, иландырады, таңдандыра тартады.

Үшінші дәлел: Балаларға шығарма жазарда олардың ой-өрісі деңгейін, жас ерекшеліктерін ескеру керек деген қағида  -әділ талап . Шын ақын, нағыз балалар ақыны әлгі ақиқаттан айнымайды. Сонымен бірге яғни жас бүлдіршіннің жас ерекшеліктеріне сай жазылған жақсы жырлар оқырмандардың жасын талғамайтыны – тағы да шындық. «Қожасының бұйрығын қалт жібермей қалбақтап, бұлғандатып құйрығын қалады ит жалбақтап ». Ит баласының ел-жұрт жиіркенер бұл қылығы әлем поэзиясында әлімсақтан бері айтылып келеді. Және әлгі сурет әлі тек сұлбасы ғана. Автор жаңа бұрылыс табуы тиіс. Бұрыңғылар да, бүгінгілер де таппағанды тап басып жырлап, бедерлеуі парыз. Қадыр діттеген тапқан да , «ары бардың, адалдық асқақ тұрар шоқтығы. Тегін емес адамның құйрығының жоқтығы ». Балаға да , данаға да ұғынықты ой. Ондай өлеңдерді оқыған сайын « бала  өзінше, үлкен өзінше қорытынды жасайды » (А.Барто).

Ендеше, Қадыр Мырзалиев  сияқты қаламгерлер – кішкентайлар ғана емес, ата-аналардың да , аға  –апалардың да қалаулы ақыны. «Ересектер » үшін ғана жазатындармен салыстырғанда , балалар жазушыларының тағы да бір артықшылығы осында болса  керек.Балалар ақындарының шығармашылық бақ-талайы, басымдылығы осында дер едім. Әлбетте, анық көркем туынды жаратқандар ғана бұл бақытқа ие!

Төртінші дәлел. Алпысыншы жылдар басынан бері бізде , балалар поэзиясында танымдық  мәні бар, өмір танытарлық өлең-жырлар төбе көрсете бастады. Сондай сөлді өлеңдер жазуға ден қоюшылардың бірі осы  -Қадыр Мырзалиев. Әрине , бұл салада  да алдымен білімдарлық керек. Бірақ жалғыз жалаң білім жеткіліксіз , ғылыми мағлұматты сылдыр сөздермен сырғыта салу емес, нағыз поэзия кестесіне түскен нәрлілік болса ғана ондай дүние қымбат. Кәдімгі шымшық –бармақтай ғана құс. «Сонда да ол, асылы, мешкейлікке меңзейді. Күнде  жеке басының салмағындай жем жейді ». Табиғаттану пәнінің көркемдік дәрістері осындай болса әр кезде. Қадырдың «Алуан-палуан », «Тіл », «Хайуанаттар » топтамалары түгелдей осындай дүниелер.

Мәселен, мандрагора деген  өсімдік барын балалар түгілі олардың ата-аналары да біле бермейді. Заттың атын білу жеткіліксіз, оның затын  да білген тиімді. Қадыр ақын болса, оқырмандарына белгісіз , бейтаныс заттың, құбылыстың сырын суреттеп ашып беруді мақсат тұтады. Жаңағы мандагора мың жапырағының өзі бір метрге созылатын, қауын иісі бар, жемісі помидордай, ал тамыры болса, адамның тұлға бітіміне ұқсайды екен.

Өзі- адамға азық- қорек. Автордың «Ғажайып ғалам » деп аталатын үлкен топтамасына үңілген оқырман жаратылыс жайынан көп білім алатыны сөзсіз .Мәселен, «Аквариум » сипаттас шоғыр өлеңдерді қазақтың басқа ешбір ақыны әлі жазған жоқ!

Бесінші дәлел:Қадыр Мырзалиев , Мұхтар Әуезов сөзімен айтсақ, «бұрынғының қорынан қарбытып алып » , шұрайлы Һәм шырайлы сөздерді шиеттей балаларға іркілмей ұсынады. Бірнеше ғана мысал келтірсек жетер: «Жедеқабыл » қыс түсті», «Шөпшілердің күнісіп кеткен жейдесін », «Балалық тез өтсе екен; шығар едім ұшпаққа ». «Апай-топай төбелес ». «Титтей балақайлар түсінбей жүрер ме екен », - деп артқа қарайламай , алға көз тігіп, осылай батылдық жасағанда ғана , бүлдіршіндерге ана тіліміздің асылдығын, байлығын, оралымдылығын таныта аламыз.

Алтыншы дәлел: Сонау 1970 жылы жарық көрген таңдамалыны яғни «Күміс қоңырауды» баспаға әзірлегенде , аға ақындар тәрбиесіне сүйеніп , автор едәуір азаптанып, өзінің бала кезінде өрнектеуінің бір қайнауы ішінде кеткен өлеңдерін көп өңдеген түзеткен, біразын түгелдей сызып тастаған. «Қарбыз » деген жырдың алғашқы шумағы бұрын мынандай еді: «Тақырлап мен сенбіде, алдырып ем шашымды, бір досымның мен , міне, қылығына ашындым »Дұрысы – «тақырлатып » болс акерек. Алдыңғы екі жол мен келесі екі жолдың логикалық сабақтастығы күңгірт. Автор осы жәйларды  ескерген де: «Шашсыз жүр деп басқалар алдырып ем шашымды. Құрдасымның оспадар қылығына ашындым », - деп жөндеген. Үшінші жолдағы «оспадар » деген жалғыз анықтауыш ойды айқындап ашып берген. «Құрдас » пен  «қылық » деген сөздердегі дыбыс үндестігі өлеңге күйлілік бітірді. Автор сөйтіп талай туындысын қайтадан жаңартып жазып шыққан («Доңыз бен сабын », «Бас пен тарақ » т.б.) .мұндай түзетулер таңдамалы жинақтың көркемдік құнын көтере түскен. Көркемдік алты дәлелге қоса үстемелеп айтар ақын тұлғасында айрықша сапа, қасиет бар...

Жетінші дәлел:Қадыр Мырза сонау бастауыш кластарда  оқып жүргенінен бастап кітап оқуға құмартқан үздік шәкірт. Қазіргі қазақ қаламгерлері қатарында кітап құмарлар аз емес, алайда солардың арасында аңсаған басылымын қара жердің қай бұрышынан болсын , қанша бағаға болсын іздеп тауып , іздене оқып , ғибратын парықтап, өзі көкейінде қорытқанын көпке жеткізуге құлшынып тұратын Қадырдай ақын-жазушы тым аз. Оның кітапханасы сан-салалы : көркем әдебиет, тарихи, философиялық , ғылыми зерттемелер боп кете береді...Білімдар ақынның сөйлеген сөздерінен де, жазған мақалаларынан да, жаңа кітаптарынан парасаттылық самалы есіп тұрады. Ол білмей сөйлемейді. Сондықтан да оның өзі ұстанған берік тенденциясы, көзқарасында өзіндік принципі айқын , табанды.

Сегізінші дәлел:Әден татитын бір белгі-қасиетін түйіндеп айтуға керек...Қадыр Мырзалиев қалың халыққа қалаулы ғана ақын емес, ол –азамат ақын. Ол –қоғам қайраткері, Қазақстан республикасы Жоғарғы Кеңесіне депутат болып екі рет сайланғандығынан ғана емес, халық тағдырына жаны ашып , жан-жүрек қуатымен жәрдемін аямайтындығымен қайраткер. Осы қайраткерлік қаламға да мол қорек береді...

Ал қалам қызметі  тұрғысынан Қадыр Мырзалиев – кейінгілерге ұстаз ақын .Қазір үлкендерге де, жас буынға да арнап , көңілден шығар, ұзақ жасар өміршең шығармалар  жаратушы  жас  күштердің  ізденгіш, білімдар ,тапқыр,

азамат ақынды ұстаз  тұтатыны заңды құбылыс деп білеміз.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қадыр Мырзалиев   өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық 

        дәстүрдің   көрінісі

Ақыл, қайрат, жүректі бірге ұста,

Сонда толық  боласың елден бөлек....

                                                                               Абай.

Оны қазақ өленінің қазіргі оқырманына тәптіштеп таныстыру қажет бола қояр ма екен?.. Жазғаны түгіл, жазарының өзі көңілін қалдырмайтындай сызатсыз сеніммен қарайтын олар ақынның қай шығармасын қара сөзбен талдап бергенге зәру?! Бәрін де қадағалай оқып, қайсы бір әдебиетшілерден әділірек таразылай білетін деңгейге көтерілген десек, қателеспейтін сияқтымыз.

Біз елуінші жылдардың  аяқ шетінде Қадыр Мырзалиев  білетін едік. Оның бірі – беті-жүзің  бар демей бір-ақ айтатын қазалығы бар қатал сыншы да, бірі –  не жайлы қалай жазуды байыптап, жетік игерген мүлде көз жазып, үшінші бір Қадыр Мырзалиевке құлақ түрдік. Бұл – жүрегіннің түбінде айтары бар және онысын кібіртіксіз, кедер-бұдырсыз жеткізуге келгенде шебер, ойлы ақын Қадыр Мырзалиев-тұғын. Әлеумет көңілін еркін жаулап алған бұндай бірегей ақынды дүниеге әкелуде бастапқы екеуінің айрықша роль атқарғаны шүбесіз! Оның көп жұртқа жұмбақ қаламгерлік құпиясын, творчестволық өсу эволюциясының үстірт назарға ілікпес сырын ашу жолындағы қадам, міне, осы төңіректен басталуға тиіс...

