Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:39, курсовая работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде талай-талай белестерді бағындырды. Ол халықаралық қатынастан бастап, елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени салаларының барынша қарқынмен дамуы арқылы көзге түседі. Бұл еліміздің рухани бай болуының, білімділігінің, байсалдылығы мен сабырлығының арқасында келіп жатқан үлкен жетістік. Қазақ халқы тарихтың талай соқпақтарынан өтсе де, небір қилы заманды басынан кешсе де ұлттық құндылығын бағалаған халық. Оның айғағы тіліміздің, дініміз бен діліміздің, ұлттық құндылықтарымыз бен өнеріміздің өлмей, атадан балаға мұра болып, қазіргі өркениетті күнге жетуі десек артық айтқандық емес. Соның ішінде ұлттық өнердің ажырамас бөлігіне айналған қазақ биінің орны ерекше.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАГИСТ.ДИССЕР..doc

— 6.34 Мб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Тақырып өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде талай-талай белестерді бағындырды. Ол халықаралық қатынастан бастап, елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени салаларының барынша қарқынмен дамуы арқылы көзге түседі. Бұл еліміздің рухани бай болуының, білімділігінің, байсалдылығы мен сабырлығының арқасында келіп жатқан үлкен жетістік. Қазақ халқы тарихтың талай соқпақтарынан өтсе де, небір қилы заманды басынан кешсе де ұлттық құндылығын бағалаған халық. Оның айғағы тіліміздің, дініміз бен діліміздің, ұлттық құндылықтарымыз бен өнеріміздің өлмей, атадан балаға мұра болып, қазіргі өркениетті күнге жетуі десек артық айтқандық емес. Соның ішінде ұлттық өнердің ажырамас бөлігіне айналған қазақ биінің орны ерекше.

Би -- көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты - дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Қазақ биі - ғасырлардан ғасырларға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани азығымыз, мол мұрамыз екені белгілі. Ол халықтың тыныс тіршілігін, тұрмысы мен жағдайын, кәсібі мен нәсібін бейнелеп, заман өзгерген сайын құбылып, бірақ мән мағынасын жоғалтпай келеді.

Қазақ ССР-інің халық әртісі, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының иегері Шара Жиенқұлова: «…Балғын санамда еміс-еміс жаратыла бастаған творчествомның бастау көзі не еді?..» дей келе: «Домбыра тарт десе, бәлсініп отырып алатын немесе жұрт арқасы қыза бастаса, қас қылғандай жоқ боп кететін Жұмабай да табылды. «Қаражорға», «Келіншек», «Айжан қыздарды» дөңгелеткенде өзіңнің де қалай дөңгеленіп кеткеніңді білмейсің. Күй ырғағына қарай ат болып шабам, ұршық иірем, киіз басам, күбі пісем - не керек, көрген-білгенімнің бәрін жұрттың көз алдына келтірем», - дейді ол ғұмырнамасының белгілі беттерінде. Расында да, өнер иелері арқалаған осы аманат, осы парыз бүгінде толық өтелді деп біз айта алмаймыз. Халық өнері, әсіресе, қазақтың ұлттық өнерін қай бағыты бойынша алсақ та, әлі де тынымсыз ізденісті, күрделі еңбекті, жүйелі ғылыми пайымдауды қажет етеді. «Қамажайды» білмейтін қазақ жоқ. Қазақ биі дегеніміз - Ш.Жиенқұлованың «Былқылдағы», Г.Талпақованың «Ерке баласы», Т.Ізімнің «Жезтырнағы», А.Татиева мен Г.Пішенбаеваның билері, Д.Әбіров, З.Райбаев сияқты ағаларымыз қалдырған «Қаражорға», «Келіншек», «Ұтыс биі», «Қоян-Бүркіт», «Асау ат», «Алтынай», «Аса таяқ», «Дауылпаз», «Айжан қыз», «Аққу», «Домбыра». Бұлар - тарихы тереңде жатқан қазақ биі туындыларының маржандары. Қазақ биінің классикасы, фольклоры, этнографиясы әлі де сол қалпынша орындалуда.

Қазақстан хореография өнерін, соның ішінде қазақ биінің тарихи негізін, қалыптасуын, сахнаға шығуын зерттеп-зерделеген еңбектер бар. Ал Мемлекеттік «Салтанат», «Алтынай» би ансамбльдерінің де шығармашылық жолдары Т.Ізімнің ізденістерінің арқасында ғылыми тұрғыдан қарастырылып, көпшілікке ұсынылды. «Наз» мемлекеттік би театры сияқты жас театрлардың репертуарындағы қазақтың ұлттық билері жалпы театрдың өсіп-өркендеуіне, оның шығармашылық жетістіктерге жетуіне зор ықпал тигізетінін зерттеу барысында көрдік. «Ұлттық салт-дәстүрдің «Наз» мемлекеттік би театр шығармашылығына ықпалы» атты диссертацияның мақсаты: тағы да бір би ұжымының шығармашылығын зерттеу болып табылады. Әрі бұл тың тақырып. Осы ұжымның шығармашылығы арқылы салт-дәстүрдің би өнеріне ықпалы қарастырылды. Міне, «Наз» Мемлекеттік би тетарының шығармашылығын зерттеу, театрдың Астана қаласының рухани даму жолдарына жасаған ықпалын зерделеу тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Тақырыптың ғылыми зерттеу дәрежесі. Бүгінгі күнге дейін «Наз» театрының шығармасы ғылыми тұрғыдан қарастырылмаған. Әр басылым беттерінде берілген мақалалар деңгейінде ғана сараланған. Осыған байланысты диссертациялық жұмысты орындау барысында конференция  материалдар жинақтары мен ғылыми журналдар беттерінде мақалалар жарияланды.

Зерттеу жұмысының мақсаттары. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ халқының ұлттық құндылықтарын ұлықтау, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеу, соның ішінде дәстүрлі би өнерінің көсегесін көгерту, ұмыт бола бастаған би қимылдарын қайта жаңғырту арқылы жастарға эстетикалық тәрбие беру, болашақ ұрпаққа би өнерінің құдіретін таныта отырып, қазақ өнерінде айрықша із қалдыру болып табылады. Сондай-ақ, ұлттық билеріміз арқылы ұрпақты салауатты өмірге, жан мен тән сұлулығына, адамгершілікке, отансүйгіштік, ұлтшылдық сезімге баулу негізгі мақсаттардың бірі. Қазақстанға белгілі балетмейстерлер, дәстүрлі өнердің шын жанашыры болып жүрген ұлтжанды Ағымбаевтардың еңбектерін халық арасында насихаттау да осы ғылыми жұмыстың ажырамас бір бөлігі болмақ.

Қазіргі қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалын зертеп, зерделей отырып, ұлттық бидің мән-мағынасын ашу, композициялық қойылымдардағы қимыл әрекеттердің қолданысын талқылау. Сонымен қатар қазақ ұлттық биінің дамуына үлесін қосып келе жатқан жаңа шығармашылық ұжым «Наз» Мемлекеттік би театрының және осы таетрдың кірпішін қалаған, шығармашылық бағытын қалыптастырған Еркебұлан мен Қадиша Ағымбаевтардың өнердегі жаңалықтарын насихаттау. «Наз» Мемлекеттік би театрының шығармашылық жолы мен ерекшелігін ашу, театр репертуарындағы салт-дәстүр негізіндегі би қойылымдарының алатын орнын айқындау болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Осы зерттеу жұмысын жазу барысында тақырыпқа қатысты мұрағаттық ісқағаздық құжаттар, мерзімді басылым материалдары, замандастардың естеліктері, сонымен қатар көрнекті ғалымдардың монографиялары мен мақалалары, олардың ғылыми сарапшылары мен пікірлестерінің көзқарастары айқындалды және зерттеуге алынды.

 

Зерттеу жұмысының тәсілдемелік және теориялық негіздері. Зерттеудің әдістемесі қазақстандық қоғамның әлеуметтік, саяси, мәдени, идеялық-дүниетанымдық, рухани-ізгілік және бүтіндей қазақи өркениет әсерінен және өнердің өзге түрлерімен әртүрлі байланыста дамитын жүйе ретіндегі ұлттық би өнері дамуының қалыптасуы мен динамикасының ерекшеліктерінің қажеттілігі белгіленген кешенді, театрлық-өнертанушылық талдау қағидаларымен негізделінді.

Өнертанудың, теориялық мәдениеттанудың, эстетиканың қазіргі заманғы тұжырымдамалары зерттеудің әдістемелік базасы болып есептеледі.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Зерттеу жұмысының әдіснамасы (қолданылатын әдістер мен зерттеу формалары, ғылыми ұстанымдағы салыстырмалы талдау). Зерттеудің әдіснамалық негізі өнертану ретінде қазақ билерінің «Наз» мемлекеттік би театры шығармашылығына ықпалын зерттеудің жалпы ғылыми әдістерін құрайды. Бұл мәселені зерттеудің негізінде тарихи талдау (саралау) әдісі бар. Осыған орай этнограф-ғалым Ө.Жәнібековтың «Эхо»[1, 182 б.], «Уақыт керуені» [2, 57 б.], хореограф-балетмейстер О.В.Голушкевичтің «Пять казахских танцев», «Школа казахского танца» [3, 48 б.], «Бақсы ойыны» [4, 19 б.], Әль-Фарабидың «Трактаты о музыке и поэзии» [5, 302 б.], С.Күзенбаеваның «Воспеть прекрасное» [6, 35 б.], А.Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері», Е.Ерзаковичтің «Советтік Қазақстанның музыка өнері» [7, 32 б.], Ш.Жиенқұлованың «Тайна танца», «Қазақ билері» еңбектерімен қатар Д.Әбіровтің, Т.Ізімнің тағы да басқа ғалымдардың еңбектері зерттеу жұмысының негізі болды. Тақырыпты кешенді түрде зерттеуде сонымен қатар проблемалы-хронологиялық, жүйелі-құрылымдық және тағы басқа әдіс, тәсілдер қолданылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. «Наз» мемлекеттік би театрының шығармашылығы мен даму жолы, оның репертуарының жетілуіне, қоғамда беделге ие болуына қазақ халқының ұлттық билерінің ықпалы  алғаш рет арнайы ғылыми түрде қарастырылып отыр. Берілген тақырып бұған дейін жарық көрген емес. Зерттеудің ғылыми жаңалығын мынадан көруге болады:

- «Наз» мемлекеттік би театрының ұлттық биге көзқарастарын зерделеу мәселесінде кешенді түрде зерттеу жүргізілді;

- берілген жұмыста тұңғыш рет кешенді түрде «Наз» мемлекеттік би театрының ұлттық биді дамытуы мен оның ықпалы зерттеу нысанына алынды және олардың Қазақстанның мәдениеті мен өнер саласына тигізген үлесі айқындалды;

- қазақ халқының би өнеріне қатысты жазылған қазақстанның көрнекті ғалым-өнертанушыларының еңбектері жүйелі және кешенді түрде зерттеу нысанына алынды, олардың ерекшеліктері, заманмен байланысы анықталды, олардың Қазақстан тарихына қатысты көзқарастары мен тұжырымдары қазіргі көзқарастарымен салыстырмалы түрде саралана қарастырылуы ұсынылып отырған ғылыми жобаның зерттемелік дәрежесі зерттеу жұмысының жаңалығы болды. «Наз» мемлекеттік би театрының шығармашылық өмірі мен қызметі және болашаққа берер мұрасын зерттеуге арналған іргелі еңбек және театр шығармашылығының алғаш рет зерттеу нысанына айналғаны жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Жұмыстың ғылыми практикалық мәні. Осы еңбектегі материалдарды қазақтың дәстүрлі би өнері бойынша дәріс бергенде жоғары оқу орындарында пайдалануға, сонымен қатар, ғылыми еңбектер жазғанда қолдануға болады. Диссертацияның материалдары өнердің, мәдениеттің, эстетика мен руханилықты қарастыратын оқулықтардың және оқу-әдістемелік құралдардың негізін құрауы мүмкін.

Зерттеудің сыннан өтуі. Диссертацияның мазмұны мен нәтижелері республикалық маңызы бар және жергілікті басылымдарда жарық көріп, ғылыми арнайы әдебиеттерде баяндалды. Екі мақала Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған арнайы басылымдарда жарияланды.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Ұлттық салт-дәстүрлердің «Наз» бм театрының өсу жолына тигізетін әсері мен беретін мүмкіндіктері;
  2. ұлттық салт-дәстүрлердің жалпы би өнеріне ықпалы, нақты көрсеткіштері;
  3. салт-дәстүрдің ұлт өміріндегі маңыздылығы, оны би арқылы жеткізудің жолдары;
  4. ұлттық бидің театр шығармашылығына пайдасын зерттей отырып, оны түрлендірудің бағыттарын қарастыру, нәтижесін бақылау;
  5. қазақ халқының би өнеріндегі ұлттық салт-дәстүрге негізделген билерді насихаттау арқылы өсіп келе жатқан жас театр ұжымдарына үлгі бола отырып, олардың болашақта ұлттық биді дәріптейтін ұжым болуына жол ашылады.

