ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 06:21, курсовая работа

Краткое описание

- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом Word.docx

— 141.34 Кб (Скачать документ)

    Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы  өткізу пунктінде орналасқан еден органының белгісі соғылған тауардың ілеспе құжаттарының көшірмесі тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

    Магистралдық  құбыр жүйелерімен немесе электр берілісі желісімен экспорт режимінде  тауарлар әкетілген жағдайда тауардың ілеспе құжаттарының көшірмесінің орныныа  тауарларды қабылдап алу-өткізу актісі табыс етіледі.

      Көрсетілген құжаттар, сондай-ақ  экспорт режимінде Қазақстан  Республикасының кеден аумағынан  әкетілген тауарлардың импорты  елінде ресімделген кедендік  жүк декларациясының көшірмесі  Қазақстан Республикасымен шекаралас  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына  қатысушы мемлекеттерге тауарлар  экспортын растайтын құжат тар  болып табылады.

    Халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының  уәкілетті мемлекеттік органы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлар экспортын  растайтын өзге де тәртіп белгілеуі  мүмкін.

    Қазақстан Республикасының кеден аумағынан  тыс жерлерге бұдан бұрын кеден  аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимінде  әкетілген тауарларды немесе оларды ұқсату өнімдерін одан әрі экспорттау жүзеге асырылған жағдайда экспортты  растау осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттардың  негізінде жүргізіледі: ұқсату режимі экспорт режиміне өзгертілетін кедендік жүк декларациясы; тауарларды кеден  аумағынан тыс ұқсату режиммен ресімделген  кедендік жүк декларациясы; тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезінде  оларды кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден бақылауымен ұқсату) режимінен  ресімделген, осындай ресімдеуді жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендік жүк декларациясының көшірмесі; тауарларды немесе олардың ұқсатылған өнімдерін өңдеген мемлекеттің  аумағынан әкету кезінде экспорт  режимінде ресімделген және осындай  ресімдеуді жүзеге асырған кеден  органы куәландырған кедендік жүк декларациясының  көшірмесі.

    Халықаралық тасымалдарға байланысты орындалатын  жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге  нөлдік ставка бойынша қосылған құн  салығы салынады. Халықаралық тасымалдарға байланысты жүзеге асырылатын жұмыстарға, қызмет көрсетулерге осы баптың мақсаттары үшін мыналар жатады:

    Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын тауарларды тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта  тиеу, жөнелту жөніндегі жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының аумағы бойынша  транзит арқылы жіберілетін тауарлар;

    Қазақстан Республикасының шегінен тыс  жерлерге поштаны, жолаушыларды, жүкті  тасымалдауға байланысты жұмыстар, қызмет көрсетулер; халықаралық рейстерге  техникалық, коммерциялық,  аэронавигациялық, әуежайлық қызмет көрсету.

    Жұмыстар  орындалған, қызметтер көрсетілген  жағдайда мынадай шарттар сақталса: экспортталатын тауарларды берушілермен тікелей жасалған қызметтер көрсетуге, жұмыстарды орындауға  арналған шарт (келісім-шарт) болса; тасымалдау - бірыңғай халықаралық тасымал құжаттарымен, ал тауарлар магистральдық құбыр  жүйесімен экспортқа шығарылған жағдайда экспортталатын тауарлардың  сатып алушыға не аталған тауарларды одан әрі сатып алушыға дейін  жеткізуді жүзеге асыратын басқа  тұлғаларға берілгенін растайтын құжаттар ресімделсе; транзиттік жүктер жағдайында - Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлардың транзит  режимінде ресімделген кедендік жүк декларациясы болса, нөлдік ставка қолданылады.

    Кодекс  бапның 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында  аталған жұмыстар ооындалған қызметтер  көрсетілген жағдайда мынадай шарттар  сақталса: аталған жұмыстардың, қызмет көрсетулердің алушысымен (тапсырыс берушісімен) тікелей жасалған жұмыстар орындауға, қызметтер көрсету арналған шарт (келісім-шарт) болса; бірыңғай халықаралық  тасымал құжаттарымен ресімделсе, нөлдік ставка қолданылады.

    Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді): пошта маркаларын (коллекциялық маркалардан  басқа); акциздік алым маркаларын (осы  Кодекстің 549-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есеп-бақылау  маркалары); уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік  баж алынатын қызметтерді; адвокаттық қызметті, нотариаттық іс-әрекеттерді  жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді; Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі өткізетін тауарлар (жұмыстар, қызметтерді); мемлекеттік  меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлікті;

    Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына  өтеусіз негізде негізгі құралдарды беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына  өтеусіз негізде негізгі құралдарды беруді; жарғылық капиталға жарналарды; жарғылық капиталға жарна ретінде  алынған мүлікті қайтарып алуды; жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін; оларды өткізу жөніндегі  қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді  өткізу бойынша айналымды; банк карталарымен операциялар бойынша  есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрсетулерді қоеа алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар; Кодекстің 226-233-баптарында көрсетілген өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

    Тұрғын  үй қорындағы ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) өткізу және (немесе) осындай  ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) жалға беру, оның ішінде қосалқы  жалга беру мыналарды: тұрғын үй қорының  салынған ғимаратын (ғимаратының бір  бөлігін) бірінші рет өткізуді; қонақүй  қызметін көрсету мақсатында пайдаланылатын ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) өткізуді немесе жалға беруді; қонақүйде  тұру бойынша қызмет көрсетуді қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

    Ғимаратқа құны бастапқы құнының кемінде 50 проценті болатын қайта жаңғырту (жөндеу) жасалып, егер осы ғимарат қайта  жаңғыртудан кейін тұрғын үй мақсатында пайдаланылатын болса, бұл ғимаратта  тұрғын үй қорының салынған ғимаратына жатады.

    Жер учаскесін иелену және пайдалану  құқығын беру және (немесе) жер учаскесін жалға, оның ішінде қосалқы жалға беру, жер учаскесін автомобильдерді, сондай-ақ өзге де көлік құралдарын қою немесе сақтау үшін беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

    Егер  қаржылық қызмет көрсетулер бойынша  айналымдар осы баптың 2-тармағында көзделсе, ол қызмет көрсетулер қосылған құн салығынан босатылады.

    Қосылған  құн салығынан босатылатын қаржылық қызмет көрсетулерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банк операцияларын жүргізуге берген лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын мынадай банк операциялары: депозиттерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың  банк шоттарын ашу және жүргізу; банктер  мен банк операцияларының жекелеген  түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу; осы тұлғаға тиесілі  тазартылған қымбат металдардың  нақты саны көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу; аударым операциялары: жеке және заңцы тұлғалардың ақшаны аудару жөніндегі тапсырмаларын  орындау; заем операциялары: ақшалай  нысанда кредиттер беру; факторингтік және форфейтингтік операциялар; жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмасымен  олардың банк шоттары бойынша  есеп айырысуын жүзеге асыру; сенімгерлік (траст) операциялары: сенім білдірушінің мүддесі үшін жәнетапсырмасы бойынша  ақшаны, тазартылған қымбат металдар мен бағалы қағаздарды басқару;

    клирингтік  операциялар: төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке алынуын  жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позицияларын айқындау;

    ломбард операциялары: депозиттелетін тез сатылатын  бағалы қағаздар мен жылжымалы мүліктің кепілі бойынша қысқа мерзімді кредиттер  беру; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау; ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктер беру; аккредитивті ашу (шығарып қою) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

    кассалық  операциялар: қабылдап алу, беру, қайта  санау, ұсақтау, айырбастау, сорттау, буып-түю; құжатсыз нысанда шығарылған бағалы қағаздарды сақтау; үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдікгерін және өзге де міндеттемелер  беру;

    бағалы  қағаздармен жасалатын операциялар, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес берілген лицензия негізінде бағалы қағаздар рыногындағы  қызметті жүзеге асыру жөніндегі  ұйымдардың қызметтері; 

    сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөнінде  сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерінің) қызмет көрсетуі;

    төлем арточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттік сертификаттармен жасалатын  операциялар; зейнетақы активтерін басқару жөнінде қызметтер көрсету; жинақаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту жөнінде  зейнетақы активтерінен алынған  инвестициялық абысты бөлу мен есептеу  жөнінде көрсететін қызметтері; кәсіпорынның арғылық капиталына қатысу үлесін өткізу.

    Мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг беруші алуға тиіс сыйақы сомасы бөлігінде  мынадай талаптар сақталған жағдайда: мұндай беру осы Кодекстің 74-бабында  белгіленген талаптарға сай келсе; лизинг алушы мүлікті негізгі  құрал ретінде алса, қосылған құн  салығынан босатылады.

    Кодекстің 120-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызметтерді көрсету бойынша айналымдар, егер олар: балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде қызмет көрсетумен; діни ұйымдардың әдет-ғұрыптар мен рәсімдерді жүзеге асыруына және діни қажеттілік заттарын өткізуіне байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.

    Геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру  жұмыстарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстары деп көмірсутекті және минералдық шикізат кен орындарын (кендерін) іздестіруді, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететін, өзара байланысты, белгілі бір сабақтастықта қолданылатын жұмыстардың жиынтығы ұғылады.

    Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы  қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай: шоу-бизнес саласындағы қызметтерді  қоспағанда, театр-концерт қызметін жүзеге асыру жөніндегі; мектепке дейінгі  тәрбиелеу мен оқыту; бастауыш, негізгі, орта, қосымша жалпы білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу  орындарынан кейінгі кәсіптік білім беру; қайта даярлау және біліктілігін арттыру салаларында қызметгің осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын білім беру; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына; кітапхана қызметін көрсету жөніндегі; тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау жөніндегі қызмет көрсетулерге, жұмыстарға жататын болса, қосылған құн салығынан босатылады.

    Медициналық және мал дәрігерлік қызмет көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша айналымдар: кез келген нысандағы дәрі-дәрмектік заттарды, сондай-ақ оларды өндіру үшін қажет  материалдар мен жинақтаушы заттарды өткізген; медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдарды, оның ішінде протездік-ортопедиялық бұйымдар мен медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда, сондай-ақ оларды өндіру үшін қажет материалдар мен  жинақтаушы заттарды өткізген; косметологиялық  қызметті қоспағанда, медициналық(мал  дәрігерлік) қызмет көрсетілген жағдайларда  қосылған құн салығынан босатылады. Баптың 1-тармағында аталған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі  бекітеді.

    Қосылған  құн салығын төлеушінің біреуі екінші бір қосылған құн салығын төлеушіге  кәсіпорынды немесе кәсіпорынның дербес жұмыс істептұрған белігін өткізуі: берілетін активтерін, оларды қалыптастыру көздерін және (немесе) олар бойынша  міндеттемелерді көрсете отырып, кәсіпорынның тарату балансы және (немесе) бөлу мен беру балансы негізінде; осы тармақта көзделген, айналым  жасалғаннан кейін он жұмыс күнінен  кешіктірмей тиісті салықоргандарына ұсынылған қосылған құн салығынан  босатуды қолдану жөніндегі операцияға қатысушылардың екеуі де қол қойған өтініш негізінде қосылған құн салығынан  босатылады. Баптың 1-тармағыныңережесі  жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт беретін құқықгарды қайтадан басқа біреуге берген жағдайда да қолданылады.

    Қосылған  құн салығынан мынадай тауарлардың  импорты босатылады: ұлттық валюта, шетел валютасы (нумизматикалық мақсатта пайдаланатыннан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар импорты; жеке тұлғалардың  Қазақстан Республикасының Үкіметі  бекіткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары  бойынша тауарлар импорты; акцизделетін тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген тәртіппен ізгілік  көмек ретінде әкелінген тауарлар импорты; акцизделетін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша  қайырымдылық мақсатында әкелінген  тауарлар импорты, оның ішіндетехникалықжәрдем көрсету;

    Шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ солармен біргетұратын олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдікгердің дипломатиялықжәне әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес салықган босатылған тауарлар импорты; салық төлеуден босатуды белгілейтін кеден режимдерінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті тауарлар импорты; дәрі - дәрмектік заттардың, оның ішінде субстанция - дәрілер; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда, дәрі-дәрмек және диабет заттарын өндіруге арналған  материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар импорты.

Информация о работе ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі