Тұңғйықтар тұқымдасы - кувшинковые (Nympheaceae Salisb)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 10:42, реферат

Краткое описание

Жалпы жер шарында бұл текті тұқымдастардың 8 туысының 80-ге жуық түрі бар. Олардың негізгі түрлері тропика мен субтропикалық аймақтарда кездеседі. Бұрынғы Кеңес Одағының көлемінде 10 шақты түрі мәлім. Ал, Қазақстан жерлерінде олардың 2 туысының 4 түрі белгілі. Олар көбінесе сулы немесе батпақты орталарда өсетін көпжылдық тамырлы шөптесін өсімдіктер. Ұзын сағақтарға кезектесіп орналасқан, үлкен, суда жүзіп жүретін жапырақтарымен танымал.

Прикрепленные файлы: 1 файл

су осимдиги.docx

— 58.89 Кб (Скачать документ)

БҰРШАҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ – БОБОВЫЕ (FABACEAE Lindl.)

Бұршақтардың Жер шарына, 12000-ға жуық өкілдері кең тараған. Табиғатта  олардың барлық тіршілік формалары: ағаштар/ жалған акация/  бұталар/ сары акация, таңқурай/ лиандар /пуэрария/, көп  жылдық және бір жылдық шөптесіндері, кездеседі. Бұршақ тұқымдастары түйнекті бактериялармен симбиозды тіршілік ету барысында, топырақты құнарландырады. Өйткені бактериялар, тамыр жүйесіне ену арқасында тамырдың пареихималық бөлігінің дамуына әсер ету арқылы, түйіндер түзеді. Азотбактериялар ауадағы бос азотты қабылдап, күрделі азот тұздарына айналдырады да, өсімдікті қажетті минералды қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Міне, сондықтан да бұл тұқымдастардың өкілдернің бойында белоктардың мол болуы, өсімдіктердің басқа түрлерінен айрықша ерекшелігін байқалтады.

Жапырақтары кезектесіп орналасқан, қарама-қарсы дамыған /супротивті/ түрлері  сирек кездеседі. Олардың өмір бойына сақталып қалатын қосалқы бөпежапырақшалары  болады және көпшілігінде бос дамиды, тек кейбір түрлерінде /жоңышқа/ сағақпен бірігіп өседі. Жалпы жапырақтары  күрделі, өйткені жұп – немесе жұпқауырсынды, үшеуленген түрлері  кездессе саусақсалалы, түрлері сирек  ұшырасады. Өсімдіктердің экологиялық  орталарына қарай кейбір шөптесін түрлерінде /бұршақ, әйкен/ жұптаспаған қауырсынды жапырақшалары мұртшаларға айналған, ал кейбіреулерінде /қоянбұршақ/ бізге  айналған.

Бесшеңберлі, 5 – мүшелі, қосарланған гүлсерігі бар, зигоморфты, гүлдері шашақгүл, сабақбасгүл түрінде  жиі, ал шатыргүлді немесе масақшагүл түрінде сирек кездеседі. Оңай көзге  түсетін гүлінің көлденең жолақтары  бар, бір-бірімен тұтасып өскен  біз тәріздес 5 тісті тостағаншасы арқылы да оңай ажыратылады.

Күлтелері әрқашан жеке күлтежапырақшалардан құралған, олардың жалпақ, қысқа  тырнақшадан тұратын үш жағы жоғары қарай иілген, ең үлкен күлтежапырақшасы жалау немесе желкен деп аталады. Шет жақтары түрілген, бос немесе алдыңғы жағынан кіріккен. Екі  төменгі ұзын тырнақшалы күлтежапырақшалардан түзілген «қайықты», айтарлықтай ұзын жіңішке тырнақшалардан және шамалы түрілген «қанат» немесе «ескек» деп аталатын екі жақтаулық /бүйірлік/ күлтелері жауып тұрады. Қайықтың жоғарғы жағы доғалау немесе құс тұмсығы сияқты имектелген (сиырбұршақ). Ал кейбір өкілдерінің күлтелерінде жалпы бұршақ тұқымдастарға тән ерекшеліктер байқалмайды. Мысалы, кәдімгі жоңышқаның күлтелері тырнақшаларымен бірігіп кеткені соншалық, ұзын және тар түтік түзеді.

Екі шеңберге бес – бестен орналасқан андроцейі 10 аталықтардан құралған, кейбір түрлерінде олар 5-тен  аспайды.

Тентекмия сияқты туыстарының  түрлерінде 10 аталық жеке-жеке дамиды, ал Бекіштің өкілдерінде жіпшелерінің 2/3 бөлігі қабысып түтік түзеді, оларды бір «ағайынды» андроцей деп атайды. Көпшілігінің сыртқы шеңберлеріндегі 5 аталығы, ішкілерінің 4 аталығы жиі қабысулы келеді. олардан түзілген түтіктердің жоғарғы жағы ашық болады. Аталық түтіктің бірікпеген жоғарғы жағы, ішкі шеңбердегі бесінші аталықпен жабылып тұрады. Аталықтардың дәл осылай қалыптасуын «қос ағайынды андроцей» деп атайды. Егер осындай аталық түтіктердің жоғарғы жағындағы тозаңқаптары бар бос жіпшелер, біркелкі ұзындықта болып келсе, онда оларды тура кескінді аталық түтіктер дейді /әйкен/. Ал төменгі ұзындау түтікшенің орта шеніне орналасқан аталық жіпшелер, жанама жіпшелерге қарағанда, ұзына бойына кірігіп жетіледі және мұндай жіпшелер тобын қисық кескінді аталық түтік дейді /бұршақ/. Кейбір түрлерінің ішкі немесе сыртқы шеңберлерге орналасқан жіпшелері әртүрлі ұзындықта болғандықтан, тек тозаңқаптарының сыртқы пішіндері арқылы ажыратылады. Жоңышқа сияқты түрлерінің «қосағайынды» андроцейі күлтенің түтігіне жабысып дамиды. Дегенмен барлық бұршақ тұқымдастардың тозаңқаптары интрорзды болып келеді. бір ғана гүлсерігінен тұратын гинецейі апокарпты.

Қысыңқылау және сопақша  – ұзындау келген түйіні жоғары орналасқан, қосұялы, кейде жалған қабырғаның пайда болуына байланысты, ақтаспа (астрагалдар) сияқты түрлерінде қосұялыда болып келеді. түйіннің үш жағынан бұрыш жасап, сақал тәрізді, түкті және шоқпарбас аузы бар қармақшалар /стилодий/ дамиды.

Түйін аталық түтікпен қапталған, оның бос жіпшелері қармақшаны қоршай бекіген. Аталықтар мен аналығы  қайықшаның ішіне орналасқан. Тозаңқаптың  жарылуы гүлдің ашылуынан бұрын  басталады да, тозаңдар қайықшаның ішіне жиналып тұрады. Ол оңайшылықпен шашыла қоймайды. Сондықтан да олар көпшілік жағдайда насекомдар арқылы тозаңданады. Өйткені түйін мен  андроцейдің арасына жиналған шырынды  сору мақсатымен, ұшып келген насекомның салмағының нәтижесінде қайықша  мен екі ескек төмен түседі, ал бірігіп тұрған аталықтармен аналықтардың ажырау кезінде, топталған тозаңдары екпінмен итеріп жібереді де, тозаңдардың насекомның құрсағына немесе аяқтарына жабысуына мүмкіншілік жасайды. Содан соң, тозаңдарды жапсырып алған насеком басқа гүлге нектар жинауға қонғанда, оның аналық аузына тозаңның түсуіне ықпал етеді. Дегенмен, бұршақ сияқты түрлерінде гүл қауызында өзін-өзі тозаңдандыру процесі болатыны да белгілі.

Жемісі – боб. Ондағы тұқымдарының санына және шашылу сипаттарына қарай  бұршақтар бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Екі жапсыршасы арқылы ашылатын көптұқымды бұршақ тұқымдылар /әйкен, бұршақ, сары акация/. Олардың тұқым шашуы бобтың баурының жоғарғы жағынан төмен қарай, жапсарының ашылуы арқылы жүрсе, екіншіден гүлсерігінің ортаңғы сызықшасы арқылы орындалады;
  2. Азғынтай тұқымдары бар ашылмайтын /жоңышқа/;
  3. Жапсарлары арқылы ашылатын жалған қосұялы бұршақ тұқымдылар /кейбір ақтаспалар немесе астрагалдар/;
  4. Тұқымдар арасын бөліп тұрғандай көрінетін жалған қабырғалары бар көпмүшелі бұршақ тұқымдылар /қоянбеде/. Тұқымы жаңғақша тәріздес, ашылмайтын біртұқымды бұршақ тұқымдылар /эспарцет/.
  5. Эндоспермсіз тұқымы, етженді, тұқым жарғақты, тұқымбүрден және кәдімгідей қалыптасқан бүршікшеден тұрады. Жалпы бұл тұқымдастардың шаруашылық маңызы зор. Мысалы, ас бұршақ, түйебұршақ, жасымық, сиырбұршақ сияқты түрлері белокты заттарға бай болғандықтан тағам ретінде пайдаланса, жержаңғақ, соя сияқты түрлері май өнімдерін алу үшін, тентекмиялар тобы дәрі – дәрмек жасау мақсатында қолданылады. Тропикада өсетін топтары бағалы ағаштар ретінде белгілі. Ал астрагалдар тобынан иіс май алынады. Жоңышқа сияқты түрлері негізгі мал азықтары болып табылады.

 

(БЕДЕЛЕР ТУЫСЫ – РОД  КЛЕВЕР TRIFOLUM L.)

Бұрынғы Кеңес Одағының көлемінде 70-ке жуық түрлері белгілі, ал Қазақстан  жерінде олардың 11-ге жуық түрлері  кездеседі.

 

ОРТА БЕДЕ – КЛЕВКР СРЕДНИЙ (T.medium L.)

Беделердің бұл түрі орманның алаңқай жерлерінде, бұталар арасында, шалғынды далаларда кездеседі. Маусым айының басынан бастап қыркүйекке дейін  гүлдейді.

Үлкен жұмыртқа пішінді немесе басы сопақшалау гүлшоғыры бар. Жабын  жапырағы жоқ, қысқа гүлсағақтарға  орналасқан гүлдерінің ұзындығы 2 см шамасында  болады. Жоғарғы жағы қызғылт түсті  ақшылдау тостағаншасы аздап дұрыс, симметриялы емес қоңырлау ерін жағына қарай орналасқан түктері бар, жолақты, біз тәріздес 5 тісті түтіктің жоғарғы  жағындағы екеуі қысқа болса, ал екі бүйіріндегілері, алғы екуімен шамалас келеді, тек төменгі біреуі ғана ұзын болады. Кіріккен жапырақты күлтесі қызыл түсті. Оның жалау тәріздес бөлігі жұмыртқа тәріздес дөңгелектеу және жоғары қарай түріктеу болса, ал қанаттарының түрілуі жалаушадан қысқалау келеді. доғалдау келген қайықшасы: қанатшалары кішілеу болады. «Қос ағайынды» андроцейі, жоғарғы жағы бос орналасқан жіңішке жіпшелерге бекіген. Аталық түтіктің 2/3 немесе ¾ бөлігі күлтенің түтігімен бірігіп тұрады. Бос жіпшелердің қысқа қанаттары, жоғары қарай кішкене жуандау келсе, түбіне келгенде жіңішкеріп кетеді. Тозаңқаптары майда болады. Олар өсімдіктің алғашқы гүлдеу кезінде кең дөңгелекті пішінде болса, кейінірек найза тәріздес күйге көшеді.

Аналығы тік, отырыңқы орналасқан, сопақшалау түйіннен тұрады. Төменгі  бөлігі нашар дамыған, екі тұқымбүршіктері  бар, түйіннің жоғарғы жағын қаптаған қармақшалары, ұзындығы жағынан қанаттармен  парапар келеді.

Жемісі – біртұқымды боб (бұршақ).

Бұлар белокты заттарға бай, мал азығы.

 

 

ШАШЫРАТҚЫ ТУЫСЫ – РОД  ЦИКОРИЙ 

(CICHORIUM L.)

Бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде  бұл туысқа жататын түрлері 4-ке жуық, ал Қазақстан жерінде 1-ғана түрмен белгілі.

 

КӘДІМГІ ШАШЫРАТҚЫ – ЦИКОРИЙ 

ОБЫКНОВЕННЫЙ

(A.inrybus L.)

Кәдімгі шашыратқы шалғындарда, тау етектерінде, жол бойларында және қуаңды далаларда арамшөптер түрінде  де ұшырасады. Ол маусымның басынан  бастап, күздің аяғына дейін гүлдейді.

Сағақтың ұшына пайда  болатын гүлсебеті дара орналасқанмен  гомогамды келеді. Ол ортаңғы немесе жоғарғы жапырақтардан дамитын  сағақшаларда пайда болады. Жоғарғы  ұшы қайқайған салалы сопақша  және төбе жағына қарай қысқа түтігі кеңдеу келеді.

Ширатылған жапырақтары  цилиндр тәрізді кері иірілген, жұмыртқа – қандауыр пішінді, ішкілері көп  салалы.

Гүлсебеттің орны тікеншелі  жарғақтан тұрады. Себеттегі барлық гүлдері тілшікті, көк түсті, ұзын ширатпалы келеді. Қысқа, жоғарғы  жағы кеңдеу түтікшелі және ұзын салалы ұштары қайқы күлтелері мен танымалы.

Жоғарғы жағы үшбұрышты доғалдау өсінділері бар, түп жағы жебеге ұқсаған  салалы тозаңқаптары бар.

Түйіні сопақ, сопақшалау, қырлылау және арқа жағынан жалпақтау  келеді. Оның жоғарғы жағында майда жарғақшалары бар тәжі пайда болады.

Ұзын жіңішке қалқаншалармен сыпырғыш түктері, түтікшелері бар  жағымен қоршалған, аналық діңгек жоғары орналасқан.

Тұқымы – сопақтау жарғақшадан  тұратын тәж тәрізді айдарлы  болады.

ТЕҢГЕБАСТАР ТҰҚЫМДАСЫ –  СУСАКОВЫЕ

(BUTOMACEAE RICH.)

Солтүстік жарты шардың қалыпты  аймақтары мен тропикада кең  тараған бұл тұқымдастың түрлері 10-шақты болады. Бұрынғы Кеңес  Одағы көлемінде 2-туысы ұшырасады.

Тамыр түбірлері, кейде тамыр  түйнектері бар көпжылдық су немесе батпақ өсімдіктері.

Жапырақтары негізінен сабақтың түп жағына бұтақшалы болып орналасқан, жалпақ белдік немесе қылыш тәрізді  болғанмен эллипс немесе дөңгелектеу  алақандары торланған жүйкелерден  тұрады.

Шатырлы теңгебас деген түрінен  басқасының вегетативті мүшелерінде  сүтті бездері болады. Гүлдері  дара немесе ширатылған шатырлы жабынды  жапырақтары бар, монохазийлі түзілген шатыр тәрізді гүлшоғырынан тұрады немесе актиноморфты шеңберленген, 3 мүшелі қосарланған гүлсерікті келеді.

Тостағаншасы 3 бос тостаған жапырақшаларынан, ал күлтесіде сол  сияқты 3 бос күлте жапырақшаларынан құралған. Андроцейі, бір, екі немесе бірнеше шеңберге орналасқан 3,6,9 немесе одан да көп аталықтардан тұрады.

Екеуден күлтежапырақтың  аралығында орналасқан, жиі сыртқы шеңберге бекітілген аталықтары ыдырауға ұшырайтын болса, ішкілері, керісінше өзгеріске сирек ұшырайды. Өзгеріске ұшыраған аталықтар қармақшаларға айналуы мүмкін.

Гинецейі 3,6,9 немесе одан да көп жеміс жапырақшаларынан түзілген, апокарпты, дегенмен кейде жеміс  жапырақтары түбіне қарай тұтасып  кетеді. Аналық мойын әрқашан бос  тұрады.

Түбіндегі тұқым бүршіктері жеміс жапырақтарының бүйір жағына орналасқан.

Жемісі – 3,6 немесе көп  жапырақшалы.

Тұқымы эндоспермсіз, тік  немесе таға тәрізді тұқымбүрден  тұрады.

Бұл тұқымдастардың айтарлықтай  шаруашылық маңызы жоқ, тек шатырлы  теңгебастың тамыртүйнектері ғана, крахмалға бай болғандықтан тамақ  өнеркәсібінде пайдаланылады.

Қос гүлсерігінің, көп аталықтары мен аналықтарының болуы және жемісінің жапырақ жемісті келуі  теңгебастарды дара жарнақтылардың қарапайым тұқымдастарының біріне жатқызады. Осындай белгілерге қарап  оларды сарғалдақтар мен тұңғыйықтар  тұқымдастарына да жақындастыруға болады. Дегенмен атақты ғалым А.Л.Тахтаджян (1966) оларды бір ғана теңгебас туысына  жатқызады.

 

ТЕҢГЕБАС ТУЫСЫ – РОД  СУСАКОВ (BUTOMUS L.)

Бұранғы Кеңес Одағы көлемінде  теңгебастардың 2 түрі кездессе Қазақстанда  біреуі ғана белгілі.

 

ШАТЫРШАЛЫ ТЕҢГЕБАС – СУСАК  ЗОНТИЧНЫЙ

(B.umbellatus L.)

Шатыршалы теңгебастар су қоймалары мен өзен бойларында жиі  кездесетін өсімдік. Тік бағытта  өсіп тұрған, жолақты, көлденеңінен үш бұрышты жапырақтары арқылы өте  танымалы.

Жалпы мамырдың аяқ жағынан  бастап, гүлдеуі тамызға дейін  созылады. Үш немесе төрт, үш бұрышты  – қандауыр тәрізді, үшкірлеу жабық жапырақшалары бар, сабақ басына орналасқан шатыршалы гүлшоғырынан тұратын гүлі арқылы да ажыратылады.

Тостағанжапырақшалары жалпақ ланцет тәрізді, үшкірлеу, имектеу іш жағы қызғылттау, сыртынан жасылдау келеді.

Күлтелері тостағанжапырақшалардан ірілеу, кері орналасқан жұмартқа пішіндес, ашық-қызғылт түсті болады.

Аталықтары 9, оның 6 аталығы, тостағанжапырақшаларға қарама-қарсы  ішкі шеңберге қосарланып бекісе, ал ішкі шеңбердегі 3 аталығы күлтежапырақшаларға  қарама-қарсы орналасқан.

Жоғарғы ұштарына қарай жіңішкерген  аталық жіпшелері салалы -  қандауыр тәрізді келеді.

Тозаңқаптары жылжымалы  емес.

Жиі бостау, кейде түп  жағына қарай кірігіп кеткен, аналықтары 6 болады.

Түйіні екі жағынан  қысыңқы келеді және жалпақ жақтарымен көршілес аналықтармен жабысып тұрады. Аналық мойыны сыртқа қарай имектеу келеді. Тұқымбүрлері көп мөлшерде болады.

Жемісі – шеңберленген 6 жапырақшалы.

 

АЛИСМАЛАР ТҰҚЫМДАСЫ –  ЧАСТУХОВЫЕ

(ALISMACEAE VENT.)

Солтүстік жарты шардың тропикалық және қалыпты ауа райы бар аймақтарына, алисмалардың 70-ке жуық түрлері таралған. Бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде  олардың 15-ке жуығы кездеседі, ал Қазақстан  жерлерінде ұшырасатын 8 түрі Алисма жұлдызжеміс, жебежапырақ сияқты туысқа топтастырылған.

Саяз суларда, батпақты жерлерде және су бойларында өсетін көпжылдық, сирек бір жылдық, өсімдік.

Кейде түп жағы жуандау  келінетін жапырақтары, кездесіп бекіген, жапырақ алақандары жәй (қарапайым), бүтін, дөңгелектеу, жұмыртқа пішіндес, қандауыр тәрізді немесе торланған жүйкелері бар, жебе сияқты да болады.

Информация о работе Тұңғйықтар тұқымдасы - кувшинковые (Nympheaceae Salisb)