ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 06:21, курсовая работа

Краткое описание

- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом Word.docx

— 141.34 Кб (Скачать документ)

     Қосылған  құн салығын төлеу жасалатын  мәміленің сипатымен анықталып, саық салушының қаржылық жағдайын  есепке алмайды. Тауарлар бағасына  тәуелсіз түрде қолданылатын  салық ставкасы барлығына бірдей. Салық салу объектісі болып  тауарлар мен қызметтердің сату  бағасы табылады.

     Сондай-ақ, бөлшек сауда бағасы мен қосылған  құн салығынан басқа да алымдар  мен баждар жатқызылады. Шикізат пен жартылай фабрикаттарды қоюшылардың төлеген салық мөлшері жалпы сомадан шегеріледі.

     1988 жылы Францияда қосылған  құн  салығы бойынша 4 ставка әрекет  етті:

     5,5% — бірінші қажеттілікті тауарлар мен қызмет көрсетулер (ішімдік пен шоколадты қоспағанда азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек, көлік);

     7,0% — мәдени қолданыстағы тауарларға қысқартылған ставка;

     18,6% — барлық тауарлар мен қызметтерге қалыпты тавка;

     33,33% — машина, ішімдік және темекіге шекті ставка.

     Қосылған  құн салығы европалық салыққа  айналады. 1977 жылы қосылған құн  салығы ставкасына сәйкес ЕЕО  мүше-елдер бір-бріне жақын болу  үшін қосылған құн салығына  Еуропалық директив қабылдады. Францияда  қосылған құн салығы бойынша  ең жоғарғы ставка болғандықтан, олардың орташа еуропалық деңгейге  төмендеу тенденциясы байқалды. Сонымен, 1989 жылы келесідей 3 ставка  әрекет етті: 5,5%, 18,6%, 54,8%. Кейін ЕЕО шеңберінде екі: 18,6% — қалыпты және 5,5% — төмендетілген ставкалар әрекет етуде.

     Франция  заңдарында қосылған құн салығынан  екі салықтық — мүлдем және мүмкіндікті босатулар қарастырылған.

     Қосылған  құн салығынан мүлдем босатуға  сатып алу және сату кезінде  әртүрлі ставкалар нәтижесінде  экспорт пен импорт бойынша  қосылған құн салығы компенсацияға  жатқызды.

     Сондай-ақ, қызметтің 3 түрі салықтан босатылады:

  • Дәрігерлік көмек;
  • Бастауыш, орта, жоғары және кәсіби білім беру;
  • қоғамдық және қайрымдылық сипаттағы қызметтер.

     Сонымен  қатар, сақтандырудың барлық түрлері, казино, лотереялар босатылады.

     Қосылған  құн салығынан мүмкін болатын  босатулар қарастырылған қызмет  түрлері де бар, яғни салық  төлеушілердің қосылған құн салығын  немесе табыс салығын төлеу  үшін таңдауға құқығы ұсыналады.

     Осындай  қызметтер түрлеріне келесілер  жатқызылады:

  • экономикалық қызметтің кез-келген түрлері үшін ғимараттарды жалға беру;
  • қаржылық және банктік іс;
  • әдебиет, спорт, артистік қызметтер, миниципалдық шаруашылық.

     Өзінің  кәсіпорындарында қосылған құн  салығы бойынша есеп айырысу  жасалады. Бухгалтерлік есептік  оңайтылған схемасы қолданылатын  ұсақ кәсіпорындар үшін қосылған  құн салығы салық қызметтері  есептейді.

     Ұсақ  кәсіпорындар  (тауар айналымы 3 млн. франк немесе қызмет көрсетуі 0,9 млн. франк) жыл ішінде декларация  толтыру мүмкіншілігін иеленеді. Тауар айналымы 500 мың франк немесе  қызметі 150 мың франк ұсақ кәсіпорындар  декларацияны жылына бір рет  толтырады.