Ең алдымен сыншылық өнердің артқан жүк, тартқызған бейнеті  мен зейнеті хақынды сөз етелік. Кезкелген көркем шығармының сапасын  әділ айқындап, баға беру үшін, оқырмандық түйсіктен тыс, арғы-бергі уақытта  өмір табалдырығынан аттаған кемел  шағармалар арқылы қалыптасқан эстетикалық биік талғам тұғырына табан тіреген біліктіліктің керектігі кімге де болса мәлім. Ақын аталмыш салаға бел буып кіріскендіктен де, жатпай-тұрмай оқып-ізденуге мәжбүр халге түсті. Мұның өзі – арзан мен маржанның аражігін жаңылмай ажыратуға деген ұмтылыстан туатын табиғи қадам, айналып өту әсте мүмкін емес асу еді.

Ақын әуелі өзінің жан дүниесін, сол арқылы өз буынның  өмірін таныту керек екен. Бұл –  білгілі бір кезеңді бейнелеу, уақыт суретін салк деген сөз. Ал, кіммін, кім едім, кім болдым, кім болуға тиіспін деп тығырыққа тірелсең – тарихқа үңіл. Міндетіңді сезініп, парызыңды ұғасың. Сосын-ақ толғаныс басталады. Толғаныс болғанда да, ақындық, азаматтық жауапкершілік қосылып, түн ұйқыңды тәрк етуге мәжбүр қылатын азапты ойлар қыспағы. Және бір жадыңда ұстар жай – ұлттық калорит. Алыстан үйренемін деп алшақ тартып кетпеу жағын ескерген жөн. Ол, міне, осындай мәселелердің басын ашып, бағдар анықтады...

Ұлттық калорит –  қайсыбір өнердің болсын келбетін мүсіндеп, көркін ашар, оған шытынамас берік ұстын, ұзақ ғұмыр силар қасиет. Ол поэзияда ақынның мінезі мен тілдік қорынан, жырламақ объектісін таңдап талғауы мен көру ерекшелігінен құрала келіп, айқын сипатқа ие болады. Туған халқының атынан сөйлеуге толық хақысы бар тұлғалы қаламгерді дүниеге әкелетін де, оның дара болмысын , өзге әдебиеттегі өз тұрғыластары арасындағы орнын сезіндіретін де осы. Аталмыш көрнекті ақындардың одақтық арендағы  дауыстарын әсте шатыстырмайтынымыз секілді, қай –қайсысынан да мол үйренген Қадыр Мырзалиевті де оларға ұқсату қиын.

Қысқа толғаммен көп  мағына беруді мұрат санайтын , айтарын  селкеусіз, табиғи жүйемен жеткізуді  күйттейтін ақынның өзіндік болмысына  орай өлшеусіз әсер еткен, үрдіс үлгі болған нәрсе – халқымыздың  «  іші  алтын , сырты күміс » нақылдары  мен мақал-мәтелдері, жыраулардың түйдектелген ойларға толы термелері еді.

Оқырман өресімен санасып, мүмкіндігінше айқын , жатық тілмен сөйлеуге, түрлі сәттердегі көңіл  күйді, психологиялық иірімдерді дәл  басып, нақты бейнелеуге деген ұмтылыс  бірте-бірте табиғатына сіңіп, қандас мінезіне айналып кеткені соншалық, лирик Қадыр Мырзалиевтің  шығармашылығында да осынау бірегей көркемдік сапа белгілері басты ерекшеліктердің бірі ретінде көрініс тауып, ірге тепкен.

Бүгінгі Қадыр Мырзалиев  –қазақ поэзиясындағы философиялық тенденцияның белді өкіліне айналған, ел үмітін халық сенімін арқалаған үлкен санаткер. Бір-бірімен байланысып , үндесе жалғасып жатқан кітаптарындағы ортақ лирикалық кейіпкер бойынан адамзат баласының мәңгілік мұратынан саналатын асыл қасиеттердің жарқырай көрінуі оның тұлғасын одан сайын толықтырып, шын мәніндегі уақыт перзенті екнін дәлелдейді.     

Өмір өзі суарған 

Ой деген де ну орман

Бару қауіп оған да,

Жоқ емесі жоқ онда:

Сандуғашы сайраған ,

Қасқыры тіс қайраған

Жолбарысы шабынған

Жыландары жабылған,

Тиіндері зорыққан,

Қояндары қорыққан,

Түлкілері із кескен,

Арыстан да кездескен...

Ой деген де ну орман,

Талай бастар қуарған.

Ақын Қадыр Мырзалиев  алғашқы лирика кітабын  «Ой орманы » деп атады.

Мұндағы ойлар өмірді, адам тіршілігін тасада бақылаған сырткөздің салғырт ойлары мен енжар байқаулары емес, адамдықтың, азаматтықтың қиын да күрделі сапарына жаңа аяқ басқан жас жігіттің бастан кещкендері , көкірегін көлегейлемей сөйлеп, тебірене айтқан жан сырлары. Ендеше , өмір жолын күні кеше бастаған жас азаматтың өз кітабын көп көрген көнедей –ақ «Ой орманы » деп атап айқайлатып қоюға қақысы бар ма еді?

Информация о работе Қадыр Мырзалиев өлеңдеріндегі философиялық-дидактикалық дәстүрдің көрінісі