Гиповитаминоздардың негізгі себеп-тері
Реферат, 27 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
ХΙХ ғасырдың екінші жартысында тамақ өнімдерінің құндылығы, олардың құра-мындағы ақуыздар, майлар, көмірсулар минералдық тұздар және судың болуымен анықталатындығы дәлелденді.
Дегенмен, дәрігерлердің практикалық тәжірибесі және клиникалық бақылаулар, сонымен қатар, теңіздегі және құрғақ жерлердегі саяхатшылардың тарихтары тамақтың құрамындағы жоғарыда көрсетілген құнды заттары толық болғанымен кейбір ерекше аурулардың (қырқұлақ,бери-бери,) дамитындығын көрсетті.
Прикрепленные файлы: 1 файл
3 Бөлім. Витамины.docx
— 2.87 Мб (Скачать документ)
Стр:133закончить таблицу.
3-3сурет.Көру циклінің сызбанұсқасы.
Көздің жарықты сезгіш аппараты көз торы. Көз торына түсуші жарық көз торы пигменттерімен адсорбцияланады және энергияның басқа түріне көшеді. Адам көз торында 2 түрлі рецепторлық жасушалар бар: таяқша және колба тә-різді. Таяқша рецепторлар әлсіз бол-ғанда (кешкі жарық), ал колба тәріз-ділер жарық жақсы болғанда (күндізгі жарық) әрекеттеседі. Таяқшаларды көру пигменті родопсин бар, ал колба тәріз-ділерде йодопсин бар. Екі пигментте күрделі ақуыздар, бірімен-бірі ақуыздық бөліммен ерекшеленеді. Екі ақуызда да кофермент рөлін А витаминінің альде-гидтік туындысы 11-цис-ретиналь ат-қарады.
Ретиол қышқылы, стероидты гормон-дар сияқты, нысана-жасушалардың яд-росында рецепторлармен әрекеттеседі. Түзілген комплекс ДНҚ белгілі бір бөлімдерімен әрекеттесіп, гендердің транскрипциясын үдетеді. (4тарауды қа-раңыз). Ретинол қышқылы әсерінен үдетілген гендер қызметі нәтижесінде түзілген ақуыздар, өсуге, жасуша ерек-шеленуіне, көбеюге және ұрықтық да-муға әсерлерін тигізеді.(3-4сурет).
3-4 сурет. Организмде ретиноидтардың әсері.
А гиповитаминозының негізгі кли-никалық көріністері.
Адамдарда және тәжірибелік жануар-ларда А витамині жетімсіздігінің ерек-ше және ерте белгісі – кешқұрым кез-дегі көрудің нашарлауы. (гемералопия немесе «тауық соқыр» «ақшам соқыр»). А витамині гиповитаминозына тән көз алмасының зақымдалуы – ксерофталь-мия, яғни көздің мүйізді қабатының құрғауы, нәтижесінде көз жасы канал-дарының эпителий мүйізденуіне сәйкес бітеліп қалуы. Бұл өз кезегінде, коньюк-тивиттің дамуына, ісіктің пайда бо-луына, мүйізді қабаттың жарақаттануы және жұмсаруы, яғни кератомаляцияға әкеп соқтырады. Ксерофтальмия және кератомаляция, дұрыс ем шараларын қолданбаса, адам тіптен көрмей қалуы мүмкін. Балаларда және жаңа туған жануарларда А витамині авитаминозы сүйек өсуін тоқтатады, барлық мүше-лердің эпителиалды жасушалары кера-тозына, ал осының себебіне терінің мүйізденуі, АҚЖ зәр жыныс жүйелері-нің және тыныс алу жолдары эпителийі зақымдалуы мүмкін. Бас сүйегі өсуінің тоқтауы ОЖЖ ұлпаларының зақымда-нуына және жұлын-ми сұйықтығы қысымының артуына әкеп соқтырады.
2.Д тобындағы витаминдер. (каль-циферолдар)
Кальциферолдар–стериндер туындыла-рына жататын, химиялық туыстас қосы-лыстар. Биологиялық белсенділігі жоға-ры витаминдерге Д2 және Д3 жатады.
Д2 витамині (эргокальциферол), кейбір саңырауқұлақтарда, ашытқыда, өсімдік майларында болатын өсімдік стероиды – эргостерген туындысы. Тамақ өнімде-рін УКС сәулелендіргенде, емдеу мақса-тымен қолданылатын, эргосериннен тү-зілетін Д2 витамині алынады. Адамдар-да және жануарларда болатын Д3 ви-тамині холекальциферол, адам терісінде 7-дегидрохолестериннен УК–сәулесі әсері нәтижесінде түзіледі. (3-5 сурет).
3-5 сурет. Д2 және Д3 витаминдері синтезі сызбанұсқасы.
Д2 және Д3 витаминдері – ақ кристалдар, май тәрізді, суда ерімейді, майда және органикалық еріткіштерде жақса ериді.
Д3 витамині жануар текті тамақ өнім-дерінде көптеп кездеседі: сары майда, жұмыртқаның сары уызында, балық майында т.б.
Тәуліктік мөлшері балалар үшін – 12-25 мкг (500 -100 МЕ), ал ересектер үшін әлде қайда төмен.
Биологиялық рөлі. Адам организмінде Д3 витамині 25 және 1-ші орында гидро-ксилденеді және 1,25- дигидроксихоле-кальциферолға (кальцитриол) айнала-ды. Кальцитриол гормондық қызмет ат-қарады, ішектен Са+2 сіңірілуін, бүйрек-терде Са+2 және фосфаттардың реаб-сорбциясын күшейте отырып, сүйек ұл-паларының кальцийленуін күшейтетін Са+2 және фосфат алмасуды реттеуге қатысады.
Са+2 концентрациясы төмен болғанда немесе Д3 концентрациясы жоғары бол-ғанда, ол сүйектегі Са+2-ның жұмсалуын күшейтеді. (11 тарауды қараңыз).
Жетіспеушілігі. Д3 витамині жетіспеу-шілігі кезінде балаларда «рахит» деп аталатын, өсіп келе жатқан сүйек ұлпа-сының кальцийленуінің бұзылуымен сипатталатын ауру дамиды. Мұндай жағдайда, сүйектің өзіне тән өзгерісімен сипатталатын қаңқа деформациясы (Х-немесе О-тәрізді аяқ формасы, қабыр-ғада «есеп шот», бас сүйегінің дефор-мациясы, тісінің шығуы кешеуілдеуі сияқты) байқалады.
Артық мөлшері. организмде Д3 вита-минінің артық мөлшерінің түсуі. Д вита-мині гипервитаминозын туғызады. Бұл кезде өкпе, бүйрек, жүрек, қан тамыр-лары қабырғаларында кальций тұзда-рының жиналуы, сүйек жиі сынатын остеопороз белгілері пайда болады.
3.Е тобының витаминдері (токофе-рол)
Е витамині 1936 жылы бидай дәні ұрық-тары майынан бөлініп алынды және токоферол деп аталды. Қазіргі кезде табиғи көздерден табылған токоферол-дар және токотриенолдар тұқымдастары белгілі. Олардың барлығы бастапқы зат болып табылатын токолдың метилді туындылары, құрылысы жағынан бір-біріне жақын және грек алфавиті әріп-терімен белгіленеді. Биологиялық бел-сенділігі ең жоғары α-токоферол. Токо-феролдар май тәрізді сұйықтық, орга-никалық еріткіштерде жақсы ериді.
Адам үшін Е витаминінің негізгі көздері – өсімдік майлары, салат, капуста, астық тұқымдары, сары май, жұмыртқаның са-ры уызы.
Ересек кісілер үшін тәуліктік қажет-тілігі – 5 мг.
Биологиялық қызметі. Әсер ету меха-низмі бойынша токоферол биология-лық антиоксидант. Ол жасушалардағы бос радикалды реакцияларды тежейді және биологиялық мембраналарда, бас-қа молекулаларда мысалы ДНҚ қанық-паған май қышқылдарының асқын то-тығу тізбекті реакцияларының дамуын тежейді. (8 тарауды қараңыз). Токофе-рол А витаминінің белсенділігін, оның қанықпаған бүйірлік тізбегін тотығудан сақтау арқылы қорғайды.
Е витамині жетімсіздігінің клини-калық көріністері. Адамдарда әлі толық зерттелмеген. Е витаминін ұрық-тану процесі бұзылғанда қолдану, ерік-сіз қайталанатын түсіктерде, бұлшықет әлсіздігінің кейбір түрлерінде және дистрофиялар қолдану жақсы нәтиже беретіндігі белгілі. Е витаминінің күні жетпей туған балаларға және жасанды қоректендірілетін балаларға ем ретінде беріледі, себебі сиыр сүтінде ананың сүтіне қарағанда Е витамині 10 есе аз. Е витамині жетімсіздігі кезінде гемолит-тік анемия дамиды, оның себебі, липид-тік асқын тотығу нәтижесінде эритро-циттер мембранасының бұзылуынан болуы мүмкін.
4.К витаминдері (нафтохинондар).
К витамині бірнеше түрде болуы мүм-кін, өсімдіктерде филлохинон түрінде (К1), ішек флорасы жасушаларында менахинон түрінде (К2).
К витамині көзі – өсімдіктерде (капу-ста, шпинат, жемістер, тамыр түйнек-тері т.б) және жануар өнімдері. Соны-мен қатар ішек микрофлорасында син-тезделеді. Әдетте К авитаминозы К ви-тамині тамақта болмағандықтан емес, оның сіңірілуі бұзылғандықтан дамиды.
Тәуліктік қажеттілігі ересек кісілер үшін 1-2 мг.
К витаминінің биологиялық қызмет-тері: оның қан ұю процесіне қаты-суымен байланысты. (3-6 сурет)
1-6сурет. К витаминінің қан ұюдағы рөлі.
К витамині қан ұюға қатысатын факторларды белсендіреді: протром-бинді (ІІ фактор), проконвертинді (VІІ фактор), Кристмасс факторларын (ІХ фактор) және Стюарт факторын (Х фактор). Бұл ақуыздық факторлар бел-сенділігі жоқ бастапқы заттар түрінде синтезделеді. Белсендірудің бір кезеңі, кальций ионын байланыстыруға қажет γ- карбоксиглутамин қышқылы түзілуі үшін глутамин қышқылын карбоксил-деу. (13 тарауды қараңыз). К витамині карбоксилдеу реакцияларында кофер-мент түрінде қатысады. К витаминінің гопивитаминозын болдырмау және ем-деу үшін, оның синтетикалық туынды-лары менадион, викасол, синкавит қол-данылады. К авитаминозы негізгі белгі-лері – адамды естен тандырады, қатты қан кету, өлім қаупын туғызады. 3-3 кестеде майда еритін витаминдердің тәуліктік қажеттілігі сонымен қатар авитаминозына тән белгілер көрсетіл-ген.
3- кесте. Майда еритін витаминдер.
Аталуы |
Тәуліктік қажеттілігі |
Биологиялық қызметтері |
Авитаминозына тән белгілер |
А (ретинол) |
1-2,5 |
Көру процесіне қатысады, жасушалардың ерекшеленуін және өсуді реттейді |
Ақшам соқыр, ксерофтальмия, кератомаляция, эпителиалды жасушалар кератозы |
Д (кальциферол) |
0,012-0,025 |
Организмдегі кальций және фосфор алмасуына, реттеуге қатысады. |
Рахит. |
Е (токоферол) |
5 |
Антиоксидант, жасушада бос радикалды реакциялар қарқындылығын реттейді. |
Толық зерттелмеген. Жүктілік дамуына және бедеулікті емдеуде жақсы әсері бар екендігі белгілі. |
К (нафтохинон) |
1-2 |
ІІ,VІІ,ІХ,Х қан ұю факторларын белсендіруге қатысады. |
Қан ұю жүйесін бұзады. |