ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 06:21, курсовая работа

Краткое описание

- Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом Word.docx

— 141.34 Кб (Скачать документ)

Серіктестіктің бухгалтері жоғарыда жазылған негізінде есепке жатқызылатын ҚҚС-ы сомаларын анықтау кезінде салық салынатын айналымның үлес салмағын тек бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсатында пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бөлігінде ғана қолданады. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі № 467-IV ҚР Заңына сәйкес 262-баптың 6-тармағы нақтыланды - есепке жатқызудың бөлек әдісін пайдаланатын салық төлеушінің бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдаланылатын жалпы айналымдағы салық салынатын айналымның үлес салмағын қолдануға құқығы бар. Салық кодексінің 271-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын «СЕРТ» ЖШС бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті. Салық кодексінің 269-бабында күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылатыны көзделген.

    «Қазақстан  Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша  езгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі № 467-IV ҚР Заңымен Салық кодексінің 271-бабына езгерістер енгізілді, олар 2012 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы өзгерістерге сәйкес 271-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылды: «1-1. Салық кодексінің 571-бабының 1 және 4-тармақтарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясында көрсетілген қосылған құн салығын төлеу қосылған құн салы- ғын төлеушінің салық органына осындай декларацияны табыс еткен күнінен  

    Егер  қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы табыс етілген салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін табыс етілген, қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген осындай салықты төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталған жағдайда, салықты төлеу салық органына тарату декларациясы табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Салық кодексінің 571-бабының 1-тармағына сәйкес мынадай шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда:

    1. салық салынатын айналым мөлшері салықтық өтініш берілген жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін Салық кодексінің 568-бабында белгіленген еткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса;
    2. салық салынатын айналым мөлшері мұндай са- лықтық өтініш берілген ағымдағы күнтізбелік жыл- дың бастапқы кезеңі үшін Салық кодексінің 568-ба- бында белгіленген еткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса, қосылған қун салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салы- ғын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына қосылған қун салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге қуқылы.

    Бұл ретте Салық кодексінің 571-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес қосылған құн  салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салық- тық өтінішке қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.

    571-баптың 4-тармағында уәкілетті орган белгіле- ген нысан бойынша салық органы шешімінің не- гізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есе- бінен шығару салық төлеушіні хабардар етпестен:

      1. қосылған қүн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны табыс етудің белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң табыс етпеген;
      2. салық телеуші салық органына салықтық зерттеу кезінде орналасқан жері бойынша болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме табыс ету туралы та- лапты орындамаған;
      3. сот үкімінің заңды күшіне енген не қаулысы не- гізінде қосылған құн салығын төлеуші жалған кәсіп- орын деп танылған;
      4. сот шешімінің заңды күшіне енуі негізінде дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда жүргізіледі.

    Салық кодексінің 270-бабының 4-тармағына сәйкес осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша тіркеу өсебінен шығарылған салық төлеуші осындай есептен шығару жүргізілген есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей қосылған қүн салығы бойынша тарату декларация- сын орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салық кезеңінің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін толтырылады.

    Осылайша, Салық кодексіне жоғарыда керсетілген  өзгерістердің енгізілуімен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап тарату декларациясы бойынша ҚҚС телеу мерзімі, оны  табыс ету негіздеріне қарамастан, дек- ларацияны салық органына табыс  еткен күннен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайды.

    Сондай-ақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша тарату декларациясын табыс ету еткен салық кезеңі (тоқсан) үшін ҚҚС бойынша төлеу мерзімін түзете алады. Мысалы, 2012 жылдын I тоқсаны үшін

    Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 12 пайызын құрайды (КҚС-нан босатылған айналымды қоспағанда).Салык салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын косылған кұн салығының (ҚҚС) сомасы сатылған тауарға есептелген КҚС сомасы мен, алынған тауар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады. 