Диссертация құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалар жұмыстың аяғында берілген.

 

 

1. Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы

    1.   ХХ ғасырдағы қазақ би өнерінің өсіп өркендеуі

 

Қазақ биі - бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстетикалық болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде.

Қазақтың би өнері туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Біздің қазақ халқы дарынды, өнерпаз халық, ән, күй деген мұрамызда шек жоқ. Ал бұл қазақ халқында биден қалған мұра өте аз. Қазақ биінің шығу тарихын халықтың тұрмыс-тіршілігімен астастыра қарайтын болсақ, ол халықтың психологиялық ерекшеліктерін өз бойына сіңірген өнер саласының бірі. Ел арасында қарапайым түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан би өнерінің жаңаша бағытта кәсіби дамып жетілуі ХХ ғасырдың басынан бастау алады» - деп көрсетті [8, 27 б.].

XX ғасырдың 30-жылдары қазақтың материалдық рухани мәдениетінің қарыштап дамуына байланысты Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық  опера және балет, драма театрларын, хореография мектебін, концерттік ұжымдарды, симфониялық, ұлт аспаптар оркестрлерін кұруға мүмкіндік алды. Осындай кезеңде кәсіби деңгейі жоғары би ансамблін кұру алға қойған мақсаттардың бірі болып саналды. Осыған орай Қазақстан жерінде «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік ән би ансамблі» құрылды және ол халықтық-сахналық би өнерінің дамуында үлкен рөл атқарды. Бұл ансамбль 1955 жылдың қыркүйек айында Украйн ССР-нің еңбек сіңірген артисі, режиссер-хореограф   Л.Д. Чернышеваның басшылығымен өмірге келді.

Би өнерін зерттеуші ғалым-педагог Н.И.Эльяш: «Ансамбль - балет өнеріндегі жаңа жанр. Оны біздің заман тудырды. Халық би ансамблі ең демократияшыл өнер. Оның кейіпкерлері дүниежүзінің қарапайым халқына жақын», - деп ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Кеңестер Одағы көлемінде құрыла бастаған би ансамбльдерінің шығармашылық ерекшелігін атап көрсетті [9, 47 б.].

«Қазақ ССР-нің Мемлекеттік ән би ансамблі» де қазақ халық билерімен бірге осы ансамбльдер үлгісін ұстана отырып, өз репертуарына әлем халықтарының билерін енгізді. Би өнеріне ән-күй және әсем қимыл қажет десек, бұл екеуі халқымызға тән зор қасиет. Ән-би ансамблі өзінің қалыптасу жолын жаңа, тың ізденістермен бастады.

Қазақ билерін сахналауда  халықтың көркем шығармашылық өнері үлкен рөл атқарады. Мұрағат материалдары мен баспасөз мәліметтеріне сүйенсек ансамбль 1956 жылы көктемде тың жерлерді игеріп жатқан Қазақстанның солтүстік өңіріне алғашқы гастрольдік сапарға шыққан. Еңбек процесін бейнелейтін, колхозды ауыл мен селоның өмірін суреттейтін жаңа би ойындары жарыққа шықты. Бұрын біріңғай қыздар немесе жігіттер билейтін болса, енді жұптаса көпшілік болып билеу орын ала бастады.

Бағдарламасын сол кезде Кеңес Одағының жер-жерлерінде құрылған осындай ансамбльдер үлгісінде дамыта отырып, бағдарламаға вокалды-хореографиялық композициялар еңгізілді. Л.Д.Чернышеваның қазақ би өнеріне қосқан жаңалығының да осы болғанын би өнерін зерттеушілер айтып жүр. Бұрын тек жеке би ретінде биленіп жүрген билер жаңаша театрландырылған түр алды. Ансамбльдің репертуары өзіндік көркемдік сипат алып, вокалды-хореографиялық және драмалық өнердің синтездік түрде дамуын шығармашылық бағыты етіп ұстанды.

Информация о работе Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы