қаржы және несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:41, курс лекций

Краткое описание

Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент) немесе басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар, оның көмегімен өндірушілер арасында тауар айырбасы жүреді. Ақша болу үшін өндірісі мен тауар айналымы болу керек, олар тауар мен ақшаны тығу байланыстырады.
Бұл процесті тереңірек ұғыну үшін құнның 4 формасын қарастырайық:
1.Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы. Бір тауар басқа бір тауарда өз құнын айқындайды. Бұнда біріншісі активті роль ойнайды және салыстырмалы формада болады, ал екіншісі – пассивті роль ойнап, құнның балама формасында болады.
2.Құнның толық немесе кеңейтілген формасы. Бір тауардың құны шексіз көптеген басқа тауарларда көрініс ашады. Ондағы тауарлар бірінші тауардың құнын айқындайды.
3.Құнның ортақ (жалпыға бірдей) формасы. Онда көптеген шексіз тауар құны бір тауар құнында айқындалады, яғни жалпы эквиваленттік форма кез келген тауарда көрінеді.
4.Құнның ақшалай формасы. Бұл кезде алтынға тауар әлемінің құнының айқындауының монополиясы бекітіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лек ДКБ.doc

— 349.50 Кб (Скачать документ)

Төлемдердің жеделдік қағидасы-шаруашылық, несиелік сақтандыру шарттарында еңбек ақы төлеуге, жұмысшылармен жасауға ұжымдық шарттарды немесе контрактыларды, еңбек келісімдерінде, мердігерлік шарттарда және басқаларда қаралған мерзімдерден шығара отырып, қатаң түрде есеп айырысуларды жүзеге асыруды білдіреді. Төлемнің жеделдік қағидаларын көздейді. Төлемнің жеделдік қағидаларын енгізу іс-тәжірибелік тұрғыдан аса үлкен маңыз алады. Кәсіпорындар және нарықтық қатынастардың басқа субъектілері, төлемдердің жеделдік дәрежесі туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын тиімді түрде құрып, қарызға алатын қаржыларға деген қажеттілікті барынша дәл анықтап және өз балансының өтімдігін басқара алады.

Жақтардың келісімдері бойынша төлемдер жедел (шұғыл), уақытынан бұрын және (қалдыру) кешеуілдейтін төлемдер болуы мүмкін.

Жедел төлем келесі нұсқауларда  жүзеге асырылады:

а) аванстық төлем немесе тауарды  жөнелтуге дейін;

б) тауардың тікелей акцептік жолымен  немесе

тауарды жөнелткеннен кейін;

в) ірі келісімдерде бөлшектеп төлеу.

Мерзімінен бұрын және мезгіліне  дейінгі төлемдер жақтардың қаржылық ережелері үшін шығынсыз келісілген қатынастар шегінде орын алады. Бұл қағида тауар өндіруде үздіксіз тұтыну құралдары қарастырылып, бекітілген шарттар, уақытында есеп шот төлемдерінің  орнын толтырып, қызмет көрсету арқылы бекітіледі.   

Қарастырылған мерзімдегі төлемдердің  үзбеліліктері айналым әдістеріне зиян келтіріп, ақыр соңында төлемақы дағдарысына ұшырайды.

Төлемнің қамтамасыз етілгендігі туралы қағида төмен жеделдігінің оның алдындағы қағидаларымен тығыз байланысты, өйткені, төлемнің қамтамасыз етілгендігі ақша қаржыларын алушылардың алдындағы міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін, оның өтімді қаржыларының кепілін немесе төлеушінің қолдағы төлемінің жеделдігінің сақталуын болжайды.

Барлық есеп айырысу мен өзара  келісулер бір-бірімен тығыз байланысты.

Банктердің өз клиенттеріне лайықты  құжаттарын бергеннен кейін, үстіміздегі және қазіргі кездегі есепшоттарда аударым арқылы есеп айырысу операцияларына шағылады.

Жеке тұлға, корреспондентциялық  және заңдық есеп шоттарына ағымдағы және жинақтайтын есепшоттары болып, банктік есепшоттарға бөлінеді.

Материалдық өндіру – экономика  базалық аударым арқылы есеп айырысу болып табылады.

Осының ақырында, есеп айырысу тауар  операцияларының басымдылық ақша айналымына (3:4) әкеліп соғады. Қалған төлем ақы айналымының бөлігі – бұл есеп айырысу тауар емес операцияларға, органдармен және әлеументтік сақтандыру, несие мекемелерімен, басқару органдарымен, сотпен, төрешілікпен және т.б. айналым жасайды.

Қазақстан Республикасының территориясында  мынадай төлем құжаттарының түрлері  қолданылады:

·         төлемдік тапсырмалар;

·         чек;

·         вексель;

·         төлемдік ұсыныс-тапсырмалар;

·         инкассалық бұйрықтар, салық қызметі органдарының инкассалық бұйрықтары, кеден іс органдары;

·         Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің заң жүзінде анықталған актілері, басқа да төлем құжаттары.

Төлеуші мен қаржы алушылар арасындағы есеп айырысу формалары өздерімен келісілген шарттарда анықталады.

Екі жақтың өзара талаптарының есеп айырысуы банктің қатысуысыз қарастырылады. Дауды мәселелер сотта, арбитражда, аралық сотта шешіледі.

Банктік операцияларға байланысты жіберілген жолсыздықтарды, банкке байланысты талаптарды банкке бағыттайды.

Төлқұжат айналымына сәйкестікті  сақтау, аударым арқылы есеп айырысу, есеп айырысу құжаттарының формалары белгіленген негізінде жүргізіледі.

Соммада бенефициардың пайдасына көрсетілген тапсырмада, ақша жіберушінің тапсырмасын банк алушыға ақшаның аударылғанын ұсыну ретінде төлем тапсырмасы қызмет етеді.

Берілген жазылған күннен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде банк-алушымен төлем тапсырмасы (өтініші) ақша аударымына алынады.

Чек – банк алушының чек берушілік жазбаша түрдегі бұйрығынан тұратын, осы бұйрықтан көрсетілген чек ұстаушыға ақша сомасын төлеу туралы, олардың арасындағы шартта негізделген төлем құжаты.

Вексель – ақшаның сөзсіз біржақты міндетінен тұратын, қатаң тәртіпте бекітілген формадағы төлем құжаты.

Қазақстан Республикасының территориясында  вексел мен чекті қолдану сапасын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің заң актілері векселдің айналымын және чекті қолдану сәйкестігін реттейді.

Төлем талап-тапсырма жеткізілген тауарлар, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтерге құжаттар негізінде білдірілетін ақшаны жөнелтушіге ақысын төлеу туралы бенефициар талабын көрсетеді.

Төлем талап-тапсырма ақшаны жөнелтушінің акцепті талап етуінен басқа жағдайында, ақша жөнелтушінің акцепті бар болған жағдайда ғана ақша жөнелтушінің банкісімен орындауға жатады.

Инкассалық бұйрық, сондай-ақ, салық  қызметінің органдарымен кеден органдарының инкассалық бұйрығы заң актілерінде  қаралған жағдайларда ақша жөнелтушінің келісімінсіз, жөнелтушінің пайдаланылатын төлем құжаты болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Лекция жоспары

  1. Ақша жүйесі: ұғымы,  элементтері және түрлері

  2. Қазахстанның тарихында  ақша реформалары

  3. Инфляция: себебі, салдары және құресу әдістері

 

1. Ақша жүйесі: ұғымы, элементтері  және түрлері 

Ақша жүйесі – тарихи қалыптасқан  және халық заңдылығымен бекітілген, мемлекетте ақша айналысының жүзеге асырылу формасы.

Ақша жүйесінің элементтері:

1)     ақша жүйесін ұйымдастыру принциптері:

2)     ақша бірлігінің атауы:

3)     ақша белгілерінің түрлерін және тәртібінқамтамасыз ету:

4)     эмиссиондық механизм:

5)     ақша массасының құрылысы:

6)     ақша-несие реттеу механизмі:

7)     валюта курсының белгілену тәртібі:

8)     кассалық дисциплиналар тәртібі:

9)     ақша айналымын болжаужәне жоспарлау тәртібі

ҚР территориясында ақша реформасының нәтижесінде 1993 ж. енгізілген ақша бірлігі  теңге болып табылады. ҚР-ның Ұлттық банкінің барлық активтерімен қамтамасыз етілген, заңды төлем жүйесі бар, ақша белгілерінің мемелекеттік түрлері банкноттар болып табылады.

Эмиссиондық механизм – бұл ақша белгілерінің заңды бекітілген шығару тәртібі және айналымы. Банкнот эмиссиондық  операцияларын жүргізудің монополиялық құқығы ҚР-ында Ұлттық банкке берілген.

Ақша айналымын реттеу – ақша-несиені  құралдары арқылы орталық банктен  жүзеге асырылады.

Валюталық курс – бұл мемлекеттің  ақша бірлігінің екінші мемелкеттің  ақша бірлігіндегі бағасы.

Кассалық дисциплинаның тәртібі  – қолма-қол ақша айналысын жүзеге асырғанда басшылық етуші субъектілердің сүйенуге тиісті кассалық құжаттар, есеп беру формаларының ортақ ережелер жиынтығы.

Ақша жүйесінің түрі ондағы ақша түрі және атқаратын қызметі: ортақ  эквивалент тауар ретінденемесе  құн белгісі ретінде қолданылуына ақшалай байланысты. Осыған байланысты ақша жүйесінің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

-   металл жүйесі айналымы, негізін ақшаның барлық қызметін атқаратын толық ақшалар (алтын, күміс) құрайды.

-   Қағаз-несиелі ақша айналымы, толық ақшалар айналымынан шығарылып, олардың орнынақағаз ақша және несие ақшалары енгізілсе болатын айналым.

Металл жүйесі айналымында ортақ  эквивалент ретінде қандай металл қолданылуына байланысты ақша жүйесінің келесідей  түрлері бар:

-   биметаллизм – ортақ эквивалент болып 2 металл (алтын және күміс) қабылданған ақша жүйесі. Нарықта тауарға 2 баға белгіленеді.

-   Монометаллизм – ортақ эквивалент ролін тек бор ғана металл (алтын) атқаратын ақша жүйесі.

Биметаллизмнің келесі түрлерін атауға болады:

1.   Параллель валюта жүйесі, екі монетаның теңдестігін сал арада нарықтағы монета құнына байланысты қойылуы.

2.   Қос валюта жүйесі, екі монетаның теңдестігін мемлекет бекітеді.

3.   “Сылтық басушы” валюталар жүйесі, екі металдан да жасалған монеталар заңды төлем құралы болып табылады, бірақ бір-біріне тең емес (күмі-алтынның көрініс-бірлігі).

Алтынның құн белгіінің көрінісіне байланысты алтын монометализмнің 3 түрін ажыратады:

1.Алтын монеталы стандарт алтын айналымының бейнесі, монеталарды еркін сату, банкноттарды алтынға ауыстыру, еркін бәсекелестік және өндірістің, несие жүйесінің және сауда дамуы кезеңіне сай келеді. Бұл стандарт эмиссиондық банктерде алтын қорының болуын талап етті. (XVIII аяғы-XIX басы).

2. Алтынқұйма стандарт. Бұл банкноттардың  алтын құймаларға ауыстырылуы кезеңі (XIX ғ. соңы)

3.  Алтындивизиялық стандарт, толық емес ақшалардың алтынға ауыстыру алтындивизиялық стандартты мемлекеттер арқылы немесе дивизичларға шетел валютасындағы алтынға ауыстырылатын төлем құралы.

Мемлекетт, жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі төлем қабылетті, сатып алу қабылетті және жинақ ақы құралы, экономикалық байланысқа қызмет ететін – ақша массасы – қоғамға керекті ақша көлемінің ақша айналымының көлем көрсеткіші.

Экономиканы толық бейнелейтін, макроэкономиканың  маңызды көрсеткіші ақша массасы болып табылады. Ақша массасының оптималды өлшемі макроэкономикалық пропорциялар, яғни экономиканың дамуы арқылы анықталады.

Ақша айналымының масштабтарын және қаржылық статистикада белгілі  бір уақытта ақша қозғалысын бейнелеу үшін еркін көрсеткіш – ақша агрегаты қолданылады. Ақша агрегаттарының теориялық негізі болып қолма-қол ақша мен квази (ақшалардың коммерциялық банктерде қолма-қол емес түрдегі жедел және ақтандыру счеттары) қосылуы болып табылады.

Қағазда ақша массасының құрылылыс келесі түрде қолданылады:

М0 – айналымдағы қолма-қол ақша

М10+төлем счеттардағы қалдық, шаруашылық субъектілердің депозиттік счеттары, капитал құюды қаржыландырудағы заңды тұлғалар счеттары, ұзақ мерзімді несиелер мен қаржыландыру фондтық счеттарды, қоғамдық счеттардағы және т.б. мемлекеттік емес ұйымдардың, тұрғын халық және заңды тұлғалар сұрауына дейінгі счеттарды қоса.

М21+жеке және заңды тұлғалардың шұғыл төлемдері.

М32 + мемлекет қарыздарының облигациялары.

Ақша айналымы заңмен реттелетіндей, ақша-тауар қатынастары белгілі бір ақша көлемін айналым үшін қажет етеді. Осы заң айналым құралы және төлем құралы ретіндегі функциясын жүзеге асыру үшін керекті ақша көлемн белгілейді. Ақша көлемі заңы ақша көлемі мен өткізілуге тиісті тауар массасы ортасындағы қандай да бір міндетті талап етеді де, бір атты ақша бірлігінің айналымы жылдамдығын ескере отырып айналым үшін қажетті ақша көлемін белгілейді. Бұл жағдайдағы формула былай болмақ:

Айналымдағы ақша көлемі=тауар бағасы сумасы-кредитке салынған тауар сомасы+міндеттеме бойынш төлемдер сомасы-міндеттемелер мен талаптар сомасы/айналым және төлем құралы ретінде ақша айналымының көлемі.

2. Қазахстанның тарихында  ақша реформалары

Экономикадағы аударымдағы соғыс  нәтижелерін жою үшін рубльдің тұрақтылығы  қайта қалыптастыра келіп, оның сатып алушылық күшін көтеру керек болды. өндірістік және ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемінің өсуі, тауар айналымының көбеюі мемлекеттік бюджеттің табысының өсуі ақша реформасын өткізуге жол ашты (СССР және ЦКВКП(б)) Министрлер Кеңесінің 14 желтоқсан 1947 жылғы “Ақша реформасының өткізілуі және азық-түлік және өндірістік тауарларға карточкалардың жойылуы” бекітілуі бойынша. Айналымға жаңа ақша белгілері 1,3,5,10,25,50,100 рубль шығарылды. Қолма-қол ақша 1:10 қатынасымен ескі ақшаларға айырбастырылды. Осындай жолмен айналымдағы ақша массасы 10 есе қысқарылды. Мемлекет заңсыз жасалған ақшадан құтылды. Жинақ кассасындағы 3000 рубльге дейінгі халық салымы қайта бағалауға ұшырамады. 3000-10000 дейін жеңілдік қатынасы 3:2, ал 10000 жоғары 2:1 қатынасымен қайта бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар ақша қаражатының есебінің өзгерісі болған жоқ. Колхоз, кооперативтік кәсіпорындар, несиелік мекемелер есебінде ақша қаражаты 5:4 жеңілдік қатынасымен айырбасталды.Ақша айырбасы қысқа уақыт мерзімінде 15-22 желтоқсанға дейін жүзеге асырылды. әдейі айырбастау пунктерінде өндіріледі.

Ертедегі айналымға шығарылған металдық ақшалар айырбасқа жатпады  және айналымда номинал бойынша  қалды. Желтоқсан айының бірінші  жартысына еңбек ақы бұрыңғы өлшемде жаңа ақшамен төленді.

Реформаның бір элементі болып  барлық ерте шығарылған 1948 жылғы 2%-к  біріңғай мемлекеттік қарыз (1947 жылғы  қарыздан басқа) конверсиясы болды. Барлық бұрыңғы зайым облигациясы 3:1 қатынасында айырбастырылды.

1947 жылы ақша реформасы ақша жүйесінің түбірлі төңкерілісін білдірген жоқ. оның өткізілгенінен кейін реформаға дейінгі өмір сүрген барлық ақша аударылымының құрылымы қалды. Оның айырмашылығы, мемлекеттік банк битлеттері червонец емес, рубльде ғана шығарыла бастады.

Информация о работе қаржы және несие