Кесте 2  ҚҚС салығы салынатын айналым 

Қосылған  құн салығын төлеуші Салық салынатын  объекті Салық мөлшерлемесі Салық кезеңі
«СЕРТ»  ЖШС Салық салынатын  айналым ҚР аймағында  сатқан кезде 12 пайызмөлшерінде салық салынады. Экспортқа сатқан кезде, оның нольдік пайызы алынады Календарлық ай Егерде ай сайын төленетін ҚҚС сомасы АЕК аспаса онда төлеу кезеңі тоқсан сайын         төленетінболып шешіледі Алауылшаруашылығының өнімін өндіретіндер үшін төлеу кезеңі салықтық жыл болып танылады
«СЕРТ»  ЖШС (импорттаушы) тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Салық салынатын  импорт      12%

 

           
 
 
 
 

Кесте 3 «СЕРТ» ЖШС –ің  мүліктік кешен ретінде сату операциясын көрсету бойынша ұсынылатын жазбалар, ЖШС-сатушының бухгалтерлік есебінде мынадай түрде көрініс табады: 

Операциялардың  және (немесе) оқиғалардың мазмұны Дебет Кредит
1 2 3
Шарттық құнға өткізу операциясын көрсету 1210-«Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 6010-«Өнімдерді  сатудан және қызмет көрсетуден  алынатын кіріс»,

3130-«Қосылған  құн салығы»

  3310-«Жеткізушілер  мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»,

3350-«Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»,

3510-«Алынған  қысқа мерзімді аванстар» (түрлер бойынша міндеттемелер: берілетін міндеттемелөрдің құрамы мен сомасы өткізу актісімен айқындалады)

6280-«Өзге кірістер (кәсіпорынды сату кезінде міндеттемелердің шығып қалуынан түскен табыс)
  7470-«Басқа да  шығыстар»

(кәсіпорынды сату кезінде активтердің шығып қалуынан негізгі емес қызметтен)

1300-«Қорлар»,

2410-«Негізгі  құралдар» (түрлер бойынша активтер: берілетін активтердің құрамы мен сомасы өткізу


 

    

Кәсіпорынды сатудан ақша қаражатының келіп  түсуі 1030-«Ағымдағы  банктік шотардағы ақша қаражаты» 1210-«Сатып алушылар  мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
Салықтарды (ҚҚС, КТС және т.б.) төлеу және есептік  кезеңнің (қаржы жылының) қорытындысы  бойынша таза пайданы (егер болса) бөлу 3130-«Қосылған  құн салығы», 3120-«Жеке табыс салығы», 

3150-«Әлеуметтік  салық»,

3110-«Төленуге  жататын корпоративтіктабыс салығы»

1030-«Ағымдағы  банктік шотардағы ақша қаражаты»
5510-«Есептік  жылдың бөлінбеген пайдасы (орны  жабылмаған зияны)» 3030-«Қатысушылардың  дивидендтері мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
3030-«Қатысушылардың  дивидендтері мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» 3120-«Жеке табыс  салығы», (болған жағдайда)
3120-«Жеке табыс салығы», (болған жағдайда)

3030-«Қатысушылардың  дивидендтері мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

1030-«Ағымдағы  банктік шотардағы ақша қаражаты»

 

      Салық салынатын табысты айқындау үшін және оның ішінде жоғарыда сипатталғандар да қолда- КТС есептеу үшін Салық кодексінің ережелері, қолданылады. 

2.3 «СЕРТ» ЖШС-де жалпы міндеттемелер есебі және аудитін жүргізу ерекшелігі 

    «СЕРТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтерлік есебінде міндеттемелер екіге бөлінеді: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік міндеттемелер болғандықтан біз осыны ғана қарастырамыз. Қысқа мерзімді міндеттемелер дегеніміз, ағымдағы міндеттемелер:

  • Берешек қарыздар
  • Бюджеттік қарыздар
  • Аяқ асты болатын жағдайға есептелген төлемдер.

    Кредиттер 1210 пассивті шотты «Кредиттер» деген шотта жүргізіп есептеледі. Оның ішінде 3010 шот «Банкілерден алынған кредит», 3020 шот «Банк емес мекемелерден алынған кредит», 3050 шот «Басқалары».

    Бухгалтерия 3010 шоттың аналитикалық есебін қысқа және ұзақ мерзімді кредиттердің айдың басындағы, аяғындағы қалдықтары. Дебеттік және кредиттік айналымы көрінуі керек. Салықтың бюджеттік төлемдері 3110 бөлімшелер поссивті шоттарда есепке алынған. «Ағымдағы төлеуге тиіс кіріс салмағында» есептеледі.

    Салық төлейтін кіріс Жылдық кіріс –  Шегерілетін сомалар.Жылдық кіріске  салық төлеушінің барлық кірісі кіреді. Салық төлеуші жылдық кірісті  табу үшін жұмсалған шығыны.

    Жинақталған кіріс салығын есептегенде «Табыс салығының шығыны» атты 31010 шот кредиттеледі. Бұл салық жылына 1 рет, жылдық есепте ғана есептеледі.

    Жинақталған кіріс салығы және басқа бюджетке алдын-ала төлемдер кезінде «Ағымдағы  төлеуге тиісті табыс салығы»  атты 3110 шот дебеттілігін «Есеп шоттағы ақша» атты 1040 шот кредиттеледі. Жыл аяғында кіріс салығындағы шығындар «Жылдың табыс(зиян)» атты 5410 шотына  дебеттеліп, «Табыс  салығы шығындары» атты 7700 шоттан кредиттеледі.

    Қосымша құн салығы. Қосымша құн салмағының сомасы, салық төлеуге тиісті айналымның 12% болып анықталады. Егер есептесу шет ел валютасымен болса, онда ол сол операция болған күні Қазақстан Республикасының ұлттық банкі белгіленген теңге курсымен есептеледі. Салық төлеуге тиісті айналым – бүкіл айналымнан қосымша құн салығынан босатылған сомаларды алып тастағандағы сома. Сатушылардың шот фактурада көрсетілген қосымша құн салыѓы сомасына «Қайтарылатын қосымша құн салығы» атты 1420 шот дебеттеліп «Жұмысшылар және басқа адамдар қарызы» атты 2150, шот, немесе «Сатушылар мен орындаушылармен есеп айырысу» атты 4110 шот,  немесе «Басқалары» атты 4240 шот кредиттеледі. Қосымша құн салығын есептегенде «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер қарыздары» атты 2110 шот дебеттеліп «Қосымша құн салығы» атты 3130 шот кредиттелінеді. Қайтарылатын салық сомасы 3130 шоттың дебетінде 2150 шоттың кредитінде көрсетіледі. Есептелген қосымша құн салығы мен қайтарылатын қосымша құн салғы бюджетке аударылады.

    Бюджетке  қосымша құн салығын аударғанда 3130 шот дебеттеледі, ал «Есеп шоттағы ақша» атты 1040 шот кредиттелінеді. Сатып алушыларға өнімдер үшін аударған ақшаларын қайтарып жатса, онда алдына есептелген ҚҚС 3130 шоттан дебеттеліп «Басқалар» атты 4240 шот кредиттелінеді. Сатып алушыға бұндай ҚҚС аударғанда 4240 шот дебеттеліп, 1040 шот кредиттелінеді. Сатушылар мен орындаушылармен есеп айырысудың есебі. Бұл үшін «Сатушылар мен орындаушылармен есетесу» атты 3310 шот берілген. Онда сатушылар мен орындаушылармен есеп айырысудың келесі түрдегі ақпараттары болады: Алынған ТМҚ және айналымда жоқ активтер, орындалған жұмыс және қабылданған қызметр және бұған қоса ТМҚ-ны әкелу мен өндеуге кеткен шығындар. - Құжаттары әлі келмеген, бірақ алынған ТМҚ және айналымда жоқ активтер, жұмыстар, қызметтер. - Қабылдау кезінде анықталған артық ТМҚ және айналымда жоқ активтер.

Информация о работе ҚҚС бойынша шегерімдер және есептеулер есебі