     Ауыл  шаруашылығында қосылған құн  салығы бойынша оңайтылған нысаны  мен төлем схемасы қолданылады. Декларация жылына бір рет  толтырылады, жылдың қортындысы  бойынша  алдағы жылдағы қосылған  құн салығынан 1/5 мөлшерінде тоқсан  сайын қайта есептеумен төленеді.

     Францияда 3 млн. жуық қосылған құн салығының  төлеушілері бар. Әдетте декларация  негізінде ай сайын қосылған  құн салығы бюджетке енгізіледі. Кәсіпорындар салық орталықтарына  декларация мен бірге салықты  төлеген чекті ұсынады. Тауар  айналымының көлеміне байланысты  қосылған құн салығын төлеудің  тоқсандық және жылдық мерзімдері  қолданылады.

     Тауарлар  экспорты жағдайында кәсіпорындарға  қосылған құн салығы бойынша  компенсация ай сайын жасалынады. Ал қалған  түрлеріне (мысалы, фермер  тракторды 18,6% ҚҚС-пен сатып алса, ауыл шаруашылығы өнімдері 5,5%-пен өткізілген) компенсация тоқсан сайын жүзеге асырылады. Әкімшілік жыл сайын 65 млрд. франк шамаға жуық сомаға немесе жалпы салық сомасынан 12% компенсация жасайды.

     Қосылған  құн салығын төлеуге бақылау  ай сайын жүргізіледі. Егер де  қандай да бір себептен қосылған  құн салығын төлеуші декларацияны  ұсынбаса, онда ЭЕМ автоматты  түрде салықты төлеу мерзімі  өткендігі туралы ескерту береді.

     Францияда  салық қызметінің 10 мыңдай адамы  қосылған құн салығын есептеу  мен жинаумен айналысады.

     ҚҚС  бойынша жеңілдіктер аз және  негізінен ұсақ кәсіпорындарға  беріледі.

     Егер  кәсіпорындарының тауар айналымы 300 мың франктан аз болса, онда  ҚҚС төленбейді. Осындай жағжайда  есептеу жолымен кәсіпорын бюджетке  тұрақты соманы төлейді. Осындай  ереже қолданылады, өйткені бұл  кәсіпорындар қосылған құн салығы  есепетуге қажетті деңгейдегі  көлемде бухгалтерлік есеп жүргізбейді.

     Егер  ҚҚС 1350 франктан аз болса, онда  кәсіпорындар оны төлеуден босатылады. 3 млн. қосылған құн салығы төлеушілерден  ондай кәсіпорындар саны 54 мың.

     Қосылған  құн салығығың сомасы 1350 франктан  жоғары, бірақ 5400 мыңнан кем емес  кәсіпорындар жеңілдікті иеленеді.  Сондай-ақ егер қосылған құн  салығы 20 мың франктан кем болса, онда ұсақ өнеркәсіпшілерге де  жеңілдік ұсынылады.

     Инвестицияға  бағытталған қосылған құн салығы  сомасынан жасалатын шегерімдерге  қосылған, инвестиция жасайтын кәсіпорындар  ҚҚС бойынша  жеңілдікті иеленеді.

     Әдетте, қосылған салығы бағалау оң  нәтижелелі және тұтыну салықтарының  ішіндегі табыстысы. Жақсы қасиеттерінің  бірі кәсіпорындарға қатынасының  бейтараптылығы, сондай-ақ қаражаттардың  бюджетке түсуінің нақтылығы  мен тұрақтылығы. Өнімді экспорттауға  қолайлы жағдай жасалған.

     Қазіргі  ауқытта әлемнің 40-тан астам елі, оның ішінде еуропалық елдердің  көпшілігінде қосылған құн салығықолданылады. ҚҚС-тық осындай дамуы оның  ставкасы санының қысқаруы мен  есептеу әдісінің жетілдіріулуімен  түсіндіріледі. ҚҚС жерлердің бюджетіне  түсетін ГФР-нан ерекшелігі, Францияда  ҚҚС орталық бюджетке толығымен  түседі. Сонымен қатар, жергілікті  билік органдары мемлекеттен  қосылған құн салығы есебінен  дотация алады. қосылған құн салығының  бөлігі — 1,4% ЕЭА қажеттілігіне жұмсалады.

