ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі
Курсовая работа, 31 Мая 2012, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Диплом Word.docx
— 141.34 Кб (Скачать документ)- құжаттың аты, нысанының коды;
- құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы, жылы);
- Құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
- шаруашылық операциясының мазмұны;
- шаруашылық операцияның өлшемі;
- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні, қолдарының үлгілері;
«СЕРТ»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құжаттарының нысандары: шаруашылықтың өнімі мен қызметі, еңбек және еңбекақы, негізгі құралдар менматериалдық емес активтер, материалдар, капиталдық жұмыстағы құрылыс, құрылыс машиналары, автокөліктегі жұмыстар, түгендеу нәтижелері, кассалық және банк операциялары т.с.с.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды. Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизацияны есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Сонымен қатар есепті жүргізіп қана қоймай, оның тиімділігін қатаң талап етіп, әділ бағасын беретін және де кеңес беріп, нұсқау көрсететін бухгалтерлік есептің дұрыстылығын қадағалайтын аудит болып табылады. «СЕРТ»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебі аудиттің зерттеу объектісі болып саналса, аудит – бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді және оны талдаудыңда ерекшелігі зор көмек береді. «СЕРТ»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық қызметін талдау келесідей бірқатар шешімдер қабылдауға үлкен үлесін қосады:
- тауарды шығарудағы түпкі мақсатпен маркетинг стратегиясының шаруашылық мақсатына сай келетінін анықтау үшін стаудың, шығындардың және пайданың межелеген бақылау көрсеткіштерін талдау;
- өндіру мен өткізімге жұмсалған қаражатты үнемдеу мүмкіндігін анықтап, талдайды;
- кәсіпорынды салуға немесе белгілі бір тауарды өндіру немесе қызметті көрсету жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға ресурстар жұмсау керек пе және қанша мөлшерде жұмсау керек деген мәселені шешу кезінде шығын мен пайданы салыстырудағы қызметі;
- қандай шығындардың неғұрлым тиімді екенін, қандай өзгерістер еңгізу керек екенін анықтауға мүмкіндік береді;
- қажетті факторларды анықтауға, құндық пайдалылығын талдау үшін
- жалпы табыс жинақтық шығынға тең болатын істің жай-күйін анықтау үшін;
- жалпы экономикалық факторларды анықтау үшін және күтіліп отырған көрсеткіштермен салыстырмалы талдау жасауға және т.с.с.
Кәсіпорынның өз міндеттемелері
бойынша есептеу мүмкіндігі
- Пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
- Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
- Құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
- Әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның еркіне бағынышты емес.
Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен
үздіксіз байланысқан
Кәсіпорынның өндірілетін өнім
және өндіріс технологиясымен
тығыз байланысқан қаржылық
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі,
маңызды факторларының бірі –
бұл қаржылық ресурстарының
Кәсіпорынның қаржылық
Кәсіпорынның қаржылық
· Кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
· Шығарылатын өнімнің (жұмыс,қызмет) құрылымы және оның жалпы
· төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
· Төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
· Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
· Қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
· Кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық
жүргізудің экономикалық
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық
жағдайын қалыптастыруда оның
өз контрагенттерімен (салық
Қаржылық жағдай кәсіпорынның
бәсекелестік қабілетін және
оның іскерлік қарым –
Нарықтық экономика
- Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгірісі;
- Активтермен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- Қаржы – есептік және несие еражесін сақтау;
- Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі.
Қаржылық жағдайды талдау
Қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылығына мыналар жатады:
- кәсіпорынның активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынынң төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасыу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау
«СЕРТ»жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясаты келесідей нышанда жүргізіледі:
Есеп
саясатының әдістемелік жағына мына
элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді
бағалау әдістері, мүліктің әрбір
түрлері бойынша амортизация
есептеу әдістері, табысты есептеу
әдістері және тағы сол сияқты. Кәсіпорынның
есеп саясатына еңгізілген өзгертулер
осы ұйымның басқару
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйке;
- Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан
- Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да басқа.
Қорыта
келгенде «СЕРТ»жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің тиімді қызмет етуіне
жалғыз бухгалтерлік есеп қана еместігін
көре аламыз.
2.2.«СЕРТ» ЖШС-де ҚҚС
бойынша шегерімдер және есептеулер есебі
«СЕРТ» ЖШС-гі ҚҚС төлеуші болып табылады және есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланады. Серіктестіктің бухгалтері есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын анықтау кезінде салық салынатын айналымның жалпы айналымдағы үлес салмағын қолданады.
Салық кодексінің 56-бабының 5-тармағына сәйкес салықтық есепке алу саясаты салық төлеуші (салық агенті) қабылдаған, Салық кодексінің талаптарын сақтай отырып салықтық есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейтін құжат. Салық кодексінің 60-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес салықтық есепке алу саясатында корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатына орай шығыстарды шегерімге жатқызудың, сондай-ақ қосылған құн салығын есепке жатқызудың Салық кодексінде көзделген, салық төлеуші таңдап алған әдістері туралы ереже белгіленуге тиіс. Салық кодексінің 262-бабында ҚҚС-ын бөлек есептеу әдісін қолдану тәртібі айқындалған. Сонымен қатар, Салық кодексінің 262-бабының 1-тармағына сәйкес, белек есептеу әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезінде, қосылған құн салығный төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшін алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргізеді. Бұл ретте салық салынатын айналымдардың мақсаты үшін ғана пайдаланы латын тауарлар, жұмыстар, керсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС-ның сомасы есепке жатқызылады.
Есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланатын қосылған қүн салығын төлеушілердің бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы бөлігінде барабарлық әдісті қолдануға қүқығы бар. Осы жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталатын ҚҚС-ы сомалары Салық кодексінің 258-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес табыс алуға бағытталған тіркелген активтер, тауар-материалдық қорлар, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша ҚҚС-ын есепке жатқызудың бөлек әдісі қолданылған кезде КТС бойынша шегерімдерге жатқызылады. Мысалы, дәрі-дәрмек құралдарын (салық салынбайтын айналым) және санаторий-курорт қызметтерін көрсетуге арналған материалдарды (салық салынатын айналым) сату- мен айналысатын компания есепті кезеңде жеткізу- шіден тауарлар сақтауға арналған үй-жай үшін 56 000 теңге сомаға (ҚҚС-сыз сома 50 000 + ҚҚС 12% 6 000) шот-фактураны есепке қабылдады. Салық салынбайтын айналымдар үшін пайдаланылатын ҚҚС-ын анықтау үшін ҚҚС-ын төлеуші салық есебінде салықтан босатылған айналымның үлес салмағын анықтайды және осы үлес салмаққа сәйкес