Тұңғйықтар тұқымдасы - кувшинковые (Nympheaceae Salisb)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 10:42, реферат

Краткое описание

Жалпы жер шарында бұл текті тұқымдастардың 8 туысының 80-ге жуық түрі бар. Олардың негізгі түрлері тропика мен субтропикалық аймақтарда кездеседі. Бұрынғы Кеңес Одағының көлемінде 10 шақты түрі мәлім. Ал, Қазақстан жерлерінде олардың 2 туысының 4 түрі белгілі. Олар көбінесе сулы немесе батпақты орталарда өсетін көпжылдық тамырлы шөптесін өсімдіктер. Ұзын сағақтарға кезектесіп орналасқан, үлкен, суда жүзіп жүретін жапырақтарымен танымал.

Прикрепленные файлы: 1 файл

су осимдиги.docx

— 58.89 Кб (Скачать документ)

Жер бетінде дамитын түрлерінің (шолпанкебіс) жуан, ержеңді жанама тамырлары, немесе тамыр түйнектері (сүйсін) болады, кейбір сапрофитті маржантамыр сияқты түрінің тамыры да болмайды. Ал эпифитті формаларының жабысуға, өрмелеуге бейімделген, ауада зат алмасу процесін жүргізе алатын қабілеттері бар тамырлары болады. Сабақтары миллиметрден бастап (теннофилум), бірнеше метрге (өрмелеп өсетін ванильдер) жетеді.

Көптеген эпифиттері, бір  немесе бірнеше буын аралық жуан түйіндер түзеді және даму барысында ол ассимиляциялық мүше немесе қор ретінде «тубердий» деп аталатын жалған тамырға айналады.

Жапырақшаларының қосалқы  жапырақшалары болмайды, жиі қынапты, көпшілік жағдайда кезектесіп орналасады, сирек қарама-қарсы (жасырыншөп) немесе шоғырланған болып келеді.

Параллельді немесе доға тәріздес жүйкелеген жапырақтарының бүгін алақанда, жиі ксерофильді құрылымды болса (етжеңді немесе шар тәріздес түйнекке айналу), сапрофитті және кейбір эпифитті формаларында жоғалып кеткен (редукцияланған).

Ботрикалық гүлшоғыры, шашақты  немесе жиі масақты болады, дегенмен түйіннің ұзын болуына байланысты ол әрқашан шашаққа ұқсап тұрады. Сондықтан да оны, кейде, гүлсағақпен  шатастыратын жағдайлар жиі кездеседі. Дара гүлдері сирек ұщырасады.

Гүлдері, көпшілік жағдайда, қосжынысты, бұрыс, сирек дұрыс болады. Екі шеңберге орналасқан, 6 бос жапырақшалары бар гүлсерігі жиі күлте тәріздес келеді, кейде кейбір жапырақшалары бір-бірімен тұтасып дамитындары да болады (шолпанкебіс). Ішкі шеңбердің артқы жағындағы күлте жапырақша басқа жапырақшаларға қарағанда (сыртқы пішіні мен көлемі жағынан)  ерекшелеу (жиі өте күрделілеу) келеді. оны гүлдің еріні немесе езуі деп атайды. Осындай ерінділердің арнаулы шанышқылары болады. Гүл түйінінің ширатылуы немесе гүлдің еңкіштену салдарынан, гүл еріні алдыңғы жағынан насекомдардың қонуына қолайлы орын «дайындағандай» болады.

Сүйсіндердің көп кездесетін түрлерінде аталығы біреу болса, аз кездесетіндерінде 2-3-тен болады. Ал ләмбек деген  түрінде 5-де болады.

Гүлдерінде, тозаңнан айырылған, түрі өзгерген, ұрықсыз аталықтар  жиі кездеседі (стаминодилар) және аталық жіпшелер күрделі өзгеріске ұшыраған. Сондықтан болар аталық жіпшелері  аналық мойынмен қабысып барып гемистемий немесе бағана түзеді. Оның ұшына орналасқан интророзды тозаңқап екі ұялы келеді. Оларда дамитын тозаңдары дара немесе  төртеуден болады. Ұнтақ тәріздес келетін мұндай тозаңдар арнаулы жабысқақ сұйықтарда жіпшелер арқылы қосақталған (поллиний) немесе ұнтақ тәрізді тозаңдар сол сұйықтыққа малынып жатады.

Жалпы «поллиний», жабыстырғышқа  бекінген эластикалық жіпшелерден  құралған түбіршекті құрайды. Сондықтан  поллинийді жабыстарғыш және түбіршек жиынтығы поллинарий деп атайды.

Үш жемісжапырақтан құралған гинецейі паракарпты. Төменгі түйінді, 1-ұялы (кейде планцентаның күшті  дамуына байланысты үш ұялы болып  та көрінеді), жиі өте ұзын және өте  майда тұқымбүрден тұрады.

Үш қалқанды аналық ауызы  бар. Бір ғана аталықтан тұратын  гүлдері бар түрлерінде, аналық ауыз екі қалқанды және ұрықтануға бейімді келеді, ал үшіншісі құстұмсық тәрізденіп жабыстырғышқа айналған. 2-5 аталықтардан тұратын гүлдеріндегі аналық үш қалқандарының барлығы ұрықтандыруға бейім болады.

Сүйсіндердің көпшілігі  насекомдармен айқас тозаңдануға  өте бнйімделген.

Жемісі – қауашақ. Оның төбе жағы тұтасқан және 3-6 жақтаушалары арқылы ашылады. Онда жетілетін көп  мөлшердегі тұқымдары майда, эндоспермсіз және нашар дамыған ұрықты болады.

Олардың ортада жақсы өніп және өскіннің жақсы дамуы үшін саңырауқұлақтармен симбиоздық тіршілік етуі қажет.

 

ЕЛЕКШӨПТЕР ТҰҚЫМДАСЫ  – СИТНИКОВЫЕ

(JUNCACEAE JUSS)

Бұл тұқымдастардың құрамында  жер шарына жақсы тараған 350-ге жуық түр топтастырылған. Оның 1002-ге жуығы  бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде  кездеседі. Ал олардың, елекшөп және жылтыршөп туыстарына топтастырылған 30 түрі Қазақстан жерінде тараған.

Сыртқы пішіні астық тұқымдастар  сияқты келетін көп жылдық немесе біржылдық шөптесін өсімдік. Өйткені, кезектесіп орналасқан, қынапты, жіпшелі, жолақты, цилиндр тәрізді немесе қабыршақты (жетілмеген жапырақ алақанынан немесе жапырақ алақаны жоқ, тек қынаптан тұратын) қарапайым (жәй) сабақтан тұрады. Бұталы формасы өте сирек кездеседі (приония).

Цимозды гүлшоғырына орналасқан гүлдері, шоқпарбастылау, масақша тектес, шашақ немесе сыпырғыш тәріздес болып  келеді және қабыршақ немесе жарғақ тәріздес жабын жапырақшаларының қолтығында жетіледі. Жабын жапырақшасы цилиндр  тәріздес және ортасы қуыс жіпшеге  ұқсайды. Ол сондықтан да сабаққа  өте ұқсас келеді де, оның жалғасы  тәріздес болады (жіпшелі елекшөп).

Гүлдері әрсіз, майда, актиноморфты, қосжынысты, 4-5 дөңгелектен, 3-мүшелі шеңберден  тұрады.

Тостағанша тәріздес гүлсерігі, екі шеңберге үшеуден бекіген, етженді  немесе жарғақты, бос орналасқан, 6 жапырақшалардан  құралған. Кейде сыртқы үш аталығы  ғана жетілген, екі шеңберлі, 6 аталықтардан құралған андроцейі болады. Жылжымай орналасқан тозаңқаптары бар, аталық жіпшелері  қысқа келеді.

Синкарпты немесе паракарпты гинецейі, 3 жеміс жапырақтан құралған. Ұяларында бір немесе бірнешеу тұқымбүршіктері  кездесетін, үш немесе бір ұялы, түйіні төмен орналасқан.

Гүлден жоғары шығыңқы, үш аналық ауыздан тұратын, бір аналығы  болады. Жемісі қауашық. Олар сыртқы, гүлсеріктің  жапырақшасымен аздап көмкерілген және ашылуға бейім жапсарлы келеді.

Тұқымында, ұрықты жан-жағынан  қоршап жатқан эндоспермді болады. Бұл тұқымдастардың айтарлықтай  маңызы жоқ, тек кейбір түрлерінен ғана тоқыма күнқағар қалпақтар жасауға  пайдаланады.

Ең жиі кездесетін туысына  кездесетін туысына елекшөп туысын жатқызуға болады.

 

ЕЛЕКШӨП ТУЫСЫ – РОД  СИТНИК

(JUNCUS L.)

Бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде  бұл туысқа жататын өсімдіктердің 70-ке жуық түрі кездеседі, ал Қазақстан  жерінде 24 түрі таралған. Оның ішінде бізге  жиі ұшырайтын түрлерінің бірі –  шалшықты елекшөп.

 

ШАЛШЫҚТЫ ЕЛЕКШӨП –  СИТНИК МЕЛКОВОДНЫЙ

(J.filifarmis L.)

Егіс даласының, су қоймаларының, жолдар мен жыралардың жағалауында  және ылғалды шылғындарда жиі  ұшырасатын өсімдік. Мамыр айының аяқ  жағынан бастап, жаз бойы гүлдейді.

Аша тәріздес болып келген, цимозды гүлшоғырын құраған гүлдері, негізінен сабақтың түп жағынан  басталады. Сабақтың бойындағы буындар  тәрізді, шоқтасып орналасқан осындай  гүлшоғырлар, ашық, қысқа қынапқа  бекіген, жіпше тәріздес жабын жапырақшадан және бүкіл гүлшоғырларын сабаққа  жапсырып тұратын үлкен жарғақ пішінді  жапырақ алдындағы қалқаннан  тұрады. Жабын жапырақша қынабының  төменгі жағының шеті жалпақ жарғақты болады, ал орта шені жіңішке жасыл  жолақты келеді. сабақтың ұшында дара дамитын гүлдері, екі жарғақты жабын  жапырақшадан және дара гүліне тән жапырақ алдындағы қалқаншадан тұрады. Жіңішке қандауыр тәрізді немесе төменгі жағы дөңгелектеніп барып үшкірленген, шеті жарғақты жапырақшалардан тұратын гүлсеріктері бар.

Оның сыртқы шеңберге орналасқан, ішке қарай қусырланған жапырақшасының жіңішке жасыл жолағы болады және ішкі шеңберлердегілерге қарағанда  ұзын келеді. Әрқашан гүлсеріктерден қысқа болатын, аталықтары алтау. Түп  жағына қарай жуандау келетін  аталық жіпшелердің ұшына орналасатын тозаңқаптар дөңгелектеу немесе сопақшалау болып келеді.

Түйіні толық жетілмеген 3 ұялы және өте көп мөлшердегі тұқымбүршіктен тұрады. Олар орталықтан шетке қарай  дамыған жатынға (планцентаға) орналасқан.

Жоғарғы жағы тармақталған, түкті, жалпақтау аналық ауыз ұрықтануға бейімделген.

Жемісі аздап гүлсеріктен  қысқалау және тұқымын шашатын, ашық қоңыр қауашақ. Ашық қоңыр түсті, өте майда, көп мөлшерде дамитын  тұқымдары мол.

Елекшөптердің түрлері көп  дала практикасы кезінде, шалшық елекшөбіне қол жетпей қалса, кез-келген басқа  түрін зерттеуге болады.

 

ҚИЯҚӨЛЕҢДЕР ТҰҚЫМДАСЫ –  ОСОКОВЫЕ

(CYPERACEAE JUSS.)

Жер шарына көп тараған, бұл  тұқымдас өсімдіктердің 3800-ге жуық түрі бар. Оның 500 шамасындағы өкілдері бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде кездеседі. Қазақстан жерінде олардың 157 түрі тараған. Мысалы, тек қияқөлең туысының 94 түрі кездеседі.

Сыртқы пішіні жағынан  астық тұқымдастарға ұқсас, бірақ  кедір-бұдыр, өткір, үш қырлы сабағы бар бұл тұқымдастардың көпшілігі  көп жылдық өсімдіктер, ал бір жылдық түрі сирек ұшырасады. Олардың бұтақтануы сабақтың жер бетіне жақын жерінде  немесе жер астындағы бөліктерінен басталады. Өйткені, олар қынапта жатқан бүршіктен дамып, жанама тамырлардың  негізгі немесе тамыр систематикасының шоғырлану аймағын құрауға қатысады.

Көпшілік жағдайда, қынаппен қымталған, үш қатарлы, кезектесіп орналасқан қынапқа айналатын жерінде жалпақтау, үшкір тілше тәрізді жапырақтары  болады. Алақаны жоқ, қынапқа айналған, төменгі жапырақтарының сырты қауызды келеді. Кейде, олардың қауыз тәріздес ғана жапырақшалары болады, сабақтың түп жағына шоғырланады. Мұндай жағдайда, сабақтың жоғарғы жағында, жапырақтар болмайды.

Әрсіз майда гүлдері масақ  немесе масаққа ұқсаған ширатпа  болады. Сондықтан, олардың күрделі  шашақты (семсершөп) қалқанды шашақты (өлеңшөп) шоқпарбас (мәдиен) немесе күрделі  масақ (суылдыр) гүлшоғырлары байқалады. Бұтақталған гүлшоғырларының әрбір  бұтақшасы, жабын жапырақшасының қынабынан  дамиды. Оның көмегімен түп жағында, сабаққа мықтап қыстырылған, ұш жағы айырылған алдыңғы жапырақшасы болады. Жабын жапырағы жарғақты немесе сыртқы пішіні жағынан кәдімгі жапыраққа ұқсас келеді.

Қарапайым гүлсеріктері бар, жалаңаш шеңберленген гүлдері қос  жынысты немесе дара жынысты. Олар ержеңді  қауыз тәрізді жапырақтарында жетіледі.

Гүлсеріктері қылтанақты немесе түтікті болады. Қылтанақтар  саны, әртүрлі болып кездеседі. Мысалы: өлеңшөптерде – 6 және 2 шеңберге үшеуден  орналасады, ал арамқоғаларда 1-3, имекдәндерде 5-13 болады. Ұлпабас туыстарының гүлсеріктері көптеген түтіктерге айналып, тұқым  шашар кезінде, ұшуға бейім ұлпалы тұқымға айналады, сондықтанда оларды ұлпабас деп атайды.

Негізінен көпшілігінің андроцейі 3 аталықтан, кейде сирек 6 немесе 2 болады. Төмен қарай салбырап тұрған аталық жіпшелерге орналасқан, сопақша тозаңқаптары жылжымайтындай болып бекіген.

2-3 жемісжапырақтардан құралған  гинецейі лизикарпты, бір ғана  базальды тұқымбүрден тұратын,  жоғарғы түйінді келеді.

Діңгегі, жалпы саны, жеміс  жапырақшаларының санындай болатын, жіпше  немесе шаш тәріздес тарамдалған  ұзын аналық ауыздан тұрады. Кейбір туыстарының түрлерінде аналық діңгектің  түп жағы жалпақтау келеді де, жемісі сақталып қалатын жағдайлары кездеседі.

Жемісі, жалаңаш немесе гүлсеріктердің қалдықтарымен қоршалған жаңғақша.

Ұрықпен қоршалған ұнтақ  эндоспермді тұқым шашады.

Бұл тұқымдас өсімдіктердің  далалы, қуанды және таулы жерлерде кездесетіндерін мал азығы ретінде  пайдаланылғаны болмаса, олардың айтарлықтай  шаруашылық маңызы жоқ. Тек Оңтүстік Европа мен африка жерлерінде кездесетін өкілдерінен ғана май өніріледі және кейбір түрлерінен еденге төсейтін тоқымалы төсеніштер жасалынады.

 

ӨЛЕҢШӨП ТУЫСЫ – РОД  КАМЫШ

(SCIRPUS L.)

Бұл туыстың 20 шақты түрі, бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде  кездеседі, оның 14 түрі ғана Қазақстан  жерінде таралған. Барлық жерге ортақ  және көп таралған түрі – Торсылдақ  қияқөлең.

 

ТОРСЫЛДАҚ ҚИЯҚӨЛЕҢ – ОСОКА  ПУЗЫРЧАТАЯ

(B. vesicaria L.)

Орманды батпақ, бұлақтар мен  өзен, көл жағалауларында, ылғалды  шалғындарда жиі ұшырасатын өсімдік. Мамыр айының орта шенінен маусымның  ортасына дейін гүлдейді. Кедір-бұдырлы, өткір, ұш қырлы сабағында дамитын  гүлшоғыры масақ тәріздес-шашақ.

Төменгі, қынапты жабын жапырағы, гүлшоғырларынан ұзындау немесе бірдей болып келеді. оның түсі ашық жасыл шеттері жарғақ тектес және орта шені бұдырлы өткір болады. Жолақты, тік орналасқан, ұзындығынан 2-5 см., енінен  3,2 см болатын 1-3 аналық масақшасы жоғары орналасады.

Оның қандауыр тәрізді, тоқалдау, сыртқы қауызы алғашқыда ашық-қоңыр, бертін келе қоюлана түседі. Цилиндр  тәрізді ұзындығынан 2-5 см, енінен 1,5 см аналық масақшасы болады. Оның жоғарғысы  отырыңқы, ал төменгісі, жемісі пайда  болғанда салбырап тұратын ұзын сабақты келеді. торсылдақ – қапшықты, қысқа, қоңырлау, орта шені жасыл жолақты келеді және қандауыр тәрізді тоқалдау немесе кейде үшкірлеу басы ақшылдау жарғақты жабын қауызы бар, жұмыртқа немесе сопақша тәріздес, ұзындығы 7-8 мм, 9-12 айқын байқалатын жолақтары бар, тырсиған, ауызы жоғары, қисық бағытталған торсылдақ қапшығын көруге болады. Олардың тұмсық жағы үшкірлеу келеді, ал құрғақтау қапшықтардың ұштары тісшелерге айналған.

Жас қапшықшалардың түсі сары – жасыл болса, жетілгендері сары немесе жылтыр қоңыр түсті келеді.

Информация о работе Тұңғйықтар тұқымдасы - кувшинковые (Nympheaceae Salisb)