қаржы және несие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 18:41, курс лекций

Краткое описание

Ақша – жалпыға бірдей балама (эквивалент) немесе басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар, оның көмегімен өндірушілер арасында тауар айырбасы жүреді. Ақша болу үшін өндірісі мен тауар айналымы болу керек, олар тауар мен ақшаны тығу байланыстырады.
Бұл процесті тереңірек ұғыну үшін құнның 4 формасын қарастырайық:
1.Құнның қарапайым, жеке немесе кездейсоқ формасы. Бір тауар басқа бір тауарда өз құнын айқындайды. Бұнда біріншісі активті роль ойнайды және салыстырмалы формада болады, ал екіншісі – пассивті роль ойнап, құнның балама формасында болады.
2.Құнның толық немесе кеңейтілген формасы. Бір тауардың құны шексіз көптеген басқа тауарларда көрініс ашады. Ондағы тауарлар бірінші тауардың құнын айқындайды.
3.Құнның ортақ (жалпыға бірдей) формасы. Онда көптеген шексіз тауар құны бір тауар құнында айқындалады, яғни жалпы эквиваленттік форма кез келген тауарда көрінеді.
4.Құнның ақшалай формасы. Бұл кезде алтынға тауар әлемінің құнының айқындауының монополиясы бекітіледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лек ДКБ.doc

— 349.50 Кб (Скачать документ)

Банктің күнделікті қызметіне басшылық ететін, банкінің жоғарғы лауазымды  тұлғасының қатарына; директор кенесінің  төрағасы, президент, қазынашы, бақылаушы, ревизор жатады.

 

7 Лекция жоспары

1. Коммерциялық банктердің пассивті  операциялары

2. Коммерциялық банктердің активті операциялары

 

1. Коммерциялық банктердің  пассивті операциялары

Банктердің пассивті операциялары – несие және басқа активті операцияларды жүргізу үшін қаржы ресурстарын тарату бойынша банктік операциялар қажетті.

Банктің пассивті операцияларына жататындар:

·         заңды және жеке тұлғалардың есеп айырысу және ағымдағы есеп шоттарының қаражаттарын қатыстыру;

·         азаматтардың, өнеркәсіп және ұйымдардың шұғыл есеп шоттарын ашу;

·         құнды қағаздарды шығару;

·         басқа банктерден алған қарыздар және басқалар.

Банк ресурстары меншік және қарызға  алу қаражаттарынан құралады.

Меншік ресурстарға  жататындар: акционерлік, қорлы капитал, бөлінбеген пайда.

Банктің меншік капиталы – оның активті операцияларының көлемін ұлғайту негізі.

Акционерлік капитал (немесе банктің жарғылық капиталы) – акция төлеміне түсетін (акционерлік банк), қаражаттар немесе үлестік жарна есеп шотына қалыптасады (үлестік банк).

Банктер ақша ресурстарының назарын  аудару тәсілдер ретінде акция эмиссиясын кеңінен қолданады. Коммерциялық банктер қарапайым акцияларды т.с.с. артықшылық берілген акцияларды жүргізеді.

Бантердің резервтік (қор) капиталының немесе резервті қорының көлемі акционерлердің жиналысында бекітілетін, пайдадан жыл сайынғы жіберілген есеп шоттан құралады. Бұл капитал құнды қағаздар курстарының түсуінен болған күтпеген шығындарға арналған. Оның ең аз көлемдері банктің заң шығару сәйкестігінде реттеледі.

Бөлінбеген пайда – бұл резервті қорға (капитал) дивиденттер мен бөлуден төленгеннен кейінгі қалған пайданың бөлігі. Оның ұлғаюы активтердің кейбір түрлеріне (ссудалар немесе инвестициялар) банктік кірістерді инвестициялау жолымен жинақтау пайдасына байланысты құрайды.

Банктік ресурстар құрылымында  қарыз алу немесе тартылған қаражаттар басым орын алады. Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттар оларды шоғырландыру тәсілі бойынша депозиттер мен басқа да тартылған қаражаттарға бөледі.

Коммерциялық банктердің негізгі  тартылған қаражаттардың бөлігін – депозиттер құрайды. Әлемдік банктік тәжірибеде банктердің депозит операцияларында пассивті операциялардың негізгі түрлері болып саналады. Шын мәнінде олар коммерциялық банк қызметінің мазмұнын несие ресурстарының еркін нарығында ресурстарға иелік етудегі делдал ретінде алып береді.

Депозит – ерте ескертілген жағдайлардың келуі бойынша олардың атынан қайтарып беруге енгізіліп жатқызған және банктерге сақтауға араластырған құнды қағаздар салымдары немесе ақша қаражаттары (акциялар, облигациялар). 

Халықаралық банктік тәжірибеде келесі депозиттерді жүйелеу қабылданды:

·         талап етуге дейінгі депозиттер;

·         шұғыл депозиттер;

·         тұрғын халықтардың жинақ салымдары;

·         құнды қағаздар үшін салынатын салымдар.

Талап етуге дейінгі  депозиттер – бұл қайтарып беру мерзіміне шек қойылмаған, яғни, бірінші талап бойынша қайтарылатын, шұғыл емес депозиттер.

Шұғыл депозиттер – бұл шектеулі уақыт ағымында, олардың ашылу кезінде бекітілген, банктік есеп шоттарда сақтаулы ақша қаражаттары.

Жинақ салымдары – бұл жинақ кітапшаларын салымшыға жазып берудегі жеке тұлғалардың салымдары. Жинақ салымдары белгіленген мерзімге ие болмайды және онымен пайыздық ставка еркін жүреді.  

Құнды қағаздар үшін салынатын  салымдарға жататындар – дипозиттік сертификаттар, банктік векселдер, валюталық векселдер.

2. Коммерциялық банктердің  активті операциялары

Активті операциялар – бұл сол  арқылы пайда алу және өтімділікті ұстап тұру үшін олардың иелігіндегі ресурстарды банктер арқылы орналастыратын операциялар.

Экономикалық мазмұны бойынша  коммерциялық банктердің активті операциялары төмендегідей бөлінеді:

·            ссудалық (есептік-ссудалық);

·            есеп айырысушылық;

·            кассалық;

·            инвестициялық және қорлы;

·            комиссиондық.

Ссудалық операциялар – шұғыл, қайтымдылық және ақылылық жағдайларда қарыз берушілерге қаржыларды беру бойынша жасалған операциялар.

Ссудалық операциялар векселдерді  сатып алумен, яғни, векселдерді  кепілге қабылдаумен байланысты жасалған есептік (есептік-ссудалық операциялар) операциялар.

Бұл операция жекелеген активті операцияларда, банк қызметтерінің маңызды саласына жатқызылады. Соның арқасында банктер несие институттарына енгізіледі.

Өздерінің клиенттеріне ссудалар бере отырып, салымшылардан ақша қаржыларын қабылдап, қарыз алушыларға оларды бере отырып, банктер қаржы делдалдарының рөлін орындайды. Банктердің бұл операциялары мен қызметтеріне байланысты барлық несие қатынасының қатысушылары ұтады (салымшылар, қарыз алушылар және банк), әрбір өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Есеп айырысу операциялары – клиенттердің есебінен қаражаттарды есепке қосу және есептен шығару операциялары. Коммерциялық банктер орталық банктермен бекітілген ереже, форма және стандарттар бойынша есеп айырысулар жасайды. Халықаралық есеп айырысуларды орындау кезінде – федералдық заңдармен және ережелермен белгіленген халықаралық банк тәжірибесінде қабылданған тәртіпте жүргізіледі.

Кассалық операциялар – қол ақша қаражаттарын қабылдап алу мен беру ретінде жүргізілетін операциялар.

Инвестициялық және қорлы – бұл құнды қағаздар бойынша жүргізілетін операциялар.

Комиссиондық немесе оларды дәстүрлі емес операциялар деп атайды, оларға жататындар:

·         лизингті операциялар;

·         факторингтік операциялар;

·         трасталық операциялар.

Лизингтік операция бойынша заттарды ұзақ уақытқа жалға беру түсініледі (мекемелер, машиналар, ұшақтар, компьютерлер және сол сияқты).

Лизингтік мәміледе өзара қатынастары  келісім бойынша ресімделетін үш субъект қатысады: бірінші субъект – бұл меншік иесі (лизинг беруші), екінші – мүлік қолданушы (лизинг алушы), үшінші – мүлік сатушы (жеткізуші).

Олардың өзара қатынастары келесі схема бойынша түзіледі: болашақтағы  лизинг алушы келісімде, оның қатысуы туралы өтінішпен, қажетті қаражаттарға ие лизинг берушімен байланыс жасайды, яғни, ол төлем шарттары негізінде жалға беруге лизинг алушыға оның келесі аударуымен жеткізушіден (мүлік сатушысынан) лизинг алушы үшін қажетті мүліктерді, сатып алуы қажет. Коммерциялық банктер мұндай келісімде меншік иесі ретінде қатысады, яғни олар мүлікті меншікке алып, лизингті лизинг алушыға аударады, сондай-ақ, оған қаржылай қызмет көрсетеді.  

Лизингтің келесі түрлері ажыратылады:

·         рентинг – қысқа мерзімге кіріс мүлігін кепілдікке,  жалға-машиналар, жабдықтар, мекемелер мен құрылыстарды беру;

·         хайринг – орта мерзім кезеңіне берілетін, жалға берушіге меншік құқын тауарға берместен экспортты несиеге беру формаларының бірі;

·         лизинг – жалгердің жалға алынатын мүліктерін содан кейін сатып алу арқылы табыс келтіретін мүлікті ұзақ мерзімге пайдалануға өткізу.

Факторинг – факторигтік компаниялардың немесе банктің барлық залалдары арқылы тауарлар мен қызметтер үшін жабдықтаушылар алдында туындайтын төленбеген борыштық талаптарға, клиенттерге төленбеген қарыздық талаптарға (есеп құжаттарымен және векселдер) қайта жол ашу.

Факторигтің мәнінің қызметі үшін пайызды алу арқылы өз клиенттерінен төлем құжаттарын (олардың дебиторлық қарыздарын) банктер сатып алады. Берілген пайыз бен қарыздардың сатып алынған сомасы көрсетілгендегі, мұндай мәміле келісім арқылы ресімделеді. Бұл пайыз қызмет үшін ақылай банкке берілетін, шаруашылық ұйымға дебиторлық қарыздардың сомасының жартысын көрсетеді.

Факторингті операциялар Америкалар мен Батыс Еуропа елдерінде жеткілікті, кең жүзеге асырылады. Негізінен олармен арнайы факторингтік компаниялар жұмыс жасайды.

Факторинг операциясында үш қатысушы: алғашқы кездегі несие беруші (фактор клиенті) және қарызгер төлемді мерзінен ұзарту мен тауарларды клиенттерден алатын фактор. Басқа сөзбен, аталмыш операцияларға қатысушылары арқылы жеткізуші, факторингтік бірлестіктер енеді. Жеткізуші есеп құжаттарының 80% құнын жеткізушіге көрсетілген қызметке жұмсайтын төлемдер шығарып тастау арқылы бірден төлейтін, факторингтік операциялармен айналысатын өзінің айналысушы факторингтік компаниялармен банктерге өзінің борыштық талаптарын сатады.

Қалған құн бөліктері қарызгерлермен төлемнің көбейтіндісінен кейін төленетін болады.Коммерциялық банктер өзінің жеке және корпоротивтік клиенттері үшін бұл рөлде түрлі операциялар орындалады және өзіне сенімді өкілдер қызметтерін алады. «Траст» «сенімді» білдіреді.

Капиталдың иегері (жеке және заңды  тұлға), ол транстаны құрушы, өзінің капиталын оның мүддесі үшін басқаруға басқа тұлғаға сенім білдіреді, яғни, трасталық операциялар түрінде мүліктерді және капиталдарды басқару бойынша банктердің немесе қаржы-институттарының операциялары, сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғасының құқықтары негізінде клиенттің мүддесіне және тапсыруы бойынша басқа қызметтерді орындау түсіндіріледі.

Траст құрушы мен сенімді өкіл арасындағы мәміле сенім білдірілген (трасталық) келісім деп аталады. Сондай-ақ, сенім өкілі (банк) құнды қағаздар мен ақша қаражаттар мүліктерімен бөлуші болып қатысады және лайықты құқықтарға иеленеді. Сенім өкілі мүлікке сенім арттырушының өзі немесе үшінші өкілі болуы мүмкін, бенефициар пайдасына олармен басқаруды міндеттейді.

Коммерциялық банктер қосымша  кіріс алу, корпорациялардың, фирмалардың үстінен басқару мен олардың ақша қаражаттарын және ірі клиентуралармен байланысын ұзарту мақсатында трастымен жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

8 Лекция жоспары

1. Банктің тәжірибесінің тәуекелдерінің  жіктеуі

2. Банк тәуекелдерді хеджирлеу  әдістері

 

1. Банктің тәжірибесінің  тәуекелдерінің жіктеуі

Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруашылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік нысандарының түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.

Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл – ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал-ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.

Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықтық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.

Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық операцияларының  өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әрқашанда ақша ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысыраптар  қауіпі қаржы тәуекелдерін білдіреді.

Тәуекел – бұл табысқа жете алмаған  жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың белгісіздік  жағдайын көрсететін кез келген өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып саналады.

Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пайда болуы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстық операциялардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру сияқты қажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Сондықтан, біріншіден, кез келген өндіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады және бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі төменін таңдайды, екіншіден, іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.

Тәуекел – бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:

Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.

Сәтті бастау негізінде үміт ете  отырып жасалатын қызмет.

Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қателік жасау немесе табысқа жету сияқты әртүрліше түсіндіріледі.

Теорияға сәйкес, тәуекелге мыналар тән болып саналады:

·         белгісіздік;

·         баламалықты таңдаудың қажеттілігі;

Информация о работе қаржы және несие