ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 06:21, курсовая работа

Краткое описание

- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом Word.docx

— 141.34 Кб (Скачать документ)

    Қосылған  құн салығын төлеушінің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) еткізу бойынша жасаған айналымы салық  салынатын айналым болып табылады, оған:

    Кодекске  сәйкес қосылған құн салығынан босатылған; өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.

    Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу орны осы Кодекстің 215- бабына сәйкес белгіленеді.

    Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын  төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жумыстар, қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстің 221-бабында  белгіленген тәртіппен алушының салық салынатын айналымына енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының кеден заңдарына  сәйкес декларациялануға тиісті, Қазақстан  Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар (осы Кодекстің 234-бабына сәйкес қосылған құн салығынан  босатылғандарын қоспағанда) салықсалынатын импорт болып табылады.

    Сенім білдірілген адамның сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарды  тиеп жөнелтуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі сенім білдірілген  адамның өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.

    Сенім білдірілген адамның сенім білдірушіге  орындаған (көрсеткен) жұмыстарына (қызметтеріне); Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып  табылмайтын резидент емес сенім  білдірушіден алынған тауарға қатысты  қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп жөнелту сенім білдірілген адамның өткізу бойынша айналымы болып табылады.

    Тауарды өткізу орны болып:

    егер  тауарды беруші, алушы немесе үшінші тұлға тасымалдайтын (жіберетін) болса, тауарды тасымалдау басталған орын; басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны танылады.

    Жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып: егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын  мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің орналасқан жері; егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтерді нақты  жүзеге асыратын орны;

    егер  қызметтер мәдениет, өнер, білім, денетәрбиесі немесе спорт саласындағы қызметтерге  қатысты болса, қызметтердің нақты  көрсетілетін орны; жұмыстарды, қызметтерді  сатып алушының кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызмет орны танылады. Осы тармақша мынадай жұмыстарға, қызметтерге:  санаткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық  беру жөніндегі;  консультациялық, аудиторлық, инжинирингтік, заңдық, бухгалтерлік, адвокаттық, жарнамалық қызмет  көрсетулерге, сондай-ақ  ақпаратты өңдеу жөніндегі  қызмет көрсетулерге;  қызметкерлерді беру жөніндегі;  жылжымалы мүлікті (көлік ұйымдарының көлік құралдарынан басқа) жалға беру жөніндегі қызметке;

    тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып  алу жөніндегі, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтерді жүзеге асыру  үшін шартқа (келісім-шартқа) негізгі  қатысушының атынан тұлға тартатын агенттің қызметтеріне; байланыс қызметіне;  туризмді ұйымдастыру жөніндегі  қызметтерге қатысты қолданылады;  тармақшаларында көзделмеген жұмыстар, қызмет көрсетулер болған жағдайда жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететін) тұлғаның кәсіпкерлік немесе кез  келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны танылады.

    Егер  тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу басқа негізгі тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, негізгі тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткізілген жер осындай  көмекші өткізу орны болып танылады.

    Баптың 2-тармағы 4) тармақшасының мақсаты  үшін, егер жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының кәсіпкерлік немесе кез  келген басқа да қызмет орны біреуден артық болса, осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылатын орын олар өткізілген орын болып есептеледі.

    Баптың 2-тармағын қолдану кезінде бірнеше  тармақшада аталған жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететін жер  осы тармақшалардың реті бойынша  бірінші болып белгіленеді.

    Егер  осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, тауарды тиеп жөнелту күні тауар  өткізу бойынша айналым жасау  күні болып табылады.

    Егер  тауарды тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған  жағдайда, онда алушыға тауар меншігінің құқығы берілген  күн өткізу бойынша  айналым жасау күні болып табылады.

    Кепіл беруші кепіл ұстаушыға кепілге  салынған мүлікті (тауарды) берген кезде  кепіл ұстаушы бұл мүлікті (тауарды) өндіріп алған күн кепіл беруші үшін өткізу боиынша айналым жасау  күні болып табылады.

    211-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында аталған  жағдаиларда тауар пайдалану  кезіндетауарды осындай пайдалануға  берген күн өткізу боиынша  аиналым жасау күні болып табылады. 210-баптың 5-тармағында аталған жағдайларда,  қосылған құн салығын төлеуші  есептен шығару туралы өтініш  берген салық кезеңінің соңғы  күні өткізу бойынша айналым  жасау күні болып табылады.

    Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша  салық салынатын айналым жасау  күні төменде аталған шарттардың бірі бірінші болып орындалған: жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылған құн салығымен  бірге шот-фактура жазылған; жұмыстар орындалған, қызмет көрсетулер көрсетілген жағдайда басталады.

    Егер  жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзіліссіз) негізде өткізілетін болса, онда:  қосылған құн салығы көрсетіліп, шот-фактура  жазылған күннің; әрбір төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу  күнінің қайсысы бірінші болса  сол күн өткізу бойынша салық  салынатын айналым жасау күні болып табылады.

    Қызметкерлерге  жалақы есебінен тауар берген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен  жағдайда қызметкерлерге тауарлар берілген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер  көрсетілген күн өткізу бойынша  айналым жасау күні болып табылады.

    Қазақсган Республикасында қосылған құн салығын  төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алған жағдайда аталған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алған күн айналым  жасау күні болып табылады.

    Егер  осы бапта және трансферттік бағаларды  қолдану кезіндегі мемлекеттік  бақылау мәселелері бойынша Қазақстан  Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негізінде анықталады.

    Тауарларды  тегін берілген кезде, сондай-ақ осы  Кодекстің 210-бабының 5-тармағында көзделген  жағдайларда, салық салынатын айналым  мөлшері, қосылған құн салығын енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау  күні қалыптасқан бағалар деңгейі  негізге ал ына отырып анықталады, бірақ бұл олардың баланстық  құнынан кем болмауы керек.

    Аталған тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың  құны осы тармақтың мақсаттары үшін баланстык құн болып табылады.

    Кепіл беруші кепілдік мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл берушідегі салық  салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, осы  мүлікті (тауарды) кепілге берудөн  алынған заем қаражатының сомасы негізге алына отырып анықталады.

    Тауарды бөліп-бөліп төлеу шарттарымен  өткізу кезінде салық салынатын  айналым мөлшері шарт талаптарымен көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына  сәйкес анықталады.

    Үшінші  тұлға үшін төлеуге байланысты қызметтер  көрсетілген кезде салық салынатын  айналымның мөлшеріне комиссиялық  сыйақы қосылады. 

    Салық салынатын айналым мөлшеріне  акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлері  бойынша акциз сомалары енгізіледі.

    Кодекстің 235-бабына сәйкес оларды сатып алған  кезде қосылған құн салығы бойынша  есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткізу кезінде салық салынатын  айналым мөлшері тауардың өткізілу құны мен осы баптың 2-тармағына  сәйкес белгіленетін баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.

    Өткізілген  тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.

    Салық төлеушінің салық салынатын айналым  мөлшерін түзету: тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған; мәміленің  шарттары өзгерген; өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін баға, өтем өзгерген; өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін теңгемен төлеу  кезінде құнының айырмасын алған  жағдайларда жүргізіледі.

    Осы бапқа сәйкес салық салу айналымының  мөлшерін түзету қосымша шот-фактураның немесе осы баптың 2-тармағында аталған  жағдайлардың болуын растайтын басқа  да құжаттардың негізінде жүргізіледі.

    Егер  өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленетін ақының бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері  күмәнді талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:

    күмәнді талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін үш жыл өткен  соң; банкрот деп танылған дебиторды  заңды тұлғалардың мемлекеттік  тізілімінен шығару туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде бюджетке жарна ретінде енгізілуге тиіс қосылған құн салығының сомасын азайтуға құқығы бар.

    Өткізілген  тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін ақыны қосылған құн салығын  телеуші осы баптың 1-тармағында өзіне берілген құқығын пайдаланғаннан кейін алған жағдайда салық салынатын  айналым мөлшері ақы алынған  сол салық кезеңінде аталған  ақының құнына арттырылуға тиіс. Бапқа  сәйкес салық салынатын айналым  мөлшерін түзету осы Кодекстің 96-бабында  аталған жағдайлар сақталған  кезде жүргізіледі.

    Салық салынатын импорт мөлшеріне Қазақстан  Республикасының кеден заңдарына  сәйкес белгіленетін импортталатын  тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары енгізіледі.

    Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын  төлеуші болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасы салық  төлеушісінің айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиіс.

    Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушының салық  салынатын айналымының мөлшері  осы баптың мақсаттары үшін, оған Қазақстан  Республикасындағы көздерден төленген табыстыңтөлем көзінен ұсталуға тиіс салық сомасы ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағында аталған  резидент емеске төленуге тиіс сома негізге  алына отырып анықталады.

    Қосылған  құн салығының сомасы Кодекстің 245-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшеріне  қолдану арқылы анықталады. Алынған  жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төленетін  төлем шетел валютасымен жүргізілген  жағдайда салық салынатын айналым  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айналым жасалған күні белгіленген  бағамы бойынша теңгемен есептеледі.

      Есептелген қосылған құн салығының  сомасы  Кодекстің 247-бабында белгіленген  қосылған құн салығы бойынша  декларация табыс етілетін мерзімнен  кешіктірілмей төленеді.

      Қосылған құн салығыныңтөленгенін  растайтын төлем құжаты  Кодекстің  235-бабына сәйкес салық сомасын  есепке жатқызуға құқық береді.

    Егер  берілген жұмыстар, көрсетілген қызметтер  Кодекстің 225-бабында аталған жұмыстар, көрсетілген қызметтер болып  табылса, осы баптың ережелері қолданылмайды.

    Түсті және қара металдар сынығының экспортын  қоспағанда, экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады.

    Қазақстан Республикасының кеден заңдарына  сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан  Республикасының кеден аумағынан  тауарлар әкету тауарлар экспорты болып  табылады. Кодекстің 223-бабына сәйкестауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткізу бойынша айналымға осы Кодекстің 245-бабының 1-тармағында көрсетілген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиіс.

    Мыналар: экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт (келісім-шарт); тауар шығаруды экспорт режимінде жүзеге асырған  кеден органының белгісі соғылған кедендік жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып  табылады.

    Магистральдық құбыр жүйелерімен немесе электр берілісі желісімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімдерін қолдана отырып, тауарларды экспорт  режимінде әкеткен жағдайда кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының  белгісі соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты растауға қолданылады;

Информация о работе ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі