Тұңғйықтар тұқымдасы - кувшинковые (Nympheaceae Salisb)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 10:42, реферат

Краткое описание

Жалпы жер шарында бұл текті тұқымдастардың 8 туысының 80-ге жуық түрі бар. Олардың негізгі түрлері тропика мен субтропикалық аймақтарда кездеседі. Бұрынғы Кеңес Одағының көлемінде 10 шақты түрі мәлім. Ал, Қазақстан жерлерінде олардың 2 туысының 4 түрі белгілі. Олар көбінесе сулы немесе батпақты орталарда өсетін көпжылдық тамырлы шөптесін өсімдіктер. Ұзын сағақтарға кезектесіп орналасқан, үлкен, суда жүзіп жүретін жапырақтарымен танымал.

Прикрепленные файлы: 1 файл

су осимдиги.docx

— 58.89 Кб (Скачать документ)

ТҰҢҒИЫҚТАР ТҰҚЫМДАСЫ  – КУВШИНКОВЫЕ (Nympheaceae Salisb)

Жалпы жер шарында бұл  текті тұқымдастардың 8 туысының 80-ге жуық түрі бар. Олардың негізгі түрлері  тропика мен субтропикалық аймақтарда кездеседі. Бұрынғы Кеңес Одағының көлемінде 10 шақты түрі мәлім. Ал, Қазақстан  жерлерінде олардың 2 туысының 4 түрі белгілі. Олар көбінесе сулы немесе батпақты орталарда  өсетін көпжылдық тамырлы шөптесін өсімдіктер. Ұзын сағақтарға кезектесіп орналасқан, үлкен, суда жүзіп жүретін  жапырақтарымен танымал.

Суда жүзіп жүретін  жапырақты түрлерімен бірге, су бетінде  қалқып тұратын лотос су астында  дамитын сарытұңғиық (кубышка) және өте тарамдалған жапырақтары  бар кабомба сияқты түрлері белгілі. Олардың көптеген түрлерінің вегетативті  мүшелерінде шайыр жинайтын орындары бар.

Дара, ірі, қос жынысты, актиноморфты, циклді немесе гемициклді  гүлдері  ұзын гүлшоғырларына орналасқан.

Гүлсеріктерінде қарапайым  күлте тәріздес бос тұрған 6 жапырақшалары  қосарланған шеңбер түзе орналасқан (кабомба, бразения). Тостағаншалары 2-ден 5-ке дейін немесе одан да көп тостаған жапырақшалардан тұрады.

Шеңберленіп орналасқан күлтелері  өте көп, олардың бір-бірімен жабысып  өскен түрлері тек Барклай  деген түрінде ғана кездеседі. Аталықтары өте көп. Олар көпшілік жағдайда үш еселеніп (3-6-12-18), шеңбер құрап орналасқан (кабомба, бранезия), ал ақ тұғыйық, сары тұңғыйық және тұңғыйық, сияқты түрлері  де, олар біртіндеп күлте жапырақшаларға айналған, аталық жіпшелер жуандап, ондағы тозаңқаптар қысқарып, тіпті ең соңында, үзіліп қалады.

Аналығы апокарпты (кабомба, бранезия), 2-3 немесе одан да көп жеміс  жапырақшаларынан тұрады. Синкарпты  түрлерінде жемісжапырақшалар анықталмаған мөлшерде кездеседі. Сары тұңғыйық сияқты түрінде тұқым бүрлері жоғары орналасса, ал ақ тұңғыйықтарда төмен  орналасқан, ұрықтануы жиі жүреді.

Жемісі – көпжаңғақшалы  жеміс. Үш немесе көпжапырақшалы түрлері кейде шырынды болса, кейде бөлшектелген қауашақ болады.

Көпшілік түрлерінің тұқымдары  кішкентай тұқымбүршіктен, үлкен  периспермадан және өте нашар  жетілген эндоспермадан тұрады. Тек  лотостардың тұқымдары жақсы  жетілген тұқымбүршікке толы болады.

Тұңғыйықтардың ішінде мәдени өсімдікке айналған түрлері өте көп, тіпті шаруашылыққа қажетті түрлері де бар. Мысалы, үнді лотосының тамырсабағы крахмалға өте бай болғандықтан, олардан сапалы ұн дайындалады. Сонымен бірге көптеген тұңғыйықтар, даражарнақты өсімдіктерге тән, жетілмеген негізгі тамыры, жабық өткізгіш шоқтары, қарапайым үшмүшелі гүлсерігінің болуымен сипатталады.

Тұңғыйықтар тұқымдастарының  өзін, кабомбалар, барклайлар, эвриалалар, тұңғыйықтар, лотостар деп бірнеше тұқымдастарға бөлінеді. Олардың ішінде көп тарағаны тұңғыйықтар туысы.

 

ТҰҢҒЫЙЫҚ ТУЫСЫ – РОД  КУВШИНКА

(Nymphaea L.)

Бұрынғы Кеңес Одағының көлемінде 3 түрі кездессе, Қазақстанда 2 түрі бар.

 

АҚ ТҰҢҒЫЙЫҚ – КУВШИНКА ЧИСТОБЕЛАЯ (N.candida Pzesl.)

Қазақстанның Солтүктік  облыстарының баяу ағатын немесе өзеннің  ескі арналары мен көлшіктерде өседі. Маусым айынан бастап күзге дейін  гүлдейді.

Гүлдерінің көлемі 6-11 см шамасында, күндіз ашылады, гемициклді, қосарланған гүлсерігінен тұрады. Сырт жағы жасыл, ішкі жағы ақ болып келетін 4 тостағаншаларының түп жағы етжеңділеу келеді. Ұзынша, дөңгелектеу келген тостаған жапырақшалар, гүлдің басқа мүшелерінен биіктеу болады. Түйіннің төменгі жағына бекіген күлтежапырақшалар өте көп және түсі ақ,  дөңгелектеу немесе сопақшалау, тіпті қандауыр тәрізді де болып ұшырасады. Сыртқы күлте жапырақшалар мен тостаған  жапырақшалар, көлемі жағынан, бірдей  болады. Неғұрлым ішке қарай орналасқан түрлері кішкентайлау болса, ал одан да ішкері орналасқандары аталықтардан сәл-ақ биік көрінеді. Түйіннің жоғары жағына орналасқан аталықтары өте көп. Ең ішке қарай орналасқандары аналық ауыздың астына бекіген. Сыртқы аталықтардың жіпшелері жуан, дөңгелектеу немесе қандауыр тәріздес, күлте жапырақшаларға ұқсаған, ал ішке қарай орналасқан аталықтардың жіпшелері жіңішке қандауыр тәрізді. Тозаңқаптары сары, жолақты, жылжымалы келеді. Аналығы синкарпты, (518-12/16) жеміс жапырақшаларынан құралған. Жұлдызша тәріздес аналық ауызы бар, көпұялы түйіні төмен орналасқан.

Жемісі – тостаған жапырақшалармен қоршалған шырынды қауашақ. Олар гүлтұғырының бұралуының салдарынан суға батып тұрады. Түп жағына қарай үшкірленген, дөңгелек тұқымдары болады. Тұқымсеріктері тұқымнан 2-3 есе ұзын, тұқымды қаптап тұрған қапшық тәрізді келеді. Өйткені сырты шырыштанған және іші ауа көпіршіктеріне толы болады. Жеміс жетілген кезде тостаған жапырақтар шіріп, жемістің қабығы екіге жарылып, арасын бөліп тұрған қабыршақпен бірге шырыштанады да, екі бөлек тұқым бөлініп шығады.

САРЫТҰҢҒЫЙЫҚ ТУЫСЫ –  РОД КУБЫШКА (NUPMAR Smith)

Бұрыңғы Кеңеңс Одағының көлемінде 3 түрі таралса, Қазақстан жерлерінде олардың екі түрі кездеседі.

КӘДІМГІ САРЫ ТҰҢҒЫЙЫҚ –  КУБЫШКА ЖЕЛТАЯ (N.luteum (L.) Smith

Бұл кішкентай өзендер  мен тоғандарда өсетін өсімдік. Маусым айларынан күзге дейін гүлдейді. Гүлдерінің көлемі 4-7 см шамасында, гемициклді, қосарланған гүлсерігінен тұрады. Дөңгелектеу  немесе жұмыртқа тәріздес керісінше  орналасқан 5 тостағаншасының жоғарғы  жағы доғалдау және ойыстау келеді.  Сырты жасыл-сары, ішкі жағы сары тостағаншажапырақшалардан  тұрады. Күрең-сары, кері орналасқан жұмыртқа тәріздес қысқа тырнақшалы, үш жағы ойыстау, тостағанжапырақшалардан  аласалау, күлтелері өте көп. Имек жіпшелерге бекітілген жапырақ тәріздес көп мөлшердегі аталықтарының, кең дөңгелектері арқылы байланысқан сопақшалау дөңгелек тозаңқаптары болады.

      Аналықтары  синкарпты, 12-20 жеміс жапырақтарынан  құралған. Көпұялы түйіні жоғары  орналасқан. Діңгегі жалпақ оны  түйіннен ажырату қиын. Аналық  ауызы бүтін келеді. Жемісі – жұмытрқа немесе конус тәріздес, кейде имек, шырынды қауашақ. Ол жетілген кезде су бетіне көтеріліп, бірнеше бөліктерге (мерикарпий) бөлінеді және жеміссерігі қурап түскеннен кейін, ассиметриялы, жұмыртқа тәріздес майда тұқымдары шашылады.

РАУШАНГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ  – РОЗОЦВЕТНЫЕ 

(ROSACEAE JUSS.)

Раушангүлділер тұқымдастарының 2000-ға жуық түрлері жер шарының  барлық жерлеріне тараған. Олар қоңыржай және суптропикалық аймақтардың  Солтүстік жарты шарларында кездеседі. Бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде 800-ге жуық түрлері белгілі.

Раушангүлділер жапырақ тастайтын немесе өне бойына мәңгі көгеріп тұратын ағаштар және бұталар. Олар негізінен көпжылдық өсімдіктер, бір жылдық және шөптесін түрлері де бар. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, қарама-қарсы (супротивті) орналасуы сирек кездеседі. Көбінесе қосалқы бөпежапырақтары арқылы да (прилистники) танымалы, олар жеке немесе сағаққа бекіген. Сыртқы пішіндері қарапайым (бүтін, кейде тарамдалған) немесе күрделі болады.

Гүлшоғыры цимозды және ботрикалық (шашақ, қалқан, шатыр, масақ, жұмырбас), жеке орналасқан гүлдері сирек кездеседі.

Циклді немесе гемициклді, актиноморфты, қос жынысты, қосарланған  гүлсерікті, бесмүшелі гүлдері болады.

Бұл тұқымдасқа тән бір  ерекшелік, оларда гепантия құбылысы пайда  болады, (яғни аталықтардың, күлтелердің, тостағанжапырақтардың түптерінің бірігіп өсуі), дегенмен кейде кең гүлорнын (гүлтабанын) кездестіреміз. Жалпы гүлорны (гипантий) жалпақ та, дөңес те, ойыс та және бокал тәрізді де болып кездесуімен бірге, жеке немесе гинецеймен тұтасып та дамиды.

Жалпы пісіп жетілмеген жемістерінің түбінде қалып қоятын бос 5 тостағаншалары болады. Тостағанжапырақтары онша ашық түсті болмайды, бірақ қосарланып өскен бөпежапырақтардан, тостаған асты жапырақшалар пайда болады.

Гүл күлтелері дара жапырақшалар түрінде, ақ, сары немесе қызғылт түсті  болады. Гүлдеп болған соң, күлтежапырақшалары түсіп қалады.

Андроцейі көпмүшелі. Аталықтары бірнеше шеңберлерге орналасқан, әрбір шеңберде көбінесе 5 немесе 10 аталықтан болады, одан аз мөлшерде сирек кездеседі. Көбінесе аталықтары жемісте сақталып қалады.

Гинецейі көп немесе аз мөлшердегі жемісжапырақтарынан қалыптасқан, апокарпты, ал гемисинкарпты немесе синкарпты түрлері сирек кездеседі. Егер гинецей көпмүшелі болатын болса, онда анадықтар дөңес гүлорнына спираль түзеп орналасады, мұндай гүлді гемициклді гүл деп атайды. Жемісжапырақтарының түйінмен тұтасып өсуі әртүрлі болады. Кейде олар түп жағы арқылы тұтасса, екінші жағдайда түйіннің орта шеніне таман, ал кейде ұшына дейін тұтасады, тіпті қармақшалары да көрінбей кетеді де, аналық мойын қып-қысқа болып көрінеді. Ендігі бір жағдайларда жемісжапырақшалар гүлорнымен жарысып өседі де, түйін төменде қалып қояды. Сондықтанда оны төменгі түйін деп атайды. Түйіндегі тұқым бүршіктердің саны біреуден бірнешеуге жетеді, көп мөлшердегілері сирек кездеседі (жапон бежесі). Қармақшалары негізінен жоғары орналасқан, бүйірге немесе төменге орналасқан түрлері сирек кездеседі. Ол көбінесе жемістерде сақталып қалады және олардың таралуына ықпал етеді. Бұл тұқымдастың көптеген түрлерінің андроцейлері мен гинецейлерінің арасында гүлшырыны жиналатын өзегі болады.

Аналық гүлдерде, кейде  жетілмеген аталықтар сақталса, ал аталық гүлдерде аналықтардың жұрнақтары сақталатыны белгілі.

Жемістері шырынды, көпжапырақты, көпжаңғақты, жаңғақшалы, көпсүйекті, сүйекті алма түрінде болады.

Раушангүлділер тұқымдастарының  қосалқы жапырақшалары мен тостағаншаларының, гүлорнының, гинецейінің және жемістерінің құрылыстарындағы ерекшеліктеріне  қарай, тобылғылар, алмалар, раушандар, бадамдар болып төрт тұқымдастар  тармағына бөлінеді. Жалпы бұл  тұқымдастардың туыстарының халық  шаруышылығы үшін маңызы өте зор.  Мысалы, алма, алмұрт, беже, бадам, т.б. бағалы жемістер болса, түзу қазтабан сияқты түрлері дәрі-дәрмек жасауға, тобылғылардан бояғыш заттар алуға, кәдімгі раушаннан витаминдер өндіруге пайдаланады және көптеген түрлері қалалық парктер мен бақтарда сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі.

ТОБЫЛҒЫ ТУЫСЫ – РОД  СПИРЕЯ (SPIRAEA L.)

Бұрынғы Кеңес Одағының көлемінде  жабайы өсетін 20-ға жуық өкілдері белгілі, ал Қазақстанда олардың 10 шақты түрі белгілі.

ТАЛЖАПЫРАҚТЫ ТОБЫЛҒЫ  – СПИРЕЯ ИВОЛИСТНАЯ (S.salicifola L.)

Қазақстанның континентальды ауа райына бейімделген өсімдік. Сәндік үшін қолда өсіріледі, тез жабайыланады. Маусым, шілде, тамыз айларында гүлдейді.

Аналық діңгекке шоғырланған, бесмүшелі, майда гүлдері, жіңішке  пирамида тәріздес гүлшоғырына айналған, яғни шашақты плейохазий түзеді. Гипантийі  шұңғыл емес, табақша тәріздес, оның іш жағы тік түкшелермен қапталса, сырт жағы бұйра түкшелерден тұрады. Сырты бұйра түктермен қапталған, жалпақтау үшбұрышты, үшкірлеу тостағанжапырақшалары  әрқашанда төмен қарай қайырылулы болады. Дөңгелек күлтежапырақшалары қызғылт келеді, ақ түстері сирек  кездеседі. Аталықтары өте көп 55-ке дейін жетеді. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінің  алғашқы фазасында, аталықтары төмен  қарай бүктетіліп бұғып жатады, кейінірек  көтеріліп, күлтелерден шамалы асып тұрады. Дөңгелектеу тозаңқаптары да қызғылттау, тозаңдарын шашып болғаннан  кейін өзінен өзі түсіп қалады. Гипантийдің айналасына шеңбер құсап  орналасқан он шақты аталықтары қоңыр-қызғылт  стаминодияға айналған. Аналық аузы шоқпақбастылау бес аналықтарының сопақша түйіндері мойындарына қарай иілген қармақшалардан тұрады. Жемісі  бесжапырақты, жапырақшалары тақыр тегіс келеді, олардың тұқымдары шоқпар пішіндес онша көп болмайды.

АЛМА ТУЫСЫ – РОД  ЯБЛОНЯ (M.domestica Borkh.)

Қолда өсіріледі. Күтімі болмаса  тез жабайыланады. Мамыр, маусым айларында  гүлдейді. Гүлі гүлсағақтарға орналасқан, қарапайым плейохазий, типті жинақталған  ертерек жетілетін гүлдерді аналықтан  жоғары орналасқан. Төменгі жағы түбінен  тұтасып өскен гипантий, түпті  және бокал тәрізді келеді. тостағаншасы үшбұрышты қандауыр тәрізді, төмен  қарай қайырылған 5 тостаған жапырақшалардан  тұрады. Дөңгелек немесе жұмыртқа тәріздес қысқа тырнақшалардан тұратын күлтелері  ақ немесе қызғылт түсті болып  келеді. ұзын жіпшелерге орналасқан дөңгелек немесе аздап сопақшалау тозаңқаптары бар, 20-30 шақты аталықтары, үш шеңберді айнала бекіген. Синкарпты гинецейі 5 жеміс жапырақшаларынан құралған. Әрбір ұясында 2 тұқым бүршіктерден тұратын түйіні төмен орналасқан. Қармақшалары ұзын, жартылай қабысып  өскен, сырт жағы кейде тықыр болса, кейде түкті келеді. тіпті түп жағы шұңқырланып келген жемісі – алма. Шырынды, пайдалы жеміс.

ҚАЗТАБАН ТУЫСЫ – РОД  ЛАПЧАТКА (POTENTILLA L.)

Бұрынғы Кеңес Одағының көлемінде  қазтабандар туысының 180-нен астам  өкілдері тараған, Қазақстан жерінде 50-ге жжуық түрі кездеседі.

 

КӘДІМГІ ҚАЗТАБАН – ЛАПЧАТКА ГУСИНАЯ

(P.ansezina L.)

Өсімдіктер қауымында  күнде кездесетін өсімдік. Әсіресе  олар тоған жағалауларында, жол бойларында кездеседі, ылғалды шалғындарда  да жиі ұшырасады.

Мамыр айынан бастап күздің соңғы айларына дейін гүлдейді. Қосақталмаған, арасы ашық, қауырсынды жапырақтарының қолтықтарынан дамитын, гүлтұғырында жеке тұратын, үлкен гүлдері аналықтарының  төменгі жағында жетіледі. Түкті, жалпақ табақша тәріздес гипатейі бар 5 тостағаншасы сырт жағынан түкті, жұмыртқа тәріздес, ұш жағы қайырылған тостағанжапырақшалардан тұрады. Олардың  ұзындығына сәйкес келетін жоғарғы  жағы 2-3 бөлікке жіктелген сирек  бүтін болатын тостағанасты жапырақшалары  болады, тостағаншаларынан 2-3 есе ұзынырақ, күлтежапырақшаларының жоғарғы  жағы ойыстау және ашық-сары түсті  келеді. үш шеңберге орналасқан, аталықтар саны 20. Олардың ең ұзын деген 10 шақтысы сыртқы шеңберде дамыса, 5-і ортаңғы, ал қалғаны ішкі шеңберге бекіген. Дөңгелек сопақшалау қозғалмайтын тозаңқаптарының, түп жағы жуан және қысқа жіпшелерге орналасқан. Дөңес, түкті, гүлорнында дамитын аналықтары андроцейден шырын жиналатын дөңгелек арқылы ажыратылған. Аналығы, ұзын, имек қармақшалары бар, жалпақ аналық ауыздан және қымқа тұғырға орналасқан, дөңгелектеу кішкене бтүйіннен тұрады. Жеміс – көпжаңғақшалы. Қысқа қармақшалы мен жолақшалары бар тұқымдары, жұмыртқа тәріздес болады.

РАУШАН ТУЫСЫ – РОД  РОЗЫ (ROSA L.)

Бұрынғы Кеңес Одағының көлемінде  бір-бірінен ажырату қиын, 200-ден  астам өкілдері таралған, ал Қазақстан  жерінде 25-ке жуық түрі кездеседі.

КӘДІМГІ ҚОҢЫР РАУШАН –  РОЗА КОРИЧНАЯ (R.cinnamomea L.)

Тоғайлардың шетінде, өзендер  мен көлдердің бойларында, тау  шатқалдарында жиі кездесетін өсімдік. Мамыр, маусым, шілде айларында гүлдейді.

Қосарланған гүлсеріктері бар, ұзын гүлшоғыры арқылы аналықтың  айналасына орналасқан ірі гүлдері, көпшілік жағдайларда дара кездеседі. Сырт жағы тықыр, ал ішкі жағы түкті  гипантийі (гүлтабаны) өте ойысқан  шар немесе жұмыртқа тәрізді болып  келеді. Тостағаншасы, үшбұрышты –  қандауыр тәріздес, төмен қарай қайырылған, іш жағынан түкті 5 тостағанжапырақшалармен көмкерілген және кейде олар жолақты қандауырлардың жұрнағы түрінде байқалады. Тырнақшалары жоқ, жұмыртқа тәріздес және жоғарғы жағы ойыстау күлтелері қызғылттау болады. Дөңгелек – сопақшалау тозаңқаптары жіңішке жіпшелерге орналасқан аталықтары өте көп. Ұзын, түкті тұғырға отырған, сопақша келген, түйіні бар аналықтары өте көп және олар гипантийдің түбіне және шеттеріне айнала орналасқан. Жоғарғы жағына қарай жуандана барып, шоқпарбасқа айналған аналық ауызы мен қармақшалары қалың түкті келеді. Жидек тәрізді, көп жаңғақшалы, жемісі – шырынды гипантийі арқылы танымал. Тұқымдары эллипсоид тәрізді жаңғақшалар.

Информация о работе Тұңғйықтар тұқымдасы - кувшинковые (Nympheaceae Salisb)