     Францияда  қосылған құн салығы, өзімен тұтыну  салығын ұсынатын бірқатар жанама  баждармен толықтырылады. Олардың  кейбірі мемлекет пайдасына алынатын  болса, басқалары жергілікті басқару  органдары бюджетіне аударылады.

     Қосымша  салық салынатын тауарлар, оның  ішінде бірінші кезекте ішімдік  сусындары, темекі бұйымдары, сіріңке, от тұтағыш, қымбат металдардан  жасалған бұйымдар, қант және  кондитерлік өнімдер, сыра мен  минералды су, автокөліктердің кейбір  түрлері, ұшқыш аппараттар. Қосылған  құн салығынан басқа, жанама салықтар  электр қуатына, теледидар жарнамасына  салынады. Туристік немесе табиғи  қайнар көздерге жақын орналасқан  аудандарда жергілікті органдар  туристік алымды енгізіледі.

     Тұтынуға  салынатын салыққа кедендік бажды  да жатқызуға болады. кедендік  юаждақ негізгі мақсаты табыс  алу емес, ішкі нарықты, сондай-ақ  ұлттық өнеркәсіп пен ауыл  шарушылығын қорғау. Кедендік баж  мелекеттің экономикалық саясаттыңаспабы  ретінде қатысады. Олар импортталатын  тауарлар ішкі нарықтағы ұқсас  тауарлардың бағасын теңдестіру  керек.

     Әдетте, кедендік баж тауарлардың бағасынан  алынады. Кейбір жағдайда, ерекше  критерийлер — салмағы, ауданы қолданылады. Осындай кедендік түрлері сусындарға, темекі бұйымдарына, кинофильмдерге қолданылады. Францияның салық жүйесі негізінен тұтынуға салық салуға бағытталғандықтан, қосылған құн салығының үлес салмағы 41%-ті құрайды. Қосылған құн салығын төлеген кезде жасалған операцияларының сипатымен анықталып, салық төлеушінің қаржылық жағдайы есепке алынбайды. Салық жүйесінде тауардың түріне байланысты әрекет ететін бірнеше салық ставкаларының бар болуы, қазақстандық салық жүйесінің ерекшеленеді.Қазақстандық жанама салық салу жүйесінде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

     Ұлыбританияда  жанама салықтарға қосылған құн  салығы, кедендік баж, акциздер, гербтік  алымдар жатқызылады. Баждар мен  акциздер басқармасының жетекшілігіне жанама салық салудың барлық жүйесі берілген (гербтік алымнан басқасы).

     Жанама  салықтар құрылымында қосылған  құн салығы — 39%, кедендік баж — 35%, мұнай өнімдеріне акциз — 13%, темекіге — 6,6%. Ішімдікке акциз — 5,1%, ойындық бизнеске салық — 1,1%, басқа табыстар — 0,2% құрайды.

     Бұл  салық түрі 1973 жылы 1 көкекте енгізілді. Осы жылы ЕЕО-на мүшелікке енді. Англия, Солтүстік Ирландия, Шотландия  және Уэльс, Мэн аралы аумақтарына  таратылды.

     17,5% мөлшердегі қосылған құн салығы бөлшек сауда кезінде тауарлар мен қызметтердің көпшілігіне салық салынады. Жоғарыда көрсетілгендей, тауардың әрбір кезеңінде өндіру мен өткізуде қосылған құннан алынады. Қосылған құн еңбекақыны, амортизациялық аударымды, несиеге пайызды, пайданы, электр қуатына, жарнамаға, көлік және тағы басқа шығындарды қосады. Қосылған құн салығының сомасы сатылған тауарлардың құнына қосылады. Компаниялар әрбір тоқсан сайын өздерінің тауарларын сатқанда салықтың қандай сомасын алғанын және шикізатты, жартылай фабрикатты сатып алу кезінде осы салықтың қанша сомасын нақты төлегендерін есептейді. Егерде осы сомалардың балансы олардың пайдасына болса, онда осы шама ішкі табыстар басқармасына төленеді. Егерде баланс оларыдың пайдасына болмаса, онда басқарма сатып алу—сату кезінде жоғалтқан соманы төлейді. Еуропа елдері сыртқа тауарлар мен қызметтер экспорталған кезде салық қайтарылады.

     Елеулі  табыстарды мұнай өнімдеріне, ішімлік  және темекіден акциздер, кедендік  баж, ойын бизнесінен салық — 8%, жарыстардан алымдар (аттар бәйгесі, иттер жарысы). Акциздік алымдар 10% және 30% аралығында тербеліп тұрады.

     Ұлыбританияның  салық жүйесі айырықша белгісі  болып мемлекттік бюджеттің негізгі  табыстарын бірдей үлесте жанама  салықтардың ішінде қосылған  құн салығы мен кедендік баж  алатындығы табылады. Шағын бизнеске  салық салу кезінде азайтылған  ставка қолданады.

     1988 жылдан бастап Италияда жанама  салықтар мемлекеттікбюджет табыстарын  шоғырланудың басым нысаны болып  табылады.

     Италияда  қосылған құн салығы 1 қаңтар 1973 жылы  Еуропалық экономикалық одақтасушы-елдер  өздерінің қаржылық жүйелерін  жақындату бойынша қабылданған  шешімін жүзеге асыру тәртібімен  енгізілді, 3 жылдан кейін бұл  басқа да елдерге қолданылды. Қосылған құн салығы бұрын  болған айналымға салық пен 20-дан  астам акциздерді ауыстырып, жанама  салық алуды біршама жеңілдетті. Қазіргі уақытта бұл салық  жанама салықтардың жалпы сомасынан 67%-ті құрайды.

     Қосылған  құн слаығы басым көпшілігі  соңғы тұтынушыға бағытталған  тауарлар мен қызмет сатып  алушылардан алынады. Осы кезде  тауар бағасына қосылатын салық  сомасы оның нарықтық бағасы  мен берілген салық ставкасымен  анықталады. Бұйымның салықты қосқандағы  жалпы құнын сатып алушы төлейді. Сондай-ақ, кәсіпорындардың бюджетке  төлейтін салығы тауардың бағасына қосылған салық, материалдар мен құрамдас бөлшектерді қойғаны үшін дайындаушылар өтеген салық арасындағы айырманы ұсынады. Сонымен, өңдеудің сәйкесінше стадиясында қосылған құнға пропорционалды есептелінеді.

     Қосымша  құн салығының аралық төлеушілері  болып өнекәсіпшілер, саудагерлер, қол өнершілер, сондай-ақ әртүрлі  ұйымдар, оның ішінде қоғамға, оларың  қалыпты қызмет етуі барысында  тауарлар мен қызметтерді ұсынатын  мемлекеттік ұйымдар да табылады. Әрбір кезеңінің заңдық шегі  сатып алу — стау актісі, яғни меншік иесінің өзгеруімен анықталады. Бірақ, заң осындай айырбас болмайтын мәселелерді, мысалы ренталық және лизингтік операцияларды салықтан босатпайды.

     Қосылған  құн салығы алынбайтын жағдайлар  ұлттық табыстың өсуіне әкелмейтін, тек оларды қайта бөлуді ұсынатын  операцияларға қатысты қолданылады. Оларға әрекеттенуші компаниялардың  акцияларын, облигацияларын, жерін  алу-сату, несие ұсыну, кәсіпорындарды  қосу мәмілелері және басқалар  жатқызылады. Қосымша құн салығынан  тауарлар мен қызметтер экспорты  босатылған (сәйкесінше импортқа  салық салынады). Бірақ олар салықтың  нөлдік ставкасы қолдалынатын  ерекше операциялар түрі ретінде  заңды тіркелген. Нәтижесінде экспорттаушылар  салық органдарында өз операцияларын  жүргізу барысында құжаттық тіркеуден  босатылмайды.

Информация о работе ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі