Тұңғйықтар тұқымдасы - кувшинковые (Nympheaceae Salisb)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 10:42, реферат

Краткое описание

Жалпы жер шарында бұл текті тұқымдастардың 8 туысының 80-ге жуық түрі бар. Олардың негізгі түрлері тропика мен субтропикалық аймақтарда кездеседі. Бұрынғы Кеңес Одағының көлемінде 10 шақты түрі мәлім. Ал, Қазақстан жерлерінде олардың 2 туысының 4 түрі белгілі. Олар көбінесе сулы немесе батпақты орталарда өсетін көпжылдық тамырлы шөптесін өсімдіктер. Ұзын сағақтарға кезектесіп орналасқан, үлкен, суда жүзіп жүретін жапырақтарымен танымал.

Прикрепленные файлы: 1 файл

су осимдиги.docx

— 58.89 Кб (Скачать документ)

Жиі гетерофилия құбылысы болып тұрады, өйткені, суға батып  тұрған жапырақтары белдік тәріздес ұзын болса, қалқып тұратын және су бетіндегілері басқа пішінді болады. Олардың вегетативті органдарында жиі шырын жиналатын орындар кездеседі.

Жанама сабақшалардағы шоқжапырақтармен бірге дамитын сыпырғыш немесе шашақ  тәріздес гүлшоғыры бар. Қынапты, актиноморфты циклді немесе гемициклді, қос жынысты  немесе дара жынысты, қос гүлсеріктерінен тұрады. Сондай-ақ гүлі – 3 бос тостағанжапырақшалары бар тостағаншадан және 3 бос күлтежапырақшалы күлтеден құралған. Бір немесе бірнеше шеңберге орналасқан андроцейі 6 аталықтан тұрады. Үш аталығы бар түрі сирек кездеседі. Жұп болып бекіген аталықтары жиі ыдырауға ұшырап отырады.

Тозаңқаптары төртұялы. Аталық жіпшелердің ішкі немесе түп жағына қарай шырын жинайтын орны пайда  болады.

3,6 немесе одан да жемісжапырақтарынан  тұратын, апокарпты генецейі бар.  Түйіннің түбінен басталатын  аналық мойын ұзын және қисықтау  келеді.

Кейде бірнешеу болатын, тұқым  түрі – біреу. Жемісі көп жаңғақша, сирак жапырақшалы болады.

Жалпы алисмалардың жабайы және мәдени өсірілетін түрлері де бар. Мысалы: жебежапырақтың тағамдық қасиеті басым болса, ал алисма сияқты туысы улы қасиетімен белгілі.

 

ЖЕБЕЖАПЫРАҚ ТУЫСЫ – РОД  СТРЕЛОЛИСТ

(SAGITTARIA L.)

Бұрынғы Кеңес Одағында 4 түрі кездеседі, Қазақстан жерінде  жебежапырақтың кәдімгі жебежапырақ, үш жапырақты жебежапырақ, жүзгіш жебежапырақ  сияқты үш түрі таралған.

 

КӘДІМГІ ЖЕБЕЖАПЫРАҚ –  СТРЕЛОЛИСТ ОБЫКНОВЕННЫЙ

(S. sagittifola L.) 

Ұзын сағақшаларға орналасқан, судың бетіне шығып та, су батып  та тұратын салалы-жебетәріздес жапырақтары  бар су өсімдігі.

Маусым айынан бастап қыркүйекке дейін гүлдейді.

Шашақтанған 3 шоқтан және төменгі  жағынан бұтақтанып барып құралатын  гүлшоғырлары, жабын жапырақтардың  қынабына пайда болатын гүлдерден  құралған. Қысқа гүлсағаққа орналасқан, 1-2 шоқтан түзілген шоғырын аналық шоғыр  деп атаса, орнықты отырған гүлдерді аталық шоғырдар деп атайды. Барлық гүлдердің тостаған жапырақшалары  жалпақ жұмыртқа пішіндес және қызғылт  түсті болып келеді.

Күлтежапырақтары дөңгелектеу  және тостағанжапырақшаларынан екі  есе үлкен, ақ түсті түп жағына қарай қара қошқыл немесе күлгін түсті.

Аталық гүлдері кейде  онша жетілмеген аталықтардан тұрады. Жоғары қарай жіңішкелеу, жалпақ аталық жіпшелерге орналасқан аталықтары өте  көп.

Тозаңқаптары жалпы күлгін түсті, сары түстісі сирек кездеседі, жылжымалы емес, аталық жіпшенің бойындай болғанмен, жиі олардан қысқа  келеді. Өте көп мөлшерде кездесетін аналық гүлдердегі аналықтары, дөңес  гүлтабаққа спираль тәріздес орналасады. Олар сырт жағынан қарағанда үшбұрышты болады және түйіннің жоғарғы жағынан дамыған, тік ұшына қарай таралған аналық мойыны көрініп тұрады. Дегенмен аналық гүлдерден кейде жетілмеген аталықтарды көруге болады.

Жемісі – ациклді, шар  тәріздес, көп жаңғақша. Қисық немесе тік қармақшалары бар жемісі бүйірінен  қысыңқы және қанатты келеді. бұл  жағдай олардың таралуына ықпал  жасайды.

 

ЛАЛАГҮЛДЕР ТҰҚЫМДАСЫ  – ЛИЛЕЙНЫЕ

(LILIACEAE JUSS.)

Бұл тұқымдастардың 3000-на астам  түрі жер шарының тропикалық және субтропикалық аймақтарында көп  тараған. Олардың 650 жуық түрлері бұрынғы  Кеңес Одағының аймақтарына тән, ал Қазақстан жерлерінде кездесетін 228 түрі 21 туысқа топтастырылған.

Пиязшықты, пиязшық түйнекті және тамыртүйнекті көпжылдық шөптесін өсімдік, сирек лианды (сассанариль) және екі қабатты ағашты (драцена) тіршілік формалары да кездеседі.

Жиі қынапта пайда болатын, жиі кезектесіп, сирек супротивті немесе шоқтасып орналасатын жапырақтары  жәй, бүтін, сопақшалау, дөңгелектеу  ұзын белдікшелі де келеді. кейбір түрлерінен, шеті біркелкі, тырсыйған жапырақтарын кездестіретін болсақ, сирек олардың  тісшелерден тұратындарын да ұшырастырауға болады. Жапырақтары кейде редукцияланған болуы мүмкін, ондай жағдайда, фотосинтез қызметін филлоклодия мен кладодиялары атқарады.

Жоғары гүлшоғырын ұстап  тұратын нағыз жіңішке сабағы, жалған сабақ түрінде байқалатын, қынапта жетіледі (тасмырдәрі).

Шашақ, сыпырғыш, масақ және шатыршалы түрлерінде кездесетін гүлшоғыры  кейде дара түрінде де ұшырасады. Гүлі октиноморфты сирек зигоморфты, циклді, 2-4 мүшелі, үш шеңберлі келеді.

Қарапайым (жәй) сыпырғыш тәріздес, дара жапырақты келетін гүлсерігі  кейде тұтас жапырақты және қос  шеңберлі болады.

Жапырақшаларының түбіне, кейде, шырындар жиналатын орындар  болады. Екі шеңберлі, гүлсеріктің  жапырақшаларымен кезектесіп орналасқан. 6 (4,8) аталықтардан құралған андроцейі  бар. Үш аталықтың (кірпішөп) түрі сирек  кездеседі.

Тұтасжапырақты гүлсерікті гүлдің аталық жіпшелері гүлсеріктің  түтігіне жабысып дамиды (меруертгүл).

Гинецейі 3/2,4 жемісжапырақтарынан құралған синкарпты сирек гемисинкарпты (тамырдәрі) немесе паракарпты (дәзилирион) болады.

Данай деген туыстарында  синкарптан паракарптыға ауытқу жағдайлары байқалады және түйіні 3 ұялыға толық жетілмеген келеді. жалпы түйіні жоғарғы, ал офиопогон туыстарында, ол жартылай төмен орналасады.

Түйіннің жоғарғы жағынан  ашылатын арнаулы тесігі бар шырынқабы  ұялардың қабырғаларында жетіледі (жуа).

Түйіннің жоғарғы жағында  аталық діңгек дамиды, олардың саны жемісжапырақшалардың санына сәйкес болады. Егер аналық діңгек біреу болса, аналық ауызы бүтін немесе қалқанды келеді.

Синкарпты гинецейдің түйінінде  планцетаның орналасуы орталықтан шетке қарай және көп тұқымбүрлі болады, дегенмен олардың барлығы  тұқымға айналмайды. Жемісжапырақтардың бөлім қабырғаларын бойлай немесе жапсарлары арқылы ашылатын қауашақты жемісі болады.

Көптеген лалагүлдердің  жемістері ашықтүсті жидек болса, ал Солтүстік Америка жерінде  тараған дазилирионда ол жаңғақ түрінде  кездеседі. Тұқымы эндоспермді.

Жалпы бұл тұқымдас өсімдіктердің  шаруашылық маңызы өте зор. Өйткені  пияз және сарымсақ сияқты түрлері  витаминді және астың дәмін кіргізетін тағамдық өсімдіктерге жатады. Сүмбілшаш, қызғалдақ сияқты түрлері сәндік үшін арнаулы гүл шаруашылығында өсіріледі. Алоэ мен меруертгүл сияқты туыстарының өкілдері дәрілік немесе шипалық қасиеттерімен танымал. Ал лапыз туысының өкілдерінің бойында алколоидты заттардың мол болуына байланысты, олардан мутациялық реакция туғыза алатын заттар алу үшін генетикада қолданылады.

Сол сияқты тамырдәрі түрлерінің ұлы қасиеттері де іске асырылуы ықтимал.

 

ҚАЗЖУА ТУЫСЫ – РОД  ГУСИННЫЙ ЛУК

(GAGEA SALISB.)

Бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде  қазжуалардың 70-тен астам түрлері  белгілі, ал Қазақстан жерінде 38 түрі таралған.

 

САРЫ ҚАЗЖУА – ГУСИНЫЙ  ЛУК

(G.latea (L.)Ker-Gaw)

Қазжуалар жарларда, ормандарда, бұталардың арасында, ашық алаңқай  жерлерде жиі кездеседі.

Көкек айының аяқ кезінде  мамырдың бас жағында гүлдейді.

Сирек, жеке күйінде кездесетін шатыршалы гүлшоғыры 8-10 гүлдерден  құралған.

Түп жағында шырын жиналатын  орны бар, сырты жасылдау, солғын сары, 6 қандауыр тәрізді жапырақшалардан  құралған гүлсерігі болады. Сыртына  орналасқан жапырақшалары ішкі шеңберлеріндегіге  қарағанда аздап ұзындау келеді.

Гүлсеріктің жапырақшаларымен, қысқа 6 аталығы болады. Оларға орналасқан жылжымайтын тозаңқаптар сопақша  немесе салалы-ұзын келеді.

Төменгі жағы жуандау аталық жіпшелері жалпақтау пішінді.

Түйіннің көлденең кескіні  үщбұрышты, дөңгелектеу, 3 ұялы және көп  мөлшерде тұқымбүрі болады.

Аналық діңгегі 3 қырлы, шоқпарбастау немесе 3 қалақты аналық ауыздан  тұрады.

Жемісі – шар тәрізді  немесе 3 қырлы қауашақ. Қауашақтары  тұқым шашарда жапырақшаларының бауыры жағынан немесе жақтауларының  орта шенінен қақырап ашылады.

 

ҚҰРТҚАШАШАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ  – КАСАТИКОВЫЕ (ирисовые) (IRIDACEAE JUSS)

Жер шарында құртқашашақтардың 1500-ге жуық түрлері кездеседі. Ең көп  таралған жерлері Оңтүстік Африка, одан кейінгі Жер Орта теңізінің  жағалаулары мен Оңтүстік Америка  жерлері. Бұрынғы Кеңес Одағының көлемінде 150-ге жуық түрлері тараған, ал Қазақстан жерлерінде олардың 34 ұшырасады және олар 5 туысқа топтастырылған.

Тамырлары пиязшықты, тамыртүбірлі, тамыртүйнекті және жоғары қарай  бағтталған қосқатарлы, кезектесіп орналсқан, қынапты, қылыш тәрізді жапырақтардан  тұратын сабағы бар көпжылдық  өсімдік.

Гүлдері ірі гүлшоғырлары (күрделі монохазий), үлкен жабын  жапырақпен, бір қосалқы гүлжапырақтан  тұрады, кейде гүлдері дарада дамиды (Бәйшешек). Гүлдері актиноморфты, сирек  зигоморфты (гладиолус) қос жынысты, 4-шеңберлі, 3-мүшелі келеді.

Түйіннің жоғарғы ұшына  бекіген, түп жағына тұтаса дамыған  ұзынды (бәйшешек) – қысқалы (құртқашаш) түтікшеден тұратын, сыпырғыш тәріздес жапырақшалары бар, қарапайым (жәй) гүлсерігі болады. Сыртқы және ішкі шеңберге орналасқан жапырақшалары  біркелкі болғанмен (бәйшешек), кейде  пішіні мен көлемі жағынан әртүрлі  болып келеді.

Гүлсеріктің түтігіне жабыса дамыған андроцейі үш аталықтан  құралған. Олар кейде бір-бірімен  тұтасып дамымайиын жағдайларда  кездеседі. Экстрафзды, жылжымай бекіген  тозаңқаптары, күлтежапырақша тәріздес діңгектің төменгі жағына орналасқан.

Үш жеміс жапырақшадан құралған гинецейі синкарпты, сирек  паракарпты.

Түйіні төменгі, 3-ұялы келеді, тек паракарпты түрінде ғана бір  ұялы болады.

Аналық діңгек айтарлықтай  ұзын және жоғарғы жағы үш қармақшалы немесе кейде жапырақша тәріздес келеді.

Шырынқапшығы түйіннің жоғарғы  жағында болады, дегенмен аталық жіпшелердің  түп жағына немесе гүлсеріктің ішкі бетінде орналасады.

Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Оның орта шеніндегі қабырғасының жақтаушаларының ашылуы арқылы тұқымдастары шашылады. Бұл тұқымдастардың өкілдерінің айтарлықтай шаруашылық маңызы болмағанмен, сәндік (гладиолус), иісмай (құртқашаш),ттағамдық (бәйшешек) үшін пайдаланылатын түрлері бар. Дегенмен, олардың көпшілігі арамшөптер қатарына жатады.

ҚҰРТҚАШАШ ТУЫСЫ – РОД  ИРИС

(IRIS L.)

Негізінен ТМД – елдерінің  оңтүстік аймақтарының аудандарында, құртқашаш туысының 90 түрі таралған, ал Қазақстан жерінде 21 түрі кездеседі. Олардың ең жиі кездесетіндерінің  бірі батпақ құртқашы.

 

БАТПАҚ ҚҰРТҚАШАШЫ – КАСАТИК  АЙРОВИДНЫЙ

(J.psludacorus L.)

Шеті қалың батпақты немесе батпаққа айналуға айналған көпшілікті жерлерде өсетін және мамыр айының аяғында маусымның басында гүлдейтін  өсімдік. Түп жағына таманжабын жапырағы бар, күрделі монохазийлі үлкен  гүлі болады. Ол, жарғақ тәрізді гүлқауызын жауып тұратын, қысқа гүлжапырақшасы бар гүлсағақта дамиды.  Жоғарғы жағы кеңдеу, төменгі жағы тар және қысқа түтікті, ашық сары гүлсерігі актиноморфты келеді. гүлсеріктің сыртқы шеңберіндегі жапырақшалар үлкен болса, төменгі жағындағылары қысыңқылау көрінеді. жоғарғы ұшы иректелген үлкен жұмыртқа тәріздес күлтежапырақшасы гүлдеу кезінде төмен қарай қайырылып тұрады. Ішкі шеңбердегі жапырақшалары, теріс орналасқан қандауыр тәрізді, үшкір сыртқыларына қарағанда 2-3 есе кіші, шет жағы иректеу және түп жағына таман ішке қарай имектеу келеді.

Аталығы үшеу. Тозаңқаптың  астына орналасқан, олардың жіпшелері  жалпақтау, төменгі жағы үш қырлы  болумен бірге, гүлсеріктің түтігімен, оның жоғарғы жағына орналасқан шырышқаппен  тұтасып кетеді.

Әрбір ұяға екі қатар орналасқан тұқымбүршіктері бар, ұзын түйіні –  үш қырлы 3-ұялы болады. Гүлсеріктің  түтігінен жоғары орналасқан аналық мойыны қысқа және жоғарғы жағы екіге  тармақталған, күлтежапырақшалармен бірге, олардың ішкі жағынан дамитын  тілшік сияқты өсіндісі бар, емшек тәріздес аналық ауыздан тұрады.

Жемісі – сары-қоңыр  қауашақ. Қанатты, жалпақтау тұқымдары  көп мөлшерде жетіледі.

Бұл өсімдіктің осындай құрылысындағы ерекшеліктері, олардың табиғатта көбеюіне бейімделуден пайда болады. Мысалы, тозаңқаптан тозаң шашылу кезінде, аналық ауыздағы емшек тәріздес өсінді төмен қарай иіліп аналықтың аузын ашады.

Осы кезеңде, гүлсеріктегі шырыңқаптан  шырын сору мақсатымен қонған насеком  аяқтарына жұқтырған тозаңды, дымқылданған аналық емшекшелерге жұқтырады да, аналық клетканың ұрықтануына себепші  болады.

 

СҮЙСІНДЕР ТҰҚЫМДАСЫ –  ОРХИДНЫЕ ИЛИ ЯТРЫШНИКОВЫЕ (ORCHIDACEAE JUSS.)

Дүние жүзінде көп тараған, дара  жарнақтылар тобына жататын  бұл тұқымдастың  мыңнан астам  түрлері бар. Олардың негізгілері  Азия мен Африканың дымқыл тропикасында кездеседі. Қазіргі ТМД елдерінің көлемінде, сүйсіндердің  150–ге жуық түрлері таралған, ал Қазақстан жерінде  туысқа топтасқан 28 түрі кездеседі.

Табиғаттың алуан түрлі  қолайсыз жағдайларына бейімделген  және соған бейім құрылыстары  бар, эпифитті немесе жер бетінде  шөптесін түрінде кездесетін, автотрофты және сапрофитті (ұяшөп) тіршілік ете  алатын көпжылдық өсімдіктер тобына жатады.

Информация о работе Тұңғйықтар тұқымдасы - кувшинковые (Nympheaceae Salisb)